Шуршитбай бейбитгул


 Нұрлы кӛш бағдарламасының мәні мен маңызы



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата16.02.2017
өлшемі1,08 Mb.
#4208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3.3 Нұрлы кӛш бағдарламасының мәні мен маңызы 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тікелей  бастамасымен  тәуелсіздіктің 
алғашқы  жылынан-ақ  ӛріс  алған  шетел  диаспорасында  ӛмір  сүріп  жатқан 
қандастарымыздың  Қазақстан  Республикасына  ат  басын  бұруы  ӛткен  20-ға 
жуық  жылдың  ішінде  бірде  қарқын  алып,  бірде  саябырлап болса  да  тоқтаусыз 
жалғасып  бүгінге  жетті.  Нәтижесінде  статистикалық  есеп  бойынша  осы 
аралықта  бір  миллионға  жуық  (кей  дерек  бойынша  800  мыңдай)  [143] 
қандасымыз атажұртына оралып, алпауыт империяның сан жылдарға жалғасқан 
отарлау  саясаты  салдарынан  ӛз  жерінде  азшылыққа  ұшырап,  ұлттық  рухынан 
ажыратуға  шақ  қалған  халқымыздың  санын,  сапасын  арттыруға,  рухын 
кӛтеруге, тіпті экономикалық ӛркенімізге де белгілі дәрежеде үлес қосты. 
Алайда,  қандастарымыздың  тарихи  Отанына  кӛшіп  келу  үдерісі  даңғыл 
жолмен  кедергісіз  мүлтіксіз  жүзеге  аспағаны  белгілі.  Айталық,  ең  бергісі, 
оралмандарды  елдiң  әлеуметтiк-экономикалық  жағдайына  бейiмдеу  ӛзектi 
мәселе  күйiнде  қалуда.  90-жылдардың  басында  «Қайт,  қазақ  елiңе!»  деген 
ұранның  кӛтерiлуi  асығыс  болды  дейтіндер  де  аз  емес.  Бүгінге  дейін 
оралмандардың  елде  жеткiлiктi  деңгейде  қолдау  таппай,  бiрқатар 
қиындықтарды  бастан  кешкенi  кӛпшiлiкке  аян.  Сонымен  қатар  Қазақстанға 
келуге  тiлек  бiлдiрген  қандастарымыздың  саны  артқанына  қарамастан,  90 
жылдардың  аяғында  оларға  бӛлiнген  квота  кӛлемiнің  азая  түскендiгi  кӛңiлге 
кiрбің келтiрмей қойған жоқ. Ӛз тарихи Отанына оралушылар үшін 1993 жылы 
он  мың  отбасына  (50  мың  адамға)  квота  бӛлiнсе,  ол  кейiнгi  жылдары  қысқара 
түсiп,  1994  жылы  жеті  мың  отбасына,  1995  жылы  бес  мың  отбасына,  1996 
жылы  тӛрт  мың  отбасына,  1997  және  1998  жылдары  үш  мың  отбасына,  1999 
жылы бесжүз отбасына, 2000 жылы алты жүз отбасына ғана квота бӛлiнедi. Ал, 
2001 жылда бастап квота қайта кӛбейді [1, 2 б.].  
Дегенмен  Қазақстандағы  қазіргі  демографиялық  ахуал,  және  шетелдердегі 
қазақтар  мен  оралмандар  мәселелеріне  қорытынды  жасай  келгенде,  ұланғайыр 
жері бар, ал халқының саны бар болғаны 15 млн. ғана Қазақстан мемлекетінің 
әрбір  шаршы  шақырымына  5,5  адамнан  келіп,  әлемдегі  халық  аз  қоныстанған 
елдер  қатарына  жататыны  ойлануды  қажет  етеді.  Ұлттық  қауіпсіздігімізді 
сақтап қалу және экономикамызды  жаңа еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету 
үшін  Елбасымыз  2015  жылға  дейін  республика  халқы  саны  20  млн.-ға  жеткізу 
қажеттігін баса айтып келеді. 
Міне, сондықтан халықтың санын кӛбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи-
демографиялық ғылым айқындаған екі жолды, табиғи ӛсім мен сырттан келетін 
кӛші-қонды  оң  пайдалану  керек.  Сондықтан  болашақта  шетелдерден  келетін 
қандастар  арқылы  еліміздің  жан  санын  арттыруға  мүмкіндік  толық.  Тек  кӛші-
қон  үрдісін  тоқтатпай  оралмандар  санын  молайту  үшін  ӛткен  мерзімдегі 

 
 
114 
оралмандар  ісін  ұйымдастырудағы  кемшіліктеріміз  бен  қателіктерімізге 
қорытынды  жасап,  бұрынғыдан  да  күрделі  шаралар  іске  асыру  қажеттілігі 
туындауда.  Мүмкіндігінше  квотаны  шектемей,  молайтып  қазақтар  тұрған  шет 
мемлекеттермен  дипломатиялық  жолмен  кӛші-қон  үрдістерін  жеңілдетіп, 
тездетуге жол ашу, ал кӛшіп келгендер үшін барлық жағдайды жасау еліміздің 
шетелдегі қазақ диаспорасын кӛшіріп алу жӛніндегі саясатының күн тәртібінде 
тұр [144]. 
Диаграмма 3. Оралмандарға бӛлінген квотаның мӛлшері  
 
0
2000
4000
6000
8000
10000
12000
14000
16000
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
 
 
Жалпы,  шетелдердегі  қандастарымыздың  елімізге  қазақ  тұратын  барлық 
шет  елдерден  лек-легімен  ағылуының  ұлтымыз  тарихында  бұрын-соңды 
болмаған саяси маңыздылығын ескеріп, ӛткен 19 жыл ішінде кӛптеген ауқымды 
шаралар  жүзеге  асырылды.  Мұндай  алдында  сүрлеу  соқпағы  жоқ  тың  істі 
жүзеге  асырудағы  тәжірибесіздік,  оралмандар  ӛміріне  қатысты  қабылданған 
заңдар  мен  шешімдердің  шикілігі,  осы  тұсқа  дүп  келген  қоғамдық  ӛзгерістер, 
әсіресе,  нарықтық  экономиканың  ӛтпелі  кезеңі  кӛшіп  келген  ағайындардың 
тұрмысын  түзеуіне  қиыншылықтар  туғызды.  Мұның  сыртында  жергілікті 
жердегі  басшылықтардың  немқұрайлылығы,  салғырттығы  салдарынан 
туындаған,  басқаша  айтқанда,  қолдан  жасалған  қиыншылықтар  да  аз  болған 
жоқ.  Міне  осындай  қиыншылықтар  мен  кедергілерді  осы  салаға  жауапты 
үкіметтік  органдардың  қажырлылығы,  бастамашылдығы  арқасында  және 
баспасӛз  құралдарының  сын  тездері  нәтижесінде  дұрыс  жолға  қойылып  түрлі 
шаралар қолданып, кемшіліктердің орны толтырылды. 
Бір  сӛзбен  айтқанда,  мемлекетіміз  бүгінге  дейін  шетелдегі  қазақ 
диаспорасын  байырғы  Отанына  оралтудың  әртүрлі  жолдарын  дәйекті  түрде 
қарастырып  келеді.  Ең  бастысы  елім  деп  келген  қандастырымызға  барлық 
жағдай  жасауға  саяды.  Әрине,  20  жылға  жалғасқан  бұл  үдеріс  барысында 

 
 
115 
мемлекет мүмкіндігі келмеген іс шаралар да, қолдан келетін шараларды дұрыс 
ұйымдастыра,  ұқсата  алмаған  салғырттық,  немқұрайлылық та  болғаны  белгілі. 
Осындай әртүрлі себептерден болып атажұртына оралған бауырластарымыздың 
жаңа  ортаға  бейімделгенге,  тіршілігін  түзеуге  дейінгі  уақыттарда  біршама 
қиындықтарды  бастан  кешіргені  жасырын  емес.  Ондай  қиындықтардың 
бастысы  ретінде  келген  ағайындарды  әуелі  баспанамен  қамдау,  сонан  соң 
тіршілігін  жалғастырып  кету  үшін  еңбекпен  айналысуына,  жұмыспен 
қамтылуына  мүмкіндік  туғызу  тұрғысындағы  кемістіктерді  атауға  болатынын 
баспасӛз  құралдарының  материалдарын  зерттеу,  сараптау  барысында  кӛз 
жеткіздік.  Міне,  сондықтан  алда  осы  екі  кемшілікті  болдырмаудың  жолдарын 
мемлекетіміз қарастыра бастады. 
Бұл  ретте  Шымкент  қаласы  шетінен  оралмандарға  арнап  үкіметтің  және 
жеке секторлардың қолдау кӛмегімен бау-бақша ӛсіріп, табыс табуға мүмкіндік 
туғызатын  жылыжайлармен  қоса  арзан  бағалы,  тұруға  қолайлы  тұрғын  үй 
салып,  ұзақ  жылдық  несиемен  беру  бастамасын  Елбасымыз  Назарбаевтың  ӛзі 
қолдап,  бұл  тәжірибені  барлық  облыстарға  тарату,  осы  негізде  бағдарлама 
әзірлеу  тапсырмасы  2009  жылдан  бастап  жүзеге  аса  бастады.  Ол  үшін 
Қазақстан  Республикасының  үкіметі  2008  жылдың  2-желтоқсанында  №  1126 
қаулысымен  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасын  қабылдады.  Жоба  бойынша 
қандастарымызды  жұмыспен  қамту,  тұрғын  үй  мәселесі  және  басқа  да 
жеңілдіктер қарастырылған [122, 21 б.]. 
Осы  түйінді  тізбектерді  тарату  мақсатында  Елбасы  тапсырмасымен  һәм 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2008  жылы  2  желтоқсандағы  №  1126 
қаулысымен  мақұлданған  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы  дүниеге  келді. 
Бағдарламаның 
негізгі 
мақсаты 
да 
кӛшіп 
келушілерді, 
Қазақстан 
Республикасының  аумағында  еңбек  қызметін  жүзеге  асыру  үшін  келген 
Қазақстанның бұрынғы азаматтарын, еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын 
Қазақстан  азаматтарын  ұтымды  қоныстандыру  және  олардың  жайғасуына 
жәрдемдесу  болып  табылады.  Осылайша,  бар  жүгі  Еңбек  және  халықты 
әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелген «Нұрлы кӛш» бағдарламасы алдағы 
3  жылда  жүзеге  асырылуы  тиіс.  «Нұрлы  кӛштің»  шырайын  келтіру  үшін 
мемлекеттік  және  жергілікті  бюджеттен  197  миллиард  теңге  қарастырылып 
отыр.  Демек,  қолдау  бар,  қаржы  бар  мӛлшермен  –  60  мың  отбасын,  орта 
есеппен  300  мың  адамды  Қазақстанға  кӛшіріп  алу.  Яғни,  бір  жылға  бӛлінген 
квота,  Елбасы  растағандай  20  мың  орыннан  аспайды.  Инфрақұрылымдық 
дайындық  қалай  десеңіз,  әзірге  биыл  бұл  бағдарламаны  іске  асырудың 
сынамасы  Оңтүстік  Қазақстан  (Шымкент  қаласында  «Асар»  елдімекені)  575 
отбасына,  Шығыс  Қазақстан  (Курчатов  қаласы)  200  және  Ақмола 
облыстарында  (Красный  Яр  ауылы)  276  отбасына  баспана  салу  жұмыстары 
қарқынды жүріп жатыр [145]. Сӛйтіп, бұрынғыдай стихиялы кӛші-қон келмеске 
кетеді. Оралман ӛзі тұратын жерді таңдамайды, Үкімет ұсынған жерге барады. 
Себебі,  елімізге  келетін  әр  азаматтың  жасы,  білімі,  еңбек  тәжірибесі, 
мамандығы  сарапқа  салынады  да,  жұмысқа  тұруына  лайықты  деген  аймаққа 
жіберіледі.  Сонымен  бірге,  бұрын  оралмандарды  ауылдық  жерлерге 

 
 
116 
қоныстандыру  кӛзделсе,  бұл  бағдарлама  бойынша  республикалық  және 
аймақтық  қалалардың  маңайына  орналастыру  кӛзделіп  отыр.
 
Бағдарлама 
бойынша  үш  жылдың  ішінде  (2009-2011  жылдары)  60  мыңнан  астам  отбасы 
қабылданады.  Олардың  жартысынан  астамын  солтүстік  аумақтық  даму 
кіндігіне  жататын  ӛңірлерге  бағыттау  қарастырылады.  Бағдарламаға 
қатысушылырдың  үштен  бірі  орталық  аумақтық  даму  кіндігіне  жататын 
аудандарда,  шамамен  20  пайызы  оңтүстік  кіндігінің  елді  мекендерінде 
қоныстанатын болады.   
    Диаграмма 4. Оралмандарды облыстар бойынша қоныстандыру 
 
28%
10%
10%
2%
1%
12%
2%
2%
5%
8%
7%
2%
7%
2%
2%
Оңтүс ік Қазақс тан
Алматы
Қарағанды
Солтүс тік Қазақс тан
Павлдар
Шығыс  Қазақс тан
Алматы қалас ы
Атырау
Маңғыс тау
Жамбыл
Ақмола
Ақтөбе
Қос танай
Қызылорда
Батыс  Қазақс тан
 
Жалпы  шет  елден  келген  қандастарымыз  алғашқы  жылдары  Алматы, 
Онтүстік  Қазақстан  ӛңірлеріне  кӛптеп  шоғырланды,  бұл  біржағы  сол 
ӛлкелермен  қанаттас  ҚХР-сы  мен  Ӛзбекстаннан  келушілердің  кӛпшілігіне 
байланысты  болса,  екінші:  жағы  қай  елден  келген  оралман  болсын  ауа  райы 
қатал солтүстік ӛңірлерге қоныстануға құлықсыз болды. Тек ел ордасы Астана 
бой кӛтерген жылдардан бастап оралмандардың солтүстікке қоныстану саны да 
ӛсті. Бағдарламаға қатысушылардың барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі 
деп кӛзделген. Бұл орайда, тұрғын үй қоры тұрғын үйді қалпына келтіру, салу, 
сатып алу және жалға алу ( Астана және Алматы қалаларындағы бағдарламаға 
қатысушылар үшін ) есебінен қалыптастыратын болады. 
Тұрғын  үйді  қалпына  келтіру  республикалық  бюджеттен  бӛлінетін 
біржолғы  ӛтемақы  мен  жәрдемақылардың  есебінен,  тұрғын  үй  құрылысы, 
«Қазақстанның  Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі»  акционерлік  қоғамы  несиесі 
есебінен,  ал  тұрғын  үй  арендасы  бағдарламасына  қатысушылар  жергілікті 

 
 
117 
бюджет қаражатынан және жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы негізінде 
жүргізілетін болады.  
«Нұрлы кӛш» бағдарламасының тағы бір ерекшелігі, оралмандарға қатысты 
мәселені  шешу  үшін  әлеуметтік  кәсіпкерлік  корпорациялардың  тартылуы. 
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  жұмыс  істеп  жатқан  әлеуметтік  кәсәпкерлік 
корпорациялар «Нұрлы кӛш» бағдарламасы арқылы оралмандарды баспанамен 
қамтамасыз  ету  ісіне  қатысатын  болды.  Бұл  корпорациялар  оралмандардың 
және бағдарламаға қатысушы ӛзге де тұрғындарды баспанымен қамтамасыз ету 
ісінде  еңбасты  тапсырыс  берушілердің  міндетін  атқаратын  болды.  Ал 
әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар құрылыс салушыны тартуы тиіс [146]. 
Бағдарламаға  қатысушыларды  жұмыспен  қамтамасыз  ету  мәселесіне 
тоқталар  болсақ,  бағдарламаға  қатысушыларды  түрлы  салаларда  жұмыспен 
қамту  ісі  кӛзделген.  Бұл  ӛнеркәсіп,  құрлыс,  ауыл  шаруашылық,  білім  беру, 
денсаулық  сақтау,  басқарумен  әлеуметтік  қызмет  кӛрсету  салалары  болуы 
мүмкін.  Бұл  ретте  жұмыспен  қамтамасыз  етудің  түрлі  нысандары:  жалдамалы 
еңбек,  шағын  және  орта  кәсіпкерлікке  қатысу  шаралары  да  қолданылатын 
болады.  Дегенмен,  оралмандарды  жұмыспен  қамтамасыз  ету  ісі  олар 
орналасқан ӛңірлердің стартегиялық маңыздылығы мен ӛндірістік ерекшелігіне 
де  байланысты  болмақ.  Сондықтан,  оларға  ұсынылатын  жұмыс  түрлеріде 
ӛңірлерге  қарай  ӛзгеріп  отыруы  мүмкін,  сонымен  бірге  бағдарламаға 
қатысушылардың  білім,  білік  деңгейі  мен  экономикалық  белгілі  бір 
секторындағы  жұмыс  тәжірибесі  болуы  керек.  Ал,  қажет  болған  кезде 
жергілікті  атқарушы  орган  ұйымдастырылатын  оқуға  және  қайта  оқуға  дайын 
болу  тиіс.  Бағдарламаға  қатысушылар  ӛзінің жеке  кәсібін ашуға  ниетті  болған 
жағдайда,  олардың  тиісті  машығы  мен  тәжірибесі,  кәсіпкерлікпен  айналысу 
үшін қажетті белгілі бір қаражаты болуы керек. Шағын және орта кәсіпкерлікті 
ынталандыру  үшін  әлеуметтік  кәсіпкерлік  корпорациялар  несие  береді  және 
ӛзгеде  жәрдем  кӛрсетіледі,  жалпы,  бағдарлама  толық  жүзеге  аса  қалған 
жағдайда  еліміз  бойынша  150  мың  адам  жұмыспен  қамтамасыз  етілуі  тиіс. 
Қазір «Нұрлы кӛш» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыс еліміздің 
түкпір-түкпірінде  қарқын  алды.  Атап  айтқанда  кӛші-қон  комитетінің  Астана 
қаласы  бойынша  департаментінде  2008  жылдың  1  қазанындағы  жағдайында 
5661 қоныс аударушы (1199 отбасы) тіркелген. Оның ішінде Моңғолиядан - 245 
отбасы, Қытайдан - 157, Ресейден - 276, Ӛзбекстаннан - 423, Түрікменстаннан - 
46,  Тәжікстаннан  -  3,  Қырғызстаннан  -  75,  Белоруссиядан  -  2,  Украина  бір, 
Молдовадан  -  бір  отбасы  кӛшіп  келген.  Бағдарлама  бойынша  ӛткен  жылдың 
соңының  ӛзінде  Ақтӛбе,  Ақмола,  Шығыс  Қазақстан  облыстарында  жүзеге  аса 
бастады.  «Сарыарқа»  компаниясы  Ақмола  облысының  орталығы  Кӛкшетау 
қаласы  іргесінен  100  –  ден  астам  отбасына  арналып  тұрғын  үйлер  салып 
пайдаға  берді.  Шығыс  Қазақстан  облысы  Курчатов  қаласындағы  иен  тұрған 
тӛрт  пәтер  үйді  күрделі  жӛндеуден  ӛткізіп  оралмандарды  2009  жылдың 
желтоқсан  айында  қабылдау  дайындығы  жылдың  2  жартысында  басталған 
болатын. Ал Ӛскемен қаласының іргесіндегі Новоявленка ауылынан 2010 жылы 

 
 
118 
300 - ден астам отбасына арнап «Нұрлы кӛш» бағдарламасы аясында тұрғын үй 
салынып жатыр. 
Сондай-ақ,  Солтүстік  Қазақстанның  Қызылжар  ауданында  140  отбасылық 
«Бәйтерек»  ықшам  ауданы,  Ақтӛбе  облысының  Хромтау  ауданындағы  мыс 
кеніші жанынан «Кӛктау-2» 200 отбасылық ықшам ауданы, Ақмола облысының 
Степногор 
қаласында, 
Қостанай 
облысының 
Заречный 
кенттерінің 
әрқайсысында  300  отбасылық  коттедж  үйлер  салынуда.  Әрі  бұл  аудандардың 
барлығында  мектеп  үйі  және  балабақша,  сондай-ақ  тұрмыстық  қызмет 
орындары  бой  кӛтеруде.  Ал  осы  бағдарламаның  бастамашысы  Шымкент 
қаласында  575  коттедж  салынған.  Алдағы  үш  жыл  ішінде  тағы  1725  коттедж 
салынбақ    Бұл  оралмандардың  болашағының  жарқын  болуы  үшін  жасалып 
жатқан қадамдардың бірі ретінде бағалануда.  
«Нұрлы  кӛш»  бағдарламасының  маңызы,  артықшалығы  жайлы  еліміздің 
қазақ  тілді  басылымдарында  жарияланып  жатқан  материалдардың  молдығы 
бағдарламаның  ӛміршеңдігін  кӛрсетеді.  Бір  ғана  мысал  келтірсек  ӛткен  жылы 
еліміз  кӛлеміндегі ең мол  таралымды басылымдарды айтпағанда тек  «Ақиқат» 
журналында  ӛзі  бұл  бағдарламаға  жіті  назар  аударып  кӛптеген  материалдар 
жариялады.  Тіпті  2009  жылғы  №10-11  сандарында  қатарынан  кӛлемді  екі 
мақала  жариялаған.  Осындай  мақалалардың  барлығында  да  «Нұрлы  кӛш» 
бағдарламасының  ел  дамуындағы  басты  стратегиялық  бағыттардың  бірі 
екендігі  баса  дәріптелуде.  Мысалы,  «Ақиқат»  журналында  Б.  Паратқанның 
«Нұрлы  кӛш  не  әкелер  екен?».  Сӛйтіп,  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы 
оралмандардың  тұрмысын  түзеу,  басқа  да  мәселелерді  шешуде  маңызды  рӛл 
атқара бастағанын аңғару қиын емес [147]. 
Біріншіден  Оралмандардың  басты  проблемасы  баспана  мәселесін  шешті, 
екіншіден  жұмыссыздық  мәселесін  толықтай  болмаса  да  белгілі  дәрежеде 
азайтты,  үшіншіден  оралмандардың  кері  кӛшінің  жолын  кесті,  тӛртіншіден 
«Нұлы  кӛш»  бағдарламасының  басты  жетістігі  квотаға  қатысты  сыбайлас 
жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік туғызып отыр. Күні бүгінге дейін қазақ 
баспасӛзі  шетжағалап  қана  сын  семсеріне  іліктіріп  жүрген,  бақылаушы 
органдар  санаулы  адамдарды  ғана  қолға  түсіріп,  қылмыстық  іс  қозғап,  жаза 
кескен  бұл  қылмыс  шын  мәнінде  тамырын  тереңге  жайып  үлгіргені  қапысыз 
шындық  еді.  Кӛші-қон  полициясы,  облыстық  кӛші-қон  департаменттері, 
делдалдар  арасындағы  ымыра  жемқорлықтың  асқынып  тұрғанын,  оралмандар 
саны  жасанды  құжаттармен  артып,  бӛлінген  квота  жемқорлардың  қалтасына 
түсіп  жатқанын  оралмандар  ӛз  орталарында  күңкілдеуден  аспайтын.  Ал 
«Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы  бойынша  келгендер  тұрақты  бір  жерде  15  жыл 
ӛмір  сүруге  тура  келетіндіктен  мұндай  құйтырқылық  жолмен  жоқ  адамдарды 
бар етіп кӛрсетіп, құжат ӛткізіп, квота ақшасын жейтіндердің жолын кесті.  
Алайда,  еліміздің,  елім  деп  аңсап  келетін  оралмандардың  болашағы  үшін 
Елбасының  тікелей  тапсырмасымен  атқарылып  жатқан  «Нұрлы  кӛш» 
бағдарламасын  жүзеге  асыруда  кӛптеген  жетістіктер  болғанымен  кемшіліктер 
де жоқ емес. Ең әуелі маңызды бұл істің науқаншылдыққа айналып кетпеуін де 
қадағалау қажет сияқты. Жалпы жаңадан қолға алынған істе шикілік тұстар да 

 
 
119 
жиі  кездесетінін  ескеру  қажет.  Мәселен  жоғарыда  айтқанымыздай  Кӛкшетау 
қаласы  іргесінен  салынған  үйлердің  тым  сапасыз  болғандығы  орналасқан 
ағайындардың  ренішіне  әкеліп  соққанын  жергілікті  және  орталық  баспасӛз 
құралдары  әлденеше  рет  санағанын  білеміз.  Ал  Курчатов  қаласындағы 
жӛндеуден  ӛтіп  жатқан  пәтер  үйлердің  жоспарланған  мерзім  2009  жылдың 
желтоқсанында  бітпей  2010  жылдың  сәуір  айына  дейін  жалғасуы  салдарынан 
бұл  үйлерге  тапсырыс  беріп,  шарт  жасасқан  оралмандар  кӛп  уақыт  еңбексіз 
Ӛскемендегі  бейімдеу  орталығының  4  бӛлмесінде  5  отбасы  қысылып-
қымтырылып ӛмір сүріп қиындық кӛрді. Бұл Елбасының тапсырмасын орындау 
атты  игі  бастама  болғанымен,  «Қолы  кӛтермейтін  шоқпарды  беліне  байлау» 
деген  сияқты  орындай  алмайтын  шаруаны  қолға  алып  ақыр-соңында 
кӛзбояушылыққа  дейін  баратын  жағдай  туындатып  жатқанының  алғашқы 
кӛрінісі  болса  керек.  Сондықтан  оралмандардың  болашағына  арналған  мұндай 
қадамда  мұқият  болмаса  бағдарлама  нәтиже  бермей  қалуы  мүмкін  екенін  де 
ескеру керек.  
Кӛші-қон барысында «Нұрлы кӛш» сияқты нақты бағдарламалар жасалып, 
игі қадамдар жасалғанымен 20 жыл бойы айтылса да, қазақ баспасӛз құралдары 
сан мәрте дабыл қақса да шешімін таппай келе жатқан мәселелер толып жатыр. 
Оның  үстіне  қолға  алынған  қандай  іс  болмасын  жүзеге  асу  барысында  жаңа 
проблемаларға  тап  болатыны  да  заңды  құбылыс.  Сондықтан  оралмандар 
мәселесінің  де  болашақта  дұрыс  жолға  қойылуы  шешімін  таппай  келе  жатқан 
кемістіктерге  қорытынды  жасап,  жеделдетіп  шешудің  тактикалық  жолдарын 
қарастыру 
мен 
болашақта 
туындауы 
ықтимал 
ӛзекті 
мәселелерді 
болдырмаудың  алдан-ала  жолдарын  қарастырған  стратегиялық  жоспар,  бағыт-
бағдар белгілеуге тіке байланысты болмақ [148].  
Шетелдегі  қандастарымыздың  ата  жұртына  оралуы  елімнің  экономикасын 
дамытудағы адам ресурсы атты негізгі мәселені шешу, ел-жердің байырғы иесі 
жергілікті  ұлттың  басымдығын  арттыру,  сабағынан  үзілуге  дәс  қалған  ұлттық 
рухымызды  кӛтеру,  сӛйтіп,  тәуелсіз  Қазақстанның  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
етудің  басты  тетіктерінің  бірі  екенінде  дау  жоқ.  Әрі  қандастарымыздың  дені, 
нақтырақ айтқанда 5 миллиондай қазақтың әлі де шетелдерде тұрып жатқанын 
ескерсек,  алыстағы  ағайындарды  атажұртқа  оралту  тұрғысындағы  бүгінге 
дейінгі  атқарылған  шаруа  үлкен  істің  бастамасы  ғана.  Ең  әуелі  біз  ӛткендегі 
қателіктерден  сабақ  ала  отырып,  бүгінге  дейін  орын  алып  келген  басты-басты 
кемістіктерді  толық  жоюға  бағытталған  іс  шараларды  жедел  қолға  алуымыз 
қажет. 
Оралмандардың  болашағын  нұрлы  болдыруға  кедергі  болып  отырған,  әрі 
баспасӛз құралдарында айтыла-айтыла жауыр болған ең басты кемістіктер мен 
оларды  шешудің  тактикалық  жолдары  ретінде  үкімет  тарапынан  тӛмендегі 
жайлардың шешімін табу. 
Бірінші:  Оралмандардың  жаңа  ортаға  келген  соң  ел  қатарлы  ӛмір  сүріп 
кетуінің  басты  кепілі-баспана  мәселесін  шешудің  жаңа  жолдарын  қарастыру. 
Бұл тұрғыда  «Нұрлы кӛш» бағдарламасы маңызды рӛл атқарғанымен мәселені 
түбегейлі  шеше  алмайтыны  белгілі.  Жоғарыдағы  кемістіктер  жолға  қойылды 

 
 
120 
дегеннің  ӛзінде  бұл  бағдарлама  алда  келетін  барлық  оралмандарды  қамти 
аламайды.  Ондай  мақсат  қойып  та  отырған  жоқ.  Сондықтан  оралмандарды 
баспаналы  болдырудың  басқа  жолдарын  қарастыру  немесе  «Нұрлы  кӛш» 
бағдарламасының  ауқымын  кеңейтіп,  оралмандарды  баспаналы  болдырудың 
басқадай жолдарын да «Нұрлы кӛш» бағдарламасына енгізу қажет [149]. 
1  Баспана  салуға  бӛлінетін  квоталық  қаржының  кӛлемін  кемінде  ауылдық 
жердегі сатылатын үйлердің бағасының орташа деңгейіне жеткізу, жалпы квота 
мӛлшерін  арттырып  республикалық  бюджеттің  бір  пайызына  дейін  кӛтеру 
жӛніндегі ұсыныстарды жүзеге асыру. 
2  Облыс  орталығы,  басқа  да  ірі  қалалардан  баспана  салуына  арнап 
оралмандарға  жер  телімін  беруді  түбегейлі  шешу,  әрі  рәсімдеу  жолдарына 
жеңілдіктер  кӛрсету.  Бұл  оаралмандарды  баспаналы  болдырудың  ғана  жолы 
емес  қалалы  жерлердегі  қазақтардың  үлес  салмағын  арттырудың  да  тиімді 
тәсілі болмақ. 
3  Оралмандардың  үй  салуына  арнап  жеңілдетілген  несиелер  беру  қазір 
«Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы  бойынша  «Тұрғын  үй  жинақ  банкіне»  ғана 
рұқсатталған. Алда екінші дәрежелі банктердің барлығына мемлекет тарапынан 
міндет жүктеу. 
Екіншіден кӛші-қонның алғашқы жылдарындағы үрдісті қайта жаңғыртып, 
«Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы  бойынша  оралмандарды  кӛлік  апарып,  жерінен 
кӛшіріп  әкелу.  Бір  ғана  мысал  келтірсек,  қазір  дамуы  мешеу  Моңғолияда 
тіршілік  тауқыметінен  болып,  жол  қаржысын  таба  алмаудан  келе  алмай 
отырған  мыңдаған  отбасы  бар  екеніне  зерттеу  барысында  кӛз  жеткіздік.  Бұл, 
әрине, шығын мӛлшерін арттырады. Бірақ ондай елге жетуге зар болып отырған 
отбасылары  сол  кӛлік  шығынына  кететін  қаржыны  алуға  тиісті  квоталық 
жәрдемінен  ұстап қалса да қынжылмайды  
Үшінші:  Күні  бүгінге  дейін  кӛп  айтылса  да  шешімін  таппаған  мәселенің 
бірі  квотадан  тыс  ӛз  күштерімен  келетін  оралмандарға  арнайы  қамқорлық 
жасап,  қолдау  кӛмек  кӛрсетуді  заң  аясында  шешу.  Ол  үшін  ең  бергісі  ӛз 
күшімен  келушілердің  тіршілік  деңгейін  анықтау.  Ӛйткені  ӛз  бетімен 
келушілердің  барлығын  тұрмысының  жақсылығынан  келді  деп  есептеуге 
болмайды.  Квотаға  сыйыспағандықтан  жоқтан  құрап  бар  қылып,  ұрпақ  қамын 
ойлап,  отаншылдық  рух  жетегінде  келіп  жатқандар  қаншама.  Сондықтан  ӛз 
бетімен  келушілердің  ауқаттыларына  түрлі  жеңілдіктермен  несие  беру 
тетіктерін  қарастыру,  тіршілігі  тӛмендеріне  квоталық  мӛлшерде  болмаса  да 
белгілі  дәрежеде  кӛмек  кӛрсету,  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасына  әуелгі  кезекте 
квотадан тыс келгендерді қамту шарасын қолданған жӛн. 
Тӛртінші:  Қазір  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы  бойынша  кӛшіп  келгендерді 
(бір  отбасынан  екі  адамды)  жұмысты  болдыру  ісі  формалды  түрде  іске  асып 
жатыр.  Мамандығы  бойынша  жоғары  жалақылы  жұмыс  тауып  бермей, 
қоғамдық  түрлі  жұмыстарға  тартып  отыр.  Мұндай  шаруалардың  жалақысы  20 
мың  теңгеден  аспайтындықтан  ай  сайынғы  36  мың  теңгелік  қарызда  жабу 
мүмкін  емес.  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы  бойынша  алған  үйдің  қарызына 
алғашқы  бес  жылда  ай  сайын 36  мың,  қалған  он  жылда  24  мың  теңге  тӛлейді) 

 
 
121 
Сондықтан  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы  бойынша  келген  оралмандарды 
жұмыспен қамтудың нақты жолдарын қарастыру. Бұл мәселені шешудің де бір 
жолы  жоғарыдағыдай  келген  оралмандардың  қалалы  жерге  орналасуына 
мүмкіндік  жасау.  Қалаға  орналасқан  ағайындар  түрлі  ӛндіріс,  қызмет  кӛрсету 
орындарын  сағалап,  «екі  қолға  бір  күрек  табатыны»  ӛмірде  дәлелденген 
шындық.  Олар  жұмыс  сұрап  басшылықтың  басын  ауыртпайды.  Түрлі  кәсіптік 
мамандық курстардан мамандық игеруіне де мүмкіндік толық. Ұрпақ үшін деп 
келген қандастарымыздың балаларын оқытуына да мүмкіндік туады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет