Үшінші бөлім логистика жүйесіндегі иивестициялық тартымдылығы мен қаржы ағымдары



бет7/10
Дата18.02.2023
өлшемі203,59 Kb.
#69033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Кәсіпорынның тасымалдау бағасы.
Тасымалдау жұмыстарын атқармас бұрын нақты автомобильдердің жұмыстарының өзіндік құнын анықтайды. Өзіндік құн нақты автокөліктің тасымалдау жұмыстарын атқарған бір тонна-километрге, тасымалдаған бір тонна жүкке, автомобильдің
317
бір сағат жұмыс шығындарынан есептеледі Осы анықталған өзіндік қүн негізінде кәсіпорын өздерінің жоспарлы пайдасын тиесілі төлемдерді есепке алып, нарық сұранысына сәйкес тапсырушылармен келісім бағаны анықтайды. Бұл тұста төлем ақысының түріне сәйкес келісім бағаның мөлшері өзгереді.
Тасымалдаудың келісім бағасының өзгеруі.
Кез келген тапсырушы жұмыс көлеміне қарай ұзақ мерзімге немесе белгілі бір жұмыс көлемін атқаруға сұраныс береді. Егер ұзақ мерзімге тапсырыс беруші болса келісім бағасы төлем түріне қарай өзгеруі мүмкін. Мысалы тапсырыс беруші алдын ала үлкен мөлшерде төлем жасап, тасымалдаушыға нақты дайындықтар жасауына жәрдем берсе, келісім бағасы төмен, ал нақты атқарылған жұмыс аяқталғаннан кейін төлесе, баға жоғары болады.Сонымен қатар төлем қолма-қол төленгенмен банктер арқылы төленген баға арасындада айырмашылық болады. Демек келісім бағасы ешуақытта тасымалдаудың өзіндік құнынан кем болмауы тиіс және оның мөлшері тапсырушымен нақты жағдайларға сәйкес анықталады.
Сонымен қатар келісім бағасы тасымалдау жұмыстарына тапсырылған жүктердің түрлеріне, олардың дайындалу тиеу-түсіру мүмкіндіктері мен ыдыстарына, жол бойғы тексеру орындарының қояр талаптарына сәйкестігі мен жол-құжаттарына да байланысты өзгереді. Егер жоғарыдағы аталған жағдайлардың немесе тасымалдау ережелеріне сәйкес болмаған жағдайда тасымалдау бағасы жоғары болуы мүмкін. Өйткені жол бойғы жауапкершілікті тасымалдаушы мойынына алғаны үшін бағаның мөлшерін өсіреді. Ал сол жүктің дер уақытында, бүтіндей және сапасын бұзбай апаруды міндеттеу үшін бөлек баға белгіленеді және ондай бағалар мөлшері нарықтағы бағадан бірнеше есе көп болады.
Тасымалдау бағытына қарай бағаның өзгеруі.
Бүгінгі уақытта жол жағдайына сәйкес тасымалдау бағасыда өзгереді. Олай болар себебі кез-келген автомобильді пайдалану тиімділігі жол жағдайына тікелей байланысты. Жол жағдайына қарай оның жанар-жағар май шығыны, жол үстіндегі техникалық дайындығы, қауіп-қатерлерден кетер уақыт мөл-
318

шері артады. Содан тасымалдау құны жоспарланғаннан көп болады да, келер пайда көлемі кемиді немесе ешқандай пайда болмайды. Сол сияқты келісімді уақытта жүкті жеткізбегеннен келер айып сомасыда тасымалдаушыны үлкен зиянға әкелуі мүмкін. Сондықтан тасымалдау жүмыстарын атқарарда, оның бағасын анықтау тек қана экономикалық әдіспен анықтағаннан басқа барлық жол жағдайын есепке алуды керек етеді.


Ал аталған мәселелерді анықтап, зерттеп нақты талдау жұмыстарын атқарып, келіп-кетер пайда мен зиян мөлшерін анықтау үшін маркетингтік жұмыс толықтай атқарылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет