Шұжық–фаршталған ет, тұз дәмдеуштер қосып термиялық өңделген немесе дайындалғанға дейін ферментациядан өткізілген өнім. Шұжық өнімдерінің тағамдық құндылығы жоғары. Әр түрлі шұжықтар химиялық құрамы мен тағамдық құндылығы
бойынша өзара тепе-тең емес. Бірақ олардың барлығында белокты заттар, В тобы витаминдер, липидтер, макро- және микроэлементтер көп. Шұжықтардың тағамдық құндылығы бастапқы шикізат пен басқа ет өнімдерінің құндылығына қарағанда жоғары. Шұжық түріне қарай құрамында 26 – 71,6 % су, 9,5 – 20,9 % белок, 13,5 – 47,8 % май, 1,8 – 2,7% көмірсу және 2,4-4,8 % күл бар. 100 г өнімдегі энергетикалық құндылығы 711 – 2059 КДж.