+4 айға дейін ***
Қабылдау бөліміне жүктілік мерзімі 37 апта әйел жеткізілді. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілімен тексергенде оң жақта ұрықтың ірі, тығыз, қозғалмалы бөлігі анықталады. Диагноз қойыңыз//
--ұрықтың ұзына бойы орналасуы, баспен келу, 1 позиция//
ұрықтың көлденең орналасуы, 1 позиция//
+ ұрықтың көлденең, 2 позиция// ұрықтың қиғаш орналасуы//
ұзына бойы орналасуы, жамбаспен келу
***
Жанұялық дәрігер қабылдауында 1 жас 6 айлық баласымен ана келді. Анамнезінен: 3 апта бұрын ЖРВИ жоғары температурамен өткізген. Объективті:жағдайы қанағаттанарлық. Физикалық және жүйке психикалық дамуы жасына сай. Екпе графигінде бұзылыстар жоқ. Осы жаста қай екпені жүргізу керек//
Қызамық, қызылша, паротитке қарсы//
Полиомиелитке қарсы//
+АКДС бірінші ревакцинациясын//
Вирусты гепатит А қарсы//
Вирусты гепатит В қарсы
***
17 жастағы жас ана 10 күндік баласының емізгеннен кейін қорытылмаған сүтті кекіруіне шағымданып келді. Анамнезінен: бала 1 жүктіліктен, 39-40 апталық мерзімде бірінші босанудан. Жүктілік және босану патологиясыз өткен. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы қалыпты түсті. Мүшелер және жүйелер жағынан өзгеріссіз. Қандай ұсыныстар берген жөн//
Аралас тамақтандыруға көшіру//
Қосымша тамақ енгізу//
Ферментті препараттар тағайындау//
Жасанды тамақтандыруға көшіру//
+Емізу техникасының дұрыстығы
***
Қандай жағдайда пациентке превентивті емді тағайындайсыз, мерез ауруымен ауыратын әйелмен жыныстық қатынаста болуына орай, қатынас болған уақыттан кейін неше апта өткен соң//
--4 дан 6 апта//
--2 дан 4 апта//
+6 апта. Жоғары//
1 дан 2 апта//
3 аптаға дейін
***
Науқас емханаға диагнозын айқындау үшін келіп түседі. Папулездік элементтің диагностикалық биопсиясы алынады. Гистологиялық зерттеу кезінде түйіршікті қабат клеткаларының қатары көбейгені анықталады. Морфолог бұл феноменді былай сипаттады//
Экзоцитоз//
--Спонгиоз//
Акантоз//
--Гранулез//
+Паракератоз
***
Егер сіз төмендегі сұрақтарды анықтағыңыз келсе, нені талқылайсыз; тромболитикалық препараттардың тиімділігі қауіптілігне қарағанда жедел миокард инфарктысы бар науқастың жасына, жынысына, этникалық тегіне байланыссыз арта ма//
--болжамын//
+емін//
--диагностикасын//
алдын-алу шараларын//
себебін
***
ЖИА ауыратын науқас тромбоасс қабылдаудан эпигастрии тұсындағы ауырсынуға байланысты бас тартты. Осы мәселені зерттеу үшін ізденіс жүргізуде клиникалық сұрақты құрастырыңыз//
ЖИА – мен науқастарда қан кетулердің жиілеуі//
+ЖИА-мен науқастарда антиагреганттар қабылдаған соң асқынулар (гастропатия, қан кету) дамуы//
Жүрек тамыр патологиясымен науқастарда тромбоасс қабылдағаннан кейін асқынулар дамуы//
ЖИА – мен науқастарда эпигастриде ауырсынулар болғанда асқынулар жиілейді//
Асқазан ауруларымен науқаста антиагрегант қолданғанда қосымша әсерлер болуы
***
Кардиологтың қабылдауында ауыр қос жармалы қақпақша жетіспеушілігімен асқынған ревматизммен ауыратын 22 жастағы науқас. Шағымдары: ентігу, жүректің қатты соғуы, физикалық жүктемені көтермеу. Объективті қарағанда анықталды: жүрек шамасыздығының белгілері, жүрек шекарасының ұлғаюы, жүрек төбесінде қатты систолалық шу. Рентгенограммада: жүрек митральді конфигурациялы, өкпе суреті күшейген. ЭКГ-да жүректің сол жақ бөлігінің гипертрофиясы. Науқас дигоксин алады. Дәрігер АПФ ингибиторларын қабылдауға көшу керек пе деп, ойланады. Клиникалық есепте қандай проблема/пациент сипатталған//
кардиологиялық амбулаторлық пациент//
қабылдаудағы кардиолог дәрігер//
+туа біткен қос жармалы қақпашаның жетіспеушілігі фонында жүрек шамасыздығы бар жас науқас//
еміне коррекция қажет пациент//
ревматизммен ауыратын және жүрек шамасыздығы белгілеріне шағымданатын, жас адам
***
25жастағы ревматоидты артритпен көп жылдар бойы ауыратын әйел,емхананың дәрігеріне қабылдауға келді. 1жыл бойы преднизолонмен емделеді.Алдыңғы жылы пневмониямен ұзақ бірнеше антибиотиктерді қабылдап емделді.Ауырғанына 1апта болған.Жалпы әлсіздік, кешке қарай терлейді, тоңады. Тамаққа тәбеті жоқ. Денесі субфебрильді деңгейге көтеріледі, кейде одан да жоғары болады. Дене қызуы ұзақ уақытқа созылады.Сонымен қатар құрғақ, кейде аз ғана қақырықтың бөлінуіне,ентігуге шағым айтады.Объективті қарағанда: дене пішіні арықтау.Терісі бозғылт түсті.Саусақтарының ұсақ буындарында деформация бар.Соғып қарағанда –перкуторлы дыбыстың қысқаруы, аускультативті-ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар өкпенің төменгі бөліктерінде естіледі.Қан анализінде эозинофилия. Өкпені рентгенмен тексергенде:төменгі бөліктерінде қараю, бірнеше қуыстар анықталады.Қандай ем қолдану қажет//
гликопептидтер//
+микотикалық дәрілер//
--макролидтер//
фторхинолондар//
цефалоспориндер
***
Науқас осыдан 1ай бұрын миокардтың инфарктімен ауруханадан шыққан.Соңғы күні жүректің кесіп, шаншып ауруына, әсіресе тыныс алғанда, денесін қозғалтқанда күшеюіне, дене қызуының болуына шағым айтады.Жағдайы орташа ауыртпалықта.Жүрек тонары тұйықталған, перикардтың үйкеліс шуы тыныс алғанда күшейеді.Қанда-лейкоцитоз.Рентгенмен тексергенде -плевра қуысында экссудат анықталған.Науқаста қандай асқыну дамыған//
+Дресслер синдромы//
Аорта аневризмасы//
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы//
--Қайталанған миокардтың инфаркті//
Инфарктан кейінгі стенокардия
***
28 жастағы әйелде саусақтарының ұсақ буындарында ауырсыну, қозғалысының шектелуі байқалады.Ауырғанына 3жыл болған.Сонымен қатар таңертеңгілік сіреспелік, буындардың ісінуі қинайды.Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Саусағындағы білезік, білезік-фалангааралық буындар ісінген, қозғалтқанда ауырады.Өкпеде өзгеріс жоқ. Жүрек тондары ритмді,айқын.Пульсі 76рет минутына.Бауыры өпеген. Аяқтарында ісік жоқ. Қан анализінде ЭТЖ-42мм сағатына. Лейкоциттер - 9800.Дәрігер ревматоидты артрит пен жүйелі қызыл жегіні ажырату үшін қандай лабораторлық көрсеткішті анықтаған маңызды//
Ревмосынама//
Антистрептолизин//
Ревмофактор//
+LE-клеткалар//
Антинуклеарлы фактор
***
68жастағы науқас ер адам, көп жылдар бойы жүректің ишемиялық ауруымен ауырады. 2 рет миокард инфаркті болған. Соңғы кезде сәл жүргенде, кимылдағанда ентігу, жүрек тұсының ауырсынуына,жүрек тоқтаған сияқты сезімге, жүректің шалыс соғуына шағым айтады. Сонымен қатар науқастың артериялық гипертензиясы бар.Объективті: науқас гиперстеник,дене бітімі толық.Терісі бозғылт, мұрын-ерін аймағында акроцианоз. Өкпеде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сирек ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі бұзылған.Қан қысымы 180/95мм.сын.бағ.ЖСС-88рет минутына.ЭКГ- топталған қарыншалық экстрасистолалар. Бауыры оң қабырға доғасы бойында.Берілгендердің қайсысы тиімді нәтижелі ем болады//
+Амиодарон//
Дигоксин//
--Верапамил//
Магнезий сульфат//
Этмозин
***
Жасөспірім бала АҚҚ жоғарлауымен, сонымен байланысты басының ауруына, әлсіздікке, өтпелі көзінің көруінің нашарлауына шағымданып ЖТ дәрігерінің қабылдауына келді. Тексергенде кіндік үстінде систоликалық шуыл анықталды. Диагнозды айқындау үшін қандай тексерулер жүргіземіз//
--Кеуде клеткасының шолу R-графиясы//
Бүйректің УДЗ//
+Бүйрек артерияларының УДЗГ//
Көз түбін қарау//
Экскреторлық урография
***
Муковисцидозы бар 18-жасар жасөспірімде, аз қақырықты жөтел, оң жақ қабырға асты ауырсынуы, зәр шығуының азаюы байқалды. Объективті қарағанда: акроцианоз, мойын тамырларының шығуы, эпигастрий аумағындағы пульсация, өкпе артериясында II тонның акценті, тахикардия, бауыр ұлғаюы, ісіктер бар. ЭКГ да мүмкін болатын көріністер//
қарынша ішілік блокада//
--сол қарыншаның гипертрофиясы//
сол жүрекшенің гипертрофиясы//