2.1. Ес күрделі психикалық процесс
Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
а) Есте қалдыру - жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақтағандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:
арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу.
Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы.
Есте қалдыруды жоспарлап, оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу.
Сол мән - мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру.
Қабылдаған нәрселердің байланыс жүйелерін, тірек боларлық жемісін табу.
Қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.
Өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу.
Сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру.
Мұндай талаптарды орындау адамының ақыл-ой кені болып саналатын ес пен жадында сақтауын дамытып отыруға пайдалы ықпал етпек.
Есте сақтаудың тиімді әдісі мен жемісті болуы қажетті материалдарды жаттап алуға байланысты. Бұл тәсілдің де өзіндік амал - әрекеті, жүйесі бар. Кез - келген жаттау жемісті бола бермейді. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін-мнемотика деп атайды. Бұл латын сөзінен шыққан. Мәнісі - жаттап алу амалы, есті дамытудың тиімді жолының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |