НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының мақсаты – қазіргі жаһандану үдерісіндегі өзінің ұлттық құндылықтарын сақтау, жастарын әлемдік деңгейде таныту, инновациялық өркендеу, ұлттық ғылымды дамыту, білім беру жүйесін бүкіл әлемдік стандартқа сәйкестендіру барысында қазақ тілі құнарында өркендету, дәстүрлі еңбек тәрбиесінің дербестігіне кепілдік беру, қоғамды әлеуметтік модернизациялау. Бұл бүгінгі еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының біріне айналған ШЫМКЕНТ САЗ КОЛЛЕДЖІ қыз балалары үшін біліммен қатар болашақтағы ұлт анасын тәрбиелеуде үлкен жауапкершілікті, ауыр миссияны міндет етеді. Тәрбие жұмыстарының басым бағыттарының бірі – тәрбие ұлттың рухани тамыры екендігі басты назарға алу.
Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. «Ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп» деген мақал сөз осыдан туса керек. Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Бұл қыз баланың айырықша әдепті де, көрікті болатынын аңғартады. Өйткені, қызды жат – жұрттық бала, қыз- қонақ, оның көретін құрметі де әкесінің үйінде деп ерекше сыйлаған. Қыз үйге кіргенде ақсақалды қарт орнынан тұрып, төрден орын берген, бұл-қазақ дәстүрі. «Қыз баланың мынау тіршіліктегі міндет – парызының жүгі ауыр әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, күйеу күтетін адал жар, ата - ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын бұл өмір заңы» деген.
Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Ол үшін қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты сияқты қасиеттер дарыған болуға тиіс. Қыз бала өзіне дос таңдауға ерекше жауапкершілікпен сақтық, ұстамдылықпен қарауы, оның маңызын санамен аңғарып, жүрекпен түйсінуі тиіс. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беру өте қауіпті. Қыздар үшін дос ер балалардың мінез – құлқы, әдет – дағдылары, ой өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы, жаман әдеттері (темекі, ішімдік, есірткіге зауқы), ала – бөтен қылықтары, т.б жайында алдын ала білу өте маңызды.
қыздардың тұлға ретінде қалыптасуына көмек көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |