Шжқ «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханаысы» МҚк медбикелік күтімнің және медбикелік манипуляциялардың стандарттар жиынтығы Неврология және жедел қан ми айналымы бұзылуы бөлімі мазмұНЫ


Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету



бет137/144
Дата19.05.2023
өлшемі396,45 Kb.
#94779
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   144
Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, науқастың тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу
Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, легенді, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллоншаны, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа дәрігерді шақырыңыз.
2.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.
3.Дәрігер келгенге дейін науқасты қырына жатқызыңыз.Егер де бұл мүмкін болмаса, онда оның қалпын өзгертіңіз (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.
4.Жастықты алыңыз. Алмалы-салмалы тіс протездерін алып тастаңыз (егер де олар болса).
5.Науқастың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокты қойыңыз.
6.Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорыңыз. Егер де науқас өздігінен ауызын сумен шайқай алмаса, онда ауыз және мұрын қуыстарына күтімді жүргізіңіз.
7.Құсықты қарап, дәрігер нұсқауы бойынша лабораторияға зерттеуге жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.

Өкпе- жүрек реанимациясы
Орталық жүйке жүйесі қызметі тежелуінің сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.
Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.
Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады – бұл өмір мен өлім арасындағы шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.
Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы):
-мәңгіру;
-есі шатасқан;
-артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;
-шеткерлі артериальды тамыр соғудын толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;
-тыныс алуы жие, үстірт;
-ентігу (тахипноэ – тыныс алуы жиі);
-терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет