Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына, орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусаусақтармен төменгі жоқ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің мандайында тұрады.
Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.
Барлық бұл әдістер ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, соның есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.
ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы
Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:
Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусыздықты қамтамасыз ету қажет.
Вентиляцияныңадекваттылығынтұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруда түсуін бақылау, немесе өкпеден дем шығарғандағы ауаның қозғалуын қабілетті естушілікпен қабылдау.
Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады.
Өкпенің жасанды вентиляциясын
«ауыздан - ауызға» жасау әдісі
Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).
Іс-әрекет алгоритмі:
бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;
осы қолдың үлкен (І) және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;
екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің аузы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;
терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеніздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басын қырына бұрады, аузынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |