Кәсіпорындардың жабдықталуына және бұйым өндірісінің ерекшеліктеріне байланысты технологиялық нұсқаулардың әртүрлі айырмашылықтары болуы мүмкін.
Шұжық және тұздалған бұйымдарды өндіру процестерін төмендегідей сызбалармен көрсетуге болады. Біз ұсынып отырған оқу құралында: пісірілген шұжықтарды өңдеудің технологиялық нұсқасы, сосискалар мен сарделькаларды өңдеудің технологиялық нұсқасы, жартылай қақталған шұжықтарды өңдеудің технологиялық нұсқасы, шикілей қақталған шұжықтарды өңдеудің технологиялық нұсқасы келтірілген.