Шуршитбай бейбитгул


Диаграмма 5. ҚР-на кӛшіп келген оралмандардың жас шамасын



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата16.02.2017
өлшемі1,08 Mb.
#4208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Диаграмма 5. ҚР-на кӛшіп келген оралмандардың жас шамасын 
талдау 
 
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
пайызы
пайызы
пайызы
43%
52%
5%
0-16
16-60
60+
 
Шетелдегі  қандастарымыздың  байырғы  Отанына  оралуын  жеделдету, 
оралмандардың  санын  молайту  үшін  мемлекет  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы 
аясында стратегиялық тӛмендегі шараларды жүзеге асыру керек [122, 25 б.]. 
Бірінші:  Қандастарымыз  тұрып  жатқан  басты-басты  шетелдердің 
әрқайсысының ӛз ерекшелігіне сай бағдарлама әзірлеу. 
1  Шетелдегі  қазақ  диаспорасының  ең  ауқымдысы,  әрі  қандастарымыздың 
болашағы  күрделі  жағдайда  тұрған  Қытай  Халық  Республикасындағы 
ағайындарды  кӛшіріп  алудың  нақты  бағдарламасын  жасау.  Оның  алғы  шарты 
ретінде біздің үкіметіміз осы елден тарихи Отанына оралуға ниетті азаматтарға 
кедергі  болып  отырған,  қытай  тарапынан  шешілетін  ӛзекті  мәселелерді 
тиянақты  зерттеп,  мәселе  қою  арқылы  екі  ел  үкіметтері  арасында  оралмандар 
мәселесін  реттеуді  жүзеге  асыратын  жаңа,  нақты  келісім  түзуге  қол  жеткізу 
керек. 

 
 
122 
Жалпы  шетелдегі  қазақ  диаспорасының  ең  ауқымды  бӛлігі  тұратын  ҚХР-
ында олардың атажұртына оралуына кедергі кӛп екенін ДЖҚҚ-да мойындайды. 
Қауымдастықтың  бірінші  орынбасары  Талғат  Мамашев  «Алыстағы  ағайын» 
атты  кітабында:  [72,  48  б.],  «Қытай  қазақтарының  ұлт  ретіндегі  ертеңгі 
болашағында  үлкен  қауіп  бар  екенін  де  айта  кетуіміз  керек.  Қазіргі  кезде 
қазақтар ӛз жерінде пайыздық есеппен алып қарағанда мүлдем азайып барады. 
Ішкі  Қытайдан  келушілердің  барынша  кӛбеюі  күн  ӛткен  сайын  қазақтардың 
оларға сіңіп кету қатерін ұлғайтады. Қытайдағы бала тууына шектеу саясаты да 
қазақтардың азаюына әсер етіп жатыр. Қытайдағы қазақтар тӛте (араб) жазуын 
пайдаланады.  Мұның  ӛзі  Қазақстанға  келіп  білім  алуына  біраз  қиындықтар 
туғызып  отыр.  Оның  үстіне  қазір  қазақтар  тұратын  ШУАР  ӛңірінде  екі  тілде 
оқыту  мәселесі  кеңінен  жүргізілуде.  Соған  орай  қазақша  білім  алудың  аясы 
тарылып,  қазақ  мектептері  азайып  барады.  Міне,  осындай  жағдайларға 
алаңдаған қытай қазақтары арасында атамекен Қазақстанға қайтсақ деген кӛңіл-
күй кеңінен тараған. Оның үстіне Қазақстанда ағайын-туыстары бар кісілер де 
аз  емес.  Солар  ағайынға  қайта  қосылсақ  дейді.  Бірақ  бүгінгі  таңда  Қытайдағы 
ағайындардың  бұл  арманының  орындалуы  ӛте  қиынға  соғып  отыр.  Қытайдың 
негізгі  заңы  бойынша  сырт  елдерге  қоныс  аударушыларға  ешқандай  кедергі 
жоқ.  Бірақ,  соған  қарамастан  қазақтардың  шығуына  барынша  тосқауыл 
қойылған. Яғни оларға сыртқа шығатын тӛлқұжат алу мәселесі ӛте қиын. (Басқа 
ұлт ӛкілдеріне шақыру алса болды бірден тӛлқұжат беріледі)  
Қазақстандық  қазақтардың  да  Қытайдағы  туыстарына  шақыру  беруіне 
қытай  жағы  кӛп  тосқауыл  қойған.  Қытайдағы  ағайындар  Қазақстанға  жеке 
кісілердің  не  заңды  тұлғалардың  шақыруымен  жеке  тӛлқұжат  не  қызметтік 
тӛлқұжат  жасатып  келеді.  Ал,  қаншама  қиындықтармен  келген  осы  кісілердің 
Қазақстанда  тұрақты  тұрып  қалуына  кейбір  жергілікті  кӛші-қон  мекемелер 
дұрыс  кӛңіл  бӛлмейді.  Үрімшідегі  құзыры  тӛмен,  штаты  аз  консулдықтың 
олардың  бәріне  бірдей  виза  беруге  шамасы  жететін  емес  Осыған  байланысты 
Үрімшідегі консулдықтың мәртебесін қайта қарап, штатын кӛбейту керек»,-деп 
жазады. 
Міне,  Қытайдағы  қазақ  диаспорасын  атажұртқа  тарту  үшін  арнайы 
мемлекеттік саясат керек екенін осы пікірден-ақ аңғаруға болады. Бүгінгі таңда 
ҚХР-нан келетін оралмандарға қатысты осындай кемшіліктерді жолға қоюға ҚР 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрлігінің кӛші-қон басқармасы бас 
ауыртып  отырған  жоқ,  әрі  қауқарсыз.  Кӛші-қон  басқармасының  жұмысы  ӛз 
беттерімен  кӛшіп  келген  ағайындарға  оралман  мәртебесін  беріп,  квотаға 
енгізумен ғана шектелуде. Оның ӛзінде бұл шараны жедел ұйымдастыра алмай 
отыр. Бұған соңғы жылдары тек Шығыс Қазақстанға Қытайдан қоныс аударған 
оралмандардың әлі күнге квоталарын ала алмай жүргені дәлел. 
Жалпы,  Қытайдағы  ағайындардың  шекарадан  ӛткеннен  кейін  бала–
шағасын  шұбартып,  қайда  барарын  білмей  дағдарып  тұратыны  қапысыз 
шындық.  Міне,  осындай  кӛші-қон  комитетінің  қызметінің,  құзыретінің 
шектеулі  болуына  байланысты  қазіргі  кезде  ҚХР-ында  тұрып  жатқан 
ағайындарды Қазақстанға кӛшіру жұмысымен жеке адамдар, түрлі жеке меншік 

 
 
123 
фирмалар  ғана  айналысып  жүр.  Екі  ел  арасындағы  шешімін  таппаған 
мәселелерге олар да қауқарсыз. Әрі мұндай делдалдық кей жағдайда сыбайлас 
жемқорлыққа  апарып  соғатыны  да  анық.  Ондай  қылмыс  2007  жылы  Шығыс 
Қазақстанда әшкерленіп, «Дидар» газетіне жазылды [150]. 
Сондықтан ендігі жерде бұл жұмысты кӛші-қон комитеті тарапынан реттеп 
бір  жүйеге  түсіретін  уақыт  жеткен  сияқты.  Яғни  алдағы  уақытта  Қытайдан 
қоныс  аударатын  ағайындар  қашан  келеді,  қай  облысқа  орналасады,  квотаға 
кіре ме, кірмей ме, осының бәрі алдын ала белгілі болуы тиіс. 
2  Моңғолиядан  келетін  қазақтарға  байланысты  Қытайдағыдай  Моңғолия 
үкіметі  тарапына  кедергі  жоқ  екені  белгілі.  Сондықтан  «Нұрлы  кӛш» 
бағдарламасында  бірінші  жоғарыда  айтқанымыздай  ең  ӛзекті  мәселе  тақырып 
кедейлік  салдарынан  жол  қаржысын  таппай  отырғандарды  жерінен  кӛлік 
апарып, кӛшіріп алу. Бұл тұрғыда «Бұдан жаман күнімде де тойға барғанмын» 
дегендей  ел  еңсесін  кӛтермеген  нарықтық  экономиканың  ӛтпелі  кезеңіндегі 
қиыншылық  жылдарында  да  Моңғолиядағы  қандастарымыздың  мүлкін 
машинамен,  адамдарын  ұшақпен  жеткізу  Қазақстан  үшін  дамудың  қарқынды 
жолына  түскен  бүгінгі  таңда  кӛп  экономикалық  ауырлық  туғызатын  мәселесі 
еместігі  белгілі  жай.  Бағдарламада  ол  жақтан  келетін  қандастарымызға 
кӛмектесу  желеуімен  делдалдық  жасайтындардың  жалған  тӛлқұжат  арқылы 
квоталық  қаржыны  қымқыруының,  нақты  айтқанда,  сыбайлас  жемқорлықпен 
пайда табуының жолын кесетін тетіктер қарастыру. Ол үшін Моңғолияның Ішкі 
Істер  Министрлігінің  азаматтарды  тіркеу  және  ақпарат  орталығымен  ғалам 
торлық  тығыз  байланыс  орнату  арқылы  жалған  құжат  жасауға  жол  бермеу, 
сондай-ақ байырғы отанына қоныс аударушылардың Моңғолия азаматтығынан 
шыққаны  жӛнінде  ақпарат  алмасып  тұру  арқылы  олардың  бірнеше  рет  квота 
алуына  тосқауыл  қою.  Кӛп  жыл  айтылса  да  шешімін  таппай  келе  жатқан 
Моңғолия мен Қазақстан арасындағы Ресей жерінің 50 шақырымын ғана басып 
ӛтетін  Баян-Ӛлгей-Катон-қарағай  тӛте  жолын  ашу  арқылы  қандастарымыздың 
аз шығынмен атажұртына жетуіне мүмкіндік туғызу. 
Екінші: 
Оралмандарды 
қоныстандыру 
мәселесіне 
байланысты 
стратегиялық  жоспар  жасау.  Оралмандар  мәселесіне  байланысты  шешімін 
толық таппай отырған мәселенің бірі келген ағайындарды барынша топтастыру, 
соның  ішінде  жергілікті  ұлт  ӛкілдері  азшылық  болып  келетін  солтүстік 
ӛңірлерге  қоныстандыру  мәселесі.  Бұл  тұрғыда  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы 
аясында  Солтүстік  ӛңірлерге  топтастыру  үшін  жұмыс  қолы  жеткіліксіз 
жерлерден үй жаймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру ісі қолға алынып 
жатқанын білеміз. Жалпы кӛші-қон мәселесіне айрықша әсер еткен күштің бірі 
Президенттің  тікелей  жарлығымен  ел  астанасының  кӛшірілуі,  Астана 
қаласының  бой  кӛтеруі  болды.  Басқа  жағын  айтпағанда  оралмандарды 
солтүстікке  орналастыруға  зор  ықпал  етті,  кӛші-қонның  бағыт-бағдарына  да 
үлкен  ӛзгерістер  әкелді.  Бұрын  оралмандар  негізінен  Оңтүстік  облыстарға 
кӛптеп кӛшіп келетіндіктен орналастыруда қиыншылықтар туындайтын. Ендігі 
жерде  Елорда  Астанаға  кӛшірілген  соң  оралмандар  да  кӛштің  басын  орталық 
және солтүстік облыстарға қарай бұрды. Осының нәтижесінде бұрын санымыз 

 
 
124 
азайып,  ана  тіліміздің  жағдайы  тығырыққа  тірелген  бұл  ӛңірде  қазақтар  саны 
күрт  кӛбейіп,  ұлттық  ӛркендеуімізге  жол  ашылып,  ұлттардың  арасалмағы 
біршама  түзеле  бастады.  Бұл  да  ұлт  тағдырына  байланысты  күрделі  мәселені 
барынша тиімді және дұрыс жолмен шеше білудің айқын кӛрінісі. 
Алайда,  сол  үрдісті  одан  да  күшейту  үшін  жасаған  «Нұрлы  кӛш» 
бағдарламасы  әлі  де  болса  дұрыс  жолға  қойылмай  отыр.  Айталық  кӛпшілік 
облыстардағы  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы,  тек  Елбасының  тапсырмасын 
орындадық  деген  ат  алуды  мақсат  тұтып,  алдын-ала  ойластырмай,  дұрыс 
ұйымдастырмай  немесе  асығыстық  танытып,  шала  ұйымдастырып  отырғаны 
баспасӛздерде,  оралмандар  жиындарында  жиі  айтып  жүр.  Мәселен  «Нұрлы 
кӛш»  бағдарламасы  бойынша  Ақмола  облысында  да  «Нұрлы  кӛш» 
бағдарламасына 
сәйкес 
Кӛкшетау 
қаласының 
шетіне 
«Сарыарқа» 
корпорациясының  тұрғызған  үйлеріне  алғашында  оралмандар  қуана 
орналасқаны, мемлекет саясатына,  «Сарыарқа» корпоорациясына шексіз алғыс 
айтқаны  кеше  ғана  еді.  Олардың  қуанышы  қыс  ортасына  жетпей-ақ  су 
сепкендей  басылғанын  жергілікті  газеттер  мен  ұлттық  телеарналар  жарыса 
жазып,  айтып  жатыр.  Бұл  үйлердің  сапасы  сын  кӛтермейтіні,  қыста  пана 
болмайтыны айдан анық болды. Оралмандар ендігі жерде оңбай алданғандарын 
біліп,  аяқтары  жеткен  жерге  дейін  шағымдануда.  Олардың  бұл  қылықтары 
жалпы «Нұрлы кӛш» бағдарламасына деген сенімсіздікке әкеліп соқтырды. Бұл 
туралы «Түркістан» газетіндегі мақалада дәйектелді [151]. 
Кӛкшетау  қаласының  «Красный  Яр»  ауылына  қоныс  тепкен  113  отбасы 
оны  салған  «Сарыарқа»  әлеуметтік  корпарациясының  үстінен  шағымданып, 
үйлердің талапқа сай болмай жатқанын мәлімдеп дабыл қаққан. «Красный Яр» 
ауылы  Кӛкшетау  қаласына  тікелей  бағынышты  болғандықтан  Кӛкшетау 
қаласының  әкімі  Бақыт  Сапаровты  шақырып,  мәселенің  оңды  шешілуін  талап 
еткен.  Олар  ең  әуелі  баспаналарының  қарызын  қайтарудың  кепілі  жұмыспен 
қамту ісінің жүзеге аспай жатқанын айтады. Кӛрші ауылдағы Васильевский кен 
байыту  комбинаты  кәсіби  мамандарға  иек  артатынын айтып,  оларды  жұмысқа 
алмаған. Басқа жұмыс орындарына не жастары, не тіркеулері сай келмеген деп 
жазады.  Ал  «Кӛш»  газетінде  осы  мәселеге  байланысты  «Нұрлы  кӛштен»  тағы 
да  ши  шықты»  [152]  -  деген  материал  жариялап  жоғарыдағы  кемшіліктерді 
Мәжіліс  депутаты  Құрманғали  Уәлидің  аузымен  баяндайды  Міне,  осылайша 
«Нұрлы кӛш» бағдарламасының орындалуында (құрылыс сапасы, жұмыс тауып 
беру)  күмән  туғызатын  жайлар  да  аз  емес.  Сондықтан  «Нұрлы  кӛш»
 
бағдарламасы  бойынша  тұрғызып  жатқан  баспаналардың  сапасына,  жұмыспен 
қамту  ісінің  (Бір  отбасынан  екі  адамды  жұмысты  болдыру  немесе  бау-
бақшамен  айналысуға  жағдай  жасап  жылыжай  қоса  салу  т.б.)  орындауына 
құзырлы  органдардың  жиі  қадағалап,  бақылау  жасауы  да  оралмандар 
болашағына қатысты маңызды мәселелердің бірі болмақ.  
Бұл  жӛнінде  пікір  ұсыныстар  да  жоқ  емес.  Мәселен  кәріс  халқының  ӛкілі 
профессор  И.С.  Ханның  парламент  сенаты  алдындағы  пікірталаста  «Қазіргі 
күнде  қазақтарға,  оралмандарға  кӛмектесетін  біздің  кезегіміз  келді.  Біз 
қазақтың  мейірбандығын  есімізден  еш  шығырмауға  міндеттіміз»  [1000]  деген 

 
 
125 
сӛзін  жоғарыда  келтірген  болатынбыз.  Міне,  осындай  бастаманы  қолдап,  іс 
болдыру,  ұйымдастыру  оралмандардың  болашағының  нұры  болуына  жасалған 
зор қамқорлық болары сӛзсіз. Сол сияқты «Атажұртымнан не аламын деп емес, 
не  беремін»  деп  келген  ағайындардың  әрқайсысының  ӛз  шамаларына  жарай 
еңбек  етіп  еліміздің  ӛркеніне  үлес  қосып  жатқаны  рас.  Бірақ,  бұл  жеткіліксіз. 
Ендігі жерде болашақта кӛшіп келетін қандастарымызға бұрын кӛшіп келіп, ӛз 
тұрмысын  түзеген  ағайындардың  кӛмегін  де  пайдалану  керек.  Бұл  жӛнінде  де 
бастама  жоқ  емес.  2005  жылы  Артықбай  Үкібаев  деген  азаматтың  бастамасы, 
ұйымдастыруымен  Ӛзбекстаннан,  Моңғолиядан,  Қытайдан,  Түркиядан  және 
басқа  елдерден  келген  оралмандар  ӛзара  бас  қосып,  «Қазақстан  оралмандар 
одағы»  құрылғаны  жӛнінде  газет  баспалары  арқылы  білеміз  [153].  Мемлекет 
осындай қоғамдық ұйымдардың бастамасын іліп әкетіп, қолдау, кӛмек кӛрсетсе 
ғана  болашақта  ӛз  бағыт-бағдарын  тауып  кетер  еді.  А.  Үкібаев  мырза  ӛз 
қоғамның болашақта атқаратын шаруалары, шешетін мәселесі жӛнінде тӛменгі 
мәселелерді кӛтереді: 
1.  Оралман  қазақтардың  бүкіл  Қазақстан  бойынша  бірқалыпты 
орналасуына  күш  салу,  мұның  ӛзі  бірқатар  ӛңірлерде  қазақтардың  үлес 
салмағын  ӛсіруге  ұлттық  сапасын  арттыруға  әсер  етеді.  Әр  оралмандардың 
әртүрлі мамандықтарды игеру қажеттілігін тудырады. 
2.  Оралмандардың  жаңа  баспанаға  тезірек  кіруіне  және  сырттағы 
қазақтардың кӛшіп келуге қызығушылығын арттыру үшін қажет. 
3.  Оралмандар  қатарындағы  жоғары  лауазымды  қызметтер  де  болған 
азаматтардың әлеуетін пайдалануға әсер етеміз. 
4.  Жұртшылық  арасында  оралмандар  да  қазақ  ұлтының  ӛкілі  екенін 
түсіндіріп,  оралман  деген  ұғымды  екі  жаққа  да  тезірек  ұмыттыруға  арналған 
жүйелі  жұмыс  жүргізу.  Міне  мұның  барлығы  жалпы  оралмандар  мәселесін 
реттеуге  соның  ішінде  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасын  онан  әрі  жетілдіріп, 
ауқымын 
кеңейту 
ісіне 
мемлекеттік 
емес 
ұйымдарды, 
әлеуметтік 
компанияларды белсенді қатыстыруға жол ашады. 
Осылайша  жан-жақты  ойластырып,  шетелдегі  қазақ  диаспорасында  ӛмір 
сүріп жатқан қандастарымыздың тарихи отанына оралуына тек мемлекет емес, 
еліміздегі  барлық  күш  атсалысса,  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы  жүзеге  сәтті 
асары,  оралмандардың  тұрмыс  тіршілігіне  қатысты  қиыншылықтарды  шешуде 
маңызды рӛл атқарары сӛзсіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
126 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Еліміз  тәуелсіздігін  алғаннан  кейінгі  ең  ӛзекті  мәселе  осы    тәуелсіздікті 
сақтап қалудың тетігі бола алатын құндылықтарды айқындау болды. Мұның ең 
басты  мемлекеттің  ӛзегіне  айналған  байырғы,  әрі  негізгі  ұлт  қазақтардың 
ұлттық  мүддесін  қорғау,  кеңестік  дәуірде  нақты  болмысынан  ажырап,  дінін, 
ділін  жоғалтып,  тілі  қоғамдық  қолданыстан  шеттеп  мәңгүрттене    бастаған 
халықтың  рухын  кӛтеру,  құндылықтарын  қалпына  келтіру,  демографиялық 
тұрғыда ӛсім қалыптастыру болды. Мұндай келелі мақсатқа қол жеткізудің ішкі 
мүмкіндігі  ұлттық  идеология  қалыптастырып,  халқымыздың  рухын  кӛтеру, 
ұлттың  табиғи  ӛсімін  қамтамасыз  ететін  демографиялық  жағдайлар  жасау, 
шаралар  белгілеу,  құрып  бара  жатқан  тілін,  дінін,  салт-дәстүрін  қалпына 
келтіру,  ол  үшін  қазақ  тіліне  мемлекеттік  тіл  мәртебесін  беру,  қазақ  бала-
бақшалар мен мектептер санын кӛбейту болса, сыртқы мүмкіндік шетелдердегі 
қазақ диаспорасын ӛзіне тарту болды.  
Осы  мақсатта  Елбасының  тікелей  бастамасымен  қолға  алынған  шетелдегі 
қазақ  диаспорасында  ӛмір  сүріп  жатқан  қандастарымыздың  тарихи  отанына 
оралуына қатысты белгіленген шаралар, ұйымдастырылған жұмыстар мүлтіксіз 
болмаса  да,  біртіндеп  табысты  жүзеге  асқандығы  зерттеу  барысында 
айқындалды  деген  қорытынды  жасауға  болады.  Басты  жетістігіміз  ұлы  мақсат 
жүзеге  асырыла  бастаған  19  жыл  ішінде  арнайы  мемлекеттік  квотамен  және 
квотадан  тыс  ӛз  күштерімен  бір  миллиондай  алыстағы  ағайын  ортамызға 
оралды [147]. 
Бірақ,  зерттеудің  негізгі  мақсаты  шетелдегі  қандастарымыздың  тарихи 
отанына  оралуына  мемлекеттен  белгіленген  шараларды  атқарушы  биліктің 
жүзеге  асырылу  барысында  кеткен  ең  негізгі  қателіктер  мен  кемшіліктерді, 
халықтың,  мемлекеттің  кӛзі  һәм  құлағы  болған  баспасӛздің  атқарған  рӛлін 
саралап кӛрсету, алда ескеретін жайларға бағыт сілтеу болды. 
Бұл  тұрғыда  барлық  іс-шара  заң  шеңберінде  жүзеге  асырылатындықтан 
оралмандардың  құқығын  қорғауға  тікелей  және  жанама  қатысы  бар  Қазақстан 
Республикасының 
заңдары 
мен 
құқықтық-нормативтік 
құжаттардағы 
кемшіліктерге  баспасӛз  беттеріндегі  сын,  оралмандардың  ӛздерінің  пікір-
ұсыныстарына сүйене отырып, тӛмендегідей қорытынды жасалды. 
1.  Оралмандардың  құқығын  қорғайтын  басты  заң  ҚР  «Халықтың  кӛші-
қоны  туралы»  [148]  заң  екі  мәрте  жаңарып,  бірнеше  рет  толықтырулар  мен 
ӛзгертулер енгізілсе де, шикі тұстары кӛп деген, қорытындыға келдік. Олардың 
бастыларын атасақ: 
«Халықтың кӛші-қоны туралы» Заңында оралмандарға жеңілдік кӛрсететін 
кӛптеген бап енгізілгенмен оларды жүзеге асыратын тетіктер қарастырылмады, 
қатысты  органдарға  жүктелетін  міндеттің  тәртіп,  ережелері  бекітілмеді, 
бекітілсе де, жүзеге аспады. Басқаша айтқанда, бақылау қойылмады. 
Бұл  заңның  кӛптеген  тармақтары  ҚР-ның  басқадай  заңдарының 
тармақтарына  қайшы  келуден  болып,  жүзеге  аспай  отыр.  (бұл  жӛнінде  екінші 
тарауда нақты мысал, дәлелдер келтірілді) 

 
 
127 
Қазақстан  Республикасының  «Халықтың  кӛші-қоны  туралы»  заңы  күні 
бүгінге  дейін,  бірнеше  рет  жаңаланып,  ӛзгертулер  мен  толықтырулар  енгізілсе 
де «оралман» атауының тұжырымдама анықтамасы дұрысталған жоқ. 
Оралман  ұғымының  заңдағы  анықтамасының  екі-ұшты  болуы  олардың 
мәртебесін  толық  айқындауға,  қауқарсыздық  танытты.  Осыдан  болып  заң 
актілердегі  оралман  ұғымы  мен  баспасӛздегі  оралман  ұғымының  арасында 
айырмашылық, алшақтық пайда болды.  
Қазақстан  Республикасында,  кӛші-қон  туралы  заң,  құқықтық  нормативті 
ережелері  бекітілгенге  дейін  мемлекеттік,  ӛкіметтік  ресми  құжаттарда  да, 
баспасӛз  беттерінде  де,  «оралман»  деген  ұғым,  атау  қалыптасқан  жоқ. 
«Отандастар»,  «шетелдегі  қандастар»,  «ағайындар»,  шетелдердегі,  қазақ 
диаспорасынан  байырғы  отанына,  оралушылар  сияқты  тіркестер  арқылы 
беріліп келді [149]. 
Әрине  шетелден  келген  қандастарымызды,  жеке  әлеуметтік  топ  ретінде 
қарап, түрлі шаралар белгілеу үшін топқа қысқа да, нұсқа атау беру қажеттілігі 
мемлекеттік  іс  қағаздар,  құжаттар  үшін  де  нормативтік  актілер  үшін  де,  тіпті 
баспасӛз үшін де қажеттіліктен туындағаны белгілі. Осы қажеттілік тұрғысында 
қалыптасқан  «оралман»  атауы  1992  жылғы  ҚР “Халықтың  кӛші-қоны  туралы” 
алғашқы  заңы  арқылы  ӛмірге  келді.  Ресми  түрде  де,  баспасӛзде  де,  халық 
арасында да толық қалыптасты [150].  
Бірақ,  оралман  атауы  кӛп  адамға,  әсіресе,  шетелден 
келген 
қандастарымыздың  ӛзіне  ұнай  бермейтіні  жайлы  кӛп  айтылып  жүр.  Жалпы 
оралман  ұғымына  берілген  түсінік,  анықтама  бір  ізге  түспегендіктен  заңды 
анықтама  мен  халықтың  санасындағы  анықтама  жер  мен  кӛктей  алшақ. 
Оралмандар  жӛніндегі  басты  құжат  1997  жылдың  13  желтоқсанындағы 
бекітілген  «Халықтың  кӛші-қон  туралы»  Заңында  «оралман»  сӛзіне 
«репатриант»  терминін  қосарлап  қолданып:  «репатриант  (оралман)  жалпы 
саяси қуғын-сүргін, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат 
ӛзге де іс-әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және 
азаматтығынан  айырылған,  Қазақстан  Республикасына  тұрақты  тұру 
мақсатымен  ерікті  түрде  қоныс  аударған  байырғы  адам,  сондай-ақ,  оның 
ұрпақтары» деген анықтама берген болатын [151]. 
Бұл  кезде  жалпы  қоғамда,  шетелдегілердегі  қазақ  диаспорасы  түгелдей 
жоғарыда,  аталған  қуғын-  сүргінге  ұшырап  жат-жұртқа  кеткен  қандастарымыз 
ұрпағы  деген  түсінік  болғаны  да  бүкпесіз  шындық  еді.  Ол  кезде  келген 
оралмандар ата – бабаларының, репрессияға ұшырағаны туралы анықтама қағаз 
тапсыратын болғаны соның айғағы. 
Алайда 2002 жылы  (ҚР 2002.03.27.№ 313) «Халықтың кӛші-қоны» туралы 
заңына  ӛзгерістермен  толықтырулар  енгізіліп,  онда  оралман  атауы  заңдағы 
«репатриант»  терминімен  қосарланбай  дербес  қолданылады,  әрі  жаңа  түсінік, 
анықтама  беріледі.  Ол  анықтама  тӛмендегідей:  «оралмандар»  -  Қазақстан 
Республикасы  егемендігін  алған  кезде,  оның  шегінен  тыс  жерлерде  тұрақты 
тұрған, және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген ұлтты 
қазақ  шетелдіктер  немесе  азаматтығы  жоқ  адамдар.  Бірақ,  оралман  сӛзінің 

 
 
128 
анықтамасы  Заң,  қағаз  жүзінде  ӛзгерсе  де,  халық  санасында  ӛзгермей  қалып 
қалды.  Сӛйтіп,  баспасӛз  беттеріндегі  мақалалар  мен  халықтың  арасындағы 
қалыптасқан  түсінік  бойынша  оралмандар  дегеніміз:  -  Қазақстандағы  1931 
жылғы аштық пен 1937-38 жылғы қуғын-сүргін нәубеті кезінде шет елдерге бас 
сауғалаған  адамдар  (тіпті  қара  басының  қамын  ойлап,  отанын  сатқан 
қашқындар, сатқындар) ретінде қалыптасқан. 
Қазір  жоғары  білімді  зиялыларымыздың  кӛбі  (тарихпен  шұғылданатын, 
қызықтайтын топты қоспағанда) «Мен шетелден келген оралман десеңіз, сонда 
сіздердің  ата-бабаларыңыз  1931-37  жылдардағы  аштықта,  нәубетте  қашып 
кеткен бе?» деп сұрайды [0000]. 
1997  жылы  Алматыдағы  “Ғылым”  баспасынан  Г.М.  Меңдiқұлованың 
«Қазақ  диаспорасының  тарихи  тағдыры,  Пайда  болуы  мен  дамуы»  атты 
еңбегінде «Осы жерде шетелдердегi қазақтардың бәрiн «диаспора» деп атаүстi 
айта  салудың  ӛзi  қай  жағынан  болсын  (ғылыми,  заң  жүзiнде  және  т.б.)  дұрыс 
болмайтынын ескерген жӛн. Себебi, «диаспора» деген сӛз ұлттың ӛз Отанынан 
басқа елге шашырап кеткен топтарын бiлдiредi. Ӛз атамекенiнде қалып  қойған 
Ресей,  Ӛзбекстан  мен  Қытайдағы  қазақтарды  “ирридент”  деп  атау  жӛн болар» 
деген пiкiр ұсынады. 
Оралман  атауы,  баспасӛз  беттеріндегі  бірер  мақала  арқылы  ғана 
талқыланып,  әңгіме  ӛзегіне  айналып  жүрген  мәселе  емес.  Бұл  мәселе  Елбасы 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  да  кӛңіліне  ұнамаған.  2008  жылы  қазақ  тілді 
газеттердің,  бас  редакторларымен  кездесуінде,  бір  ұлтты  жергілікті  және 
оралман деп екіге бӛлудің қажеті жоқ деп ӛз кӛзқарасын білдірген болатын.  
2.Оралмандардың 
азаматтық 
құқының 
бұзылуына 
ҚР-ның 
Конституциясындағы  мемлекеттік  тілдің,  мәртебесінің  орындалмауы  да,  әсер 
етіп  отыр.  Орыс  тілін  білмейтін оралмандар  Қазақстанда  ана  тілі  арқылы  ӛмір 
етуге  құқылы.  Ӛйтсе  еліміздегі,  бүгінгі  қалыптасқан  тілдік  ахуал  оралмандар 
тек  орыс  тілін  меңгергенде,  басқаша  айтқанда  Ата  заңның  7-бабының  1-
тармағындағы  «Мемлекеттік  тіл  –қазақ  тілі»  деген  бап  толықтай  іске  асқанда 
ғана басқалармен тең құқыққа ие бола алады. 
3. Заңда ҚР «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» министрлігінің кӛші-
қон  комитетінің,  заңды  құқығы  айқындалмады.  Сондықтан    бұл  комитет 
оралмандардың  құқығын  қорғауға  дәрменсіз,  тек  олардың  квоталық  кӛмегін 
үлестіруші ұйым болып қалды. 
4.  Елімізге  квотадан  тыс  келіп  жатқан  ағайындардың  құқы  «Халықтың 
кӛші-қоны  туралы»  заңында  да,  басқадай  заңдар  мен  құқықтық-нормативтік 
құжаттарда да қарастырылмағандықтан әлеуметтік жағынан қорғалмай отыр. 
Зерттеу, сараптау қорытындысы қазақ баспасӛзінің осы сыртқы мүмкіндікті 
жүзеге  асыру  жолындағы  мемлекеттік  саясаттың  жиырмаға  жуық  жыл  ішінде 
табысты  жүзеге  асуына  белсенді  үлес  қосып,  елеулі  міндет  атқарғанына  кӛз 
жеткізуге саяды. 
Шетелдегі  қазақ  диоспарасы  мен  келген  оралмандардың  мәселесін 
кӛтеруде  зерттеу  нысанасы  болған  негізі  басылымдардың,  барлығының  бірдей 
ерекше  белсенділік  танытып  ӛздерінің  басты  бағыттарына  айналдыра  білуі 

 
 
129 
қазақ  баспасӛзінің  ұлт  рухын  кӛтерудегі  мәртебелі  міндеттерін,  борыштарын 
абыроймен  атқарып  келе  жатқанын  кӛрсетеді.  Әрі  бұл  салада  бірін-бірі 
қайталамай ӛзіндік ерекшеліктерімен таңғалғанын атау ләзім. 
Әсіресе  ел-жерге  деген  сағынышпен  жат  ел  топырағында  кӛз  жұмған  ата-
бабаларының  аманатын  арқалап,  байырғы  отандарына  жеткен  оралмандардың  
нарықтық  қоғамның  ӛтпелі  кезеңіне  тап  болып,  әлеуметтік  тұрғыда  кӛрген 
қиыншылықтары қазақ баспасӛзінің басты тақырыбына айналған. Нәтижесінде 
үкіметтің құзырлы органдарының, жергілікті басшылықтың назарына іліктіріп, 
кемшіліктерді түзеуде «қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей» болса да, үлес 
қосқанын  жоққа  шығаруға  келмейтінін  аңғаруға  болады.  Мұны  нақты 
экономикалық  есеппен  дәлелдеуге  келмесе  де,  жалпы  кӛші-қон  мәселесіне 
оралмандардың  құқын  қорғауға  бағытталған  заңдарды  әлденеше  ӛзгертуге, 
ӛзгертулермен  толықтырулар  енгізуге,  нормативтік  құжаттарды  жаңалауға 
тигізген әсерінен толық байқаймыз.  
Осы орайда оралмандардың әлеуметтік жағдайына қатысты әлі де шешімін 
таппаған  мәселелер,  қазақ  баспасӛзінің  бұл  кемшіліктерді  кӛтермеуінен  емес, 
еліміз  дамысының  бүгінгі  әлеуетінен  немесе  уақыт  ӛткен  сайын  жаңа 
қиыншылықтар,  кедергілер  туындап  жататын  қоғамдық  заңдылақтардан 
іздеуіміз  керек.  Мұндай  заңдағы  олқылықтардың  түзетіліп,  жетілдіріліп, 
ӛзгертулер мен толықтырулар енгізілуі біріншіден теорияның кемістігі практикада 
байқалатын, заман талабына сай дүниенің ӛзгеріп, дамып отыратын диалектикалық 
заңдылық болса, екіншіден оқырмандармен тығыз байланыс негізгі кемшіліктерді 
басшылықтың  әсіресе,  парламент  пен  үкіметтің,  тіпті  Президенттің  құлағына 
жеткізіп,  назарына  іліктіріп  отыратын  баспасӛздің  қарымы  деген  қорытынды 
жасауға болады
Алайда,  оралмандардың  құқын  қорғайтын  заңдар  мен  құқықтық-
нормативтік  құжаттардың,  кемшіліктерін  нақты  кӛрсету,  қандастарымыздың 
жаңа  ортаға  толық  бейімделуіне,  дейінгі  уақытта  мемлекет  тарапынан 
белгілеген шараларды жергілікті әкімшілік органдарының жүзеге асыруындағы 
кемістіктер  мен  қателіктерді  кӛре  біліп,  құзырлы  органдардың  назарына 
іліктіру, қазақ баспасӛзінде шетелдегі қазақ диаспорасының ұлттық болмысын, 
олардың  жылдар,  ғасырлар  бойы  жасаған  рухани  қазынасын,  ұлттық  салт-
дәстүрін  жаңғыртудағы  үлесін  насихаттау,    қандастарымыздың  атажұртқа 
оралу  құлшынысын  арттыратындай  әсер,  рух  беретін  әсерлі  дүниелерді 
оқырмандарға ұсынуда жетістіктен гӛрі кемшілік басым екені зерттеудің негізгі 
қорытындысы болмақ. 
Алда ескерілетін негізгі кемшіліктер тӛмендегідей:  
Ең бастысы, түрлі басылымдардағы оралмандардың құқығының бұзылуына 
қатысты  сын  материалдар  үстірт  жазылады,  оның    себебіне  үңіліп,  терең 
талдамайды, заң тармақтарынан нақты дәлелдер келтірмейді. Басқаша айтқанда, 
бұл кемшілік заңда қарастырылмаған ба, заңның солқылдақтығынан ба, әлде екі 
заңның,  бір-біріне  қарама  қайшылығынан  ба,  дегенге  талдау  жасамайды.  Бұл 
журналистердің құқықтық білімінің кӛп жағдайда жетісе бермейтінін кӛрсетеді. 

 
 
130 
-  «Халықтың  кӛші-қоны  туралы»  заңында  оралмандарға  жеңілдік 
кӛрсететін  кӛптеген  бап  енгенімен  оларды  жүзеге  асыратын  тетіктер 
қарастырылмады, қатысты органдарға жүктетететін міндеттің тәртіп, ережелері 
бекітілмейді,  бекітілсе  де  мұны  жүзеге  асырып  жатқан  орган  жоқтың  қасы. 
Сӛйте  тұра  бұл  кемшіліктерді  сынаған  құзырлы  басшылық  мекемелердің, 
назарына ұсынған сыни, проблемалық материалдар қазақ баспасӛзінде жоқтың 
қасы. 
-  Қазақ  баспасӛзі  тарихи  отанына  кӛшіп  келген  оралмандардың  ӛнер-
мәдениетін  насихаттауға  белгілі  дәрежеде  ат  салысқанымен    шетелдегі  қазақ 
диаспорасында  сақталған,  бірақ,  бүгін  зерттеп,  күллі  қазақтың  игілігіне 
жаратпасақ,  ертең  айырылып  қалу  қаупі  тӛніп  тұрған  мәдени  мол  мұрамызды 
насихаттау ісі ақсап жатыр.  

Оралмандардың  әлеуметтік  мәселесіне,  қатысты  сын  орталық 
басылымдарда  біршама  орын  алса  да,  жергілікті  басылымдар  (облыстық 
газеттер)  кӛзжұмбайлықпен  қарап,  келгендігі  аңғарылады.  Тек  жергілікті 
басшылық тарапынан ұйымдастырып отырған шараларды дабырайтып кӛрсету 
басым  бағытта.  Бұл  жергілікті  басылымдардың  басшылыққа  тәуелділігі, 
басыбайлығының  салдары  деген  қорытынды  жасауға  болады.  Ӛйткені 
облыстық  газеттердің  барлығы  дерлік  облыстық  бюджеттен  тендер  деген 
бүркеншік  атпен  дотация  алады.  Сондықтан  газеттің  публицистикалық 
ұстанымын  әкімдіктер  айқындайды.  Әкімдіктің  кемістігін  айтуға,  газет 
редакциялары  қауқарсыз.  Тіпті  Шығыс  Қазақстан  облыстық  «Дидар»  газеті 
заңды  түрде  облыс  әкімдігінің  ішкі  саясат  бӛліміне  бағынады.  Сондықтан 
жергілікті  баспасӛз  құралдырының  басқаға  тәуелсіздігін,  дербестігін 
қамтамасыз ету шешімін таппаған мәселе деген қорытынды жасауға болады. 
- Оралмандардың квоталық  кӛмегіне қатысты сыбайлас жемқорлық жайлы 
баспасӛзде,  нақты  сын  жоқтың  қасы.  Тек  осы  саладағы  лауазым  иелерімен 
ӛткізген  сұхбаттарда  «бұл  кемшіліке  қандай  тосқауыл  қойып,  қандай  шаралар 
қолданып отырсыздар?» деген сияқты тұспал сұрақтар қойылады да сұхбат иесі 
де,  жүрді-барды  сипай  қамшылаған,  нақты  дерексіз  жауаптар  қайтарады.  Бұл 
мәселе  оралмандар  арасында  кӛп  айтылғанымен  нақты  дерек  кӛздерін  атауға 
құлықсыз. Таяқтың бір ұшы ӛзіне тиетіндіктен кӛші-қон басқармасы мен кӛші-
қон  полицисы  да,  дәиекті  жұмыс  жасап  жатқаны  байқалмайды.  Бұған  осы 
салада  сыбайлас  жемқорлық  асқынып  тұрғанмен  ресбублика  кӛлемінде 
бақылаушы  органдар  санаулы  адамдарды,  ғана  қолға  түсіріп,  қылмысты  іс 
қозғап, жаза кескені дәлел бола алады. 
Оралмандардың  құқын  қорғау,  осы  негізде  олардың  әлеуметтік  жағдайын 
жақсарту,  ұлттық  мәдени  рухани  құндылықтарымызды,  сақтаудағы  үлесін 
арттыру  мәселелеіне  қатысты  қортынды  бӛліміндегі  санамалап  кӛрсетілген 
басты проблемаларды шешудің жолдары, бағыттары оралмандардың болашағы 
бӛлімінде қарастырылды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет