өнімге қойылатын талаптар Консервілердің сапасын олардың қасиеті және өнім мен ыдыстардың жағдайына байланысты бағалайды. Дайын консервілер техникалық шарттар мен стандарт бойынша бекітілген негізгі талаптарға сай келуі қажет.
Дәмі мен иісі. Дәмі мен иісі өнімген тән, яғни қалай консервіленгеніне (қуырылған, пісірілген, қақталған және т.б.), қандай дәмдеуіштер (пияз, сарымсақ, лавр жапырағы, қызанақ пастасы, сірке қышқылы және т.б.) қослғанына байланысты болуы шарт. Бөгде иіс пен дәм болмауы керек.