Шыѓыс ќазаќстан облысыныњ білім басќармасы



бет58/59
Дата07.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#19796
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Практикалық тапсырмалар


    1. Холерик тип иесіне мінездеме беріңіз

Холерик — темпераменттің типі (Мінезді, қызу мінезді, жігерлі адам). Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істеуші, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан білініп тұрады. Холерик белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар. Өзі де ұйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды. Холерик темпераменті тез туатын күшті сезімдерімен, эмоциялық қозғыштарымен, шамданғыштығымен, жігерімен, үлкен қозғалғыштығымен, ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен сипатталады.

    1. Меланхолик тип иесіне мінездеме беріңіз

Меланхолик — адамдарға тән төрт темпераменттің бірі. Меланхолик сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге сараң, жайбасар адамға қатысты айтылады. Мұндай адам жүйке жүйесі әлсіз типке жатады. Өйткені оның қозу, тежелу жүйке процестері өте баяулығымен ерекшеленеді. Не нәрсе болса да ішінде сақтайды. Меланхоликтің де жағымды және жағымсыз жақтары болады. Егер де меланхолик — темпераментті адам дұрыс тәлім-тәрбие алмаса, ондай адам өзінен-өзі тұйықталып, жұрттан өзін оқшау ұстауы мүмкін. Адамда болатын темпераменттердің қай-қайсысы да жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттерінен туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке дара қасиеті болып саналады

3. Білім мен дағдының айырмашылығын көрсетіңіз. Жүзу жөнінде мағлұматтары барлардың барлығы жүзе ала ма?

4.Мағыналы және мағынасыз есте қалдыру арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. Мағынасына қарап есте қалдырудың тәсілдерін атаңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет