А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.
В ережесі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау.
С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.
А ЕРЕЖЕСІ. Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
Бұл алғашқы реанимациялық шара, көбінесе барлық жүрек-өкпе реанимациясының жетістігін қамтамасыз етеді.
Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі - тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп – науқастың ес-түссіз жағдайына жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына тілдің түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты ауаны өткізбеуі мүмкін.
Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау.
Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет:
зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз;
аузын ашыңыз;
алмалы-салмалы тістерін алыңыз;
оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқият түрде тазартыңыз;
зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.
ІІ. Сафардың үш құрамды әдісі
Іс-әрекет алгоритмі:
Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: |