Үшінші бөлім логистика жүйесіндегі иивестициялық тартымдылығы мен қаржы ағымдары



бет9/10
Дата18.02.2023
өлшемі203,59 Kb.
#69033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ынталандыру амалдары.
Ынталандыру амалдары кәсіпорынның мамандары, жүргізушілерімен қатар жүк тапсырушылары арасында жүргізіледі. Ұжым мүшелеріне еңбек ақыға қоса, өз беттерімен жүк жіберушілер тапса, басқада тапсырушылар арқылы жұмыс көлемін өсіруге жағдайласу мақсатында жүргізіледі. Ал делдалдар мен қойма иелері арасында жүк көлеміне сәйкес тиесілі пайыздык
үлестерін береді. Яғни жұмыс көлемін ұлғайтумақсатында соған үлес қосушыларға тиісті пайыздық мөлшері төленіп отырады.
320
Американың солстүк-батысындағы университет профессоры Ф.Котлер, маркетингтік жұмыстарды жүргізудің негізгі алға қойған мақсаттары деп төмендегілерді атайды:
1. мүмкіндігінше түтынушылар санын көбейту;
2. олардың талаптарын мейілінше толық орындау;
3. тасымалдау жүмыстарының барлық қызмет түрлерін
орындау;
4. атқарылған жұмыстардың жоғары сапалы атқару.
Бірақ Ф. Котлер, кейбір кезде аталған мақсаттарды орындау лықтай көздеген көрсеткіштерді бермеуі мүмкін дейді. Олай алатын себебі түтынушылар саны көбейгені, оларға көрсетер қызмет сапасын төмендетуі мүмкіндігін атайды.Өйткені неғұрлым санаулы адамдарға қызмет көрсету сапасын әруақытта жоғарғы деңгейде ұстау жеңіл дегенді келтіреді.
Тағы бір американдық үлкен абыройлы маманы У.Фокс, кәсіпорындардың жетекшілерінің маркетингтік жұмыстан күтер жауаптарының мынандай сұрақтарға жауап бергенін қалайды деген:
11. Кіммен ?
12. Қайда?
13. Қандай негізбен? Тапсырады, тасымалдайды, пайдаланады
14. Неге? Тасымалдау керек.
15. Қашан?
16. Қандай көлемде ?
Осы аталған негізгі мақсаттарды анықтай отырып, тапсырыс берушінің немесе жүк жіберушімен қабылдаушының қаржы жағдайын толықтай білу керек. Сонымен қатар олардың нарық кеңестігіндегі жұмыс тәжірибесімен адалдығын, абыройын толықтай білген жөн.Олай болмаған жағдайда атқарылған жұмыс үшін тиесілі төлем болмаса, кәсіпорынның болашақтағы
қаржы жағдайы ауырлайды.
Маркетингтік жұмыстарды үйымдастыру және басқару.
Маркетингтік жұмыстың басты мақсатын орындауы үшін, оны зерттеу, талдау және жоспарлау жұмыстарын атқарып, оларды іске асыру. Ол төмендегідей бес тұжырымдамалар негізінде жүргізіледі :
321
1. кәсіпорынның жетілдіру және дамыту;
1. қызмет көрсету сапасын жақсарту;
2. тасымалдау жұмыстары тиімділігін арттыру;
3. маркетингтік жұмыстарды дамыту;
4. әлеуметтік маркетингті жолға қою.
Жоғарыдағы аталған мәселелерді шешу үшін маркетингтік жұмыстар жүргізу өте көлемді зерттеу, талдау және қадағалау жұмыстарын атқаруды керек етеді. Ол үшін нақты кәсіпорынның басты мақсатын анықтау арқылы зерттеу жұмыстарын нақтылауға болады. Ең басты мақсатты анықтағаннан кейін, төменгі сатыдағы жоспарларды іске асыруға келесі зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Демек алға қойған тапсырма неғұрлым толық болса, маркетингтік жұмыс жүргізу және қорытынды жасау неғұрлым дәлірек болады.
Тұтынушылар сұраныстарының тасымалдау бағасының немесе олардың қаржылық мүмкіндігіне байланысты болады. Осы екі көрсеткіштің, яғни тұтынушылар сұраныстарының тасымалдау жұмыстарына деген өзгеруі пайызының тасымалдау бағасының тарифінің өзгеру пайызына қатынасы немесе өзгеру мүмкіндігі еселігі арқылы бағалайды. Демек:


Формула

мұндығы: Э және Э - бағаның немесе тарифтің өзгеру мүмкіндігі еселігі және тұтынушылар.


Келтірілген еселіктер арқылы тасымалдау бағасы көтерілгенде сұраныстың кеміп, ал тұтынушылардың қаржы төлеу мүмкіндігі өскенде сұраныстың көбеюіне әкелетінің көрсетеді.
Жалпы күнделікті іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай негізгі бәсекелестік тасымалдау бағасын өзгерту арқылы жүргізіледі.
Оның үш түрі бар:
- тасымалдау бағасы ешқандай өзгеруге жатпайды, яғни өзгеру мүмкіндік еселігі (Э = 0);
- сұраныс деңгейі бағаның өзгеру деңгейінен төмен (0< Э < 1);
- сұраныс деңгейі мен бағаның өзгеру деңгейі бірдей (Э = 1).
322
Арнаулы мамандар автокөлік кәсіпорындарының нарықтық қатынастар кеңестігіндегі қызмет көрсету деңгейі мен оның болашағын анықтауда көптеген әдістер мен әдістемелерді пайдаланады. Солардың ішінде автокөлік кәсіпорынның үйымдастыру кезінде кәсіпкерлік жоспар жасауда пайда-ланылатын, американың менеджерлері үсынған SWOT – таңдау әдістемесі. Бұл әдістеменің басқа әдістер мен әдістемелерден айырмашылығы, автокөлік кәсіпорыны өндірістік-шаруашылық көрсеткіштерін, басқару жүйесін талдай отырып, жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді анықтау және соларды болашақта кемшіліктен жетістікке айналдыру.
SWOT - талдау әдістемесі бес кезеңнен тұрады:
1. Нақты автокөлік кәсіпорынныңең жетістіктерімен заман талабына сәйкес ұйымдастырған шараларын талдап, бәсекелестігін анықтайды. Зерттеу кәсіпорынның ішкі негізгі қорларын, тасымалдау көлемін, баға деңгейін,
мамандар дайындығы сияқты барлық факторларды және сыртқы (кәсіпорынның орналасқан орыны, қызмет көрсету түрлері, нарықтағы үлесі, т.с.с) факторларды қамтиді. Бұл зерттеулерден анықталған жетістіктермен
артықшылықтарын төмендегі кестенің S торына орналастырады және бұл көрсеткіштер болашақта автокөлік кәсіпорының даму стратегиясының негізіне айналады.
2. Кәсіпорынның осы жақтарын анықтап, нарықтағы бәсекелестіктерімен салыстырады. Алынған мәліметтерді кестенің W торына жазады. Алғашқы аталған кәсіпорынның ең жақсы және нашар шараларын анықтап бір кезеңде жүргізіледі де, екеуінің қорытындысынан зерттеп отырған автокөлік кәсіпорынының ішкі жағдайын бағалайды.
Тттттттттттттттт
Сурет 56- SWOT - талдау әдістің сүлбесі

323
3. Кәсіпорынның сыртқы жағдайын, яғни өндірістік- шаруашылық қызмет көрсету факторларына әсер ететін көрсеткіштерді анықтап, оны кестенің Т торына жазады.


4. Автокөлік кәсіпорынының артықшылығы мен кемшіліктерін және сыртқы әсерін анықтағаннан соң, оның болашақтағы көрсеткіштерін болжап, кестенің
торына еңгізеді.
5. Осы орындалған зерттеу және талдау жұмыстарының қорытындысында автокөлік кәсіпорынына арналған кәсіпкерлік даму жоспарының бірінші бөлігін анықтайды. Бұл бөлігінде негізгі анықтайтын көрсеткіштері:
- нақты автокөлік кәсіпорынның басқаларына қарағандағы ерекшелігі және артықшылығы;
- жұмыс тиімділігіне әсер етуші кемшіліктер;
- кәсіпорында қаржылай залалға соқтырар қатерлер;
- бірінші болып шара қабылдап, іске асыруды керек етер факторлар.
Төмендегі кестеде зерттеу нәтижесінде алынған көрсеткіштер. SWOT - талдау әдістігін сүлбесі бойынша берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет