1.2 Шетелдегі қазақтарды Қазақстанға шақыру идеясының туындауы,
жүзеге асуы
Идеологияның
кӛзге
кӛрінбейтін
темір
шымылдығы
шетелдегі
қандастарымызбен еркін араласуға мүмкіндік бермек түгіл, қатаң тыйым салса
да, халықтың зиялы тобы алыстағы ағайындардан қолдарын біржолата үзіп, кӛз
жазып қалмады. Соның бір кӛрінісі шетелдегі қазақ диаспорасымен ақпараттық
азын-аулақ байланыс еді. Сондықтан шетелде тұрып жатқан қазақтарды
Қазақстанға шақыру туралы тәуелсіздіктен кейінгі туындаған идеяның түп
тамыры кеңестік кезеңнен бастау алады.
Кеңес Одағының құрамындағы 15 республиканың бірі Қазақстанның 70
жыл бойы қоғамның қай саласында болмасын дербес саясат жүргізуге
мүмкіндігі жоқ болып келгенін жақсы білеміз. Қазақ халқы осы жылдары
ұлттық салт-дәстүр, рухани құндылықтарынан біртіндеп айырыла бастады.
Бірақ қайда да мемлекеттің «тӛртінші билік» болып есептелетін (бейресми
түрде) баспасӛздің ықпалы тоталитарлық Кеңестер Одағы кезінде де белгілі
дәрежеде болды. Бұл ретте қазақ баспасӛзі, әуелгі кезекте, біртіндеп құрып бара
жатқан қазақ тілін қорғауға зор ықпал жасады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы шетелдегі қандастарына басқа
жағынан қол ұшын бере алмаса да, қазақ тілінде шығатын газет-журналдарын
қазақтар тұратын шетелдерге жеткізе алатын. Ӛйткені, ол дәуірдегі жалпы
кеңестік баспасӛз коммунизм идеясын ғана дәріптетеді. Осындай мүшкіл
халдегі атына заты сай емес, ҚазақКСР-і шетелдегі қандастарымыздың
мүддесін қорғауға, қол ұшын беруге де дәрменсіз еді.Тек коммунистік
26
партиянның идеологиясын дәріптеді. Бұл тұста жалпы кеңестік баспасӛзбен
бірдей қазақ баспасӛзі де «Таптық – партиялық метолология мәселесінің
зерттеу нысанын да, тарихи деректі де ӛз саясаты мен идеологиясына икемдеп
отырғандықтан коммунистік партияның «қызыл сызығынан» асып пікір білдіру
мүмкін болмады» [39]. Алайда қазақтың ұлттық болмысын пария саясатына
икемделіп, асыра мақтуын шетелдегі қазақ диаспорасы шындық екен деп ұқты.
Ӛйткені кеңестік баспасӛз ұлы Кеңестер Одағының күш-қуатын,
капиталистік жүйеге қарсы айбынын насихаттау атты бір ғана мүддені
кӛздейтіндіктен, барлық басылымдарды шетелдегі оқырмандарға жеткізу
кеңестік идеологияның құрамдас бӛлігі еді. Міне, осы саясат тұрғысында 1960
жылдардан бастап (Моңғолияда 1990 жылға дейін) Қазақ ССР-ның ең беделді
басылымдары «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті»,
«Қазақстан пионері» сияқты газеттері мен «Білім және еңбек», «Мәдениет және
тұрмыс», «Жұлдыз», «Жалын», «Қазақстан әйелдері», «Балдырған», «Ара»
сияқты кӛптеген журналдары шетелдерден Моңғолияға, ҚХР-на және Кеңес
Одағының қазақтар кӛп шоғырланған Ӛзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан
және Омбы, Орынбор, Астрахань облыстарына кӛп данамен таратылып тұрды.
Ал ел аралық бірден-бір басылым «Біздің Отан» (кейіннен Шалқар) басқа да
шетелдерге таратылатын еді [40].
Бұл басылымдар, жоғарыда айтқанымыздай, тек коммунистік идеологияны
ғана дәріптейтіндіктен қазақ мүддесіне, әсіресе, шетелдегі қандастарымыз
мүддесіне қатысты бірде-бір материал жарияламайтын. Алайда, Қазақстан
қазақтарының тұрмыс-тіршілігі, ӛмір сүру салтын боямалап, асыра сілтеп
мақтайтындықтан, шетелдегі қазақтарға қазақтардың отаны бар, ол Қазақстан,
әрі ұлттық бітім болмысын толық сақтап келеді деген ұғым туғызды. Ол
патриоттық сезімге айналып жатты. Сондықтан бұл басылымдардың қазақ
диаспорасына таралуы коммунизм идеологиясын ғана емес, ұлттық бірлікті
жалғастыруға да белгілі дәрежеде әсер етті. Әрі мемлекет қаржысымен
шығатын бұл басылымдардың сапасы ӛз дәрежесінде ең озық, бағасы арзан,
мазмұны да қызғылықты болып келгендіктен, шетелдегі қандастарымыз үзбей
жазылып оқитын. Әсіресе, газет-журналдардағы фотосуреттермен үздіксіз
жарияланып жататын ақын-жазушы, әнші-күйші, әртіс, спорт, ӛнер
қайраткерінің қазақ зиялыларының туындылары, ӛмірбаяндары, ӛнер
жолдарының жариялануы Моңғолияның Баян-Ӛлгий аймағындағы қазақтарға
мақтаныш сыйлады.
Бір сӛзбен айтқанда, Кеңес Одағы ауқымында мемлекеттік идеологияны
дәріптеу міндетін атқарса, шетелдегі қазақтар үшін қазақ ұлты идеологиясының
алтын тамыры, темірқазығы деуге болады. Кеңес заманында қазақ баспасӛзі
арқылы қалыптасқан сана-сезім болмағанда, Қазақстан тәуелсіздігін алды
дегенді ести сала, жат-жұрттағы қандастарымыз ақ жүрек, адал ниеттерімен
бірден атажұртқа ағылмас еді. Әсіресе, Моңғолия қазақтарының ұлы кӛшпен
жӛңкілуі Кеңестік дәуірдегі қазақ баспасӛзінің тікелей әсері еді. Кеңес
дәуірінде Моңғолиядағы әр сала маманы зиялылар, әр малшы кемінде
Қазақстанның 5 мерзімді басылымын жаздыртып алатын. Міне, сондықтан
27
қазақ баспасӛзінің үні кеңестік дәуірде де шеттегі қандастарымыздың толықтай
болмаса да, бір шамасының құлағына жетіп, жүрегіне ұлттық сана ұялатқанын
айтпай кету мүмкін емес. Керісінше, қазақ баспасӛзі Қазақстан Республикасы
егемендік алған тұста нарықтық экономиканың ӛтпелі кезеңінде қаржылық
қиындықтарға ұшырап, бұрынғы үрдістен айырылып қалудың аз-ақ алдында
тұрды. Бірақ, бұрын қазақтың үні шетелдегі қандастарға баспасӛз арқылы ғана
әлсін-әлсін жетіп отырса, бұл тұста алыстағы ағайындар лек-легімен
Қазақстанға ӛздері келіп нақты ӛмірді кӛзімен кӛріп, тәуелсіздігіне сеніп, кӛші-
қонның кӛлігін сайлауға, ӛзгелерге насихат айтуға кӛңіл қуаныштарын арқалап
қайтып жатты. Осы үрдіс тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жалғасын тауып,
1989-1990 жылдары «Қазақ әдебиеті», газеті шетелдегі қазақтар жайлы
мақалалар жариялай бастады. Ӛздеріне қаратылып айтылған сӛздер шетелдегі
қандастарымызды әсерге бӛледі. «Біздің де тәуелсіз отанымыз бар екен» деген
мақтаныш сезімін тудырды. Ұлттық бірлікті, бүркемелеп астыртын түрде
жеткізетін «Шалқар» газеті енді ашық атой салды. Әсіресе, 1990 жылы
Қазақстан егемендігін жариялай сала тұңғыш Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың «Алыста жүрген ағайындарға ақ тілек» [41] деген хаты жарыққа
шықты. Бұл бұрын-соңды қазақ тарихында болмаған оқиға еді. Сӛйтіп,
шетелдегі қазақ диаспорасын тарихи отанына шақыру идеясы Елбасының
ӛзінің бастауымен қолға алынды.
Қазақ баспасӛзі тәуелсіздік орнығып, шетелдегі қандастарымыз, әсіресе,
зиялы қауым ӛкілдерінің атажұртқа орала бастауы шетелдегі ағайындардың
ӛмір тарихын ауқымды түрде жазып, халықтың санасына жеткізуге зор ықпал
етті деуге болады. Мысалы «Шалқар» газетінде 1993 жылдан бастап «Қытай
қазақтары», «Моңғолия қазақтары» атты айдарлардағы мақалаларды сол
елдерден келген журналистер, тарихшылар жазды [42].
1994 жылдан бастап «Жас Алаш», «Жұлдыз», «Ақжелкен», «Ана тілі»,
«Егемен Қазақстан», «Түркістан» т.б республикалық басылымдарға оралман
журналистер қабылданып, шетел қазақтары және оралмандар жайлы деректі
құнды материалдар жазыла бастады.
1995 жылдан бастап «Қазақ елі» атты тікелей қазақ халқының бірлігін ту
етіп кӛтеруге арналған жеке газет шықты. Ол диаспора мен оралман мәселесін
жүйелі түрде жазды. 2001 жылы шетелдегі қандастарымыздың тарихы, тұрмыс-
тіршілігі, кӛшіп келген оралмандардың хал-ахуалын басты тақырыбы етіп
ұстанған «Кӛш» газеті ӛмірге келді.
Осылайша, кеңестік дәуірден тамыры үзілмей жалғасқан ұлт болып ұю
дұрыс, бір шаңырақ астына топтасу идеясы еліміз тәуелсіздік алған соң
шетелде тұрып жатқан қазақтарды Қазақстанға шақыру идеясына негіз болды.
Бұл тұрғыда ел билігін ұстаған Президент Н.Ә. Назарбаев қазақ
диаспорасында ӛмір сүріп жатқан қандастарымыздың тарихын терең
білетіндігін, бүгінгі жай-күйіне қанық екендігін танытты. «Қазақтар бет-
бетімен таратылып, бір халық, бір ұлт, бір ел екенін атымен ұмытқандай күйге
жетті. Жер бетінде отаршылдық кӛрмеген халық кемде кем болғанымен, бір
ғасырда осыншама кӛп реформаға ілініп, тоз-тоз болып тәлкекке ұшыраған
28
халық ешқайда да жоқ шығар?» [1, 1 б.], - деп туған халқының бастан кешкен
нәубеттеріне шынымен қабырғасы қайысып, қайғыратынын әртүрлі мәнерде
сӛйлеген сӛзінде ӛзге ұлт ӛкілдері алдында ашық айтты. Тек ӛз елімізбен
шектелмей, қазақтар тұратын мемлекеттерге жасаған ресми сапарларында сол
елдің басшыларына қазақ диаспорасының жағдайына кӛңіл бӛлуді,
Қазақстанмен байланысын жасауына, тіпті байырғы отанына ораламын
деушілерге кедергі келтірмеуді тапсырып, олардың да оң жауабын ала білді.
Мұндай жебеуге арқа сүйенген ұлтжанды азаматтар Қазақстан кӛлемінде
де, шетелдердегі қандастарымыз ортасынан да табылып, Нұрсұлтан
Назарбаевтың идеясын іске асыруға кірісті. Еліміздің ұлтжанды зиялы қауымы,
нақты айтсақ, 1991 жылдың басында ақын-жазушылар ортасында кӛтеріліп,
зиялы қауымның ой-пікірлері баспасӛз беттеріне жариялана бастады.
1992 жылдың басында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
шетелдегі қазақ диаспорасы ӛкілдеріне арналған «Алыста жүрген ағайындарға
ақ тілек» [41,2 б.] атты әйгілі хаты әуелі шетелдердегі хабар тарату радиодан
үндеу ретінде таратылып, ертеңінде бірқатар қазақ газеттерінде жарияланды.
Хатта 1991 жыл қазақ елі үшін тарихта алтын әріппен жазылып қалатын
жыл болғанын, еліміздің саяси ұстанымының жаңаша сипат алғанын,
тәуелсіздік арқасында тарихи тұлғаларымыз - Абылайға, Қабанбайға,
Бӛгенбайға, Тӛле биге, Исатайға, Махамбетке, Сыпатайға ас беріліп,
бүкілхалықтық құрмет кӛрсетілгенін, жоғалып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз
қайта жаңғырғанын айта келіп, шетелдегі қазақ диаспорасын тарихи
отандарына шақырып былайша үндеу тастады: «Ежелгі атамекенінен жырақтап
қалған, Сіздерді кешегі күнге дейін ата-баба жеріне қайтып келе аламыз ба?» -
деген сұрақтар алаңдатып келгенін мен жақсы білемін. «Туған жердің түтіні
ыстық», - дейді халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына
тарту мақсатында адам құқығы туралы еларалық ережелерді басшылыққа ала
отырып, Қазақстан үкіметі «Басқа республикалардан және шетелдерден
селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын
Қазақстанда қоныстандыру тәртібі мен шарттары» туралы арнайы қаулы
қабылдады. Сондықтан атамекенге келемін деуші ағайындарға жол ашық. «Ата-
баба аруағы алдарыңыздан жарылқасын!», - деп айтты елбасымыз [43].
Бұл хат ӛз халқымыздың да, шетелдегі қандастарымыздың да ұлтым,
ұлысым деген ой санасын оятты, рухын кӛтерді. Ендігі жерде қазақ
баспасӛздері бетінен ӛзге адамдардың ашық хатқа үн қосқан ой-пікірлері жарық
кӛре бастады.
Жер жерде шет елдегі қандастарымызды атажұртына шақыру идеясы ӛріс
алып, қоғамдық ұйымдар құрылды. Басқа да мүмкіндіктерді пайдаланып,
қандастарымызбен қарым-қатынас күшейді.
Жалпы, бұрын да қандастарымыз легімен атажұртқа оралған ұлы кӛш
болғанын білеміз. Ол 1950-1960 жылдың басында Қытай қазақтарының түрлі
қысымға шыдамай, Қазақстан шекарасын асып үдере кӛшуі еді, 200 мыңнан
астам қандастарымыз атажұртына қайта оралған бұл кӛш «Ұлы кӛш» ретінде
тарихта қалғаны белгілі. Енді міне тарихтың тағы бір толқынымен екінші «Ұлы
29
кӛш» басталатын мүмкіндік пайда болып, тек қозғаушы күштің іске кірісуін
күтіп тұрған еді. Әрине, қозғаушы күш Қазақстан мемлекеті, оның алысты
болжайтын кӛреген саясатты кемел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
болды.
Алыстағы ағайындарды атажұртқа шақыру жалпы халықтық қолдау тауып,
мұнан соң «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» құрылды. Іштегі, сырттағы
қазақтардың санасын дүр сілкіндіріп оятқан, құлағын елең еткізген осындай
оқиғалардан кейін дүниежүзі қазақтарының құрылтайына шақыру шарасы
қолға алынды.
Мұндай батыл бастама, игілікті шара жер иесі, ел иесі жергілікті байырғы
ұлт - қазақтардың да, әлемнің әр түкпіріндегі қазақ диаспорасындағы
қандастарымыздың да рухын кӛтерді, ширақ іс қимыл танытуға мұрындық
болды. Бірнеше ғасыр бойы ӛзге ұлттың отарында болып, ұлттық тіл, діл, дін,
салт-санадан айырылуға жақын қалған қазақ ұлтының 1991 жылы ӛз
тәуелсіздігін жариялауы дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі жат елдерде ӛмір
сүретін, бірнеше ұрпаққа жалғасып, сол елдің азаматы ретінде танылып келген
қазақ диаспорасының құлағын елең еткізуі заңды құбылыс еді. Сондықтан
еліміз тәуелсіздігі үшін барша қазақстандықтар ғана емес, шетелдегі қазақтар
да, соның ішінде, ұлтжанды қауым бӛріктерін аспанға атып, мейілінше қуанды.
Диаграмма 1. Оралмандардың келген негізгі елдерінің пайыздық
кӛрсеткіші
1%
2%
3%
6%
7%
8%
9%
10%
11%
13%
14%
16%
Өзбекстан
Монғолия
Түркіменстан
Қытай
Ресей
Тәжікстан
Иран
Қырғызстан
Түркия
Украина
Белару сь
Молдов а
Осы 19 жыл ішінде Қазақстанмен кӛршілес мемлекеттерді қойып, сонау
алыстағы Сауд Арабиясынан, Түркиядан, іргелес болса да саяси жағдайы ауыр
Ауғанстаннан да қандастарымыздың келуі осының айғағы.
30
Міне, шетелдегі қазақ диаспорасын тарихи отанына шақыру идеясы
осылайша бүкіл қазақ ұлтының жүрегінен жол тапты. Ата-бабаларының заман
ӛзгеріп, жақсылық күн туса, атажұртқа ұрпақтарыңды жеткізіңдер деген ӛсиет,
аманаты бойынша тарихи отанына ат басын бұрудың қамына шұғыл
кіріскендер әр елден табылды.
Тәуелсіздік алғаннан бері 19 жыл ішіндегі қазақ диаспорасынан 800 мыңға
жуық қандасымыздың тарихи отанына оралды.
Шетелдегі қазақ диаспорасының атажұртқа оралу қозғалысы туралы сӛз
болғанда, Моңғолия қазақтарының белсенділігін ерекше атауға болады.
Моңғолиядағы қандастарымыз бұдан да бұрын Қазақстан нақты тәуелсіздікке
қол жеткізбей, Кеңестер Одағының құрамынан шықпай тұрған кезде, дәлірек
айтсақ 1991 жылдың сәуір айында атажұртқа кӛш түзеу идеясын қолға алған
болатын. Ӛйткені, социалистік жүйедегі елдер құрамына жататын, шын мәнінде
Кеңес Одағының отары Моңғолияда коммунистік жүйе 1990 жылы құлап,
демократиялық жүйе қалыптасып, халық еркіндікке қол жеткізе бастады. Осы
еркіндікті Моңғолиядағы қазақ зиялылары жақсы пайдалана білді. Оның үстіне
Моңғолияда ескі жүйе күйреген соң, халық тұтастай күйзеліске ұшырады. Елді
жұмыссыздық жайлады. Моңғолдардың ӛздері шетелдерден, әсіресе Оңтүстік
Кореядан жұмыс іздеп, бұрынғы 70 жыл бойы жабық шекара қақпасының
ашылуын аңсай күткен халық шетке шыға бастады. 1990 жылдың желтоқсан
айында Моңғолияда, үкімет Еңбек министрлігі жанынан жұмыссыздарды
шетелдерге шығарып, жұмыс істету мәселесін реттейтін бюро құрды. Осындай
оңтайлы сәтті пайдаланған Сағат Зақанқызы, Аятқан Тұрысбекұлы, Сайт
Зақанұлы сияқты зиялы қауым кӛші-қон туралы Қазақстанда Моңғолияда
ауызға алынбай жатып, еңбек - шартын пайдаланып атажұртқа барғысы
келетіндердің басын қосып, ұйымдастыру шараларын қолға алды. Олар Қазақ
КСР-нің Талдықорған облысы (бұрынғы атауымен), Кербұлақ ауданының
атқару
комитеті
тӛрағасының
орынбасары
В.М.
Колупаев
және
ауылшаруашылығы бірлестігінің тӛрағасы Н. Жантілеуовпен алғашқы келісім-
шартты 1990 жылы желтоқсанның 27-сі күні Сарыӛзекте келісім-шартқа қол
қойды. Бұл күнді шетелдегі қазақ диаспорасының атажұртқа қадам басқан
алғашқы сәтті күн ретінде белгілеуге де болатын шығар. Ӛйткені, үкіметаралық
келісім шарт жасамай жатып-ақ жоғарыдағы келісім-шарт бойынша 96
қандасымыз 1991 жылдың 12 наурызында Моңғолиядан Қазақстанға кӛш басын
бұрды. Ал екі елдің Еңбек министрлері арасындағы келісім-шарттағы да сол
адамдардың қолымен жасалып, 1991 жылдың мамыр айында Қазақ КСР-нің
еңбек министрі С. Бейсенов, Моңғолияның Еңбек министрі У. Цолмон
арасындағы үкіметаралық келісім-шартқа қол қойылды. Міне, осылайша ұлы
кӛш басталды. Осы сәт туралы Сағат Заханқызы «Ұлан–Батордан біздің
адамдар бес күн жүріп 1991 жылы наурыздың 17-сі күні сағат 15 кезінде
Сарыӛзек бекетіне келіп жетті» деп жазды. Болашаққа үлкен үміт арқалап,
атамекенге келе жатқан кілең жастар сәнді киініп, құлпырып кетіпті. Оларды
қарсы алуға Нұрбай Жантілеуов бастаған аудандық атқару комитеті мен ауыл
шаруашылық бірлестігінің жауапты қызметкерлері, кӛркем ӛнерпаздар,
31
ауданның қариялары мен жастары жиналып күтіп тұрған. Олар алыстан келген
қандастарын құшақ жая қарсы алып, ескі таныс туыстарындай шұрқырасып
қарсы алды [40, 65 б.]. Алайда, Моңғолия қазақтарының тарихи отанына
оралуы да даңғыл жолмен жүрген жоқ. Түрлі бӛгеттер, Қазақстанға қоныс
аударуды теріс деп тауып сынаған материалдар Моңғолияның орталық
газеттерінің ӛзінде кӛптеп жарияланды.
Кеңес одағында және Моңғолияға ӛрістеген демократиялық ӛзгерістер
аясында шетелдегі қандастарымыздың байырғы отанына оралу мәселесін
кӛтере бастағанын, оның себебі мен салдары қалай болатыны жайлы сенсация
туғызатын материалдар Қазақстаннан да бұрын Моңғолияның орталық
басылымдарында 1991 жылдың ӛзінде жариялана бастады. Тіпті халық ішінде
Моңғолиядағы қазақтар 150 жыл Моңғолияның суын ішіп, ауасын жұтып,
байлығын пайдаланып, үкімет қамқорлығын кӛріп, әлденеше ұрпағы ер жетсе
де «бӛрінің бӛлтірігі тауға қарап ұлиды» дегендей ойлары бӛлек екен, Баян-
Ӛлгейдегі қазақтар түбімен қопарылып Қазақстанға кӛшіп келіп, кетіп жатыр
екен деген қау-ӛсектен күллі Моңғолия халқы құлақдар болды, шу кӛтерілді.
Қазақтарға теріс пиғыл танытатындар да шықты. Моңғолия мемлекеттік
сыйлығының лауреаты Баян-Ӛлгей аймағында туып-ӛскен қазақ тілін жақсы
білетін, Моңғолия қазақтарынан шыққан ақын - жазушылардың шығармаларын
аударып, Моңғолия оқырмандарына таныстырған қарт жазушы Бӛхийн Бааст,
Доржийн Надмид, Н. Батбаяр сияқты кӛптеген адамдардың осы тақырыпта
теріс пиғылды кӛзқараспен жазған материалдары Моңғолияның «Ардын эрх»
(«Халық құқы») , «Засгийн газрын мэдээ» («Үкімет орны жаршысы»)
газеттеріне жарияланды [44].
Бір ғана нақты мысал келтірсек. Моңғолияның «Ил товчоо» («Айқын
шежіре») атты газетінде Хурэн – Алагийн Отгонбаяр «Қазақстанда босқындар
лагері қажет болды», - деген мақаласында [45], Моңғолиядан кӛшіп барған 40
мың қазақ иесіз, жұмыссыз қалып, жан сақтай алмай отырғанын айта келе,
«бұлар Қазақстанға еңбек шартымен барғандар ма, әлде босқындар ма? Бұған
жауапты кім береді. Моңғолия Президенті П. Очирбат па, премьер-министрдің
орынбасары Қ. Зардыхан ба? (Академик Қинаятұлы Зардыхан ол кезде
Моңғолияның премьер-министірінің орынбасары тұрған), З. Сағатпа, Моңғолия
Еңбек министрлігінің Алматыдағы ӛкілі Х. Сайран ба? (Сайран Қадырұлы
Моңғолия мұсылман қоғамдарының тӛрағасы) деп жазды [40, 51 б.].
Ал «Ардчилал» («Демократия») газетінің 1994 жылы 8 желтоқсанның 8
күнгі санында Н. Батбаярдың «Қазақтар Моңғолияда опасыздық жасады» деген
мақаласында да кӛшкен қазақтарды 150 жыл бойы мекен еткен жерін,
паналатқан, беттен қақпай ӛз азаматтарымен (моңғолдармен) бірдей теңдік
берген елін сатып кетті деп жерден алып, жерге салды [46].
Орталық басылымдар дүрбелең туғызуға Моңғолия қазақтарының ата
жұртқа кӛшуін қаламайтын теріс пиғылдағы кейбір зиялы, Моңғолияға беделді
қазақ азаматтарын пайдаланып солармен жасаған сұхбаттар, сол азаматтардың
ӛздері жазған мақалаларды жариялады. Мысалы КОКП-ның орталық
басылымы «Правда» сияқты ең беделді Моңғолияның халықтық революциялық
32
партиясының «Үнэн» газетінің тілшісі болып ұзақ жылдар бойы қызмет
атқарған Қаһар Ойнақбайұлы ағамыз орталық басылымдарға ондаған мақала
жариялап, бұл қазақтардың Моңголияға жасаған опасыздығы деген түсінік
қалыптастыратын кері, пиғылды адамдарды соңынан ертті.
Ал Моңғолияның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, атақты кардиолог
дәрігер Қайрол Жәлелұлы. (Тегі ноғай, әйелі қазақ) «Ардын эрх» газетіне «Мен
Қазақ емеспін, ӛлсем сүйегім Моңғолияда қалады» деген мақала жариялады.
Бұл Моңғолиядағы барша қазақтың намысына тиді [47].
Сондай-ақ ұлы кӛшке қарсы болғандардың қатарында ұзақ жылдар бойы
Баян-Ӛлгей аймағының, басқа да аймақтарда аймақ басшысы қызметін атқарған
Моңғолияның революциялық партиясы (Коммунистік) орталық комитетінің
мүшесі болып жүрген, халыққа аса беделді ақсақалдардың бірі Сарай
Асқанбайұлы да ұлы кӛшке қарсы болып орталық басылымдарға мақалалар
жазды. Сарай Асқанбайұлының «Ардын эрх» («Халық құқы»), жариялаған
осындай пиғылдағы «Ұлы кӛштің табанына кімдер тапталды», деген
мақаласында дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайын жеріне жеткенше
жамандады. Ол: «Бізден барған кадрлар мал бағып жүр. Бізде әкімшілік
орынбасары болып жүрген адам шӛптің күзетшісі кӛрінеді. Бізден барған
адамның 30 пайызы жұмыссыз кӛрінеді. Қазақстанның ӛздерінің хабарларына
қарағанда 7 миллион қазақтың 1,6 миллионы ӛз ана тілін, әдет-ғұрпын білмейді.
Ӛткен жылы Дүниежүзі қазақтарының жиналысы дегенді ұйымдастырды. Бұл
жиналысқа 1,2 миллион қазағы бар Шыңжаннан (ҚХР) бірде-бір адам қатысқан
жоқ [48].
Ӛзбектің 870 мың қазағының атынан сӛз алған Ӛзбекстан Президентінің
Кеңесшісі А. Умбетбаев жиналыстың сахнасынан Ӛзбекстан қазағының бірде-
бірі келмейді дегенді айтты. ...Сол сияқты менің бала-шағаларымның бәрі
Ұланбатырда жұмыста. Менің ешбір елге босқын болып кеткім келмейді, ӛз
Отанымның болашағына нық сенемін» деп жазды. Бұл мақаланы
Моңғолиядағы ұлы кӛшті, атажұртқа ат басын бұруды қолдайтын Отан сүйгіш
азаматтар қазақ тіліне аударып «Түркістан» газетіне бастырды. (Аузы дуалы
ақсақалдарымыздың мұндай пиғылы ел ішіне іріткі салатынын, халыққа
түсіндіру мақсатында).
Дәл осындай орталықта Моңғолиядағы қазақ диаспорасының атажұртқа
қоныс аудару идеясын теріске шығарған мақалалар жарияланды Баян-Ӛлгейде,
Қазақ аймағындағы ұлттық тілде шығатын «Жаңа ӛмір». газеті мен
Моңғолияның орталық радио-теледидар басқармасының Баян-Ӛлгейдегі қазақ
радиосы бұл пиғылға тойтарыс беруге арналған материалдарды газеттің әр
санында, күн сайын беріп тұрды. Әсіресе күн сайын кешкі сағат 9-бен 10
аралығында тұрақты берілетін Баян-Ӛлгей қазақ радиосының хабары сол тұста
осы аймақтағы қазақтардың намазын қаза кетіріп, міндетті түрде тыңдайтын,
жалғыз ақпарат кӛзі болды деуге болады. Халық «Тоғыздың хабары» деп атап
кеткен. Тыңдай алмай қалғандар кеше «Тоғыздың хабарынан» кӛші-қон жайлы
не айтты деп сұрайтын. Мұның шындығын С. Асқанбайұлы «Мемлекет
жаршысы» газетіне жариялаған мақаласын аударып басқан «Түркістан»
33
газетінің 1994 жылғы 28-қазандағы санынан кӛруге болады. С. Асқанбайұлы
«Ӛлгейдің радиосы жиындарды ( ДЖҚ-ның құрылтайын айтып отыр) күні-түні
дәріптегенімен оның кӛлеңкелі жағын айтпады» деп жазады. Ӛлгей радиосы
шынында солай істеді. («Жаңа ӛмір» газеті нарықтық қиыншылығына
байланысты тұрақты шыға алмады. Пошта жүйесі тоқтап қалғандықтан
халыққа кең тарай алмады). Сондықтан осы қазақ радиосы Моңғолия
қазақтарының бұрынғы Отанына оралуына ықпал еткен бірден-бір зор күш
болды [49].
Бірақ біз бұл еңбекте негізгі нысан ретінде еліміздің бұқаралық ақпарат
құралдарының оралмандар мәселесін кӛтеруі жайлы талдауды мақсат
еткендіктен Моңғолия баспасӛздеріндегі материалдарға қысқаша ғана
тоқталдық.
Сондай-ақ, шетелдегі қазақ диаспорасының тарихи отанына оралуына
Моңғолиядағы қандастарымыздан кейін коммунистік қатаң режимдегі ел болып
саналатын Қатайдағы ағайындардың ӛзі тартыла бастады. Олар елдегі
коммунистік бақылаудың әсерінен ДЖҚ бірінші құрылтайына ӛкілдерін жібере
алмағандарымен, кӛші-қон үрдісін белсенді бастап кетті. Тек 1993 жылы сәуір
айының 9 күні Қытай Халық Республикасынан атамекенге бағытталған
алғашқы кӛш Қорғас шекарасынан ӛтіп, Алматы қаласына жетті. Ол 1962
жылғы Қытай қазақтарының кӛшінен 31 жылдан кейін елге жеткен кӛш еді.
Сондай-ақ, ол тәуелсіздіктен соң Қытайдан атамекенге бағытталған кӛштің
басы болатын. Бұл жолы кӛш бастаған азаматтар ӛздерінің отбасыларымен
атамекенге біржолата қоныс аударған зиялылар Ж. Сәмитұлы, Т. Зәкенұлы,
сыншы-ғалым Ә. Сағындықұлы, ақындар А. Ахметбекұлы, Ғ. Қалибекұлы еді.
Ол азаматтар Қазақстан «Жазушылар Одағының» сол кездегі тӛрағасы
Қ. Найманбаевтың шақыртуымен, еңбек шарты деген желеумен қоныс аударды.
Олардың елге келгені туралы хабар «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды.
Ақын-жазушыларды Қазақстан жазушылар одағының тӛрағасы Қ.Найманбаев
және «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редактры О. Бӛкеев күтіп алды [40, 80 б.].
Шетелде тұрып жатқан қазақтарды Қазақстанға шақыру идеясының
туындауы туралы сӛз болғанда дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары, сол
форумдарда кӛтерілген тың идея, ұсыныс мүмкіндіктерді айтпау мүмкін емес.
Жалпы шетелдердегі қазақ диаспорасының тәуелсіз Қазақстанға оралу мәселесі
Елбасының бастамасымен күні бүгінге дейін үш рет шақырылған дүниежүзі
қазақтары құрылтайын бір-біріне бӛліп қарауға болмайтыны да белгілі.
Ӛйткені, Отандастарымыздың атажұртына оралу мәселесіне қатысты ең бір
күрделі мәселелер осы құрылтайларда әңгіме ӛзегіне айналып, алдағы
ұйымдастырылатын шаруалар мен ұстанатын бағыттар айқындалып, осы
негізінде шешімін тауып келеді.
Шетелдегі қазақ диаспорасын тарихи отанына шақыру бағытындағы іс-
шараларға дүниежүзі қазақтарының 1992 жылы 29 қыркүйекте шақырылған
бірінші Құрылтай жарқын жол ашты. Әлемнің 40-тай еліне тарыдай шашылып
кеткен шетелдегі қазақ диаспорасының ӛкілдері байырғы отаны тәуелсіз
Қазақстанда бас қосып, ұлттық бірлік мәселесін талқылады [50].
34
Дүниежүзі Қазақтарының алғашқы Құрылтайының негізгі мақсаты қазақ
деген халықтың сан ғасырдан соң тәуелсіздігін жариялап ешкімге кӛз
алартпайтын бейбіт қатар ӛмір сүруді мұрат еткен, Қазақстан атты дербес,
егемен мемлекет құрғанын әлемнің 40-тай еліне тарыдай шашылып кеткен
қазақ этностарының назарына толық іліктіру, атажұртқа ораламын деушілерге
тәуелсіз Қазақстанның есігі ашық екенін жеткізу, осы саладағы Қазақстан
Республикасының ұстанатын бағыт-бағдарын айқындау болды. Қазақ
баспасӛздері дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайында Елбасының
сӛйлеген сӛзін және ӛкілдердің қосар ой ұсыныстарын, құрылтай шешімдерін,
құрылтайдың маңызын жалпақ жұртшылыққа жеткізді.
Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы, араға 10 жыл салып барып
2002 жылдың 23-24 қыркүйегінде Түркістан қаласында болып ӛткені белгілі.
Құрылтайда ҚР Президенті дүниежүзі қазақтары қауымдастығының тӛрағасы
Нұрсұлтан Назарбаев сӛз сӛйлеп, Қазақстанның соңғы 10 жылда жеткен
жетістігі мен келешегі, шетелдегі қандастарымызбен байланысын тереңдету
жолында қолға алынып отырған игі шаралар жӛнінде толығынан тоқталды.
Баяндамада шетелдерде тұратын қазақтардың негізгі топтарын атап айтқанда
Қытайда,
Моңғолияда,
Ӛзбекстанда,
Ресейде
тұратын
қазақтардың
әрқайсысының ерекшелігіне тоқтала келіп, әрқайсысындағы ӛзекті мәселелерді
қозғады [51].
Н. Назарбаев мәселенің ең бастысы, әр елдегі дүниежүзі қазақтарының
дамуына, қазақтардың әртүрлі әліпби қолданып отырғаны қарым-қатынасқа,
атажұртына оралған қандастарымыздың жаңа ортаға тез сіңісіп кетуіне, жұмыс-
қызметке орналасуына кедергі келтіріп отырғанын ерекше атады. Сондай-ақ,
Қазақстанның ӛз тәуелсіздігін алған күннен бастап шетелдегі қазақ жастарының
атажұртқа келіп, оқып білім алуына айрықша назар аударып отырғанына
тоқталды. Мәселен, шетелдегі қазақ диаспорасына арнап Жоғары оқу
орындарынан жыл сайын арнайы квота бӛлінетінін, олардың ата-мекенде
қалып, білім алуының, белгілі бір мамандықты игерудің барлық мүмкіндіктерін
жолдары қарастырылып жатқанын тілге тиек етті. Баяндамада шетелдегі
диаспоралармен байланыс туралы ғана емес, байырғы Отанына оралар дейтін
қандастарымызға жасалынатын қолдау, кӛмек, қамқорлық жайлы да атап
кӛрсетті. «Біз жыл сайын кӛшіп келу квотасын белгілейміз». Ол жағдайға
байланысты, бұл квота бойынша келгенде үй-жаймен қамтамасыз етіледі.
Кӛшіп келуге жұмсалған жол шығыны ӛтеледі. Басқа да кӛмектер жетерлік.
Жалпы ӛз еріктерімен келген қандастарымызды қоса есептесек, осы жылы
жарты миллионнан аса қазақ атажұртына келеді. Елбасы бірде айтқан еді:
«Аман болсақ біздің елге оралған қандастарымызға Германия мен Израильдей
кӛмек жасаймыз деп. Оған да жетерміз. «Қазір істеп жатқандарымыз осы істің
бастамасы деп саналу керек», - деді [52].
Алайда, шетелдегі қазақ диаспорасын тарихи отанына қайтаруға
байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер біздің қоғамымызда жетерлік.
Мәселен тарихи Отанынан қол үзіп кеткен, тіпті тегін білер-білмес ұлттың
тілінен, мәдениетінен, дәстүрінен айырылғандардың бар екені рас. Екіншіден,
35
диаспораның ерекшелігі - оның ӛзінің тарихи Отанындағы мәртебесі, деңгейі
интеллектуалдық, экономикалық күш-қайраты мен жігері. Осыған қарағанда
шетелдегі қазақтар әртүрлі деңгейде ӛмір сүруде. Мысалы, кейбір деректерге
қарағанда Ресейде бір миллионға жуық қазақ бар дейміз. Ал оның басым
кӛпшілігі Қазақстан мен Ресей шекарасында мал шаруашылығымен айналысып
отырғандар. Астрахань, Волгаград, Саратов, Орынбор, Челябі, Омбы,
облыстарындағы қазақтардың да кӛпшілігі ауылдық жерлерде ауыл
шаруашылығымен айналысады. Олардың аздаған бӛлігі ғана қалаларда тұрады.
Белсенді бизнеспен айналыспайды. Ал интеллектуалдық күш Мәскеуде,
Санк-Петербургте және басқа да үлкен қалаларда шоғырланған. Олар-білімді
адамдар. Және бұларға орыс зиялылары оң кӛзімен қарап, сол ӛмір сүріп
жатқан ортасына еңбек етіп жүрген қазақтар.
Қытайдағы, Моңғолиядағы қазақтардың да кәсібі, мүмкіндіктері әртүрлі.
Соған қарай тарихи Отанына кӛзқарасы, ұлттық сана-сезімі де әртүрлі.
Сондықтан бүгінгі таңда шетелдердегі қазақтардың бәрі Қазақстанға келуге
дайын еместігін де естен шығармауымыз қажет. Мұның кӛптеген себептері бар.
Әуелі әрқайсысының қалыптасқан мекені, жұмысы, мақсаты бар десек, бұл
тіпті де «Ит – тойған жеріне, ер - туған жеріне» деген сӛз емес. Адам адам
болған соң алды - артын ойлауға тиіс. Екіншіден, қазақ үдере кӛшіп жатса, сол
елдің беделіне нұқсан келеді. Мұндай қолайсыз мемлекет болып кӛріну Ресейге
де, Қытайға да, Моңғолияға да және басқаға да тиімсіз. Сондықтан ол
мемлекеттер сыртқы кӛші-қоның реттеп отырады.
Сол сияқты біз шетелдерден келген қандастарымыздың мүмкіндігін,
қабылет-қарымын пайдалана алмай отырмыз. Пайдалануды ойламаймыз.
Кӛбіне менсінбей қараймыз. Әйтпегенде олардың ортасында небір күрделі
мамандық иелері кӛп. Сӛйте тұра шетелдерден маман шақыртамыз. Мәселен
2005 жылы 20 мың жұмыс күшін шетелден шақырдық, 2006 жылы бұдан да кӛп
шақырды. Осы шақырып отырған елге керек мамандарды шетелдегі қазақтар
арасынан неге іздемеске? Осы туралы қазақ баспасӛзінде бірнеше рет ұсыныс
та білдірілді. Ӛкінішке орай, қазақ диаспорлары арасынан ондай мамандар
іздеуге Сыртқы істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің
бас қатырғысы келмейді. Ӛйтіп бас ауыртпай-ақ, дайын шетелдік мамандарды
алып келгенді қолайлы кӛреді. Шетел қазақтарының арасында сондай мамандар
бар дейсің бе деген менсінбеушілік психологиясы. Осы психологиядан арыла
алмай отырғанымыз. Мысалы, Ақтауға жан-жақтан кемелер кӛптеп келуде.
Атырауда да флот бар. Бірақ, капитан жоқ. Ал кӛрші Астрахандағы
қазақтардың арасында қазақтан шыққан капитандар жетеді. Бірақ оны
шақырмаймыз. Басқа жерден, шетелден капитан іздеп, оған үйіп-тӛгіп ақша
береді, жағдай жасайды.
Дұрысы үкіметте, министірліктерде ұлтқа жаны ауыратын ұлтжанды
азаматтар аз. Қазаққа, оның тіліне деген салқындық осылай кез-келген жерде
кӛрініс беріп отырады, шетелден маман шақыру мәселесінде қазақ
диаспораларымен жұмыс істеуге енжарлық танытса, оның тӛркіні ұлттық
мүддеде екені рас. Осы ретте мынандай бір мысал келтіре кетейік,
36
Қазақстандық дәрігерлер Қытай медицинасының құпиясын біліп, қыр-сырын
үйренеміз деп, 5-6 ай Қытайға барып оқыды. Сонда сол Қытай медицинасының
қыр-сырын білетін адамдар елімізде жұмыссыз жүрді. Олар - Қытайдан келген
оралмандар. Оларды бірақ менсінбеді. Сол сияқты елге келген ағайындардың
арасында Қазақстан үшін керекті сирек кездесетін мамандық иелері, мысалы,
әскери мамандар да бар. Бірақ олар осындай кӛзқарастың салдарынан ӛз
орындарын таппай жатады.
Қайда барса да Қорқыттын кӛрі. «Сонда шетелдегі қазақ қайтып күн
кӛреді?» дегіміз келмейді-ақ. Қалай болғанда да жат жұрттаң гӛрі ӛзекке тепсе
де ӛз жұрты жақын болатын шығар. Қазақ диаспорасының тұрмыстық, кәсіптік
тұрғыда осындай мықты қасиеттері бола тұрса да оларға ұлттық тұрғыдағы
қауіп-қатер бұдан да күшті. Ол бүгінгі жаһандану заманында ұлт болып
сақталып қалу мүмкіндігінің аздығы. Аталған мәселелер «Егемен Қазақстан»
газетінде Б. Тайжанның «Оралмандар, Отан деп оралғандар» [53], «Оралмандар
орнықпай отыр», «Ана тілі» газетінде Д. Белдеубайдың «Оралмандарға үй
сатып беру бекітілді, бірақ ...» [54] деген мақалаларда анық кӛрініс тапқан.
Бүгінгі таңда алып ұлттар ӛзінің тілімен, мәдениетімен шағын ұлттарды
жұтып бара жатқандықтан қазақ диаспораларының сақталып қалатындарына
сенімі жоқ. Сондықтан олардың бір ғана таңдау жасауы - тарихи Отанына
оралуы керек, әйтпесе жоқ болып кету қаупі тұр. Мысалы Қытай, Ресей және
басқа да құдіретті мемлекеттерде қазақтың проблемасы оларға батпайды. Ол
түсінікті. Еврейден шыққан этносоциолог Фришман «Егерде, 18 жасқа дейінгі
жастардын 10 пайызы ғана ӛз ана тілінде сӛйлесе, ол ұлттың 10 жыл ғана
ғұмыры қалады» дейді. Ӛйткені келесі ұрпақ сол ӛзі ӛмір сүріп отырған
ортаның тілін қабылдайды да Қытайда тұрса қытай, Ӛзбекстанда тұрса ӛзбек
болып кете береді. Ол ұрпақ тілінен, мәдениетінен, дәстүрінен, ұлттылықтан
бір рет қол үзген соң, оның ұлтына қайта оралу мүмкіндігі жоқ. Іргедегі Ресейді
ғана алайық. Онда тұратын бүгінгі ұрпақ түгелімен орыстануға жақын. Ӛйткені
қазақ мектептері ӛткен ғасырдың 60 – шы жылдарынан бастап жабылды. Содан
бері 40 жылдан асты. Дегенмен ұлтсыздандым деуге кӛбінің намысы
жібермейді. Сӛйте тұра ассимиляция процесі қазақтар кӛп қоныстанған
Қытайда да, Ресейде де, Ӛзбекстанда да жүріп жатыр. Осыған байланысты
тарихи Отанға оралу - қазақ диаспорсы мәселесін шешудің бір жолы.
Қазақстанға барып орыс атанғаннан Ресейде отырғаным дұрыс.
атажұртыма ассимиляциядан қашып барып, ассимиляцияға ұшырасам, бұл
менің жаныма тіпті қатты батады. «Алдымен ӛздерің қазақтанып алыңдаршы»
деген пікірді жиі естісек, бұл қазақтың ӛзінің тағдыры қылыштың үстінде
тұрғандай. Бұл - біздің еліміздің есінде қатты ұстайтын мәселе. Қалай болғанда
да, шетелдегі қазақтарды кӛшіріп алмасақ, олардан біздер айырыламыз. Олар
ӛздерін-ӛздері алдап, Францияда тұрып қазақ болғысы келгенмен, бәрібір кӛпке
жұтылып кетеді. Мысалы, Францияда қанша ұлт тұрсын 70 миллион француз
бар дейді. Қазақ сияқты диаспораларды, кірме ұлттарды олар есепке алмайды.
Бәрін французға жатқызып, бір ұлт - француз ұлты бар дейді. Сол сияқты ӛзіміз
араласып жүрген Түркияда да солай. Мен бір түрікпен сӛйлесіп, қанша кұрд бар
37
екенін сұрағанымда, «70 миллион» деді. Ал «Қанша түрік бар?» дегенімде, «Ол
да 70 миллион» деді. Осы әзілдің астарына үңілсек, ащы шындық – басқа ұлтты
мойындамаушылық жатыр [55].
Кӛптеген елдерде санақ жоқ. Сондықтан санақ жүргізілмеген елдерде
қазақтың санын білу мүмкін емес. Және кӛптеген елдердің ұлттық концепциясы
бӛлек, тек ӛз ұлтын ғана мойындайды. Ресейде соңғы есеп бойынша 800
мыңдай қазақ бар десе, ресейлік статистиктер, социолог мамандар қазақтардың
саны шын мәнінде аз, олар орыстанып кеткен қазақтар дегенді айтады.
Сондықтан ұлттың саны мен сапасын айыру - үлкен мәселе. Басқаны
айтпағанда, Қазақстанның ӛзінде он миллионға жуық қазақ бар десек, соның
ішінде нағыз қазағы қанша?
Иә, сырттағы қазақтар «Мен шетелде тұрсам да қазақпын, Қазақстан маған
не береді?» - десе, біздер мына жақта «Қазақстанға не беремін дегенше,
қолыңнан келгенінше атамекеніңе кӛмектес», - дейміз. «Ең болмаса қолыңды
жаймай, тарихи Отаныңа ӛз күшіңмен қоныс аударсаң, еліңе берген сыйың сол
болады», - дейміз. Әрине, кӛмек кӛретуді қажет ететіндей ағайындар да бар.
Онымен қоса ӛз күшімен келіп, Отаныма қолымнан келген қызметімді
кӛрсетемін деп жатқандар да бар. Екі жақтың психологиясының бір-бірімен
үйлесе бермейтінін де мойындаған жӛн. Осыған байланысты үкімет бүгін
«Отандастар» бағдарламасын әзірлеуде. Азаматтық алу мәселесі бұрынғыдан
гӛрі жеңілдетілді дегенмен, оның да қайта қарайтын тұстары баршылық. Осы
мәселе де реттелуі керек.
Сол сияқты кӛші - қон саясатының орындалуы кӛбіне Кӛші- қон комитетіне
қатысты болса, оның бүгін жұмыс аясы тарыла түсті. Кӛптеген елдерде кӛші–
қон мәселесімен министірліктер айналысады. Және бізде бұл мәселеде
шашыраңқылық бар. Ал енді олардың проблемаларына келсек, олар сонау
Қытайда, Иранда отырып алып, «бізді қазақ етуге кӛмектесіңдер, мектеп салып
беріңдер, оқулықпен қамтамасыз етіңдер» деген сияқты ӛтініштерін білдірсе,
олардың ескере бермейтін бір мәселеі бар. Олардың ұлты қазақ болған мен
ұлтына, тіліне мәдениетіне бүйрегі бұрғанымен, шетелдің азаматы. Біздер
дипломатиялық жолдармен баса - кӛктеп барып мектеп салып бере алмаймыз.
Бұқаралық ақпарат құралдарын да жеткізе алмаймыз. Мұнын бәрі алдымен
дипломатиялық жолмен шешілуге тиіс. Басқаны айтпағанда, бұқаралық ақпарат
құралдарын жеткізу, оны сатып алу да оларға қымбатқа түседі. Оны олар сатып
ала ала ма? Солай-ақ болсын. Мұның тағы бір жағы бар. Біздер ӛз күшімізбен
шетелдегі ағайындарға бәрін жеткізуге тырыссақ, оны олардың экспансия деп
ойлауы әбден мүмкін. Ондай кӛзқарастар да жоқ емес. Мысалы, ӛткен
ғасырдың 90-шы жылдарының ортасына дейін Ресейге Қазақстаннан орыстар
ғана емес, шекарадағы қазақтар да кӛшті. Басты себебі - зейнеткерлік жасының
58 және 63 болып кетуі. Олар Волгаград, Омбы, Астрахан, Саратов сияқты
облыстарға барып қоныстанды. Сонда, әсіресе Волгаград облысының қазақтары
Қазақстан ӛзінің қазақтарын бізге араластырып, ұлттық саясатымызды
ушықтыру үшін әдейі жіберіп отыр деген пікір таратты [56]. Демек, біздің
диаспораларымыз тұрып жатқан жерлерде әртүрлі пікірлер бар. Соның
38
салдарынан біздің қазақ диаспорасына қамқорлық кӛрсету бағытындағы
жұмыстарымыз басқаша бағаланып жатады. Бұл біздің қазақ диаспораларымен
қарым-қатынасымыздың әлі де күрделілігі. Сол сияқты Қытаймен де ӛзіндік
қиындықтар бар. Дегенмен, Қазақстан ӛз саяатын жүргізуде.
Шынын айтқанда, араб әліпбиіндегі немесе латын әліпбиіндегі оқулық
жазу оңай шаруа емес. Оқулық жазған күннің ӛзінде ол оқулықта, мысалы,
«Менің Отаным - Ӛзбекстан» деген сӛз болуы тиіс. «Менің Отаным Қазақстан»
десе, ол оқулықты Ӛзбекстан үкіметі қабылдамайды. Бұл – үлкен саяси-
идеялық мәселе. Сол сияқты біздің ӛзіміздің де «Менің Отаным – Ресей» деген
оқулықты орыс» деген оқулықпен оқуы қажет. Осыған байланысты бұл күрделі
мәселе. Мәселен, Германияда баланың 16 жасқа дейін басқа тілде, басқа
оқулықпен оқуына мүмкіндік жоқ. Ал Ӛзбекстан туралы айтатын болсақ,
оларда 9 сыныптан кейін балалар лицейге, колледжге оқуға кетеді. Біз 12
жылдыққа бағыт алып отырмыз.
Осы мәселе тӛңірегінде баспасӛз арқылы ойын білдірген жазушы Қазыбек
Нұрқасым былай дейді: «Мен мына бір фактіні айтайын. Ресейде тұратын басқа
ұлттар арасында «Сіздің азаматтық құқыңыз сақтала ма?» деген сауалнама
жүргізілгенде, оған қатысқан орыс ұлтынан басқалардың 56 пайызы
сақталмайтындығын айтса, қалғаны тіпті де сақталмайтындығын айтады.
Ресейде орыс емес басқа ұлттарға кӛзқарас ӛзгерді.
Біріншіден, Ресейдің ғасырлар бойы тірнектеп жинаған империясы құлап,
орыс халқының кӛңіл-күйі тӛмендеді. Біздер егемен ел болдық деп қуанып
отырсақ, олар бізден айырылдық деп ренжулі. Кешегі ӛзі билеп-тӛтеген
қазақтардың ӛз алдына мемлекет болғаны үлкенінің де, кішісінің де кӛңілін май
ішкендей кілкітеді. Демократиялық тұрғыдан оң кӛзбен қараушылар болғанмен,
жеккӛрушілік те бар. Екіншіден, еңбек нарығындағы бәсекелестік. Ресей
ӛздерінің жұмыссыздығын басқа ұлттар ӛкілдерінің кӛптігінен кӛреді.
Үшіншіден, қазақтар, мұсылмандар қылмысқа жақын тұрады, салық тӛлемейді,
ертең тарихи Отанына тайып тұрады, олармен жұмыс істеу қиын деген пікірді
алға тартады. Осының негізінде саяси фашистік ұлы державалық партиялар
тіпті ӛрескел қылмысқа барып, ұрып-соғып жатады. Бұл - шындық.
Бұрынғылар «Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар, ер үйірін сағынса,
ер-тұрманын тағынар» дегендей, елге сағынып кӛшіп келіп жатқан
қандастарымыз аз болмас. Дегенмен, айтып отырғандай, мигронтофобия аяққа
басылып жүргісі келмеген адамды ӛзінің атамекеніне оралтуға мәжбүр етеді.
Мысалы еврейлерді алайық. Осыдан 4 жыл бұрын Парламент Мәжілісінде
Израйльдің депутаттары қонақ болды. Олар - Санкт - Петербургтен, Мәскеуден
барған еврейлер, бір-бірімізбен әңгімелестік. Израйльге келіп жатқан
еврейлерге олар да керемет жағдай жасап жатпағанмен, білімін, қабілетін,
іскерлігін мемлекеттің дамуына, ұлттық мүддесіне жұмсауына мүмкіндік
береді, мысалы, атақты композитор келсе, ол мектепте музыкадан сабақ беріп,
кейінгі ұрпақтың кӛтерілуіне жұмыс істейді. Сонда израйльдік депутаттар енді
бір 30 жылдан кейін дарынды композитор да, ғалым да, спортшы да Ресейден
39
емес, Израйльден шығады, ӛйткені дарынды еврейлердің бәрі ӛзінің тарихи
Отанына келіп жұмыс істеп жатыр дегенді айтты.
Жағдайым керемет болмаса да еліме келдім. «Сен еврейсің» деп кӛзіме
ешкім шұқымайды. Кӛңіл-күйім, азаматтық рухын жоғары дегенге сайса, біздің
шетелдегі ағайындардың «Қазақстан маған не береді?» емес, «Қазақстанға мен
не беремін ? » үлгісін осы еврейлерден үйренсе жаман болмас еді [57].
Бұл да рас. әрі ДЖҚ Құрылтайының баяндамаларында Қазақстанға ӛз
еркімен келіп жатқан ағайындар туралы бағдарлама қабылдау жӛнінде
айтылды. Бұлар, жоғарыда айтқандай, қол жайып келіп жатқандар емес. Олар
іскер, білімді, қабілетті адамдар болғанмен, біздің ортаға бейімделмегендіктен,
әсіресе біздің жемқорлық жағдайға, үлкен тосқауылдарға кездесіп, жүрегі
шайлығып жатады. Сырттағы қазақтар да солай. Мысалы, Түркияда қауымдас
болып тұрып жатқан қазақтардың Қазақстанға кӛшіп келгісі келеді. Ал олардың
ортаға бейімделгенше қауымның бірлігіне сызат түсіргісі келмей, бір жерден
орын тепкісі келсе, ондай тілекке құлақ асу керек. Жалпы, шетелдегі қазақ
бизнесмендерінің атамекенге келуіне бізде қалыптасқан парақорлық,
жемқорлық тосқауыл болып отыр. Олар осыдан қорқады, бұл да шындық. Қазір
Мәжілісте «Кәсіпкерлік туралы» Заң жобасы қаралуда. Осы заң жобасына
үйренсек, Қазақстанға қарай аяқ баспайды?. Себебі, бұл жоба қабылдана қалса,
биліктің кәсіпкерді екі құлағынан бұрап, арқасына мініп алып, қамшының
астына
алатын
түрі
бар.
Сонымен
шетелдегі
бизнесмен,
ікер
ағайындарымыздың байланыс орната алмауының себебі – біздің шағын және
орта бизнестің тартымсыздығында, биліктің оны уысынан шығармай ӛзі билеп
–тӛстеуінде. Осы құрылтайда мен байқаған қуанышты жайдың бірі – шетелдегі
қазақтардың
мәдени
мұра
бағдарламасына
деген
ықыласы.
Олар
экспедицияларға қатысып мәдени мұраларды жинауға, іздестіруге қатысуға, ӛз
кӛмектерін беруге ынталы. Мұны Мәдениет, ақпарат және спорт министірлігі
түсіністікпен қабылдады деп ойлаймын.
Ішкі кӛші-қон мәселесі сыртқы кӛші-қоннан да күрделі. Деректерге
қарағанда, жылына еліміздің ішінде ауылдан қалаға, ауылдан ауылға дегендей,
150-160 мың адам кӛшіп-қонады. Олар бүгін үкімет бізге – ішкі кӛші-қонға мән
бермейді деп, ӛзінше талап қойып жатыр. Сыртқы және ішкі кӛші-қонның
екеуінде реттеу қажет. Соның ішінде «ішкі кӛші-қон реттелмесе, сыртқысы
қауіптірек»
деп
«Отан
тарихы»
журналында
Г.
Ниязханқызының
«Қазақстандағы кӛші-қон процестері және оралмандар» [29, 54 б] мақаласында
қаралды.
Қазір 100 мыңдап кӛшсе, бара-бара миллиондап кӛшетін болса,
баспанасыздық,
жұмыссыздық
қаладағылардың
әлеуметтік-саяси
тұрақтылығына әсер ететін фактор. Сондықтан ішкі кӛші-қонға мән бермеу -
мемлекеттің
қауіпсіздігіне
мән
бермеу
деп
ойлаймын.
Мысалы,
Қырғызстандағы жағдай ішкі кӛші–қонның реттелмеуінен туындады.
Үкіметіміз ӛткен жылы «Ішкі кӛші-қон туралы» Заң жобасын Парламентке
алып келіп, кері қайтарып алды. Орыстардың кӛші-қонына қатысты тағы бір
мәселе бар. Ӛткен ғасырдың 90-жылдарында Ресейге шұбырған орыстардың
40
біразының Қазақстанға қайта оралғысы келіп отыр. Мәжілісте Валерий
Котович, Михаил Трошихин, Иван Чиркалин тағы басқалар оларға оралман
мәртебесін беру және кӛші–қон заңына ӛзгерістер енгізу туралы мәселе кӛтерді.
Мұның артында Қазақстандағы орыс диаспорасының ықпалы тұр. Мұның бір
рет бетін қайтарған, тағыда кӛтерілетін түрі бар. Бұл жерде мен мынаны айтар
едім. Ӛзі жақсы адамға қайдан да орын табылады. Ал білікті, білімді орыстар
орын тапты. Қайта келмек болып жүргендер - ӛз жұртына да, басқа жерге де
сыймай жүргендер. Бұл жерде бізде қате кетпеу керек.
Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайын еліміздің барлық баспасӛздері
әсіресе қазақ тіліндегі газеттер, соның ішінде біздің зерттеуімізге нысан болып
отырған «Егемен Қазақстан», «Түркістан», «Қазақ елі» «Кӛш», «Ана тілі» «Жас
қазақ» тағы басқа кӛптеген газеттер Құрылтайдың ӛтетінін кӛп уақыт бұрын
халыққа хабарлап, алғашқы Құрылтайдан кейінгі 10 жыл ішіндегі шетелдердегі
қазақ диаспорасымен байланысын, қандастарымызды атажұртқа кӛшіріп алу,
келгендерге жағдай жасау, кезекті құрылтайда кӛтерілетін мәселе т.б.
жайларды, қамтыған мақалалар, сұхбаттар кӛптеп жарияланды.
Мәселен «Егемен Қазақстан» газеті Құрылтай басталарға таяу уақытта
сандарында осы мәселеге тікелей қатысты, ДЖҚ қауымдастығының бірінші
орынбасары, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірі сияқты
лауазымды тұлғалармен сұхбат ӛткізді. «Түркістан» газетінде «Қандастарымыз
-қара орманымыз» деген тақырыпта ДЖҚ бірінші құрылтайынан кейінгі 10
жылдың ішіндегі мемлекет тарапынан атқарылған шаруалардың нәтижесі,
бүгінгі таңдағы күн тәртібінде тұрған ӛзекті мәселелерді сараптаған кӛлемді
материал жарияланды [58].
2005 жылы 29-қыркүйекте Астанада ӛткен дүниежүзі қазақтарының ІІІ
құрылтайында басқосуға қатысқан жалпы ӛкілдер әлем қазақтарының
бірлесуінің биік белесі болды деп бағалағаны белгілі. Қазақстан бүгін де
әлемнің әр түкпірінде 40-тай мемлекетке тарап кеткен қандастарының тарихи
отанына оралуымен жүйелі айналысып мемлекеттен әр жыл сайын қомақты
қаржы бӛліп отырғаны еліміздің экономикалық зор мүмкіндігі мен Елбасы
Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен ұлт тағдырына айрықша кӛңіл бӛліп
отыруының нәтижесі болмақ. Сондықтан да, ДЖҚ ІІІ Құрылтайы Қазақстанның
қарыштап дамып келе жатқан кезеңінде ӛтуімен ерекшеленді.
ДЖҚ
Құрылтайлары
тек
кӛші-қон
мәселесі
емес,
шетелдегі
қандастарымыздың мәселесіне кешенді түрде қарап, барлық саладағы ӛзекті
мәселелерді шешуге, бағыт бағдар беруге назар аударғаны белгілі. Құрылтайда
ДЖҚ қауымдастығының тӛрағасы Н. Назарбаев баяндама жасады. «Ең бастысы
қазақ халқының үлес салмағы артты. Егер 1989 жылы республикадағы
қазақтардың үлес салмағы 40 пайызға жетер жетпес болса, қазір бұл кӛрсеткіш
58 пайызға жетті» - деді елбасымыз ӛз сӛзінде [60].
Елбасы Қазақстан Республикасы қандастарымызды отанына оралтудың
кешенді бағдарламасын жасап жүзеге асырып келеді. Тәуелсіздік жылдарында,
яғни 1991 жылдан 1-шілдеге дейін елімізге барлығы 110 мың 591 оралмандар
отбасы қоныс аударды. Сӛйтіп, еліміздегі қазақтардың саны 600 мың адамға
41
кӛбейді. Соңғы кезде кӛші-қон квотасының жыл сайынғы мӛлшерін 15 мың
отбасына жеткізіп, оған қаржыны мемлекеттік бюджеттен толық бӛліп
отырмыз. Осы қаржыны толық қадағалау қажет. Қандастарымызға айтар
жайдың тағы бірі мынау: Тарихи отанына оралған ағайын ең алдымен
«Қазақстан не береді?» деп емес, «Мен Қазақстанға не беремін?» деп
ойланғандары дұрыс болар еді [59].
Жалпы бұл Құрылтайдағы баяндамасында Елбасы оралмандарға қатысты
қамқорлыққа да, сол қамқорлықты дұрыс түсіну жолындағы оралмандардың
мақсат-міндет, мүддесіне де кеңінен тоқталуымен ерекше болды. Ендігі жерде
баспасӛз құралдары осы шегелеп айтқан тапсырмаларды насихаттау,
кемшіліктерді кӛре біліп, жариялап мемлекет назарына іліктіру басты міндет
екені белгілі. Міне, осы міндеттерді еліміздің қазақ баспасӛз құралдары қалай
атқарып отыр? Әрине, осы Құрылтайдан соң құрылтай кӛтерген мәселелерге
қатысты қазақ баспасӛздерінің барлығы саны жағынан да, кӛлемі жағынан да
қомақты материалдар жариялап, үн қосқанын байқауға болады.
Бірнеше мысал келтірсек, еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанда»-, «Не
істеу керек?», - атты мақалада жазушы Сұлтанәлі Балғабаевтың кӛлемді
мақаласын жариялады [60]. Мақалада толассыз ағылып келіп жатқан
қандастарымызды бӛгетсіз қабылдап алып, жағдай жасауға кедергі болып
отырған қаржы тапшылығы, баспананың жоқтығы, жұмыстың табылмауы емес,
қолдан жасалған түрлі кедергі тосқауылдар екенін нақты мысалдармен
келтіреді. Оралмандардың тек құжат жинау жолындағы кӛретін қиындықтары,
Қазақстан Республикасының шекарасын аттаған азамат 3-5 күн ішінде кӛші-қон
полициясына тіркелуі қажет екенін оралмандар түгіл Қазақстан азаматтарының
ӛзі білмейтінін, оралмандар білсе де кейде жететін жеріне жетіп болғанша
уақыты ӛтіп кететінін, сол үшін сотқа дейін барып он бес мың теңге айыппұл
тӛлейтіні қолдан жасалған кедергі екенін айтады. Сол сияқты тұрақты тіркеуге
тұру, кӛші-қон туралы заңға толықтыру, ӛзгертулер енгізіліп біршама
жетілдірілгенімен ондағы шарттарды орындау механизмі яғни ереже
бекітілмегенін, кӛші-қон квотасының уақыт ӛткізіліп барып бекітілетінін,
квотадан тыс ӛз бетімен кӛшіп келушілердің жайы мүлдем ескерілмейтіні, ол
жақтағы қызметін, мамандығы бойынша жалғастыра алмайтынын, сондай-ақ
Қытайдағы қазақтардың асыл тұқымды малын шекарадан алып ӛтуіне ҚХР-ны
емес, Қазақстанның мал дәрігерлік ұйымы рұқсат бермей отырғаны сияқты
ондаған кедергілерді атай келіп, мұның әрқайсысын оңтайлы шешудің жолдары
жӛнінде ӛз ой-пікірін ортаға салған.
Рас, оралмандар кӛбінесе ӛздеріне кӛрсетіліп жатқан кӛмектерге кӛңілі
тола бермейді. Шындығын айту керек, оралмандардың квотаға кіру мәселесін
шешудің әлі күнге дейін нақты ережесі жоқ кӛші-қон комитеті жасап, Әділет
министрлігі бекітіп беру керек. Кӛші-қон квотасына кім кіреді, қандай
тәртіппен кіреді, соның бәрі жабық компьютер бетінде емес ашық түрде ілініп
тасталуы керек. Ал күні бүгінге дейін Үкімет, Кӛші-қон комитеті, Әділет
министрлігі және кӛші-қон полициясының мамандары бастарын сәл
ауыртыңқырап, кӛші-қон квотасына арналған заңды түрден сәл ауыртыңқырап,
42
кӛші-қон квотасына арналған заңды түрде бірде-бір ереже жасаған жоқ.
Аталған құзырлы органдар ӛз міндеттемелерін «облыстық кӛші-қон
басқармаларының қасында аранайы құрылған комиция бар» деп соларға
жүктейді. Квотаға кімдердің кіретінін ешқандай ережесіз облыстар мен аудан
орталықтары шешкеннен кейін оның сыры белгілі ғой. Комиссия мүшелерінің
ішінде ӛтірік шыны аралас, әртүрлі қоғамдық ұйымдардың мүшелері бар екені
тағы белгілі. Қазақстанның оралмандарға жасап жатқан жақсы істерін бір-ақ
күнде жоққа шығармау үшін квотасна кірмеудің нақты заңды ережесін
заңдастыру керек дер едім. Ол ережені бұзған адам жауапқа тартылуы керек.
Мысалы бұрын үйдің кезегнде тұрған адам ӛзінің үй алатын мерзімін білетін,
біреудің біреу алдына түсіп, кезексіз үй алса дау шығатыны да олар соттасуға
дейін барып жататын. Ал қазіргі кӛші-қон жағдайында ешкім жауапқа тарта
алмайсыз. Ӛйткені ереже жоқ. Олар квотаға орта жолдан біреуді тіркеп
жібергісі келсе де ӛздері біледі. Келген қандастарымызды бір-бірінен алаламай,
жағдайларын дұрыс шешіп беру жағына баса назар аудару керек.
Сондай-ақ дүние жүзінде арнайы бейімделу орталықтары деген бар.
Мұндай орталықтар Израиль мен Германияда ӛз жұмыстарын кісі
қызығарлықтай, адам сүйсінетіндей дәрежеде атқарылуда. Ал бізде саусақпен
санарлықтай. Бейімделу орталықтары аудан орталығында, ауылды жерлерде
болуы керек. Бейімделу орталықтарын ашып оралмандар келгенде жерсіз жерге
келгендей күйде болмау үшін оларға жоқ дегенде алты ай жағдай жасалуы
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |