Школьный коллаж



бет3/4
Дата19.06.2022
өлшемі1,07 Mb.
#37030
1   2   3   4
Байланысты:
7 тапсырма

А. П. Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудың белгілі бір жас кезеңіндегі білім алушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (білім алушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін анықтау. Ол «Оқыту принципін дидактиканың түғырлы принциптері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар», — деп тұжырымдалады. Н. Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білім.

В. Е. Гмурман ұсынған принциптер: оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың көрнекілігі; оқытудың жүйелілігі; ғылым не- гіздерін берік меңгеру. Талданған оқытудың принциптері білім алушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды. Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М. А. Данилов, М. Н. Скаткин зерттеді. Зерттеу қорытындылары бойынша И. П. Подласый, Т. Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.


Қазіргі оқытуда мақсаттылық, саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияқты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары педагогтің түрлі принциптерді қолдануы арқылы орындалады.
Принциптерде педагогке нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары принциптер арқылы жүзеге асады.
  • Ғылымилық принципі білім алушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгеру үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
  • Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі принципі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: білім алушының білімі берік болу үшін, оның

  • санасында қоршаған дүние жаксы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және білім алушылардың танымдык мүмкіндіктеріне карай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі білім алушылардың білімді менгеруіне көмектеседі. Дағдыларды калыптастыру үшін жаттығулар, акыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жүмыстар жүргізіледі. Әйтпесе, дағды жойылады. білім алушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
  • САНАЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІЛІК ПРИНЦИПІ. ӨЗ БЕТІМЕН МЕҢГЕРІЛГЕН БІЛІМ САНАҒА ЖАҚСЫ СІҢЕДІ. БІЛІМДІ САНАЛЫ МЕҢГЕРУГЕ ОҚУ ЖЕЛІСІ, ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС, БЕЛСЕНДІЛІК, ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ, БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫК ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУ, ПЕДАГОГТІҢ ӘДІС-ҚҰРАЛДАРЫ КӨМЕКТЕСЕДІ. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНІҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ ОҚЫТУДА АСА ҚАЖЕТ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ТЕРЕҢ ЖӘНЕ БЕРІК ТҮСІНУГЕ ОРАСАН ЗОР ЫҚПАЛ ЕТЕДІ.
  • ТҮСІНІКТІЛІК ПРИНЦИПІ ОҚЫТУДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ САЙ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ . СОНЫМЕН БІРГЕ ОҚУШЫЛАРҒА ТАПСЫРМА « ЕҢ ТАЯУ ДАМУ ЗОНАСЫНА » СӘЙКЕС БЕРІЛУІ ТИІС , ЯҒНИ ТАПСЫРМАНЫ МҰҒАЛІМНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ТЕРЕҢ ОЙЛАП ОРЫНДАУДЫ ОҚУШЫЛАРДАН ТАЛАП ЕТУ КЕРЕК .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет