Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



Pdf көрінісі
бет3/33
Дата26.01.2017
өлшемі17,27 Mb.
#2758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Е 
Ер- 
тіске қарай тартылған темір  жол.  Шахталардан  алынған  көмір  вагондар-

ға  тиеліп,  Ертіске,  одан  баржаға  қотарылып,  сумен  Омбыға  жеткізіл- 
ген  екен.  Бір  қуанышқа  бөлегені — сызбаның  бетінде  Қосым  есімі  үш 
жерде  аталыпты:  «Қосым  разносы»,  «Қосым  шахтасы»  (яғни,  капита- 
лист  Деров  өзінің  әйелі  мен  балалары  есімдерімен  аталған  шахталар- 
дың  біріне  Қосым  атын  да  қойыпты).
Сонан  соң  сызбанүсқаның  етек  жағында  жіп  бойына  тізілгендей 
елу  шақты  нүкте  (оның  он  жетісі  нөмірленген)  бар  екен  де,  олардың 
астына «Қосымның барлау линиясы» деп жазылыпты -  тегі, көмір бай- 
лығының  мөлшерін  белгілеу  үшін  Қосымның  қазған  шруфтары  болу 
керек.  Осы журналдың  185—186  беттерінде  Семей губерниясының тау- 
кен  инженері  В.Коцовскийдің  «Екібастүз  көмір  кені»  деген  мақаласы 
бар.  Мақалада:  «Кен  байлықты  алғаш  ашу  жергілікті  қырғыз  Қосым 
үлесіне  тиеді»  деген  жолды  ерекше  көрсетіп  қойыпты...
Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  академигі  Шапық  Шөкин  1970 
жылы  Екібастүзда  болып,  Қосым  жөнінде  материал  жинап,  оның  есімі- 
мен  көше,  разрез  атау  жөнінде  мәселе  көтерген  екен.  Осыны  ести  сала 
«Қосым  өміріне  қосар  үлес  болар  »  деген  оймен  Шөкин  жолдасқа  бар- 
дым.  Ол  «Қосым  жөнінде  Ленинградтан  алынған  материалдар  бар  », -  
деп  мені  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  Ш.Уәлиханов  атындағы 
.  тарих  және  этнография  институтының  академигі  Ақай  Нүсіпбеков 
жолдасқа  жіберді.  Келіп,  шаруамды  айттым.
-   Иә,  бір  адамды  Ленинград  архивтерінде  әдейілеп  үш  ай  отырғы- 
зып  тапқан  материалдарымыз  бар, -   деп,  ол  кісі  сейфін  ашты.
К елесі  сәтте  менің  қолыма  ескі  ж урналдардан  фото  арқылы 
көшірілген  екі  парақ  қағаз  тиді.  Б і р і -   «Геологическое  исследование  и 
разведочные  работы  по  линии  Сибирской  железной  дороги»  басылы- 
мының  1888  жылғы  9  саньгадағы  А.Мейстер  мақаласының  біз  жоғары- 
да  келтірген  үзіндісі,  екіншісі -   «Золотопромышленность  и  горное 
дело»  хабаршысының  1900  жылғы  10  санында  жарияланған  тағы  да 
сол  автордың  Екібастүз  жөніндегі  сызбанүсқасы.
Мен  Ақаңнан  Ленинградтан  алдырған  материалдармен  таныстыр- 
уын  өтіндім.
— Алдындағың  аз  болып  түр  м а?- деді  ол  кісі.
Мен  бүл  материалдардың  қолымда  барын  және  оны  Алматыдан 
шықпай-ақ  тапқанымды  айттым.
Ақаң  бастаған  осы  инициативті  топ  осы  екі  материалды  негізге 
ала  отырып,  «Егер  Қосым  атына  Екібастүздың  не  бір  көшесі,  не  бір 
разрезі  қойылса,  бүл  біздің  интернационалдық  борышымызға  толық

жауап  берген  болар  еді»  деген  хатты  Павлодар  облыстық  партия  ко- 
митетіне  жолдаған  екен.  Осыдан  кейін  жазушылар  Әзілхан  Нұршай- 
ықов,  Ақат  Жақсыбаев  бас  қостық.  Әзілхан  да  Қосымды  халық  аузы- 
нан  теріп  жазғаны  бар,  ал  Ақат  өзінің  бүкіл  творчестволық  өмірін 
Екібастүз  өндірісінің өткені  мен  өсуін  зерттеуге  арнаған.  Ғалым  ағала- 
рымыз  көтерген  мәселені  жүртшылық  назарына  салу  үшін  мақала 
жазуға  отырдық.  Оған  біз  Қосым  жөнінде  табылғанның  бәрін  салдық 
та  «Казахстанская  правда»  газетіне  үсындық.1972  жылдың  14  қаңта- 
рында  мақаламыз  жарық  көрді.  Неге  екенін  білмедік,  М ейстердің 
«Қосым  разносының»  қалай  пайда  болғаны  жөніндегі  жазғаны  мен 
Екібастүздың  ол  салған  схемасын  алып  тастапты.  Алайда,  оқырман 
назарын  елең  еткізіп,  тиісті  мекемелер  мен  басшы  қызметтерде  отыр- 
ған  жолдастарға  ой  салатындай  үсынысымыз  толық  жарияланыпты. 
Сол  айда  мен  «Қосым  кім  болған?»  деген  мақаланы,  барлық  фотосу- 
рет,  схемамен  «Қазақ  әдебиеті»  газетіне  де  жарияладым.  Біздің  осы 
екі  газетке  жариялаған  мақалаларымыздағы  деректер  негізінде  Ме- 
деу  Сәрсекеев  «Білім  және  еңбек»  журналының  1972  жылғы  мамыр 
санына  «Қосым  Пішенбаев  туралы  ақиқат  пен  аңыз»  атты  очерк  жа- 
риялап,  ол  да  үн  қосты. 
3
Өз  басым  бір-екі  материалмен  қанағаттанбай  Қосым  жөніндегі  де- 
ректерді  әрі  қарай  іздей  бердім.  Төңкерістен  бүрын  «Живописная  Рос- 
сия»  деген  көп  томды  кітап  шыққан.  Соның  қазақ  даласын  таныстыр- 
ған  18-томын  қолыма  алдым...  Міне,  Екібастүз  көлі  жөнінде  мәлімет. 
Белгілі  сөздер.  Алайда,  бүл  жерде  менің  назарымды  Екібастүз  көлінің 
қағазға  түскен  бейнесі  тартып  еді — көлдің  оңтүстік-шығыс  жақта- 
рында  шығанақтары  бар.  Сырт  қараған  көзге  көл  түрпаты  ешкінің 
желіңіне  үқсайды.  Қазақ  жерінің  бүл  жағында  не  көп,  түзды,  сортаң 
көлдер  көп.  Олардың  ішінде  Сүйріксор,  Дөңгелексор  дегендері  сол 
айдындардың  сырт  түрпаттарына  байланысты  қойылған  аттары.  Сол 
сияқты,  мына  көлдің  екі  шығанағы  екі  басы  деп  аталады  ма  екен? 
(Дазақ  кейде  сортаң  көлді  «түз»  дей  салады.)  Екібастүз  есімі  осылай 
тумағай.  Жергілікті  қазақтар  кейде  «түзды  қоспай  «Екібас»  деп  те 
айтады.  1916  жылы  бүл  өңірдің  қазынасы  ағылшындар  иелігіне  өткен 
уақытта  осында  жүмыс  істеген  Сәбит  Дөнентаев  өлеңін  «Екібас»  деп 
қана  атаған  ғой.  Егер  шындығында  мен  ойлағадай  болса,  Қосымның 
Екібастүз  көмірін  ашуындағы  айтылатын  аңыз  жоққа  шыға  ма,  қалай? 
Оның үстіне сонау  сексен  километрдегі  Қалқаман  көлінен жақын  жер- 
де  Қосым  белгіге  қоятындай  түйірлеп  алатын  түз  да  жоқ...

Тиісті  мекемелер  алдында  Қосым  есімін  есте  сақтау  жөнінде  мәсе- 
ле  қойып  жүргенімізде,  маған  бір  ой  келді.  «Қолымызда  Қосым  есімі- 
мен  тікелей  байланысты  бірде-бір  мәлімдеме  жоқ  екен-ау!».  Көңілдегі 
осы  бір  олқылықтың  орнын  толтыратын  дерек  табылмас  па  екен  деген 
оймен  енді  архивке  бардым...  Кеш  қайтып,  ғасырлар  сырын  сақтап 
жатқан  папкілерді  ақтаруға  асығып,  келесі  күні  ерте  барамын.  Мынау 
не?  Қазақ  ССР  Мемлекеттік  орталық  архивіндегі  1479-фонд,  153  пап- 
кенің  62  бетінен:  1876  жылғы  масштабы  екі  шақырымдық  картада  Екі- 
бастүз  көмір  кені  белгіленген», -   деген  жолдар  оқыдым.  Мүны  Қыр- 
ғыз  тау-кен  акционерлік  қоғамына  1948  жылы  командировкаға  барған 
Молчанов  деген  инженер  жазыпты.  Ал,  енді  «Екібастүз  көмірі  1886 
жылы  ашылды»  деген  датамыз  қайда  қалады.  Өтірік  болғаны  ма?  Екі- 
бастүздың  оңтүстік  жағында  50-60  километр  жерде  Шөптікөл,  Тал- 
дыкөл  деген  жерлерде  де  көмір  бар.  Молчанов  осыларды  айтып  отыр- 
мағай.  Олар  Екібастүздан  әлдеқайда  бүрын  ашылған  ғой.  Мүмкін,  ана 
картаға  түскен  осылардың  бірі  болар.
Павлодарға  барған  сайын  облыстық  партия  комитетінің  сол  кез- 
дегі  секретары  Григорий  Алексеевич  Бариковқа  кіріп,  жаңалықтарым- 
ды  хабарлап  түратынмын.  Менің  «Көлдің  аты  өзінің  сырт  түрпатына 
қарап  қойылған  болу  керек  »  деген  ойымды,  сол  жерде  сызып  көрсет- 
кен  суретіме  қарап,  мойындады.  Ал,  Қосымның  есімін  мәңгілік  ету 
мәселесіне келгенде ол езу тартып  күлді.  Григорий Алексеевич тегінде 
мені  жылы  қарсы  алатын.  Ал,  мынадай  қуанышты  кейпін  бүрын  бай- 
қамаппын.  Оның  жүзінде  не  өз  әйелі,  не  менің  әйелім  үл  тауып, 
соны  хабарлағысы  келген  адамға  ғана  тән  қуаныш,  масаттану  түрды. 
Мен  оған  үміттене  қарадым.  Ол  үстел  тартпасынан  үш-төрт  парақ 
қағаз  алып  үсынды.  Машинкаға  басылған  материал  басына:  «Кен  көзі 
ашылуының  қысқаша  тарихы  мен  барлау  жүмыстары», — деген  та- 
қырып  оқыдым.  Тағы  да  Мейстердің  еңбегі  екен.  Екібастүз  көмірінің 
ашылуы  жөнінде  ол  да  Молчанов  көрсеткен  картаға  сілтейді  де,  «Екі- 
бастүз  көлінің  оңтүстік  жағында  таскөмір  белгіленген», -   дейді... 
Көңілім  бір  өсіп,  бір  басылды.  Өйткені,  көлдің  Екібастүз  аталуы 
жөніндегі  менің  жорамалым  дүрыс  сияқты.  1876  жылы  картада  да  ол 
Екібастүз  атанған  ғой.  Басылғаны -   «кенді  ашқан  Қосым  емес,  мүлде 
басқа  біреу  шығар»  деген  күдік.  Осы  жерде  «жан  дүниесі  әуелден 
Қосымды  қош  көрмейтін  Бариков  қуанышы  да  тегін  емес-ау»  деп  ой- 
ладым.  Ендеше  Қосыммен  қатар  өмір  сүрген  Семей  губерниялық  тау- 
кен  инженері  В.Кацовскийдің  жоғарыдағы  сөзін  қайда  қоямыз?  Және

ол  1895  жылы  Екібастұзға  бірге  келіп,  бір  журналдың  бір  санына  ав- 
тор  б о л ған   М ей стер ен   к ел ісіп   ал м ай   кен д і  Қ о сы м н ы ң   аш қаны  
жөніндегі  пікірін  айтуы  мүмкін  емес.  Егер  осы  тұжырымымыз  дүрыс 
десек,  сонда  Қосым  ол  көмірді  қашан  тапқан  болады?  Бүл  сұраққа 
Коцовский  жауап  бермейді.  Енді  мені  жетеюсе  алған  себеп  осы  бол- 
ды.  Архив  есігін  қайта аштым.  Тағы  да  беттерінің  жабылғанына ғасыр 
болған  папкалар  қағазын  парақтау...  Мына  бір  материал  кездеспе- 
генде  менің  архивте  бұдан  әрі  отырар-отырмасым  белгісіз  еді.  Сте- 
пан  Александрович  Попов  деген  көпес  1881  жылы  тиісті  жерге  Екі- 
бастүз  көмірі  жөнінде  мәлімдеме  түсірген  екен.  «Екібастүз  көлінің 
оңтүстік  жағынан  бес  жүз  саженьдей  жерден  көмір  табылды.  Бенар- 
даки  көпестің  бұрын  көмір  қазған  жері  екен», -   дей  келіп,  «Іздеуші- 
лер  партиясының  қүрамында  Қосым  Пішенбаев  және  Жөке  Тезекба- 
ев  болды», -   дейді.  Тағы  қуаныш,  тағы  күйініш.  Қуанышым  мәлімде- 
ме  бетінен  Қосымның  шыға  келуі,  күйінішім  әсіресе  XIX  ғасырдың 
екінші  жартысында  оңай  олжа  іздеген  өнеркәсіпшіл  көпестер.  Мей- 
стер  сөзімен  айтқанда,  қазақ  даласында  «аш  бөрідей  өріп  жүріпті». 
Айтса  айтқандай!  Олардың  алфавитпен  тіркелген  тізімінде  фамилия- 
лары  «А»-дан  «К»-ға  дейінгі  аралықтағы  әріптерден  басталатындар- 
дың  өзі  6368  адам ға  жеткен.  О ның  іш інен  мен  Бенердаки  деген 
көпестің Александр, Дмитрий тәрізді бірнешеуін кездестіріп едім  және 
олар  сонау  Верхотур  өлкесінен  болатын.  Попов  айтып  отырған  Бе- 
нердаки  солардың  қайсысы?  Осы  сүрағыма  жауап  табу  үшін  тағы  да 
архивке  келдім... 
<
1974  жылы  Москвада  «Дружба  народов»  журналының  редакция- 
сында  Павел  Сугоняка  деген  украин  журналисімен  жолықтым.  Жасы 
егде  тартып  калғанына  қарамастан  Қазақстанға  келіп,  Тарас  Григори- 
евич  Шевченко  суреттерінде  бейнеленген  қазақ  жерлерінің  бүгінгі  кей- 
пімен  таныспақ  ойы  барын  айтып,  осы  жөнінде  менен  көмек  сүрады 
және  менің  Украина  женінде  бірдеңе  білгім  келсе,  өзінің  де  көмекке 
дайын  екенін  айтты.  Сол  жерде  менің  есіме  мынадай  жай  түскен:  Де- 
ров  1893  жылы  Екібастүз  көмірін  өндіретіні  жөнінде  мәлімдеме  жаса- 
сымен  Бродский  деген  Киев  көпесін  қоғамдасуға  шақырған  болатын. 
Сонда  Бродский  Екібастүзға  өзінің  инженерін  жіберіп  алып  жөне  Де- 
ровтан  кен  көзіне  байланысты  қағаздар  мен  документтерді  сүратқан. 
Осыдан  кейін  барып  екеуі  «Воскресен  тау-кен»  коғамын  үйымдастыр- 
ған.  Қоғамның  бір  мүшесі  Деровтың  бас  кеңсесі  Павлодарда,  екінші 
мүшесі  Бродскийдің  бас  кеңсесі  Киевте  болды.  Осыған  байланысты

Украина  астанасы  архивінің  қағаздарына  үңілу  арманым  еді...  Мен 
Суганякадан  осыны  сүрадым...
«Бір  жоқ,  бір  жоқты  табады»  дегендей,  мен  кенеттен  қуанышқа  ке- 
нелдім.  Зерттеушіні  мүндай  қуанышқа тек архивтің ғана бөлеуі  мүмкін -  
Қосымның  үстазы  Бүқарбай  табылды!  Оның  өз  қолымен  жазған  алпыс- 
тан  астам  мәлімдемесіне  жолықтым.  Ол  мәлімдемелер  даталарына  қара- 
ғанда  1834-1866 жылдар  аралығында сонша кен  көздерін  ашыпты.  Олар- 
дың  ішінде  совет  дәуірінде  де  жүмыс  істеген  Жосалы  (мыс.  1840  жыл- 
дың  23  мамыры  [19],  Қандықарасу-Александровка  (мыс.  1839  жылдың 
15 тамызы), Шөптікөл (көмір  1838 жылдың  15  қазаны), Майқайын (темір. 
1854  жылдың  24  мамыры  [20],  болашақта  елімізге  арзан  көмір  беретін 
М ә у к е м е н -  Майкөбен  (1840  жылдың  28  шілдесі)  және  басқа  да  кен 
көздері  бар.  Бүқарбай  тапқан  кені  жөнінде  өз  атынан  мәлімдеме  беріп, 
ол  жерлерді  қазақ  байларынан  сатып  ала  беруге  ықтиярлы  болыпты. 
Мысалы,  Баянаула  төңірегіндегі  Жосалы,  Жуантөбе,  Үйтпес  деген  жер- 
лерді  Көккөз,  Жарылғап  дегендерден  285  сом  71  тиынға,  Қандықарасу- 
ды  Елубай  Бәйменов дегеннен  бір  мың сомға,  Ақкөл деген  жерді  Кемеу, 
Айтбай  Шымыровтардан  150  сомға,  Егізқараны  Таныбай  Үзденбаев, 
Түнқатар  Қабасов  дегендерден  300  сомға,  Айман  бүлағьга  (белгілі  ақын 
Сүлтанмахмүт  Торайғыров  пен  режиссер  Шәкен  Аймановтардың  баба- 
ларының  қонысы)  Байтоқа  Жүмағүлов,  Бәке  Есенбаев,  Арықтанбай  Ду- 
латов  дегендерден  100  сомға,  Жанболдыны  Қүсайын  Тәшімов  (доку- 
менттерде  Бүхаретдин  Тачимов)  Поповтардың  үш  үрпағына  кен  тауып 
беріп  қызмет  көрсеткен  екен.  1852  жылдың  7  мартында  Степан  Ивано- 
вич  Попов  қайтыс  болып,  оның  Баянаула  төңірегіндегі  кеніш,  зауытга- 
рына  ие  болуға  екінші  үлы  Александр  келгенде  1853  жылдың  18  қыр- 
күйегінде  Бүқарбайға  мынадай  ресми  хат  жазады:  «Жоғарғы  бастық- 
тардан  Шығыс  және  Батыс  Сібір,  Орынбор  губерниясы  мен  Сібір  қыр- 
ғыздары  (казақтарды -   Қ.И.)  округында  алтын  рудасы»  және  басқа  ми- 
нералдарды  іздеп  табуға  рүқсат  ала  отырып  Сіздің  тәжірибеңізге  се- 
немін  және  осы  істерді  Сізге  жүктегім  келеді»  [21].
Бүқарбай  жауап  хатында  өзінің  хат-шот  үйренуіне,  жалпы  «адам 
болуына  жағдай  жасаған  және  тағдыр  әлегімен  жас  кезінен  қол  үзіп 
қалған  еліне  қайта  алып  келгені  үшін  Степан  Иванович  Попов  арқылы 
Поповтар  әулетіне  алғыс  білдіру  ретінде  олардың  қайсысына  болсын 
қызмет  істей  беруге  барлығын  айтады»  [22].
Бүл  қүжаттар  біріншіден,  С.И.Поповтың  1866  жылы  2  мамырда 
Мойылды  кенін  ашқаны  үшін  22  жасар  Қосымға  берді  деген  қағазды

жоққа  шығарады.  Екіншіден,  Бүқарбайдың  жергілікті  жердің  тумасы 
екенін  айтады.  Бүған  мынаны  қосу да артық емес.  Бүқарбай  1857  жылы 
Батыс-Сібір  генерал-губернаторына  хат  жазып,  қоныстанғысы  келіп, 
егіншілік  шаруашылығымен  айналысу  үшін  Баянауланың  батыс  бөлігі 
Жаманауланың  шығыс  жағындағы  Егіндібүлақ  деген  жерді  сүрайды. 
«Бүл  жер  менің  ата-бабамның  мекені»  дейді.  Қалайда  Бүқарбай  өмірі, 
сол  жылдары  орысша  сауатты  жаза  білген  геолог  өмірі  әлі  де  терең 
зерттеуді  қажет  етеді.
1976  жылы  Қазақ  Совет  Энциклопедиясы  жарық  көрді  (7-томы). 
А лфавит  ы қпалымен  Қ осы мға  бірінш і  бетінен  орын  берген  екен. 
Қуанышты-ақ.  Алайда,  халық  геологының  өмірін  терең  зерттемеудің 
салдарынан  біз  осы  беттердің  жалған  екенін  дәлелдеп  отырған  доку- 
менттер  пайдаға  асып  кетіпті.  Энциклопедиядан  Қосымға  байланысты 
біз  білмейтін  соны  дерек  кездестіре  алмадық...
Архивтен,  шамамен,  3-4  айдың  ішінде  Қосымға тікелей  байланыс- 
ты  жиырмадан  астам  кен  ашу  мәлімдемесі  табылды.  Рас,  бүлардың 
бірде-бірі  Қосымның  өз  атынан  үсынылмаған.  Әр  мәлімдемеде  әр 
көпестің  не  болмаса,  көпестердің  сенімді  адамдары  атынан  беріліпті. 
Алайда,  сол  мәлімдемелердің  қайсысынан  болсын  кен  іздеу  партиясы- 
ның  қүрамы  тек  Қосым  Пішенбаевтан  ғана  басталып  отырады  екен. 
Бес-алты  мәлімдемеде  Қосымның  інісі  Есілбай  да  жүр.  Том  тау-кен 
басқармасына  1915  жылдың  4  қарашасында  түсірілген  актыға  қара- 
ғанда  Деров  өзі  иелік  еткен  елуден  астам  кенішінің  бірін -   Баянаула- 
ның  күнбатыс  жағында  140  шақырым  жердегі  Басқожан  адырындағы 
кенішін  Қосым  есімімен  атапты.
1976 
жылдың  жазында  Павел  Суганякадан  хат  алдым.  Конверттен 
фотопленка  шықты.  Фотоателье  оны  қағазға  шығарып  бергеннен  кейін 
менің  қуанышымда  шек  болған  жоқ.  Мен  Суганяқаға  баяғы  өтінішімді 
айтқанда,  сол  бір  қадамым  осыншама  сәтті  болады  деп  ойлаппын  ба? 
Верхотур  көпесі  Александр  Бенердакидің  Екібастүз  көмірін  ашқаны 
жөнінде  1867  жылдың  21  маусымында  үсынған  мәлімдемесі  бес  адам- 
нан  түратын  іздеу  партиясының  тізімі  Қосымнан  басталады!  Мәлімде- 
меге  қарағанда  олар  Баянауылдан  шығысымен  араға  бір  қонып  Қара- 
бидайыққа  жетіп,  шурф  қазған.  Бүдан  шығатын  ой -   Баянауылдан 
Қарабидайықты  (Қазіргі  Екібастүздың  «Богатырь»  разрезінен  көмір 
алып жатқан жер) тура көздеп  шыққандары  сөзсіз.  Осыған қарап Қосым 
«көмірді  қарсақ  болсын,  мейлі  суыр  болсын,  әйтеуір  бір  кемірушінің 
інінен  тапты  дейтін  халық  әңгімесі  Бенардаки  мен  келген  солардың

алдында  болған  оқиға  ма  екен?»  деген  ой  туады.  Бұл  мәлімдемеде  де 
көл  Екібастүз деп  аталады — менің  осы  есімнің  тууы  жөніндегі  жорама- 
лым  дұрыс  болса  керек...
Мен  Екібастұз  кенінің  ашылуы  мен  Қосымға  байланысты  құжат- 
тарды   ұсы ны п  ж үрген  м екем ел ерім е  соңғы   м әлім дем ен ің   фото 
көшірмесін  де  жібердім...
1977 
жылдың  жазында  Екібастүздың  қала  аталуының  22  жылдық 
мерекесі  атап  өтілді.  Республикалық  «Социалистік  Қазақстан»  газеті  8 
июль  күнгі  санында  «...кен  білгірі  атанған  Қосым  Пішенбаевтің  есімін 
мәңгі  есте  қалдыру  мақсатымен  Еңбекшілер  депутаттары  Екібастүз 
қалалық Совет атқару комитетінің шешімі бойынша қаладағы бір көше- 
ге  Қосым  Пішенбаевтың  есімі  берілді.  Келешекте  оның  мүсінің  жасап, 
ескерткіш  орнату  да  үйғарылды...»  деп  жазды.
7.  Ү С Т А З Д А Р Д Ы Ң   Ү С Т А З Ы  
(Әбікей  Зейінүлы  Сәтбаев)  [23]
XX  ғасырдың  алғашқы  жылдары  қазақ  елшщ  рухани  өркендеуіне, 
оқу-ағарту  ісінің  ғылыми  дүрыс  жолға  қойылып,  жемісті  нәтижелерге 
жетуіне  аянбай  еңбек  еткен  көрнекті  қайраткерлердің  бірі  Әбікей  Зей- 
інүлы  Сәтбаев.  Ол  Сәтбай  атаның  төрт  үлының  бірі  Зейіннен  туған 
немересі.
Әбікей  Зейінүлы  Сәтбаев  1881  жылы  Павлодар  облысының  (ол 
кезде  уезд)  Баянауыл  ауданының  Шадыра  (кейін  Сәтбаев  совхозы)

40
ауылында  туған.  Шешесі  туралы  мәлімет  сақталмаған.  Әкесі  Зейін  көп 
балалы,  орта  шаруалы,  арабша  сауатты  болған.  Атасы  Сәтбай  бұл  не- 
мересін  де  көрген.
Әкесі  Әбікейді  әуелде  ауыл  мектебінде  оқытып,  кейін  Омбының 
мұғалімдік  семинариясында  білімін  тереңдетуін,  жақсы  маман  болуын 
ұнатқан.  Омбы  семинарясын  1905  жылы тәмамдаған  соң,  Әбікей  Зейін- 
ұлы  алғашқыда  Баянауылдағы  орыс-қазақ  мектебінде  мұғалімдік  қыз- 
мет  атқарады.  1909  жылдан  Керекудегі  екі  кластық  орыс-қазақ  учили- 
щесінде  орыс  тілі  мен  әдебиеті,  тарих,  география  пәндерінен  сабақ 
береді.  Осы  жылдары  екі  кластық  орыс-қазақ  училищесінің  мұғалім- 
дері  ішінде  Әбікей  аға  түскен  фотосурет  сақталған.
1910-1917  жылдары  Әбікей  Зейінүлы  осы  училищенің  директоры 
қызметін  атқарған.  Сол  кездегі  алай-дүлей  саяси  қоғамдық  өзгерістер- 
ден,  ірі  оқиғалардан,  рухани  ізденістерден,  ел даму жолдарын  анықтау- 
ды  мақсат  еткен  топ-топ  үйымдардан,  зиялылардан  оқу-ағарту  тетігін 
жақсы  меңгерген  жас  маман  тыс  қала  алмаса  керек.  Басқалармен  бірге 
алғашқыда  «Алаш»  үйымының  бағыт-бағдарына,  ізгі  мақсаттарына 
сеніп,  Әбікей  Зейінүлы  оның  мүшелігіне  сайланады.  Далалық  округ- 
тың  «Алаш»  партиясының  ұйымының  №5  тізімінде  он  тоғыз  мүше- 
лерінің  16  санында  Сәтбаев  Әбікей  аталған.  Ол  тізім  мынау:
«1.  Ғалихан  Бөкейханов,  2.  Айдархан  Түрлыбаев,  3.  Әлімхан  Ер- 
меков,  4.  Халел  Ғаббасов,  5.  Асылбек  Сейітов,  6.  Боштаев  Мұқаш,
7.  Исабаев  Ережеп,  8.  Ақпаев  Якуб-мырза,  9.  Жанайдаров  Сейілбек, 
10.  Мәрсеков  Райымжан,  П .Т іл е у л и н   Жұмағали,  12.  Ерсенов  Биах- 
мет,  13.  Дүйсенбаев  Рахым,  14.  Қозыбағаров Ахмет,  15.  Жұмабаев Мағ- 
жан,  16.  Сәтбаев Әбікей,  17.  Мешенбеков Садық,  18.  Өскенбаев Бәзікен, 
19.  Күсемісов  Салмақбай.  Осы  көрсеткендей  запискеге  ешбір  нүкте 
қойылмай,  бүзу,  түзеу,  кісі  атын  өшіру,  өшіріп  тастау,  бөгде  сөз  жа- 
зуға болмайды».  Осы тізім Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» 
еңбегінде  де,  1929  жылы  шыққан  «Алашорда»  атты  қүжаттар  жина- 
ғында  да  келтірілген.
Алайда,  Әбікей  Зейінүлының  «Алаш»  партиясының  үйымының 
жүмысына  қатысу  дәрежесі  қаншалық  болғаны  анықталған  емес.  Осы 
тізімде  көрсетілгеннен  басқа  Әбікей  Зейінүлы  Сәтбаевтың  саяси  ұйым- 
дарға  қызметі  туралы  деректер  аз.  «Шураи-Ислам»  (арабша  Ислам- 
кеңесі)  Түркістандағы  буржуазиялық  үлтшылдық  үйымға  (1917-1918) 
одан  Бүкілроссиялық  мүсылмандар  қүрылтайына  қазақ  өкілдері  қаты- 
суы  керектігі  айтылып,  1917  жылғы  21-28  шілде  Орынборда  болған

бүкшодақтық  қүрылтайында  сайланған  сегіз  адамның  тізімінде  Семей- 
ден  Сәтбаев  Әбікей  бар.  Ол  тізім  мынау:
4.  Выбранные  съездом  на  Ислам  следующие  лица:
1. 
от  Акмолиской -   Турлыбаев  Айдархан
2. 
Семипалатинской -   Сатбаев  Абикей
3. 
Тургайской -   Байгурин  Альжан
4. 
Уральск -   Досмухамедов  Джанша 
ц  *£
5. 
Букеевск — Танашев  Валидхан
6. 
С ем иреченск-  Маметов  Назарбай
7. 
С ы рдарьинск-  Чокаев  Мустафа
8. 
Ф ер га н с к -  Узакбаев  Габдрахман  [24].
Енді  бір  маңызды  дерек  сақталған.  Ол  1919  жылдың  14  сәуір  күні 
Семей  облысы  земство  басқару  төрағасы  Марсеков,  Семейлік  облыс 
земство  басқару  төрағасының  орынбасары  Ғаббасов,  облыстық  зем- 
ство  басқару  мүшесі  Ә.Сәтбаев  деп  қол  қойған  докладная  записка- 
баяндамалық  қағаз.  Бүл  деректің  көлемі  үлкен -   «Алаш  Орда  »  кітабы- 
ның  сегіз  бетінде  орысша  жазылған.
Осы  баяндамалық  қағазда -   докладная  запискада  Әбікей  Зейінүлы 
Сәтбаев  өмірінің  қыры -  Семейде  қоғамдық  қүрылыстардың  бірі -  зем- 
ство-жергілікті  басқару  үйымы  қүрамында  істегені  айқындалады.
Алайда,  Әбікей  Зейінүлы  саясатпен,  ел  басқарумен  көп  шүғылдан- 
баған сияқты, бірыңғай оқу-ағарту ісімен айналысқан. Оның өнімді еңбек 
еткені  оқу-ағарту  саласы.  1920-1921  жылдары  Әбікей  Зейінүлы  Губер- 
ниялық халық ағарту бөлімін басқарды.  Семей  мемлекеттік архив-қорын- 
да  Семей  Халық  ағарту  институтының  орыс  және  қазақ  бөлімдерінің
1921  жылғы  15 қараша күні болған  мәжілісінің протоколында «мәжіліске
губоно  төрағасы  Сәтбаев  келді», -   деп  жазылыпты  [25].
Қазақстандағы  мүғалімдер  даярлайтын  түңғыш  оқу  орындарының 
бірі -   Семей  педагогикалық  техникумы  1922  жылдың  4  желтоқсанында 
салтанатты  түрде  ашылғанда  түңғыш  директоры  болып  тәжірибесі  мол, 
зор  беделді  Әбікей  Зейінүлы  тағайындалған.  Директорлық  қызметті  ол 
1927  жылдың  соңына дейін  атқарады.  Әбікей  Сәтбаев  басқарған  Семей 
қазақ  педагогтық  техникумы  қысқа  мерзімде  үйымдастыру  кезеңін  ба- 
сынан  өткізеді  де,  республикадағы  алдыңғы  қатарлы  оқу  орнына  айнал- 
ды.  Ауылдан  келген  жастар  қажымай,  талмай  мүғалімдік  өнердің  қүпия- 
сын  танып  білді,  ғылым  шыңына  өрледі.  Әбікей  оқу  процесінде  оқушы- 
лардың  теория  мен  практиканы  үштастыра  білуіне,  зерттеу  ісіне  баса 
назар  аударды.  Техникум  түлектері  оқып  жүрген  кездерінің  өзінде  гу-

берниядағы   м ектептердің  бейнесін  де  өзгертті,  олар  каникулдар 
уақытында  ауылдарда  ашылған  мектептерде  қызмет  етіп,  халық  арасы- 
на  білім,  ғылым,  мәдениет,  прогресс  идеяларын  таратушылар  болды.
Техникум  қазақ  жеріндегі  тұңғыш  педагогикалық  орталық  ретін- 
де  ағарту  ісінің  барлық  жұмыстарына  қатынасты.  Қаладағы  және  оның 
маңындағы  ауылдардағы  оқу-ағарту  мекемелерін,  мектептерді  тексеріп, 
ондағы  оқу,  тәрбие  жұмысының  дұрыс  ғылыми  жолға  қойылуына 
жәрдемдесті.  Техникум  жанындағы  сауатсыздықты  жою  комитетін 
басқарған  Әбікейдің  бастамасымен  техникумның  оқушылары  жазғы 
каникул  кезінде  ауылдарына  жіберілді.  «Олар  1925  жылдың  жазында 
ғана  3.502  адамның  сауатын  ашты»  [26].
Өз  өмірін ұстаздық жолға арнаған Әбікей Зейінұлы  1928-1931  жыл- 
дары  Омбы  қаласында  рабфакта  сабақ  берген.  Сол  жылдардан  бастап 
ғажап  педагогтың  өзінің  сүйікті  білім-ғылым,  оқу-ағарту  саласында ты- 
ныш  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  болмайды,  нақақтан  қудалаушылық 
көбейе  түседі.  Үлкен  үй  жайымен  туысқандарымен  Әбікей  Зейінүлы 
көрші  ел  Қырғызстанға  сол  кезде  Фрунзе  аталатын  астанасына  көшуге 
мәжбүр  болады.  Онда  Әбікей  Зейінүлы  Қырғыз  педагогикалық  инсти- 
тутына  қызметке  орналасады,  орыс  тілі  мен  әдебиетінен,  басқа  да 
пәндерден  студенттерге  сабақ  береді.  Алайда,  мүнда  да  оның  тыныш 
та,  жемісті  еңбек  етуіне  сол  кездегі  қудалаушылық,  күдікшілдік  маза 
бермейді.  Ақыры  зүлымдық,  зобаландық  бел  алған  уақыт  оны  да  іздеп 
табады.  Нақақтан  үсталады,  түрмеге  жабылып,  56  жасында  атылып 
кете  барады.  Қай  жерде  атылғаны,  мүрдесінің  қайда  екендігі -   белгісіз. 
Сөйтіп, есіл ер, үлы  ағартушы  қайғылы, қиын жағдайда дүниеден өткен.
Әбікей  Зейінүлы  Сәтбаев  ел  көркеюіне  бағытталған  игі  істерімен 
артына  бай  мүра  да  қалдырған.  Сол  кезде  Ташкентте  1923  жылдың 
қаңтарынан  1924  жылдың  қараша  айына  дейін  шыққан  «Сана»,  Семей 
қаласында  1924—1925  жылдары  басылған  «Таң»  журналдарында  Әбікей 
ағаның  да  «Оқытушы  деген  кім?»,  «Ағарту  жүмысында  не  шара  қол- 
дануымыз  керек?»  т.б.  мақалалары  жарық  көрген.  Онда  қазақ  елінің 
өркендеу  жолдарын  іздестіру,  оқу-ағарту,  білім-ғылымның  қыруар  про- 
блемалары  мен  мәселелері  қамтылған.  Әбікей  Зейінүлы  қазақ  жаста- 
рының  ой-өрісінің  биіктеуіне,  мәдениет  игілігіне,  адамгершілігіне, 
әлемнің  рухани  қазынасын,  тіл  мен  әдебиетті  меңгерудің  мән-мазмү- 
нына  қоса  әдістемелік  мәселелерді  де  қозғаған,  педагогиканың  өзекті 
проблемаларын  сөз  еткен.
42 
___________

Осыған  орай  оны  кезінде  қазақтың  көптеген  зиялылары  ардақ 
түтқан.  Мәселен,  Әбікей  Зейінүлы  Сәтбаев  үсталып  кеткеннен  кейін 
Де  көп  жылдар  оның  атын  атау  да  қауіпті  болған  кездердің  өзінде  де 
Әлкей  Марғүлан  сияқты  ғүламалар  да  өзінің  сүйікті  үстазын  естен 
шығармай,  қадір  түтқан.  Осы  арада  тоқтала  кететін  бір  жай  Әбікей  аға 
үсталып  кетісімен  көп  үзамай  оның  екінші  қызы  Раушанға  Әлкей  Мар- 
ғүлан  үйленген.  Раушан  апай  Әлкей  ағадан  он  үш  жас  кіші  .  Бірақ  еке- 
уінің  жас  мөлшерлері  едәуір  алшақ  болса  да  екеуі  де  әдемі,  жарасым- 
ды  өмір  сүрді.  Раушан  Әбікейқызы  медицина  ғылымының  докторы, 
профессор,  көптеген  онколог  дәрігерлердің  үстазы  болған.
Әбікей  Зейінүлы  Сәтбаев  туралы  алғашқы  жазғандардың  бірі -  
Сәкен  Сейфуллин.  Дарынды  жазушы  және  қоғам  қайраткері  Сәкен  мен 
Әбікей  замандас,  жас  шамалары  да  жақын,  бір  кезде  қоғам  жүмыста- 
рында  бағыттас,  мақсаттас,  пікірлес  болған.
Сәкен  Сейфуллин  өзінің  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  деректі  романын- 
да  келтірілген  «Алаш»  үйымының  №  5  тізімінде  19  адамның  қатарын- 
да  №  16  ретте  Әбікей  Сәтбаев  атын  атайды»  деген.  [27]  Әбікей  Зейін- 
үлын жазушы осы романның Баянауылға арналған беттерінде оның інісі 
Кәрім  Сәтбаевты  Далба  тауының  бөктеріндегі  бір  ауылда  кездестіруі- 
не  байланысты:  «...1917-1918  жылдары  Ақмола  Семинариядағы  Кере- 
ку  уезі  осы  Баянауыл  ауданының  қазағы  Сүйіндік,  Қаржас  Кәрім 
Сәтбайүлы  деген  жігіт  оқыған.  «Алашорда»  партиясы  атынан  Семей, 
Ақмола  облыстарынан  учредительное  собраниеге  сайлауға  салынатын 
белгілі  Әбікей  Сәтбайүлының  ...  інісі  », -   деп  жазды  [28].  Бүл  дерек- 
терден  анықталатыны:  Сәкен  Сейфуллин  Әбікей  Зейінүлын  білген, 
жүздескен,  оның  елге  пайдалы  еңбектер  жасап  жүргенінен  хабардар 
болып,  жоғары  бағалаған.
Әбікей  Зейінүлы  Сәтбаев  туралы  бірсыпыра  жазба  деректер  1920 
жылдары  шығып  түрған  газет  беттерінде  басылған.  Әсіресе,  Семейде 
түңғыш  техникум  ашылуына,  оның  түңғыш  директоры  Ә.З.Сәтбаев- 
тың  жемісті  еңбектеріне,  қызметіне  байланысты  мақалалар  баршылық. 
Кезінде  көп  тараған  беделді  «Степная  правда»  (кейін  «Иртыш»)  газеті
1922  жылғы  6-шы  желтоқсан  санында  Семейдегі  қазақ  педтехникумы 
ашылысымен  хабарлағанда  сол  кезде  Губоно  бастығының  орынбаса- 
ры  Әбікей  Зейінүлы  Сәтбаев  осы  техникумның  директоры  етіп  тағай- 
ындалғанын, оған зор сенім мен үлкен міндеттер жүктелгенін: «Согласно 
постановлению  3-го  Губернского  съезда  Советов,  организованный  в

городе  Семипалатинске  Киргизский  педагогическии  техникум  присту- 
пил  к  своим  занятиям, — деп  жазады.
Сейчас  насчитывается  в  техникуме  90  смежных  слушателей,  пре- 
имущественно  из  киргизской  бедноты.  Заведует  техникумом  зам.  зав. 
Губоно  тов.  Сатбаев,  на  долю  которого  выпадает  весьма  сложная  за- 
дача  организации  школы  и  интерната», -   деп  ашып  көрсетеді  [29].
Әбікей  Зейінүлы  Сәтбаев  туралы  енді  бір  қымбат  мәліметтер  мен 
деректер  Абдолла  Асылбеков  мақалаларында  бар.  Абдолла  Әбдірах- 
манүлы  Асылбеков  (1896-1938)  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  1916 
жылғы  ү л т-азатты қ   қо зғал ы сы н а  қаты суш ы ,  халы қты ң   азатты қ, 
әділеттік  жолында  күресушілердің  бірі.  Қазақстан  облыстық  партия 
комитетінің  секретары  және  Қазақстанның  Халық  ағарту  комиссариа- 
ты  саяси  ағарту  басқармасының  бастығы  қызметінде  болған.  Ол  Се- 
мейде  болып,  қаланың,  аймақтың  жағдайларымен  танысқан,  сол  кезде 
жаңа  ғана  ашылған  педагогикалық  техникумның  жайын  да  қадалаған. 
Қорытынды  нәтижелер  жоғарғы  басшы  орындарға  жеткізілген,  газет- 
те  үлкен  мақала  жарияланған  [30].
Тағы  бір  қүнды  д е р е к -   Семей  педтехникумының  директоры  Ә.З. 
Сәтбаев,  маңайында  мүғалімдер  қатарында  М.О.Әуезов  және  осы  оқу 
орнын  1926  жылы  бітіріп  шыққан  он  бір  адам  бейнеленген  фотосурет 
сақталған.  Бүл  сирек  те  қымбат  фотосуретте  педтехникумды  түңғыш 
бітірген  шашы  қалың,  бүйра,  жап-жас  Әлкей  Марғүлан -   кейін  атақты 
ғалым,  Қазақстан  Республикасы  Үлттық  Ғылым  Академиясының  то- 
лық  мүшесі -   академик.  Ол  кезде  Әлкей  ағаның  фамилиясы  Марғүла- 
нов  болған.  Суретте  де  солай  жазылған.  Кейін  «ов»-ты  қолданбай 
бүрынғы  түркі  қалыптас  «Марғүлан»  деп  жазған-ды.  Ол  кісімен  тех- 
никумды  бірге  бітірген  Мүсатай  Ахынжанов  кейін  көрнекті  тарих  ма- 
маны,  тарих  ғылымының  докторы,  Семейдің  байырғы  түрғыны,  әрі 
мүғалім,  әрі  артист  болған  Сейфолла  Мүхамеджанов,  бірсыпыра  жыл 
оқу-ағарту  саласында  еңбек  етіп,  филология  ғылымының  кандидаты 
ғылыми  дәрежесін  алған  Темір  Беисов,  оқу-ағарту  саласында  көп  жыл 
кызмет  еткен  Әйтікен  Айманов,  Семейде  еңбек  еткен  Фаизова.  Осы- 
лармен  бірге  Асылханов,  Асқаров,  Балтабаев,  Дүйсекин -   Семейдің 
педтехникумын  түңғыш  бітіргендер.
Осы  оқу  орнын  әр  жылдарда  талай  мамандар  бітіріп  шығып,  рес- 
публикаға  танымал  болған.  Олар:  белгілі  қоғам  қайраткерлері,  Қазақ 
ССР  Ішкі  істер  министрлігінде  үзақ  жыл  қызмет  істеген  генерал -  Шы- 
рақбек  Қабылбаев,  белгілі  ғалым-тілші  Жүмат  Досқараев,  соғыс  жыл-

дары  Қазақстан  Республикасының  оқу  министрі  болған,  педагогика 
ғылымының  докторы,  профессор,  СССР  педагогика  Академиясының 
мүшелілігіне  сайланған  Ә.Сембаев,  филология  ғылымының  кандидаты 
Мүратбек  Бөжеев,  белгілі  журналист  Ғайса  Сармүрзин,  Кәрібай  Бар- 
манқүлов,  Масығүт  Бегалин  тағы  басқалар.  1922  жылдан  бері  70  жыл- 
Дан  аса  уақытта  бүл  оқу  орнынан  талай  мың  мүғалімдер  даярланып, 
олардан  көптеген  жас  үрпақтар  тәрбиеленіп,  оқу-ағарту  немесе  басқа 
да  салаларда  еңбек  етті  және  етуде.
Сөз  басын  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты,  белгілі  ақын  Аман- 
жол Шамкеновтың жиырмасыншы ғасырдың үлы түлғасы Қаныш Иман- 
тайүлы  Сәтбаевқа  арнаған  «Зор  түлға»  өлеңімен  бастамақпыз:
1.  Ғылым  жолы  Жезқазғаннан  басталады
Қаіианда  арылмаган  думанды  той, 
Дарыган  келбетіне  бедел,  абырой. 
Ғажайып  әсем  көркі  табигаттың, 
Кең  байтақ  Елімізге  буйырган  гой.
Суйсініп  гулзар  бақша-бауларына.
Қаларсың  бір  сәт  орман  аумагында.

Теңіздер,  өзендер мен  көлдері  көп,
Қиядан  көз  тартады  таулары  да
.
Барсаң  да  қай  шет  көңілің  жай,
Табады  кең  даланың  өңірі  бай.
Солардың  бірі
 -  
дархан  Баянауыл,
Әйгілі  атагы  оның  көркіне  сай.
Көргендер  таңырқасып  тура  қалар,
Сырларын  естігенде мейір  қанар.
Әйтеуір  бір  шындық  бар,  бул  аймақтан, 
Шыққан  гой  талай  абзал  гуламалар.
Танытқан  өзін  жақын,  алысқа  да,
Жеткізген  қолымызды  табысқа  да.
Беделін  туган  елдін  асырган  ол,
Өзгеден  өзгеше  гой  Қаныш  ага!..
1926  жылы  «Сібірдің  жаңа  Афинасы»  а т а н ға н -  Томск  қаласының 
технология институты тау-кен факультетінің геология факультетін үздік 
бітіріп,  «Сібір  геология  мектебінің  негізін  қалаушы»  академик  В.А. 
Обручевтің  лайықты  ізбасарларының  бірі  атанған  Қаныш  мемлекет 
үсынған  жылы  орынға  қүлшынбай  (Атбасар  тресінің  Москвадағы  кең- 
сесі)  Сарыарқаның  қиыр  шетіндегі  Ұлытау  даласына  бет  бүрады.
Кезінде  Сарыарқа білгірі  атанған,  белгілі  геолог И.С.Яговкин  ағыл- 
шын  инженерлерімен  бірлесе  отырып  жүргізген  барлауында  Жезқаз- 
ғанның  жер  астында  бар-жоғы  61-62  мың  тонна  қара  мыс  қоры  бар 
деп  алдын-ала  «жаназа»  шығарып  қойған  болатын.  Бірақ,  жастайынан 
алған  бетінен  қайтпайтын  және  «Өз  көзің  алмаз,  өзгенікі  шыны...» 
дейтін,  өзіне  тәлім-тәрбие  берген  орыс  ғылымының  небір  саңлақ  ғүла- 
малары  В.К.Кузнецов,  В.Я.Мостович,  Янышевский,  Лаврский,  Тове, 
Урванцев  сияқты  Сібір  геологтарының  тәжірибелеріне  сүйенген  жас 
инженер  Геолком  тағайындаған  ресми  сарапшы,  есімі  әйгілі  кен  іздеу- 
ші,  профессор  В.К.Котульскийдің:  «Что  касается  вопроса  о  возмож- 
ных  запасах  Джезказгана,  то  они,  по-видимому,  в  лучшем  случае,  мо- 
гут  превысить  вдвое  известные  сейчас...  запасы  металла»  деген  бол- 
жамына  қарсы  ашық  күреске  шығады  [31].
Осыған  орай  ол  «Қарсақпай  ауданы  және  оның  мүмкіндіктері» 
атты  мақаласында  оқырмандарына  өз  ойын:  «Ұлытау  қиырынан  ал- 
ғаш  естілетін  зауыт  дауылпазының  ғаламат  үні  кең  байтақ  қазақ  дала- 
сының  әр  түкпірінен  жаңғырған  жауап  алары  сөзсіз.  Себебі,  бүл  «жаң-
4
6
______________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ғырықты»  шексіз  күшейтетін  қуатқа:  1)  Үлытаудың  тарихи  тиімділігі; 
2)  оның  кіндік  ортада  орналасқандығы;  3)  қазақ  халқының  білуге  ын- 
тызарлығы  және  4.)  ән -   жыр  шығарымпаз  табиғи  қабілеті  де...әсер 
етпек.  Әлбетте,  бүл  сарыннан  бүрынғыдай  қайғы-қасірет,  азап — мүңы, 
иә  үмітсіздік  әуені  емес,  мүлдем  басқа  саз-ерлік  пен  жасампаздық  тол- 
ғау  естілмек.  Ол  енді  жаңа  да  жаңғырған  индустриялды  Қазақстанның 
асқақ  әуенді  әні  болмақ...», -   деп  жеткізген  ғалым  Жезқазған  қазына- 
сының  көлем-нарқы  жүз  тоннаға  дейін  көбейгенін  мәлімдейді  [32].
Бүл  туралы  химия  ғылымдарының  докторы,  профессор  Алтынбек 
Нүхүлы  өзінің  «Ғасырымыздың  ғүламасы»  атты  мақаласында:  «Әри- 
не,  бүл  күндері  үлкен  Жезқазған  деп  аталынатын  Орталық  Қазақстан- 
ның  күрделі  таулы-қазба  кен  орындарын  апталар  мен  айларда  ашу 
мүмкін  емес  еді.  Ол  үшін  жылдар  керек  болатын.  Себебі,  оның  таулы 
жыныстарының  күрделілігі  өз  алдына  бөлек  те,  Сарыарқаның  шөлді 
даласы,  жазында  аптапты  ыстығы,  қысында  бет  қаратпас  бораны  мен 
үскірік  аязы  өзгеше  және  ең  жақын  деген  темір  жолдың  өзі  400  кило- 
метр  қашықтықта  болатын.  Оның  үстіне  арнайы  кәсіби  мамандардың 
(барлаушы  геологтар,  бүрғышылар  және  т.б.)  саусақпен  санағандай 
аз  болғандығын  қосыңыз.  Міне,  осындай  қиындықтардың  бәрін,  Томск 
технология  институты  тау-кен  факультетінің  геология  бөлімін  үздік 
бітіріп  келген  қазақтың  алғашқы  кен  инженері  жеңе  білді.  Сол  кездің 
өзінде-ақ, алғашқы барлау жылдарынан кейін, өзіне сенімді берік Сәтба- 
ев:  «Жезқазған  дүние  жүзіндегі  ең  бай  мыс  кенінің  бірі,  алдағы  жыл- 
дарда  Американың  аты-шулы  мыс  ошақтарын  басып  озып,  ширегіне 
де келтірмей  кетеді», -  деген  екен.Бүл сөздер  іс жүзінде кейіннен  орын- 
далды  да,  соның  алғашқы  сатысын  1932  жылы  жарық  көрген  «Жезқаз- 
ған  мыс-кен  ауданы  және  оның  минералды  ресурстары»  деген  моно- 
графиялық еңбегінде дәлелдей түсіп және оны тез арада игерудің негізгі 
міндеттерін алға қойып береді. Алайда, оны алдан қиындығы көп күндер 
күтіп  түр  еді.  1933  жылы  барлау  жүмысы  енді  қызған  кезде  Одақтық 
Геология  комитеті  қаржы  мәселесін  қысқартып,  тоқтатуға  дейін  апар- 
ды.  35  жасар  Қаныш  көптеген  қиыншылықтарға  қарамай,  Одақтық 
Ғылым  академиясының  сессиясында  «Мыс,  көмір,  темір-марганец  ру- 
далары  және  Жезқазған-Үлытау  ауданының  басқа  да  қазба  байлықта- 
ры»  деп  аталатын  баяндамасын  жасап,  орасан  зор  кен  байлығы  осы 
аймақта  жатқандығын  ғылыми  түрғыдан  дәлелдеп  көрсетті.  Алайда, 
кен орындары қорының мол екендігіне Одақтық геология комитеті онша 
сенбей,  күмән  туғызды.  Міне  осындай  Жезқазғанның  «тағдыры  тара-

зы  талқысына  түскенде  теңдесі  жоқ  табандылық  танытқан  Сәтбаев 
СССР  Халық  комиссары  Серго  Орджоникидзенің  қабылдауында  бола- 
ды.  Осындай  келісімді  кездесуден  кейін  ғана  Үлкен  Жезқазғанның тағ- 
дыры шешілгендей болады.  Осы бір шешімі  оң болған сәт туралы Қана- 
кеңнең  үлкен  өнеге  алған  марқүм  академик -Евней  Букетов:  «Егер  де 
сол  кезде  осы  үлы  істің  басында  қажымас  қайраты  мол  Қ.И.Сәтбаев 
болмағанда,  Үлкен  Жезқазған  кейініректе  ғана  ашылар  ма  еді,  мүмкін, 
қазір  біздер  соніл  игерудің  алғашқы  баспалдағында  жүрер  ме  едік»-, 
деген  екен, -   деп  орынды  пікірлер  айтқан  [33].
Осыған  орай  «Қан  ағаның»  (қазақ  жүмысшылары  оны  солай  ата- 
ған)  үйымдастырушылық  қабілетіне  тоқтай  кетелік.  Алғашқы  бесжыл- 
дықтар,  яғни  өнеркәсіпті  индустрияландыру  жылдарында  КСРО-ның 
халық  шаруашылығы  Кеңесі  жер-жердегі  түсті  металл  өндірістерінің 
күш-қуатын  арттыру  үшін  қомақты  қаржы  қорын  бөледі.  Сондықтан, 
Атбасар  тресінің  Москвадағы  басқармасы  таратылып,  Қарсақбай  мен 
Спасск  мыс  комбинаттары  дербес  үжым  аталып,  комбинаттың  бас  гео- 
логы әрі бөлім меңгерушісі Қ.И. Сәтбаев бөлінген қаржының бір бөлігін 
барлау  жүмыстарына  жүмсайды.
Осындай  шаралардың  нәтижесінде  алғашқы  кезеңде  Ресей  мен  Ук- 
раинадан  жалдап  әкелінетін  бүрғышылардың  орнын  енді  қазақ  жүмыс- 
шылары  басады.  Бүл  туралы  қазақтың  белгілі  жазушысы,  Сәтбаевта- 
нушы  Медеу  Сәрсеке  өзінің  «Ғасыр  перзенті  »  атты  еңбегінде:  «Дер 
кезінде  жасаған  дайындықтың  арқасында,  бүл  болса  «Саужой»  («Сау- 
атсыздықты  жою»)  мектептері  ғана  емес,  қысқа  мерзімді  түрліше  кур- 
стар  ашып,  әмбе  соны  әрбір  бүрғылау  станогының  басында,  химия 
лабораториясында,  кендер  қоймасында,  шеберханалар  алаңында,  тіпті 
кәнігі  автомобиль жүргізушінің қасына жолсерік болып ере жүріп,  күні- 
түні  һәм  айлар,  жылдар  бойы  тынбай  үйретудің  соңында  кешегі  кіреші, 
түйеші,  сушы,  май  тасушы  арбакештер  ортасынан  Баку  мен  Сверд- 
ловтан  арнайы  шақырылған  бүрғылау  шеберлерінен  титтей  де  кем 
түспейтін,  қайта  олардан  гөрі  шөл  даланың  аптап  ыстығы  мен  қысқы 
боранында  да  станок  қүлағын  үстаудан  жаңылмаған  кәнігі  мамандар 
шығады...», -   деп  жазған  [34]. 

,
Бір  сөзбен  айтқанда,  осындай  жанкешті  жүмыстардың  арқасында 
бүл  Геологиялық  іздеу  мекемесінде  (ГРК)  1933  жылы  500  жүмысшы 
болады.  Олардың  90  пайызы  жергілікті  түрғындардан  қүралған.  Бірақ, 
мүның  екінші  жағы  да  болды.  Орталық  көп  уақыт  бойы  бүл  игі  іске 
қарсылық  жасап  бақты.  Мәселен,  кезінде  жоғарыда  айтқан  Геолком-

ның  шовинистік  бағыттағы  эксперттерінің  бірі  В.П.Симонов:  «Сәтба- 
ев  жолдас  түйе  мінген  қазақтан  шебер  бүрғылаушы  әзірлеймін  деген 
бопса  қиялмен  бекер  малданып  жүр,  ал  онысы — бос  әурешілік,  ешқа- 
шанда  орындалмайтын,  болмайтын  қияли  жоба!..», — деп  сәуегейлік 
танытқан.
Бірақ, қазақ инженері  осының барлығын бос сандырақ екенін ісімен 
дәлелдеп  берді.  Бүл  туралы  Медеу  Сәрсекенің  «Ғасыр  перзенті»  деген 
еңбегінде:  «...Тоқ етерін айтқанда, тәжірибесі аз, есімі беймәлім, бүрын- 
соңғы  іздеп  тапқан  кен  орны  жоқ...  деп  жүрген  қазақ  геологы  басқар- 
ған  ГРК  1931-32  жылдардың  соцжарысын  қорытындылауда  Түсті  ме- 
талл  басқармасы  жүйесінде  бірінші  орынға  шығып,  қаржы  игеру  мен 
бүрғылау  көлемі  жөнінде  алдына  ешбір  үжым  шығармаған  озық  кон- 
тораға  айналды», -   деп  жазды  [35].
1932  жылы  Қ.И.Сәтбаевтың  Москвадағы  «Цветметиздат»  баспасы- 
нан  «Жезқазған  ауданының  мыс  кені  және  оның  минералдық  қорлары» 
атты  алғашқы  ғылыми  ізденістерге  толы  жеке  еңбегі  кітап  болып  шық- 
қан.  Мүнда  автор  Жезқазған  кенінің  қажеттілігі  мен  болашағы  туралы 
мынадай  нақты  түжырымдар  жасаған:  «Жезқазғанмен  қоры  жөнінен  тең 
түсер  Кеңес  Одағы  көлемінде  тап  қазір  де  бірде-бір  мыс  кені  жоқ:  әмбе 
ол  қазуға  өте  тиімді  және  өзі  қүрылыптас  кеніштерде  кездеспейтін  эко- 
номикалық,  технологиялық  өзгеше  сипаттарға  ие:  сонымен  қатар  Жез- 
қазған  ауданы  темір,  марганец,  күкірт  колчеданы,  көмір,  қорғасын,  ас- 
бест,  отқа  төзімді  саз,  фарфор,  фосфорит,  шыны,  барит  тәрізді  аса  пай- 
далы  қазба  байлықтарға,  қүрылыс  материалдарына  ерекше  бай.  Демек, 
оның осыншама зор мүмкіндіктерін халық шаруашылығының ділгір қаже-
тіне тезірек паидалану үшін  мынадаи  игі шараларды жүзеге асыру қажет: 
а) Жезқазғанды  Атасу темір  кендері  арқылы  сенімді  отын  ошағы -  Қара- 
ғанды  көмірімен  темір жолмен  жағастыру;  б)  Үлкен  Жезқазған  комбина- 
тын  салуға  жедел  кірісу;  в)  бүл  төңіректегі  геологиялық  барлау  жүмыс- 
тарын  одан  әрі  жан-жақты  дамыта  беру -   оның  қазба  байлығын  әлі  де 
көптеп  ашуға  себепші  болмақ;  г)  екінші  бесжылдықтың  жоспарында 
Жезқазғанда  қара  металл  және  ферромарганец  өндіретін  ірі  комбинат- 
тар  түрғызуды  жобалау...»  [36].
Осының  нәтижесі  ретінде  Бүкілодақтық  Халық  шаруашылық  ке- 
ңесінің  арнайы  қарарымен  1932  жылдың  соңында  Үлкен  Жезқазған 
зауытын  салу  туралы  шешім  қабылданады.  Бірақ,  өкінішке  орай,  бүл 
пайдалы  іс  екі  жыл  бойы  кертартпа  шенеуніктердің  кесірінен  жүзеге 
аспай түрып қалды. Тек үлы ғалымның жігерімен, өз ісіне сенімділігінің

арқасында  ғана  1934  жылы  КСРО  ҒА-ның  қараша  айында  шақырыл- 
ған  кезекті  ғылыми  сессиясында  қаралып,  Қ.И.  Сәтбаевтың  бес  рет 
қатар  жасаған  баяндамасының  арқасында  бүкілхалықтық  қолдауға 
ие  болып,  қазіргі  Жезқазған  қаласының  орны  салынып,  темір  жолдар 
жүргізіліп,  соғыс  басталған  уақытта  өндіріе- орындарының  тамыры 
соға  бастаған  болатын.
Кезінде үлы ғалым өзінің бүл басты мақсаттарын жүзеге асыру үшін 
баспасөз беттеріне жүгінгендігі анық.  Енді оның осы қаламгерлік қыры- 
на  назар  аударатын  болсақ,  онда  Қ.И.Сәтбаев  жоғарыда  атап  кеткен 
еңбектерінен  басқа,  1928 жылы  «Қызыл  Қазақстан»  журналында «Қара- 
ғанды,  Спасск  зауыттарының  қазіргі  күйі  мен  келешегі»,  «Түрлан  кен- 
дерінің  шамасы  және  келешегі»,  «Қарсақпай  зауытында  мыс  өндірісі 
және  оның  келешегі»  атты  бірнеше  проблемалық  мақалаларын  жазып, 
заман  талабына  сай,  күн  тәртібінде  түрған  өткір  мәселелерге  үн  қос- 
қан.  Осы  мақалаларға  орай  профессор  Т.Қожакеев  «Егемен  Қазақстан» 
газетінің  бетіне  «Білім  мен  балға»  деген  мақала  жариялап,  ғалымның 
публицисткалық  еңбектеріне  төмендегідей  үлкен  баға  береді  [37]:
«Біріншіден,  Сәтбаевтың  публицистикасы  ғылыми,  танымдық  си- 
патта  жазылады.  Бүл  оның  кен  орындарының  табылу,  зерттелу,  іске 
қосылу  тарихына  шолу  жасауынан  байқалады.  Мәселен,  «Нілді  мыс 
кенін  1847  жылы  орыс  көпесі  Ушаков  тапқан  да,  1858  жылы  айнала- 
сындағы  22  шаршы  шақырым  жерді  қазақ  иелерінен  86  сом  күміске 
сатып  алған.  Ал,  Түрландағы  қорғасын  кені  орыстарға  1800  жылдан 
белгілі  болған.  1870  жылы  жасалған  Түркістан  бас  штабының  карта- 
сында  ол  «Көпес  Петрушин  зауыты»  деп  көрсетілген.
Екіншіден,  оның  қаламгерлігі  жер  қойнауы  жаратылысын,  ондағы 
түсті  м еталдар  табиғаты н  терең   тү сін д ір етін ін ,  кәсіби  ж ағы нан 
білгірлікпен  жазылатын  публицистика  екендігін  байқатады.  Мысалы, 
«Нілді  мысы  сияқты  майысқақ.  Майысқақ жағы оңтүстікке қарайды.  Кен 
тастары  басында  сүйық  күйінде  тереңнен  қайнап  шығып,  жердің  үстіңгі 
қыртысындағы жарыққа келіп қатқан.  Кеннің жотасы Шығыстан Батысқа 
қарап  жатыр.  Үзындығы  160  метр  (80  қүлаштай),  қүлашы  70-80  градус- 
қа  жетеді.  Кен  тасының  жер  үстіндегі  көрнекті  ені  32  метр,  қүлама  те- 
реңдігі  200  метрге  барады.  Ал  Қарағанды  ошағында  1  метрден  4  метрге 
баратын  тас  көмірдің  8-ден  аса  жеке  қыртысы  бар.  Мүның  жотасы  25 
шақырымға  созылады.  Қыртыстың  бәрі  қаз-қатар  көлбей  созылып  жа- 
тыр,  қүламы  10  градусқа,  қызу  колориті  7200-7500.  Байлығы  жағынан 
Қазақстанда  бірінші,  Ресей  бойынша  төртінші  орында».
50

Үшіншіден,  Сәтбаевтың  қаламгерлігі — алдағыны  болжаушы,  шол- 
ғыншы  публицистика.  Әр  кеннің  не  бергенін,  бүгінін  көрсетіп  келіп, 
түбінде  не  берерін,  келешегі  қалай  боларын  сендіре  алатын  публицис- 
тика.  Осыған  орай  автор:  «Спасскіде  1919  жылға  дейін  18  млн.  800 
мың  пүттай  кен  балқытылған,  одан  3  млн.  пүттан  аса  таза  мыс  алын- 
ған.  Ресей  кен  кәсібінің  ең  өркендеген  к е з і -   1913  жылы  оның  қорыт- 
қан  барлық мысының  15,8  пайызын,  яғни  оннан  бірін  осы  Спасск  беріп 
түрған.  Бүл  аймақта  Қайрақты,  Алмалы,  Ақшоқы,  Бесшоқы  сияқты 
кен  орындары  бар.  Олардың  2-3-і  игерілсе,  1  млн.  500  мың  пүт  таза 
мыс  алуға  болады.  Бүл  үшін  2  млн.  570  мың  пүт  кен  шығару  керек. 
Түрланның  60  метрден  жоғарыдағы  қоры  109856  тонна  болады.  Одан 
106338  тонна  қорғасын  аламыз», -   деген  болжамдар  жасаған.
Төртіншіден,  геолог  публицистикасы — әрбір  кеннің  орналасу  ор- 
нын,  географиялық  панорамасын,  қайда,  немен  шектеліп,  немен  жал- 
ғасып  жатқанын  көзбен  көріп,  қолмен  үстағандай  етіп  елестетін  пуб- 
лицистика.  «Түрлан  кені,-  деп  жазады  Қ.Сәтбаев, -   Түркістан  қаласы- 
ның  шөлейтті  шығыс  жағында,  65  шақырым  жерде,  Қаратаудың  оң 
бөлігіндегі  Көкқия  мен  Ашасай  деген  екі  бүлақтың  арасындағы  биік- 
теу жотада.  Ашасай  бүлағы -  «Қатын қамал»  өзенінің бір тармағы.  Осы 
_  өзеннің  бойында,  Түрланнан  6,5  шақырым  жерде,  350  метр  төменде 
Лесман  салдырған  зауыт  түр.  Одан  250  метр  төменде  кеншілер  посел- 
кесі  бар.  Қарсақпай -   Ташкент  темір  жолы  бойындағы  Жосалы  станса- 
сынан  375  километр  жерде,  Көкшетаудан  750,  Ақмоладан  500,  Шор- 
тандыдан 400  километр  қашықтықта.  Ағылшындар  Қарағанды -  Спасск 
арасында  45  шақырымдық  тар  табанды  темір  жол  салған.  Түркістан 
мен  Түрлан  арасында  45  шақырымдық  арба  жолы  бар.  Қарсақбай,  Қар- 
мақшы,  Жосалымен  кіре  жолымен  байланысады».
Бесіншіден,  инженер-ғалым  публицистикасы  кен  орындарының  та- 
рихын,  сипаттамасын  беріп  болған  соң,  олардың  Кеңес  үкіметі  орна- 
ғаннан  кейінгі  тағдырына,  жай-күйіне  талдау  жасайды.  Оның  мәлімет- 
інше,  1919  жылы  Спасск  зауыты  тоқтаған.  1928  жылға  дейін  «қорық» 
күйінде  сақталған.1922  жылдан  Қарағанды  шахталары  Еңбек  қорғау 
кеңесінің  1925  жылғы  маусымдағы  жарлығымен  ол  одақтық  «Атбасар 
тресіне» берілген.  Ал Түркістан шаруашылық кеңесі  1919 жылы Түрлан 
кенін  жүргізе  бастаған.  Бірақ  кені  таусылып,  1921  жылы  «қорыққа» 
айналған.  Ол  1925  жылы  Қазақстанға  өтті.
Алтыншыдан,  Қ.Сөтбаев  публицистикасы  кен  ошақтарын  атап, 
оларды  іске  қосу  қажеттігін  айтып  қана  қоймайды,  соны  қалай  іске

52
асыруға  болатынын,  бұл  үшін  не  істеу  керек,  қандай  шаралар  қолдану 
керектігін  саралайды .  О ларды ң  қазіргі  ж әй -күй ін   талдап,  қалай 
жүргізудің  жолдарын  көрсетеді.  Оның  айтуынша,  Нілде  екі  зауыт  бар. 
Олар  жүмысқа  қосуға  жарамды.  Машина  саймандары  сақтаулы,  сырты 
сүртіліп,  іші  майланып  түр.  Ондағы  түрғын  үйлер  де  жақсы  күйде.  Ке- 
регі -  кенді  бүрғылап,  оны  жоғары  шығаратын  машина,  саймандар  ғана. 
Нілдіні  үш  айда  жүргізуге  болады.  Қарағандыда  екі  шахта  бар.  Оларды 
су  басып  қалған.  Машина,  саймандары  толық  сақтаулы  күйінде».
Жетіншіден,  әдетте  өндіріс  үйымдастырушысының  мақаласы  күн 
тәртібіне  қойып,  шешпек  болып  отырған  проблемасын  аз  күш  жұмсап, 
аз  қаржы  шығындап,  жүзеге  асырудың  жолдарын  көрсетуге  тиіс.  Қане- 
кең  мүны  да ескерген.  Кендерді  бүрғылайтын,  машина,  саймандар  алуға, 
шахталарды  қүрғатуға,  жаңа  шахта  қазуға,  үйлерді  жаңартуға,  кіре  тар- 
туға,  жұмыс  күшін  жалдауға,  отын-сумен  қамтамасыз  етуге  қаржының 
тиімді көздерін үсынған.  Мысалы, Түрланда  1  пүт қорғасын  қорыту үшін 
1,8  пүт  кокс,  2  пүт тас  көмір  қажет.  Бүл  көмірді  алыстан  тасымай-ақ,  40 
шақырым  жердегі  Бабатай,  Батпақ  көмірін  игеру  керек.  Ал  Қарсақпай- 
дан  Жосалыға дейінгі  кіре  жолына  7-7,5  мың  пүт  қана  жүк  тасуға  бола- 
ды. Бүл оның келешегіне, тез өсуіне үлкен кедергі. Мұны жою үшін ғалым 
Жосалы-Қарсақпай,  болмаса  Ақмола-Жезқазған-Бірқазан  стансасына 
тиімді,  тиімсіз  жақтарын  атап  көрсетеді.
Кезінде  үлы  ғалымның  Жезқазған  кеніне  байланысты  «Казахстан- 
ская  правда»,  «Социалистік  Қазақстан»  газеттерінде  де  қос  тілде  жа- 
зылған  «Үлкен  Жезқазғанды  қүрамыз»  [38],  «Қазақстандағы  Родезия» 
деген  бет үйымдастырып,  онда  «Мыстың  әлемдік  қоры» және  «Су  бар» 
[39]  деген,  «Қазақстанның  мысы»,  «Жезқазғанды  қолға  алуға  уақыт 
жетті»,  «Үлытаудың  табиғат  байлықтары,  оларды  пайдалану  жолда- 
ры»  [40]  атты  мақалалары  да  жарық  көрген.  Автор  бүл  мақалаларында 
ғылыми-зерттеу жүмыстары жайлы, су жетістіру мәселесі қақында, кадр 
дайындау,  қүрылыс  және  өнеркәсіпті  өркендетудің  жаңа  жолдары  ту- 
ралы  ой  бөліскен.
Біздер  «Ғылым  жолы  Жезқазғаннан  басталады»  деген  бүл  алғашқы 
тақырып  шеңберінде  негізінен  ғалымның  қалыптасу,  үлкен  өнеркәсіп 
ісіне  араласу,  аз  ғана уақыт аралығында,  айналдырған  алты  жыл  ішінде 
қарапайым  инженерден  бүкіл  Одақ  танып,  мойындаған  қоғам  қайрат- 
кері  дәрежесіне  дейін  көтерілген  қазақ  халқының  ғүлама  перзенті 
Қаныш  Имантайүлы  Сәтбаевтың  өзіндік  ерекшелігіне,  әсіресе  Жезқаз- 
ған  жер  қойнауындағы  кен  көздерін  табуда  көрсеткен  білімдарлығы 
мен  ерлік  істеріне  тоқталдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет