Шыѓыс ќазаќстан облысыныњ білім басќармасы


Жазба сөйлеудің кейбір ерекшелігі



бет50/59
Дата07.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#19796
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59
Байланысты:
Психология

Жазба сөйлеудің кейбір ерекшелігі:

1) жазған кезде адамның қасында сүйемелдеушісі болмағандықтан мұнда ешбір ым – ишара қолданылмайды; 2) жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатты талап қойылады; Мысалы, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кез – де адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өйтпейінше, бұдан нәтиже шығару қиын; 3) жазуда грамматикалық ереже – лерді сақтау қатаң ескеріледі; 4) жазғанына адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап оған қажетті баламалар, мағыналы сөз тіркестерін іздейді.Бұл күрделі ой жұмысын қажет етеді.Мысалы, адамға өзінің туысқандарына, таныстары – на хат арқылы ойын білдіргенде де осы жағдай байқалады.Жазба сөйлеудің түрлері мен стильдері өте көп.Олардың бастылары ғылыми – техникалық, публицистика, көркем сөз, іс – қағаздары т.б сөздер.

Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу.Бұл тілдік материалдар негізінде дауыстамай – ақ сөйлей алудың көрінісі.

Қорытынды

Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды.Осындай кезде адам ішкі сөйлеуін пайдаланады.Ішкі сөйлеу сол тілді шала білетін адамда тумайды.Ол басқа адамдармен тікелей қарым – қатынас жасауға арналмаған.Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады.Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге де болады.Өйткені, мұнда оның жұмысы жөнінде еленбейді.Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендіргіштерге орай туып отыратындығы анықталған.Ішкісөйлеу жөнінде И.М.Сеченов «Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы,еріннің жы – бырлауымен айтылады.Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі.Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның, ауыздың жабық, қозғалмайтын күйінде де тілсіз сөйлеумен,(яғни ауыз қуы – сында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен) қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса наза аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын».Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді.Өйткені, адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады.Сондықтан оған осы жөнінде ұзақ тұжырым жасап жа – тудың қажеті де болмайды.

Қарым – қатынастың негізгі түрі сөйлеумен бірге оның басқа да түрлері бар екендігі (ымдау, жылау, қас қағу, беттегі, денедегі әр түрлі қозғалыстар, стенографиялық жазу, Морзе әліппесі, әр түрлі таңбалар,т.б.), мұны тиісті жерінде пайдаланып отыруымыз қажет екендігі де естен шықпай тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет