Байланысты: Шикізат б л ал аш ы ндіріс немесе тауар ндіруде олданылатын м
Азот қышқылы, HNO3 — тұншықтырғыш, иісі бар, түссіз, сұйық зат.
Азот қышқылын өндірудің бірнеше әдістері бар:
Селитрадан алу. натрий селитрасын концентрленген күкірт қышқылымен араластырып қыздыру (Глаубер) әдісі болды.
NaNO3+H2SO4=NaHSO4+HNO3
Ауадан алу. ауадағы азот пен оттекті қосып, азот қышқылына айналдырудың технологиялық әдісі N2+O2=2NO-103 кДж
2NO+O2=2NO2+112 кДж
2NO+H2O=HNO2+HNO3+116 кДж
3NO2+H2O=2HNO3+ NO +136 кДж
Аммиакты тотықтырып алу. көмір кокстегенде шығатын аммиакты тотықтырып азот қышқылын алу
Сұйытылған азот қышқылын концентрлейтін қондырғылар. Концентрлеу құбырына берілетін сұйытылған азот қышқылы екіге бөлінеді, бір бөлігі буландырғыш арқылы буға айналып барботаждау құбырының оныншы (барлық тәрелкенің саны 20) тәрелкеге беріледі (2), сұйытылған азот қышқылының екінші белгілі тікелей оныншы тәрелкеден жоғары орналасқан барботаждау құбырындағы тәрелкеге жіберіледі. 92-94%-ды концентрлі күкірт қышқылы жоғары орналасқан тәрелкенің біреуіне жіберіледі. Қоспаны жылытуға құбырдың төменгі жағынан өткір су буы (2500Стемпературадағы) енгізіледі. Азот қышқылының буы аз мөлшерде су буы және азот қышқылының ыдырауынан пайда болған азот оксидтері құбырдан тоңазытқыш конденсаторына (3) жіберіліп, азот қышқылы конденсацияланады, ал нитроз газдарын (азот оксидтері) бөліп алып, азот қышқылын өндіретін цехта жартылай шикізат ретінде қолданады. Азот оксидтерінің бірсыпырасы конденсацияланған азот қышқылында ериді, солардан азот қышқылын тазарту үшін ол қышқыл конденсатордан қайтадан құбырдағы жоғарыда орналасқан тәрелкелерге қайта келіп төменнен көтерілген бу қалпындағы азот қышқылы мен азот оксидтерінің қоспасымен үрленіп оксидтерден тазартылып тоңазытқышқа (4) келіп салқындап өнім ретінде тұтынушыларға ұсынылады.Пайдаланылған сұйытылған 68%-ды күкірт қышқылы ректификациялау құбырының төменгі шетінен шығарылып ыстық қалпында буландырылып 92-94%-ды концентрлі қышқылға айналады.
Азот қышқылы тыңайтқыштар,дәрі-дәрмек,пластмассалар,қопарылғыш заттар,органикалық бояулар өндіруге қолданылады.
Қолданылуы
- терең наркоз бен миорелаксацияны талап етпейтін жалпы анестезияда ( хирургияда, оперативті гинекологияда, стоматологияда, босануда ауыруды басу үшін)
- ауыру синдромында; жедел коронарлық жеткіліксіздікте, миокард инфарктісінде, жедел панкреатитте (басу)
- санадан айырылуды талап ететін медициналық емшаралар жүргізгенде ауыруды басу үшін.
20. Аммиак өндірісі, оның медицинада қолданылуы.
Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей жеңіл, тұншықтырғыш газ. Өнеркәсіпте сутек пен азотты қосып, тікелей синтездеп, ал лабораторияда аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырып, аммиак алады. Аммиак суда жақсы еріп, аммоний гидроксидін, ал қышқылдармен реакцияға түсіп, аммоний тұздарын түзеді. Өндірістік жағдайда аммиак азот пен сутектен каталитикалық синтездеу арқылы өндіріледі:
N 2 + 3H 2 → 2NH3 + Q.
Затты алу процесі 500 ° C температурада және 350 атм қысымда жүзеге асырылады. Катализатор қолданылады.Алдынан шыққан аммиак салқындату арқылы алынады. Реакцияға түспеген азот пен сутек синтезге оралады.
Зертханалық жағдайда аммиак негізінен аммоний хлориді мен сөндірілген әктен тұратын қоспаны әлсіз қыздыру арқылы алынады:
2NH 4 Cl + Ca (OH) 2 → CaCl 2 + 2NH 3 + 2H 2 O.
Кептіру үшін дайын қоспаны әк пен каустикалық сода қоспасы арқылы өткізеді. Құрғақ аммиакты ондағы металды натрийді ерітіп, кейіннен айдау арқылы алуға болады.
Бұл токсикант. Тұншықтырғыш және нейротропты әсер етуі мүмкін, ингаляциямен улану өкпе ісінуіне және жүйке жүйесінің зақымдалуына әкелуі мүмкін зат ретінде жіктеледі.