Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында сөйлеген сөзінде Дін істері жөніндегі агенттік құру туралы идеяны алға тартқан болатын. Бұл құрылымның міндеттерін белгілей келіп, Президент «біздің шешуші конфессияларымыз мемлекеттік органдармен ынтымақтастық барысында дінге сенуші жастармен белсенді жұмыс жүргізіп, олардың шынайы діни білім алуына көмектесе алар еді» деп атап көрсетті. Бүгінде Қазақстанда ұлттық діни қайта өрлеу кезеңі белең алуда. Дін халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушы және рухани-адамгершілік идеалдардың қозғаушы күші ретінде біздің отандастарымыздың көз алдында зор құндылықтарға ие. Осыған байланысты діни этиканың күші өскелең ұрпақтың адамгершілік және рухани дүниетанымын қалыптастыруда барынша белсенді қолданылуда. Дәстүрлі діни танымдардың сенім үдерістері ғасырлар бойы адамдардың өз ұрпақтарын тәрбиелеуіне, еңбек етуіне, кітап жазып, ұлы өнер туындыларын жасауына ықпал етіп келді. Басқаша айтсақ, дәстүрлі діндер қоғамдық өмірдің және мәдениеттің ажырағысыз бір бөлшегіне айналды. Мұсылмандық Шығыс мәдениетіне тарихи жақындасу Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің дамуына барынша зор қозғау салды. Бір жағынан, көне діни нанымдардың орнына келген ислам қазақ халқының адамгершілік жағынан өсуіне интеллектуалдық және мәдени дамуына ерекше ықпал етті. Екінші жағынан алғанда, мемлекеттіліктің, этностық және мәдени ерекшеліктердің сақталып қалуының шешуші факторларының бірі де ислам болды. Көптеген дәуірлердегі түркі дүниесі және қазақ ойшылдары элитасының ұлы өкілдері – Қожа Ахмет Ясауи және Асан Қайғыдан бастап Абай мен Шәкәрімге дейін ислам рухани құндылықтарын таратушылар болды. Қазіргі қазақ қоғамы да сол ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды қастерлеп, өмірлік ұстанымдарына айналдыруы қажет.
V. «ҚЫЗДАР ӘЛЕМІ» КЛУБЫНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ
«Қыздар әлемі» клубының Тұжырымдамада белгіленген мақсаттары мен міндеттері оларды орындауға арналған нақты шешімдерді қабылдап, тиісті іс-шараларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Тұжырымдамада айқындалған басымдықтарды іске асыру үшін тәрбие беру ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, басқа жоғары оқу орындары клубтарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлескен жұмыс жүргізіледі. Осы Тұжырымдаманың орындалуын университеттің тәрбие беру саласы үйлестіреді. Тұжырымдаманың орындалуы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде колледж арнайы бағдарлама қабылдайды. Оған қосымша жоспарда нақты іс-шаралардың, қажетті жобалардың тізімі, жауапты орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетіледі. Екінші кезеңде қажетті жобалардың талқыланып, қабылдануы қамтамасыз етіледі. Үшінші кезеңде колледж тәрбие беру саласы Тұжырымдаманы орындауға бағытталған нормативтік құқықтық құжаттардың кешенін бекітіп, оларды жүзеге асыруды бастайды. Колледж тәрбие беру саласы жылына бір рет осы Тұжырымдаманың орындалуы туралы жылдық есепті дайындап, мерзімді басылымдарда жариялап отырады.