Шуршитбай бейбитгул


 Қазақ баспасӛзіндегі оралмандардың мәдени



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата16.02.2017
өлшемі1,08 Mb.
#4208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3.2 Қазақ баспасӛзіндегі оралмандардың мәдени рухани ӛмірі 
Бұл күнге дейін шетелдегі қазақ диаспорасымен байырғы Отанына атбасын 
бұрған оралмандар мәселесімен ел кӛлемінде тікелей, нақты айналысқан екі-ақ 
ұйым бар екенін жақсы білеміз. Оның біріншісі Қазақстан Республикасы Еңбек 
және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігінің  кӛші-қон  комитеті  болса, 
екіншісі  Елбасы  басшылық  ететін  дүниежүзі  қазақтарының  қауымдастығы 
болды.  Кӛші-қонға,  қазақ  диаспорасына  қызмет  кӛрсететін  осы  екі  құзырлы 

 
 
99 
органның  бірі  материалдық,  әлеуметтік  мәселелерді  шешумен  шұғылданса, 
екіншісі,  олардың  рухани  сұраныстарын  қамтамасыз  етуге,  диаспора  арасында 
идеологиялық  жұмыстар  жүргізуге  ден  қояды.  Ӛз  кезегінде,  мұның  бірінің 
орнын  екіншісі  толықтырып  отыратын  маңызды  шаруа  екендігі  күмән 
тудырмаса  керек.  Бірақ,  бұл  ұйымның  да  қауқары,  құзыреті  кӛп  емес. 
Қауымдастық қоғамдық бірлестік болған соң оған бюджеттен бірде тиын қаржы 
бӛлінбейді. Қауымдастықтың жұмысы еліміздегі ӛзге қоғамдық бірлестіктерден 
мүлдем  басқаша.  Сырттағы  32  елмен  ұлан-ғайыр  саладағы  байланыстарды 
тұрақты қаржысыз кӛп мәселелерді жүзеге асыра алмай тұйыққа тіреле беруіміз 
содан,  деп  жазады  қауымдастықтың  бірінші  орынбасары  Талғат  Мамашов 
«Алыстағы ағайын» атты кітабында [72, 10 б.]. 
Қазақстан  Республикасы  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау 
министрлігінің  кӛші-қон  комитеті  негізінен  Қазақстанға  келген  оралмандарды 
квотаға  тіркеп,  орналастырумен  ғана  айналысады.  Сондықтан  бұл  комитетте 
оралмандардың  рухани  мәселесін  шешуге  арналған  қаржы  жоқ.  Жалпы 
комитеттің  мәртебесі  онша  айқын  емес  екендігін  айта  кеткен  жӛн.  Бірақ 
осындай  қаржылық  қиыншылықтарға  қарамай  кӛші-қон  комитеті  де,  ДЖҚҚ-ы 
да  ӛз  шамаларынша  оралмандардың,  шетелдегі  қазақ  диаспорасының  рухани 
қазынасын  күллі  қазақтың  игілігіне  жаратуға,  насихаттауға  ӛз  шамаларынша 
үлес қосып келе жатқанын ешкім жоққа шығармайды. Алайда, аталмыш салада 
барлық  мәселенің  айы  оңынан  туып  тұр  десек,  артық  айтқандық  болар  еді. 
Әрине, бір орында тұрып қалған жоқпыз, баяу болса да жылжып келеміз. Қалай 
дегенде  де  еліміздегі  түрлі  ӛнер  ұжымдары,  «Қазақстан  Жазушылар  Одағы», 
«Суретшілер  Одағы»,  Ғылым  Академиясы  сияқты  ӛнер,  ғылым  мекемелері 
оралман  ағайындар  ішіндегі  дарын  талантты  азаматтарды  қызметке 
орналастырып, олардың ӛнерін, туындыларын кең кӛлемде насихаттап келеді.  
Бүгінгі  таңда  опера  әншісі  Майра  Мұхаметқызы,  Қабылаш  Әбікейұлы, 
биші Шұғыла Сапарғалиқызы сияқты ӛнер майталмандарының сыртында Құран 
Кәрімді қазақ тіліне аударған ғалым, жазушы Халифа Алтай, түркі әлемін түгел 
зерттеген  академик  Зардыхан  Қинаятұлы,  кӛне  түркі  бабаларымыздың 
басындағы  руникалық  Орхон  жазуларын  қайта  оқып,  толықтырып  бүгінгі 
ұрпаққа  жеткізген  ғалым  Қаржаубай  Сартқожаұлы,  тарих  ғылымдарының 
докторлары,  профессорлар  Нәбижан  Мұқаметханұлы,  Тұрсынхан  Зәкен, 
саясаттанушы  ғалым,  Парламент  депутаты  Нұртаза  Булутай  сияқты  ғалымдар 
күллі  Қазақстан  Республикасына  әйгілі  болса,  сӛнуге  шақ  қалған  сыбызғы 
ӛнерін  бүгінгі  ұрпаққа  жалғастырған  Кәлек  Құмақайұлы,  қылқалам  шебері 
Ӛмірзақ  Рүстемұлы,  күйші  Қабыкей  Ахмерұлы,  әнші  ақын  Керім  Елемес 
сияқты  ӛнер  шеберлері,  Сәбит  Жақсылық,  Қабидаш  Қалиасқарұлы,  Жәди 
Шәкен  және  Бодауқан  Тоқанұлы  қатарлы  кӛптеген  ғалым,  ақын-жазушыларды 
халыққа  кеңінен  танылды.  Алайда,  әсіресе  оралман  жастар  ортасында  небір 
дарын,  талант  иелері  орыс  тілін  білмеуден,  басқа  да  себептерден  қызметке 
орналаса  алмай,  ғылым,  ӛнер  саласындағы  бағын  аша  алмай  жүргені  де 
шындық [124]. 

 
 
100 
Жалпы  оралман  ағайындар  бойындағы  рухани  қазынаны  халық  игілігіне 
жарату  тұрғысында  кемшілік  аз  емес.  Оралмандардың  рухани  мәселесіне  мән 
беруде  үкіметтік  органдар  да,  қоғамдық  ұйымдар  да  салғырттық,  енжарлық 
танытып  істен  гӛрі  сӛздің,  кейде  тіпті  жалаң  ұраншылдықтың  жетегінде  кетіп 
отыр. 
Басты  кемшілік  елімізде  кең  ӛріс  алып  жатқан  мәдени  мұраларды  сақтау, 
рухани  құндылықтарымызды  қорғау  жайындағы  дүбірлі  әңгімелерде,  келелі 
шараларда  шет  елдердегі  ағайындардың,  келген  оралмандардың  рухани 
құндылықтары,  оларды  насихаттау,  кәдеге  жарату  ауызға  алына  бермейтіндігі, 
шекараның  арғы  бетіндегі  қандастарымызда  қазақ  әдебиеті  мен  ӛнерінің, 
тарихы  мен  мәдениетінің  сарқылмас  мол  мұралары  бар.  Олардың  бұл  салада 
жасап  жатқан  еңбектері  тіптен  қыруар.  Сол  мәдени  құндылықтарды  біртұтас 
қазақ  руханиятынан  бӛліп  қарауға  еш  негіз  жоқ.  Бәрі  де  қазақ  руханиятының 
қайнар  кӛзі  екендігінде  дау  жоқ.  Мәселен,  Қытайдағы  әдебиет  зерттеушісі, 
белгілі  қаламгер  Оразанбай  Егеубаевтың  мәлімдеуінше,  ондағы  қазақ 
фольклорының  жинағы  100  томға  дейін  барады.  Шыңжандағы  қисса-
дастандарды бастырудың тарихы 1982 жылы тарихшы ғалым, жазушы Нығмет 
Мыңжанның  тікелей  араласуымен  басталады.  Қазірге  дейін  осы  тақырыптағы 
дүниелердің 18 томы жарық кӛрген екен. Ал, ғашықтық жырлар 8 томға дейін 
баспадан  шыққан.  Айтыстың  ӛзінен  6  томдық  кітап  жарық  кӛріпті.  Бұл  аз 
қазына емес. 
Шыңжаң  ӛлкесінде  1,5  миллион  қазақ  тұрады  деген  ресми  дерек  бізге 
кӛптен  бері  мәлім.  Алтай,  Іле,  Тарбағатай  аймақтарына  қарасты  22  аудан,  5 
қалада  тұратын  қандастарымыз  бүгінгі  таңда  11  газет,  30  журналды  ӛз 
тілдерінде  оқиды.  Сонымен  қатар  ішкі  ӛлкелерге  таратылатын  3  газет,  10 
журнал  тағы  бар  екен.  Бұған  Бейжіңдегі  «Ұлттар»,  Үрімшідегі  «Шыңжаң», 
Құлжадағы  «Іле»  халық  баспаларын  қосайық.  Осы  басылымдарда 
қандастарымыздың 
қаншама 
фольклорлық, 
археология-этнографиялық, 
музыкалық  дүниелері  жарық  кӛріп  жатыр.  Баспасӛзде  тиісті  орындар  осыған 
назар аударулары қажеттігі жиі айтылады [125]. 
Қытай  қазақтары  әдебиетіндегі  фольклорлық  дүниелерді  былай  қойғанда 
осы  заманғы  жалпы  қазақ  әдебиетіне  қомақты  үлес  қосқан  ақын-жазушылар 
қаншама.  Таңжарық  ақынның  жырлары,  Қажығұмар  Шабданның  романдары 
еліміз  баспасынан  енді-енді  ғана  жарық  кӛре  бастады.  Бірақ  аз  данамен 
басылатын  бұл  кітаптар  жайлы  қарапайым  оқырмандар  мүлдем  хабарсыз  десе 
де  болады.  Ал,  күллі  қазақ  әдебиеті  тарихында  тұңғыш  рет  Қазан  қаласында 
1890-1900  жылдары  жеті  кітабын  бастырған,  Алаштың  арысы  Міржақып 
Дулатовпен  бірдей  «Оян,  қазақ»  деп  жар  салып,  халқын  ӛнер,  ғылым-білім 
үйренуге шақырған Қытай қазақтарынан шыққан әйгілі ақын  Ақыт Үлімжіұлы 
шығармалары  біз  үшін  мүлдем  бейтаныс  десе  де  болады.  «Қазақ  әдебиеті», 
«Ана тілі» басылымдары арқылы ғана бізге енді жетіп жатыр. [126] 
Шекараның  арғы  бетіндегі  қандастарымызда  қазақ  әдебиеті  мен  ӛнерінің, 
тарихы  мен  мәдениетінің  сарқылмас  мол  мұралары  бар.  Олардың  бұл  салада 
жасап  жатқан  еңбектері  тіптен  қыруар.  Сол  мәдени  құндылықтарды  біртұтас 

 
 
101 
қазақ  руханиятынан  бӛліп  қарауға  еш  негіз  жоқ.  Бәрі  де  қазақ  руханиятының 
қайнар кӛзі. 
Әсіресе  қазақ  баспасӛзі  шетелдегі  қазақ  диаспорасы  мен  оралмандардың 
рухани қазынасын насихаттауды ұмыт қалдырды деп айта алмаймыз. Кӛптеген 
басылым  бұл  саланы  тұрақты  насихаттап  келеді.  Шетелдегі  қазақ 
диаспорасының  рухани  қазынасы  білікті  азаматтармен  жасалған  сұхбаттарда, 
олардың  жазған  мақалаларында  біршама  орын  алды.  «Егемен  Қазақстан» 
газетіне  жарияланған  ғалым  Тұрсынхан  Зәкенұлының
  «
Дарияға  құйған  бір 
бұлақ»  атты  кӛлемді  мақаласында  қытай  қазақтарының  мәдениеті  мен 
әдебиетінің  сан  ғасырлық  тарихы,  бүгінгі  даму  деңгейі  жайлы  егжей  тегжейлі 
баяндайды [101, 2 б.]. 
Жалпы  шетелдегі  қазақ  диаспорасының  ӛнер-мәдениет  қайраткерлерінің 
мұрасы  мүлдем  зерттелмей,  айтылмай,  жазылмай  жатыр  деген  қорытынды 
жасаудан  аулақпыз.  Шетелдегі  қазақ  диаспорасы  атажұртқа  қоныс  аудара 
бастаған  осы  аз  жыл  ішінде  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы,  кӛші-қон 
департаменті  ӛзге  де  органдардың  оралмандардың  мәдени-рухани  ӛміріне, 
олардың күллі қазақ ұлтының рухын кӛтеруге қосқан үлесін насихаттауға біраз 
еңбек  сіңіргені  зерттеу  барысында  айқын  аңғарылады.  Олардың  том-том 
шығармалары  кирилл  қарпімен  қайта  басылмаса  да  кӛптеген  еңбек  жарық 
кӛрді, насихатталды. 
Алайда,  қай  басылымды  парақтап  кӛрсекте  кӛші-қон  саласында  сұхбат 
иелері кӛбінесе осы салаға жауапты басшылар болып келеді. Бұл әрине, заңды 
үрдіс.  Алайда  олар  оралмандардың  тұрмыс  тіршілігіне  байланысты,  соның 
ішінде  жақсылық  жақтарын,  мемлекет,  үкімет  тарапынан  кӛрсетіліп  отырған 
қолдау  кӛмек  жайлы  кӛпірте  айтқанымен  шеттен  келген  ағайындарымыздың 
рухани  жағына  үңіле  бермейді.  Кӛптеген  басылым  ӛнер-мәдениет  саласының 
білгірлерімен  оралмандар  тақырыбында  сұхбат  ӛткізбейтіні  де  сараптама 
барысында анық болып отыр. 
Ал, шын мәнісінде оралмандар мен шетелдегі қазақ диаспорасының еліміз 
үшін  басты  құндылығы  экономикадан  да  артық  халықтың  рухани  ӛміріне 
қатысты  құндылықтар  болуға  тиіс.  Елбасының  дүние  жүзі  қазақтарының 
үшінші  құрылтайында  сӛйлеген  сӛзіндегі  келген  ағайын  «елімнен  не  аламын 
деп емес, не беремін деп келулері керек» деген сӛзін де біржақты экономикаға 
байланысты  түсініп  жүргенге  ұқсаймыз.  Экономикадағыдай  нақты  нәтижесін 
цифрмен  есептеуге  болмаса  да  рухани  құндылықтың  маңызы  экономикадан 
асып  түсетініне  оралмандар  ісіне  жауапты  мемлекеттік  органдар  да,  қазақ 
баспасӛзі  де  жіті  мән  бере  алмай  келеді.  Әрі  шетел  диаспорасында  сақталған 
ұлттық  құндылықтарымыз  бен  осы  құндылықтарды  жасаушылардың  ӛкілі 
оралмандардың  ұлттық  салт-дәстүрімізді,  тіліміз  бен  дінімізді  жаңғыртудағы 
рӛлінің күшті екенін ескеруіміз қажет. Әрине қазақ деген қажырлы халық қайда 
жүрседе  ұлтық  рухын  жоғалтпайтын  шындық.  Ӛз  атажұртында  отырған  қазақ 
халқының  ұлтжанды  бӛлігі  қазақи  рухтан  біржола  айырылып  қалды  деуден 
аулақпыз  Дегенмен  еліміде  тоталитарлық  жүйе,  отаршылдық  саясат 

 
 
102 
салдарынан  ұлттық  рухтың  біршама  солғындағаны  да  шындық.  Сондықтан 
бізге жетіспейтіні де - осы рухани қазына. 
Сӛзіміз  дәлелді  болуы  үшін  парламент  мәжілісінің  депутаты  Уәлихан 
Қалижанмен  «Түркістан» газеті  тілшісінің сұхбатына жүгінейік. Депутат қазақ 
баспасӛзінде  жарияланған  оралмандарға  қатысты  түрлі  лауазым  иелерінің 
мәселені  экономикаға  ғана  әкеліп  тірейтін  үрдісін  бұзып,  қандастарымыздың 
осы мәдени, рухани саладағы рӛліне баса назар аударуы мен қоса, жоғары баға 
беруімен құнды [126, 3б.]. 
Депутат  ӛз  сӛзінде  оралмандардың  елдің  экономикалық  ӛркеніне  қосып 
жатқан  үлесінен  мәдени,  рухани  ӛміріне  қосып  жатқан  үлесінің  артықтығы 
жайлы біздің ойымызды нақтылай түсіп: «осы жылдары тарихи Отанына келген 
оралмандардың  45-і  ғылым  докторы,  245-і  ғылым  кандидаты,  27  мыңға 
жуығының жоғары білімі бар, 3 мыңан астамы аяқталмаған жоғары білімді, 50 
мыңының  арнаулы  мамандығы  бар,  150  мыңнан  астамы  орта  білімді,  1,5 
мыңдайы  шығармашылық  қызметкер.  Бұл  енді  цифр  ғана,  осы  цифрлардың 
артында  адам  тұр.  Екіншіден  ғылымды  дамытуға  үлес  қосып  жатыр.  Біздің 
қаймағы бұзылмаған қолӛнерімізді алып келіп жатыр. Қытайдан, Моңғолиядан 
келген  біздің  қолӛнершілеріміз  қолданбалы  ӛнеріміздің  маржандарын 
жаңғыртуға кӛмек болуда» деген құнды мәлімет берілді  
Сондай-ақ,  оралмандар  ортасындағы  мәдени-рухани  байлығымызға 
ӛлшеусіз  үлес  қосқан  тұлғалар  жайлы  да  нақты  дерек  келтіріп,  оларға  дербес 
зейнетақы белгілеу қажеттігін айтады. 
Оралмандар  «отанынан  не  аламын  деп емес,  не  беремін  деп  келсін»  деген 
ұран  жиі  кӛтеріліп  жүр  ғой.  Осы  орайда  келгенде  шетте  жүрсе  де  қазақтың 
әдебиеті  мен  мәдениетіне  зор  үлес  қосқан  адамдар  бар.  Мәселен  Қытайдағы 
Қажықұмар  Шабданұлы  немесе  Моңғолиядан  келген,  бүгінде  80  жасқа  толып 
отырған  Қабыкей  Ахмерұлын  алайық.  Бұл  кісілердің  бірі  әдебиетке  зор  үлес 
қосса,  екіншісі  мәдени  мұрамызды  жинауда  ерекше  еңбек  сіңірген  адам. 
Айталық,  Қабыкей  Ахмерұлы  Баян-Ӛлгейде  тұңғыш  ұлт  аспаптар  оркестірін 
құрып,  350  әнді  жинап,  нотасымен  еңбек  етіп шығарған,  150  күйді  тарихымен 
жинақ етіп бастырған адам. Ол кісінің еңбегі ескерілмей жатыр. Бұларға ұлтқа 
сіңірген  еңбегі  үшін  дербес  зейнетақы  тӛлеу  жағын  ескерген  жӛн  емес  пе!» 
дейді [127]. 
Бұл  ретте  «Кӛш»  газеті  ӛзге  басылымдардан  озық  келеді.  Газеттің  әр 
жылғы  сандарын  парақтағанда  осындай  қорытындыға  келдік.  «Кӛш»  газетінің 
шетелдегі  қазақ  диаспорасы  мен  кӛшіп  келген  ағайындардың  жай  күйі  жақсы 
білетін  зиялы  қауым  ӛкілдерімен  ӛткізген  сұхбаттары  оралмандардың  рухани 
жан  дүниесіне  кӛбірек  үңіледі.  Түрлі  лауазым  иегері,  басқаша  айтқанда 
басшылар  мемлекет,  үкімет  адамдары  ретінде  осы  саладағы  мемлекеттік 
саясатта  орын  алып  отырған  кемшіліктерді  айтуға  құлықсыз,  бүркемелеп, 
жасырып  жабуға  тырысады.  Әрі  руханият  тақырыбында  ой  қозғауға 
кӛпшілігінің ӛрелері де жете бермейтіні қапысыз шындық. [128] 
Ал  ӛнер  мәдениет  қайраткерлері,  әсіресе,  басшылыққа  қатысы  жоқ  зиялы 
қауым  халқымыздың  рухани  тірлігінің  білгірлері  ретінде  оралмандардың  осы 

 
 
103 
саладағы  қажеттіліктерін,  ұлт  рухын  ӛсірудегі  үлестерін  жан-тәнімен 
түсінетіндіктерімен ерекшеленеді, әрі, ештеңеден қорықпайды. Сұрақ тӛтесінен 
қойылса  олар  тӛтесінен  жауап  беруден  тартынбайды.  Бірнеше  мысал  келтіріп 
кӛрсек.  Моңғолиядан  келген  тарихшы-этногроф,  жазушы  С.  Қажыбайұлымен 
«Кӛш»  газетінің  тілшісінің  сұхбаты  2005  жылы  жетінші  желтоқсанда 
«Оралманның профессоры да жазушысы да мал бақты» [129],- деген айшықты 
тақырыппен  беріліпті.  Оралмандар  ӛміріне,  шетелдегі  қазақ  диаспорасына 
қатыста  кӛптеген  мәселені  қозғаған  бұл  сұхбатта  осы  саладағы  олқылықтар, 
кемшіліктер  шешімін  таппай  отырған  күрделі  мәселелер  баса  айтылады. 
Тақырыбының ӛзі айтып тұрғандай Қазақстан үкіметі шетелден келген жоғары 
білімді  азаматтарымыздың  ӛзіне  лайықты  жұмыс  бермей  шеттетіп  келгенін, 
Моңғолияның Баян-Ӛлгей аймағы қазақтары арасындағы Кеңес одағы кезіндегі 
мәдениет,  әдебиет,  білім  беру,  ӛнер  саласындағы  жақсы  байланыс  Қазақстан 
жеке  ел  болғаннан  кейін  әрі  дамудың  одан  мүлдем  ұмыт  қалып  бара 
жатқандағын мәселе етіп кӛтереді. 
Ал  2006  жылы  ақпанның  14-і  күнгі  санына  жарияланған  Моңғолиядан 
келген  ақын  жазушы  Ж.  Қамайұлымен  сұхбат:  «Жүректің  бәрі  жаралы,  кӛңіл 
бүтін қазақ жоқ» [130],- деген тақырыппен беріліпті Тілшінің «қалыңыз қалай» 
деген  сұрағына:  «әрине,  әлеуметтік  тұрғыда  бәрі  болып  жатыр,  жаман  емес, 
рухани  тұрғыда  сіз  қалай  кемтар,  шала  жүрсеңіз  мен  де  сондаймын.  Рухани 
тұрғыда ашпын, жұтаңмын. Мен бір шаруамен құжат тапсырсам, я жалақымды 
алсам,  қойшы  әйтеуір  аттап  бассам  орысша  жазуым  керек,  сӛйлеуім  керек. 
Олай болса атамекенге не үшін келдім? Қазақша сӛйлей алмасам, қазақша жаза 
алмасам  тіпті  қазақ  ретінде  керегім  жоқ  болса,  онда  әу  бастан  Ресейге  кӛшіп 
баруым  керек  еді  ғой.  Шекара  асып  шеттен  келген  әр  қазақ  осында  қазақтың 
жері,  қазағымның  ортасы,  ұрпағымды  жеткізейін,  баламды  қазақ  қылып 
ӛсірейін деп Отанын, қазағын сүйгендіктен соны қорғауға, қазақша сӛйлеу үшін 
«ӛзге елде сұлтан болғанша, ӛз еліңде ұлтан бол» деген қағиданы ұстанып келіп 
отыр.  Бірақ  біздің  конституциядағы  «орыс  тілі  ресми  тіл»  деп  жазылған  бір 
ауыз  сӛз  барлығымыздың  жанымызды  ауыртып  отыр.  Әйтпесе  үкімет 
кӛрсетпей отырған жоқ» деп ашына жауап береді. Міне мұндай ашық та ашына 
жауап хатқа сұхбаттарды «Кӛш» газетінің кез-келген санынан оқи аласыз. 
Газетке  әр  санына  жарияланып  келе  жатқан  сын  және  проблемалық 
мақалалардың  кӛтерген  жүгі  бұдан  да  артығырақ  деуге  болады.  Әрі  кӛлемді 
материал  ішінде  де  осындай  мақала  әр  саннан  орын  алған.  Есенгүл 
Кәпқызының  «Ұлт  және  оралман»  [131]  атты  мақалада  түрлі  жиындарда 
басшылардың  сӛйлеген  сӛздері  мен  оралмандар  жайлы  жарыса  жазып  жатқан 
баспасӛз  құралдары  осы  уақытқа  дейін  оралмандардың  Қазақстанға  қосып 
жатқан  үлесін  тек  демографиялық  тұрғыда  ғана  сараптап,  олардың  үлесін 
әлеуметтік  және  саяси  тұрғыдан  қарамайтынымызды  мақалаға  арқау  еткен. 
«Астанада  ӛткен  әлем  қазақтарының  III  құрылтайында  Елбасы  жасаған 
баяндамада «Қазақтар ата мекенінен не аламын деп емес, не беремін деп келуі 
қажет» дегенді. Осы тұрғыда біздің шенеуніктер мұның материалдық астарына 
кӛбірек кӛңіл бӛлді. Келген қазақтың ерулігін берудің ӛзін ауырсынды. Сӛйтіп, 

 
 
104 
кейбір  басылымдар  олардың  келуінен  материалдық  шығынды  кӛбірек  іздей 
бастады.  Шын  мәнінде  оралмандар  бізге  не  берді?  Ӛзгесін  қайдан,  әрбір 
оралманның  кӛкейінде  елім,  жерім  деген  патриоттық  сезім  басым  болады. 
Демек,  шетелден  келген  қандастарымыздың  бойында  ұлттық  рухтың  жоғары 
жатқаны. Сӛйлем алынып тасталды. Қазіргі мәжіліс депутаты Мұхтар Шаханов 
ағамыздың  келтіріп  жүрген  деректеріне  қарағанда  2  миллионға  жуық 
қандасымыз  ӛз  ана  тілінде  оқып  жаза  алмайтын  кӛрінеді.  Яғни,  ұлттық  рухы 
солғындап,  ӛз  тегінен  ӛзі  жеритін  ұрпақ  дүниеге  келген  бүгінгідей  заманда 
ұлттық  рухы  жоғары  оралмандардың  келуі  рухани,  мәдени  дүниеміздің  дүр 
сілкінуіне  әсер  етпей  қоймайтыны  анық»  деп  жазады.  [132]  Міне,  газет  бұл 
мақала  арқылы  оралмандар  материалдық  емес,  ӛзге  рухтық  тұғыдан  қараудың 
маңыздылығын  орынды  кӛтеріп  отыр.  Шынында  да  кӛптеген  басылымдардың 
оралмандар  жайлы  жазылған  материалдарын  саралап  кӛргенімізде  олар 
руханият  мәселесінен  гӛрі  материалдық  жағына  кӛбірек  кӛңіл  бӛлетінін 
байқаймыз. Соның ішінде де ой еңбегімен шұғылданып ғылым-білім, руханият 
саласында  еңбек  етіп  жүрген  зиялыларымыз  туралы  емес,  мал  бағуға  келген 
малшы  оралмандар,  Қытайдан  «тайдай  қызыл  тракторларына»  келіп  егін  егіп, 
жер  жыртып  жүрген,  Моңғолиядан  келіп  әр  жерде  құрылыс  салып  жүрген 
құрлысшы  оралмандарымыз  жайлы  кӛп  жазылады.  Міне  сондықтан  Рух  және 
оралман мақаласы осы үрдісті бұзуға келген ағайындардың елдің отаншылдық 
рухын кӛтеруге қосар үлесі мол екенін түсінуге, баспасӛз құралдары бұған мән 
беруге ой тастайтын мақала.  
Журналист Есенгүл Кәпқызы ойын түйіндей келе мысал ретінде 1954-1962 
жылдар  арасында  Қазақстанға  Қытайдан  қоныс  аударған  200  мың 
қандасымыздың  зорлық-зомбылық,  күшпен  ұжымдастыру,  аштық,  соғыстан 
кейінгі  қалжыраған  халықтың  қоламтасына  түскен  шоқ  болғаны  бүгінгі  саяси 
элита  мойындамаса  да  ұлттық  элита  мойындайтынын  тілге  тиек  етеді.  Бұл 
кӛптеген  газеттердегі  оралмандар  тақырыбындағы  бірін-бірі  қайталаған 
жаттанды  болған  кӛзге  кӛрініп  тұрған  кемшіліктерді  жарыса  жазуынан  бӛлек 
тың сүрлеу солғын жаңа мәселе кӛтерген мақала деуге болады [132, 5 б.]. 
«Кӛш» газеті оралмандардың рухани мәселесін кӛтеруде тек ӛнер мәдениет 
саласының  қайраткерлімен  сұхбат  ӛткізумен  шектелмей  бірнеше  ғасыр  бойы 
ӛзге мемлекеттерде ӛмір сүріп келген ағайындарымыздың жасаған әдебиет ӛнер 
туындыларының  жауһарларын,  сол  саланың  кӛрнекті  ӛкілдерін,  диаспора 
қазақтарының  салт-дәстүр,  тіл,  әдет-ғұрыптарын  сақтап  қалу,  дамыту 
саласында қажырлылық танытқан қайраткерлерінің ӛмір тарихына байланысты 
да  танымдық  рӛлі  зор  кӛптеген  қызықты  да  құнды  материалдар  жариялап 
тұрады.  Атажұрттағы  жалпақ  елге  насихаттауға  да  ұдайы  назар  аударып 
отырды. Газеттің ӛзінің алғашқы санында-ақ «Қашқан кӛш пен қайтқан кӛштің 
арасында»  деген  тақырыпта  Қытай  қазақтарынан  шыққан  ақын  Алмас 
Ахметбекұлымен  келелі  сұхбатын,  ҚХР-ында  туып  ӛсіп  ондағы  қазақтардың 
діни  кӛсеміне,  саяси  қайраткеріне  айналған  аса  кӛрнекті  ақын  Ақыт  қажы 
Үлімжіұлы жайлы мақала, ақынның «Қырық тӛрт назым» жырынан үзінді беруі 
бұған дәлел. 

 
 
105 
Қазақ  баспасӛзі  соның  ішінде  «Егемен  Қазақстан»,  «Қазақ  әдебиеті», 
«Қазақ елі», «Кӛш», «Дидар» сияқты басылымдар отанына оралған оралмандар 
мен  диаспора  қазақтарының  қоғам,  ӛнер,  мәдениет,  әдебиет  саласындағы 
ұлтымыздың салт-дәстүр, тіл, әдет-ғұрыптарын сақтап қалу, дамыту саласында 
қажырлылық  танытқан  қайраткерлерінің  ӛмір  тарихына  байланысты  да 
танымдық рӛлі зор кӛптеген қызықты да құнды материалдар жариялап келді. 
«Егемен  Қазақстан»  газеті  Түркиядан  оралған  қандасымыз  ғалым,  қоғам 
қайраткері  Халифа  Алтаймен  әр  жылдары  бірнеше  сұхбат  ӛткізсе,  «Қазақ 
әдебиеті»  газеті  қытай  түрмесінде  ӛмірін  ӛткізген  күрескер  жазушы 
шыңжаңдық  Қажықұмар  Шабданның  ӛмір  жолын,  туындыларын  зерттеуге 
арналған материалдар жариялады. Ал, «Кӛш» газеті «Шетелде туып, Алматыда 
оқыған аз қазақтың бірімін» деген тақырыпта [133] филология ғылымдарының 
докторы,  әдебиет  танушы  Моңғолиядан  келген  оралман  Қабидаш 
Қалиасқарұлымен,  «Маған  сенім  сыйлаған  жан»  тақырыбында  әйгілі  әнші 
қытайлық  оралман  Майра  Мұхамедқызымен  кӛлемді  сұхбаттар  жариялады. 
Шығыс  Қазақсан  облыстық  «Дидар»  газеті  «Сыбызғысын  Ертістен  суарған 
күйші»  тақырыбында  Ғафура  Сәрсенбайқызының  [134]  Кәлек  Құмақайұлы 
жайлы, «Қос қанат» тақырыбында Бейсенғазы Ұлықбектің ақын Кәп Құмарұлы 
мен Егеухан Мұхамәдиқызы жайлы кӛлемді очерктерін жариялады. 
Бұл  материалдардан  қазақ  баспа  сӛзінде  шетелден  келген  қандастарымыз 
арасындағы  ӛнер,  мәдениет  қайраткерлерінің  ӛмірі,  ӛнер  жолын  насихаттау 
оралмандардың әлеуметтік жағдайына қатысты материалдардай кӛп болмаса да 
ұлттық негізгі басылымдарда назардан тыс қалмаған деген қорытынды жасауға 
болады.  Тағы  бір  ерекшелік,  қайраткерлердің  ӛмір  жолын  кӛрсеткен 
материалдар  кӛбінесе  сұхбат  жанрында  берілген.  Бұл  біржағы  баспасӛздің 
дәстүрлі  жанры  кӛркем  очеркті  бүгінгі  таңда  портреттік  сұхбат  жанры 
публицистика алаңынан тысқары бастағандығын кӛрсетеді. 
Оралмандардың  руханият  мәселесі,  халқымыздың  салт-дәстүр,  ӛнер-
мәдениетіндегі  ұмытыла  бастаған  құндылықтарымызды  қайта  жаңғыртуға 
алыстан  келген  ағайындардың  қосып  жатқан  үлесін  насихаттауда  Шығыс 
Қазақстан  облыстық  «Дидар»  газеті  біршама  белсенділік  танытып  кӛптеген 
материал  жариялағанын  кӛреміз.  Әрине,  жалпы  басшылық  органдар,  соның 
ішінде  оралмандар  мәселесіне  жауапты  мекемелер  келген  ағайындардың 
халқымыздың  рухын  кӛтеруге  қосып  жатқан  үлестерін  насихаттауға  кӛңіл 
аударып,  түрлі  жұмыс  ұйымдастырмаса  журналистердің  ойдан  шығарып, 
материал  жазбайтыны  белгілі.  Әрі  кеткенде  бірен-саран  сын,  проблемалық 
мақалалар  жазған  болар  еді.  Ал  Шығыс  Қазақстан  облысының  әкімдігі  мен 
кӛші-қон департаменті бұл ретте кӛптеген жұмыс ұйымдастырғанын айта кету 
ләзім.  Мәселен,  осы  облыс  басшылығының  бастамасымен  оралман 
ағайындардың  салт-сана,  ата  дәстүрімізді  дамытып  жаңа  белге  кӛтеру 
жолындағы үлестерін насихаттау мақсатында 2007, 2008 жылдары «Қазақстан - 
атажұртым  аңсаған»  [120,  2б.],  деген  атпен  қатарынан  екі  жыл  бойы  форум 
ӛткізген.  Бұл  форумға  облыс  кӛлеміндегі  барлық  аудандар  қамтылып,  ӛз 
аудандарында,  кӛршілес  аудандарға  барып  және  облыс  орталығында 

 
 
106 
ұйымдастырды. Форумда оралмандар мәселесіне мүдделі мекеме басшылары ӛз 
тараптарынан 
ұйымдастырып 
отырған 
түрлі 
жұмыстарын 
баяндап, 
ағайындардың  пікір-ұсыныстарын  тыңдаудың  сыртында  оралмандардың  ӛз 
қолдарымен  жасаған  ұлттық  бұйымдарынан  кӛрме  әзірлеп,  жалпы  халыққа 
тамашалатуды дәстүрге айналдырды. 
Газеттің сол жылғы № 141-142 санына жарияланған Әлібек Қаңтарбаевтың 
Ӛскеменде  ӛткен  оралман  ағайындардың  I  ӛнер  фестивалінен  жазылған 
«Сағыныш»  тақырыбындағы  репортажында  «фестивалдің  соңы  ән-жырға,  мың 
бұралған  би  мен  сай  сүйегіңді  сырқыратар,  тарих  ирімдеріне  шым-шымдап 
бойлатар  күйлерге  ұласты.  Бородулихадан  келген  Қажымұхан  ініміздің, 
Зайсаннан  келген  Түсіпхан  Қайсар  атты  жеткіншектің,  Шығыс  Қазақстан 
мемлекеттік  университетінде  оқитын  Шолпан  Рысханқызымыздың  әндері-ай 
Азатбек  пен  Бейсхан  сынды  жігіттердің  күй  сайысы-ай.  Мейлі  әнін,  мейлі 
термесін,  мейлі  күйлерін,  анау  шекара  сызығының  арғы  беттеріндегі  дариға 
күндерін  аңсамайды  дейсіз  бе  деп  оралмандардың  ӛнеріне  тамсана  таңдай 
қағып, жүректеріндегі сағынышына терең бойлайды. [135] 
Сол  сияқты  Ондасын  Елубайдың  «Самардағы  сағыныш  сазы».  Ардақ 
Бӛлдекбайдың  «Атажұртым  аңсаған»  сияқты  репортаждарды  атауға  болады 
[136]. 
Оралмандардың  мәдени-рухани  ӛмірінің  қазақ  басылымдарында  кӛрініс 
табуына қатысты тағы бір айта кетер жай «Кӛш» газетінен басқа барлық қазақ 
басылымдарында оралмандар тұрмыс-тіршілігіне байланысты сипай қамшылап, 
әсіресе  мақтаған  материалдар  біршама  кездескенімен  нақты  еңбек 
адамдарының,  оралмандар  ішіндегі  ӛзге  елде  жүріп,  ғылым-білім,  басқа  да 
салаларда  айрықша  кӛзге  түсіп,  сый-құрмет,  атақ-абыройға  ие  болған  зиялы 
қауым  ӛкілдерінің  ӛмір  жолын  ұрпаққа  ӛнеге  еткен  немесе  жат  елде  жүріп 
халқының  ұлт  азаттығы  үшін  күрескен  тұлғалар  жайлы  кӛлемді  портреттік 
дүниелердің жоқтың қасы екендігі. 
Бұл  ретте  «Дидар»  газетінің  жарияланған  журналист  Бодаухан 
Тоқанұлының  «Қытай  абақтысында  20  жыл  отырған  оралман»  [137],  -  атты 
кӛлемді  материалдарын  ерекше  атауға  болады.  Портреттік  очеркіде  Семей 
қаласына  жақын  «Жаңа  жол»  ауылына  осыдан  тӛрт  жыл  бұрын  отбасымен  
кӛшіп келген 75 жасар қария Сайын Айдарбекұлы 1950 жылдардағы Қытайдағы 
бір  қазаннан  ас  ішкізіп,  халықты  дамылсыз  ауыр  еңбекке  жеккен  «Коммуна» 
саясатына қарсы кӛтеріліске шыққан топтың мүшесі ретінде сотталып абақтыда 
20 жыл отырғаны, ондағы кӛрген ауыр азабы, заман ӛзгерген тұста ұрпақтарын 
атажұртқа  жеткізу  үшін  кӛшіп  келген  жайлы  баяндалады.  Материалдың 
тақырыбына  қарасақ  оқырман  бір  шолып  шығары  сӛзсіз.  Әрі  шетелде  ұлты 
үшін  басын  бәйгеге  тігіп,  азапқа  түскен  абзал  азаматтың  қым-қуыт, 
қиыншылыққа толы ӛмір жолы оқырмандарды толғандырарлықтай. 
Жалпы,  еліміз  кӛлеміндегі  газет-журналдардың  басты  тақырыбының  бірі-
ӛмір жолы ӛнегелі, Отан үшін аянбай отқа түсіп қан майданда ерлік кӛрсеткен 
немесе  бейбіт  ӛмірде  ел  игілігін  еселеу  үшін  тер  тӛккен  асыл  қарияларымыз 
жайлы  жазылған  тағылымдық  материалдар.  Бұл-әрине,  жас  ұрпақтарға  үлгі-

 
 
107 
ӛнеге  боларлықтай,  ғибрат  аларлықтай  қажетті  дүние.  Алайда  соңғы  кезде 
әркім  ӛзінің  әке-шешесін,  ата-бабасын  дәріптеп  жер  кӛкке  сыйғызбай  мақтап, 
баспасӛз беттерінде орынсыз насихаттап жүргендерді де білеміз.  
Ал,  «танымасты  сыйламас»  дегендей  ұлтының  тағдырына  араша  түсіп, 
жанын шүберекке түйген талай-талай қаһарман оралман ағайындарымыз жайлы 
мұндай  материал  баспасӛз  беттерінен  орын  ала  бермейтіні  ӛкінішті  жәйт.  Біз 
бүгінгі  таңда  кӛп  ретте  шетелдегі  қазақ  диаспорасы  халқымыздың  байырғы 
әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрін  сақтап  қалғанын  тамсана  айтумен  шектелудеміз. 
Бірақ,  осы  үрдістің  болашақта  да  жалғасын  табатынына  кепілдік  жоқ  екенін 
ескере  бермейміз.  Мәселен,  біз  қазір  шетелдегі,  әсіресе,  ҚХР  мен 
Моңғолиядағы  қазақтар  шетелде  жүрсе  де,  байырғы  Отанында  отырған 
ағайындардан артық ұлттық салт-дәстүрін, тілін сақтап келеді дегенімізбен, бұл 
үрдіс  ортаға,  заманға  байланысты  енді  бір  ұрпақ  ауысқан  соң,  бұрынғы 
дәрежесінен  тӛмендеп,  болашақта  мүлдем  құрдымға  кетері  анық.  Ӛйткені 
азшылықтың аты азшылық, кӛп ұлтқа сіңісіп кетпек. Әсіресе, ҚХР бұл тұрғыда 
бұрынғы  ұлттық  саясатты  (аз  ұлттарға  қамқорлық)  босаңсытып,  біртіндеп 
қытайландыру  саясатына  ауысты.  Қазақ  мектептері  бастауыш  сыныптармен 
шектеуде. Дін еркіндігіне байланысты қолдау, бала тууға байланысты жеңілдік 
қазір жоқтың  қасы.  Тіпті  ШҰАР-да  бұрын  ұйғыр,  қазақ  ұлттарының  сыбағалы 
салмағы  ханзулардан  артық  болса,  қазір  ұсақ  ұлттар  осы  ӛлкенің  3/1-і  ғана 
құрайтын  дәрежеге  жетті  Таяу  болашақта  жыл  санап  бұданда  тӛмендейтіні 
айтпаса  да  түсінікті.  Бұл-жоғарыда  айтқанымыздай,  ӛз  жерінде  отырып, 
шетелдік болып қалған қазақтардың бүгінгі жай-күйі. 
Ал  шет  елдердегі  қазақтардың  қалған  диаспорасы  -  қоғамдағы  әртүрлі 
жағдайлардан  қуғын  сүргін  кӛріп,  басқа  елдердің  территориясына  ӛтіп  кетуге 
мәжбүр  болған  ата-бабаларымыздың  ұрпақтары.  Басқаша  айтқанда,  нағыз 
репатрианттар.  Олардың  ұлттық  болмысты  сақтап  қалу  мүмкіндігі  тіптен 
тӛмен.  Жергілікті  ұлттармен  ассимилияцияға  түсіп,  тілден  біржолата 
айырылуға шақ қалғандар. 
Сондықтан  қазақ  баспасӛзі  тек  байырғы  Отанына  қоныс  аударған 
оралмандардың  ғана  емес,  шетелдегі  қазақ  диаспорасының  мәдени-рухани 
ӛмірін  зерттеп,  олардың  мол  мұрасын  күллі  қазақтың  асыл  қазынасына 
айналдырудың  сыртында,  олардың  болашақ  ұрпақтарының  ұлттық  рухтан 
айырылып қалмауына мүмкіндіктер жасау күн тәртібіндегі мәселе болуға тиіс. 
Қытай, Моңғолия қазақтары ӛз  ішінде  ұлттық тілде кӛптеген газет-журналдар, 
кітаптар  шығарып  халқымыздың  ұлттық  болмысын  сақтап  қалуға  арналған 
шаралар  қолданып  отырғаны  белгілі.  Ал,  шетелдегі  ӛзге  қазақ  диаспарасында 
бірде-бір басылымның жоқтығы оларға  пана болатын атажұрттағы арқа сүйері 
еліміз  үшін  ойлануды  қажет  ететін  дүние.  Елімізден  оларға  рухани  азық 
боларлық  не  ұсынып  отырмыз?  Рас,  шетелдегі  қазақ  диаспорасының  рухани 
қажеттілігін  ӛтеуде,  олардың  рухын  оятып,  атажұртқа  деген  аңсарын  аударуға 
кеңестік  дәуірден  бері  еларалық  басылым  ретінде  «Шалқар»  газеті  кӛп  рӛл 
атқарды.  Қазіргі  таңда  бұған  қосылған  жалғыз  басылым  «Алтын  бесік» 
журналы ғана [138]. 

 
 
108 
Жаһандану  үдерісінде  ӛз  қиындығын  ерте  бастан  сезер  болсақ,  онда 
Қытайдағы  қазақтарға  арналған  тӛте  жазу  үлгісінде  Еуропадағы,  Түркиядағы 
қандастарымызға  латын  әріпінде  жарық  кӛретін  газет-журналдар  шығарып, 
тарату  да  маңызды.  Қазіргі  жалғыз  «Алтын  бесік»  журналы  шетелдегі  қазақ 
диаспорасын  толықтай  ақпараттандыруға,  олардың  ұлттық  болмысын  сақтап 
қалуға  жеткіліксіз  екенін  ескеруіміз  қажет.  Бӛтен  ел,  бӛгде  жұртта  жүрген  аз 
ұлттар  яғни,  диаспора  үшін  олардың  тілі  мен  мәдениетін  сақтап  қалудың  ең 
тиімді  жолы  -  ӛзінің  тарихи  Отанымен  әрдайым  тығыз  қарым-қатынаста  болу 
деп  білеміз.  Шеттегі  қандастарымыздың  ӛз  еліне  келіп-кетуіне,  араласуына 
ешбір кедергі жасалып отырған жоқ. Енді, атажұрттан сол ағайындарымыздың 
арасына  барып,  әртүрлі  мәдени  іс-шаралар  ӛткізетін,  гастрольдық  сапарлар 
ұйымдастыратын кез келді. Мұндай шаралардың диаспораға берері ӛте кӛп. Ең 
бергісін айтқанда, бұл ниет қандастарымыздың ұлттық санасын оятады, тӛл тілі 
мен  мәдениетін  сезінуіне  кӛмектеседі.  Ӛзгеге  сіңісіп,  жойылып  кетпеуіне 
осындай  қарапайым  қадамдардың  ӛзінің  рӛлі  аса  зор  екендігін  ұмытпауымыз 
керек.  «Бармасаң,  келмесең  жат  боласың»  деп  қазақ  бекер  айтпаған.  Әсіресе, 
шет  елдегі  казақ  жастарының  ӛз  тарихи  Отанында  білім  алуларына  бар 
мүмкіндігімізше жағдай жасауға міндеттіміз. 
Жалпы,  бұл  бӛлімге  байланысты  байқалған  қазақ  баспасӛзіндегі  басты 
кемшілік, жасалатын қорытынды қазақ баспасӛзі тарихи Отанына кӛшіп келген 
оралмандар  ортасындағы  ӛнер-мәдениетін  насихаттауға  белгілі  дәрежеде  ат 
салысқанымен 
шетелдегі 
қазақ 
диаспорасында 
сақталған 
құнды 
мұраларымызды  бүгін  зерттеп,  күллі  қазақтың  игілігіне  жаратпасақ,  ертең 
айырылып қалу қаупі тӛніп тұр деген қорытынды жасауға болады. Бұл бір жағы 
осы салада журналистеріміз ӛз бетімен ізденіс жасап, игерілмей жатқан рухани 
құндылықтарымыздың  кӛзін  ашудан  гӛрі  «дайын  асқа  тік  қасық»  болып, 
оралмандардың  мәдени  ӛмірін  насихаттауға  арналған  түрлі  мекемелердің 
ұйымдастырған  шараларын  ғана  насихаттаумен  шектеліп  келгенін  аңғартады. 
Мысалы,  Құран  кәрімді  қазақ  тіліне  аударған  Халифа  Алтайдың,  кӛне  түркі 
бабаларымыздың  басындағы  руникалық  Орхон  жазуларын  бүгінгі  ұрпаққа 
жеткізген  ғылым  докторы  Қаржаубай  Сартқожаұлының,  қазақ  әндерін  бүкіл 
әлемге  танытып  жүрген  опера  әншісі  Майра  Мұхаметқызының  рухани 
қазынамызға  қосқан  үлесінің  ӛзі  неге  тұралық.  Ал  шетелдегі  қазақ 
диаспорасындағы ұлттық әдебиетіміздің дамуына ӛлшеусіз үлес қосқан ондаған 
ақын жазушыларының еңбектері ӛз алдына бір тӛбе. 
Сондықтан  шетелдегі  қазақ  диаспорасы  мен  тарихи  Отанына  атбасын 
тіреген  оралмандардың  еліміздің,  ұлтымыздың  мәдени,  рухани  қазынасына 
қосқан үлесін насихаттау ісі қазақ баспасӛзінің басты нысанасы болуға тиіс. 
Жалпы  оралмандардың  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени-рухани  ӛміріне 
қатысты мәселелерді қарастырған бұл тараушаның қорытындысы ретінде әлі де 
шешімін  таппай  келе  жатқан  кемішіліктер  мен  оларды  шешудің  жолдарына 
байланысты ұсынысымызды да айта кеткен жӛн. 
Оралмандардың  тіршілік  тірегі  жұмысқа  орналасуы,  зейнетақы,  түрлі 
жәрдемақы  алу  десек  бұл  мәселелердің  бәрі  тұрақты  тіркеуден  басталады. 

 
 
109 
Тұрақты тіркеусіз бұл мәселелердің бірі де шешілмейді. Сондықтан біріншіден 
оралмандардың  қалада  да,  ауылдық  жерде  де  ӛзіндік  баспаналы  болғанға 
дейінгі  тұрақты  тіркеуін  шешу.  Бұл  бір  қарағанда  онша  маңызды  емес  болып 
кӛрінуі  мүмкін.  Шын  мәнінде  олардың  күйісін  кетіріп  жүрген  басты 
проблемалардың бірі. Тұрақты тіркеуі жоқтықтан жұмысқа  орналаса алмайды, 
тіпті  квоталық  жәрдемақысын  ала  алмайды.  Қазір  ауылдық  жердің  ӛзінде 
квотасын алу үшін әлдекімдердің үйіне ақша тӛлеп тіркеліп жүр. Соның ӛзінде 
тіркелген  үйінің  отбасы  мүшелерінің  табысы  қоса  есептелінетіндіктен  атаулы 
кӛмек,  балалар  жәрдем  ақысын  ала  алмайды.  Бұл  нағыз  қолдан  жасалған 
кедергі.  Үкімет  арнайы  шешім  қабылдаса  кӛші-қон  полициясына  нақты 
тапсырма берсе жетіп жатыр. Әрі мұндай үрдіс бұрын болған. Тіркелетін таныс 
туысы,  ӛзінен  бұрын  кӛшіп  келген  ағайыны  жоқ  отбасын  2004  жылға  дейін 
кӛші-қон департаментінен арнайы ашып қойған үй кітапшасына тіркеп келген. 
Сондықтан  осы  үрдісті  жаңғыртса,  жұмыссыздық  мәселесін  шешуге  де  ықпал 
ететін болады [139]. 
Оралмандардың кӛптеп келуіне жол ашатын маңызды тетіктің бірі-елімізде 
мемлекеттік  тіл  болып  саналатын  қазақ  тілінің  мәртебесін  күшейту.  Қазір 
шетелдегі  қазақ  диаспорасынын  атажұртқа  келуден  жасқанатындардың  бір 
бӛлігі елдегі басымдыққа ие орыс тілін білмейтіндер. Әсіресе ӛзі тұрып жатқан 
елде  жоғары  білімі  бар  зиялы  азаматтар  жоғары  беделге  ие.  Онда  түрлі 
лауазымда  қызметтер  атқарып  жүр.  Тіпті  олардың  ортасында  мемлекеттік 
жоғарғы  лауазым  иелері  де,  ғылымның  түрлі  саласында  күрделі  мамандықтар 
бойынша  қызмет  атқарып  жүргендер  де  кӛп.  Бір  ғана  мысал  келтірсек 
Моңғолиядағы  нейрохирургия  саласының  ең  білікті  дәрігерлері  екеуі  де 
мемлекеттік  сыйлықтың  иегері  Қайролла  және  Нота  Әнуарұлы.  Оларсыз  миға 
бірде-бір  күрделі  операция  жасалмайды.  Шетелдегі  осындай  білікті 
азаматтарымыз  Қазақстанға  келсе  ӛзінің  бұрынғы  орынын,  беделін,  лаузымын 
сақтап қала алмайды. Ӛйткені олар ең әуелі орыс тілінен ақсайды. Оны қойып, 
қатардағы түрлі мамандық иелері ӛз мамандығы бойынша жұмыс істемек түгіл 
тазалаушы жұмысына да орналаса алмайды. Ӛйткені олар орыс тілін білмейді. 
Сондықтан  барлық  мекемелерде  мемлекеттік  тіл  -  қазақ  тілі  үстемдік  құрса, 
шетелдегі  қандастарымыз  экономикасы  қарқынды  дамып  келе  жатқан  әрі 
жұмыс күшіне тапшы Қазақстанға ағылары сӛзсіз.  
Қазіргі  жағдаймен  оралмандарға  зейнетақы  тағайындауда  олардың  еңбек 
ӛтіліне  қарамай  жаппай  ең  тӛменгі  мӛлшердегі  зейнетақы  белгіленіп  келеді. 
Бұл,  әрине,  олар  жат  елде  қоғамға  қырық  жыл  қызмет  етсе  де,  Қазақстанға 
еңбегі  сіңбегендіктен  дұрыс  та  шығар.  Дегенмен,  ұлтымыздың  ӛнер, 
мәдениетіне  зор  үлес  қосқан  адамдарды  Қазақстанға  еңбегі  сіңбеген  деп  кім 
айта  алады?  Сондықтан  ҚР  Халықты  Еңбек  және  әлеуметтік  қорғау 
министірлігі  осындай  оралмандарға  дербес  зейнетақы  тӛлеу  жӛнінде  шешім 
қабылдауы  қажет.  Жалпы,  статистикалық  мәліметтер  бойынша,  осы  жылдар 
ішінде атажұртына қоныс аударған оралмандардың небәрі 5 пайызы ғана зейнет 
жасындағылар  екенін  ескерсек,  оралмандарға  зейнетақы  тӛлеу  еліміздің 
экономикасын ортайтып отырмағаны айдан анық [140]. 

 
 
110 
Қазақ  баспасӛздері  кӛтеріп жүргендей  шетелдегі  қазақ  диаспорасының  бір 
бӛлігін  құрайтын  1931-1937  жылдарғы  нәубет  кезінде  басқа  елдерге  бас 
сауғалауға  мәжбүр  болған  қандастарымыздың  бүгінгі  ұрпақтарына  белгілі 
мӛлшерде  ӛтемақы  тӛлеуді  мемлекет  тарапынан  шешу.  Бұл  ең  әуелі  Қытай 
үкіметі 
тарапынан 
жасалып 
отырған 
кедергілердің 
сыртында 
қандастарымыздың  ӛздері  тарапынан  «әліптің  артын  бағып»  ондағы  күйкі 
тірлікке  байланып,  немесе  тұрмыстағы  уақытша  қолайлылықтың  құлы  болып 
отырған  ағайындардың  елге  атбасын  бұруына  әсер  етері  сӛзсіз.  Бұл  ретте 
қытайдағы  1,5  миллион  қандасымыздың  тым  аз  бӛлігі  ғана  нәубеттен 
қашқандардың  ұрпағы  екенін  ескерсек,  еліміздің  экономикалық  әлеуеті 
кӛтермейтіндей онша мол қаржы қажет болмайды. Ал, стратегиялық бұл саясат 
нәтижесінде  Ресейдегі,  Ӛзбекстаннан  ӛзге  де  Орта  Азия  елдеріне  тарыдай 
шашылып  кеткен,  бұл  күндері  ұлттық  нышандардан  айырыла  бастаған, 
атажұртқа  атбасын  бұруға  онша  құлықты  емес  қандастарымызды  кӛптеп 
келтірудің тетігіне айналар еді [141]. 
Оралмандарға  жағдай  жасау  ісіне  үкметтік  емес  ұйымдар  мен  ірі 
кәсіпорындарды  тартудың  тетіктерін  табу.  Бұл  күнге  дейінгі  оралмандардың 
тұрмыс-тіршілігін  түзеп  байырғы  халықтармен  бірдей  жақсы  тұрмыс  кешуі 
үшін  экономикалық-әлеуметтік  барлық  шараны  мемлекет  қана  жүктеп 
отырғаны  белгілі.  Ал  шын  мәнінде  бұған  қоғамдағы  барлық  күштерді 
жұмылдыру  қажет-ақ.  Әсіресе,  елім,  жерім,  қандасым  деп  соққан  жүрегі  бар 
мықты  кәсіпкер,  бизнесмендеріміздің  қолдау-кӛмегіне  ие  болдыру,  қала  берді 
ӛз  тарапынан  нақты  жұмыстар  ұйымдастыра  алатын  үкіметтік  емес  ұйымдар 
құру, қор құру, қайырымдылық шараларымен айналысатын ұйым мекемелердің 
кӛмегі тағысын тағы. 
Шетелдегі  қазақтардың  мүддесін  қорғау  үшін  біз  бүгін  Отандық  түрлі 
ұйым,  мекемелерлі,  жеке  азаматтарды  жұмылдыруды  мәселе  етіп  кӛтеріп 
отырмыз.  Ал,  кезінде,  Қытайдан  Кашмирге,  Ауғанстанға,  Пәкстанға  кӛшіп 
барған  босқын  қазақтардың  Түркияға  жеткенге  дейінгі  қаржысын  түрік 
үкіметінің ӛздері тапқанын, сонымен бірге Годфри Лиастың «Казахский исход» 
[134] монографиясында кӛрсеткеніндей 1952–1954 жылдары қандастарымызды 
Пәкстаннан Түркияға кӛшіп алу мәселесі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының 
арнайы  қордан  қаржы  бӛлуді  қарастырғанын  білеміз.  Солай  етсе  елімізде 
оралмандар  мәселесін  үкіметтің  ғана  мойынына  жүктемей,  қор  құруға, 
қоғамдық  ұйымдардың  кӛмегіне  жүгінуге  неге  болмасын.  «Жұмыла  кӛтерген 
жүк  жеңіл»  дегендей  онда  мемлекет  қаржысына  ауыртпалық  аз  түсіп,  әрі 
оралмандарға  кӛрсетілетін  әлеуметтік  кӛмек  мӛлшері  молайып,  олардың  жаңа 
ортада аяқтарынан тез тұрып кетуіне септігі тиер еді. 
Қоғамдық  ұйым  құру  жӛнінде  оралмандар  ӛздері  мұрындық  болып 
Алматыда  топтасқан  Моңғолиядан,  Қытайдан  келген  азаматтар  «Асар» 
қоғамдық  бірлестігін  құрғанын  білеміз.  Бірнеше  облыста  ӛз  бӛлімдерін  ашқан 
қоғамдық  бірлестік  оралман  ағайындарды  топтастыру,  ықшам  аудандар  құру 
тұрғысында  біршама  жұмыстар  атқарыпта  жүр.  Дегенмен  бұл  жалғыз 

 
 
111 
бірлестіктің  атқарып  отырған  жұмысы  барлық  шеттен  келген  ағайындарды 
қамтып, олардың мүддесін толық қорғай алмайтыны белгілі. 
Сондықтан  ең  әуелі  халықтар  достастығы  кіші  ассамблеясы  құрамындағы 
барлық  орталықтардың  басты  мақсатының  бірі  Елбасы  атап  кӛрсеткендей, 
кезінде  жер  аударылып,  азып-тозып  кӛшіп  келген  басқа  ұлт  ӛкілдерін 
қазақтардың құшақ жая қарсы алып бауырына басқаны белгілі. Ӛйтпесе бүгінгі 
таңда  «сыйға-сый»  ретінде  келіп  жатқан  қандастарымыздың  ортамызға  сіңісіп 
кетуіне  қол  ұштарын  берсе  ынтымақ-берекемізді  жарастыруға  олардың  қосқан 
үлесі  болары  сӛзсіз.  Әрине,  олар  экономикалық-әлеуметтік  тұрғыда  емес, 
рухани  тұрғыда  кӛмектесе  алады.  Отаршылдық  жылдарында  ұлттық  болмыс, 
тіл  салтдәстүрінен  айырылуға  шақ  қалған  жергілікті  қазақтарға  ортамызда  сол 
салт-дәстүрді  сақтап  қалған  оралмандардың  ӛнегесін  Кіші  ассамблея 
құрамындағы  мәдениет  орталықтары  күш  салатын  болса,  оралмандарды 
қолдауға да ұлттық рухымызды кӛтеруге де қосылған қомақты үлес болмақ. 
Бұл жӛнінде бірен-саран болмасын пікір ұсыныстар да жоқ емес. Мәселен 
кәріс  халқының  ӛкілі  профессор  И.С.  Ханның  Парламент  сенаты  алдындағы 
пікірталаста  «Қазіргі  күнде  қазақтарға,  оралмандарға  кӛмектесетін  біздің 
кезегіміз  келді.  Біз  қазақтың  мейірбандығын  есімізден  еш  шығырмауға 
міндеттіміз»,  -  деген  сӛзін  жоғарыда  келтірген  болатынбыз.  Міне,  осындай 
бастаманы  қолдап,  ұйымдастыру  оралмандардың  болашағының  негізі  болуына 
жасалған зор қамқорлық болары сӛзсіз. Сол сияқты «Атажұртымнан не аламын 
деп емес, не беремін». деп келген ағайындардың әрқайсысының ӛз шамаларына 
қарай  еңбек  етіп  еліміздің  ӛркеніне  үлес  қосып  жатқаны  рас  [142].  Бірақ,  бұл 
жеткіліксіз.  Ендігі  жерде  болашақта  кӛшіп  келетін  қандастарымызға  бұрын 
кӛшіп келіп, ӛз тұрмысын түзеген ағайындардың кӛмегін де пайдалану керек. 
Қазіргі  оралмандарға  бӛлініп  отырған  квоталық  жәрдемақының  олардың 
жыртығын  жамауға  да  жетпейтіні  белгілі.  Квоталық  жәрдемақы  кӛлемін 
ұлғайтуды  бүгінгі  таңда  мемлекеттің  қалтасы  кӛтермейтіні  де  түсінікті. 
Сондықтан  ӛткен  екі  құрылтайда,  одан  бұрын  сан  рет  айтылса  да  күні  бүгінге 
дейін  шешімін  таппаған  тағы  бір  мәселе  мемлекеттік  кӛші-қон  қорын  құру. 
Егер  қор  құрылса,  ол  ойдағыдай  жақсы  жұмыс  істесе  кӛптеген  қордаланған 
мәселелердің  оңды  шешілуіне  жол  ашылар  еді.  БҰҰ-ның  салалық 
мекемелерінен,  халықаралық  ұйымдардан  қаржылық  қолдау  табуға  да 
мүмкіндік  туары  сӛзсіз.  Басқаны  айтпағанның  ӛзінде,  шетелдегі  қазақ 
кәсіпкерлері  де  қарап  қалмасы белгілі.  Егер  бұл  мәселе  қолға алынғанда  қазақ 
диаспорасы  ӛкілдерінің,  еліміздегі  оралмандардың  құрған  қоғамдық 
бірлестіктерінің,  үкіметтік  емес  ұйымдардың  гранттық  негізде  жұмыс 
істеулеріне үлкен мүмкіндік жасалған болар еді. 
Бұл  тұрғыда  еске  алатын  жайлар  да  жоқ  емес.  Жоғарыда  айтқанымыздай, 
елімізде  тәуелсіздік  жылдарында  оралмандар  құрған  бірнеше  қоғамдық 
ұйымдар жұмыс істеді. Олардың арасында Алматыдағы "Асар" және Павлодар, 
Астана,  Қарағанды  сынды  калаларда  құрылған  ұйымдардың  қандастарымызды 
ортаға  бейімдеуге,  жергілікті  халықпен  араласып,  жаңа  қонысқа  үйренулеріне 
қосқан  ӛзіндік  үлестері  болды.  Сонымен  қатар  оралмандар  атына  кір 

 
 
112 
келтіргендері де кездесті. Айталық, Алматыда құрылған «Тамсан» атты қоғамға 
90-жылдардың  соңында  халықаралық  «Сорос»  қоры  грант  есебінде  ақша 
бӛлінгенімен  жеке  адамдар  пайдаланып  кетті.  Мұндай  келеңсіздіктің  салдары 
ӛзге  қоғамдық  бірлестіктерге  жайсыздық  әкелді.  Халықаралық  ұйымдардың 
қара  тізіміне  енген  «Тамсанның»  кесірінен  оралмандар  мәселесімен 
айналысатын  ӛзге  қоғамдық  бірлестіктер  қанша  үздік  жоба  жасап  ұсынса  да, 
грантқа  қол  жеткізе  алмайтын  жағдайға  душар  болды.  Бұл  да  оралмандардың 
болашағын  ойластырғанда  еске  алатын  жай  екендігі  баспасӛз  беттерінде  жиі 
қозғалатын мәселелердің бірі. 
Кӛші-қон және қазақ диаспорасы жӛнінде елімізде атқарылып жатқан істер 
аз  емес.  Осы  салада  жинақталған  тәжірибелеріміз  де  бар.  Бірақ  соған 
қарамастан  әлі  де  болса,  оны  жетілдіретін,  жүйелейтін  мәселелердің  ӛмірдің 
ӛзінен  туындап  отырғанымен  санасуымыз  керек.  Сондықтан  да,  тӛменде 
айтылған ұсыныстарды ортаға салуды жӛн кӛріп отырмыз. 
Жетінші, шетелдегі қазақ диаспорасы, оралмандар жайындағы мемлекеттік 
саясатты  қалыптастыру  үшін  оған  жаңаша  кӛзқарас,  шұғыл  бетбұрыс  жасалу 
қажет.  Қазіргі  жағдайда  кӛп  ретте  жергілікті  басқарма  комитетке,  комитет 
Парламентке  немесе  Үкіметке  жалаң  сандық  ақпарлар  жӛнелтіп  отыруды 
әдетке  айналдыруда.  Олар  барлығы  тамаша  атқарылып  жатыр  деген 
баяндамалар  мен  рапорттар  басымдау  болып  келетін  кеңестік  обкомдар  мен 
комсомол  ұйымдары  деңгейінде  жұмыс  жүргізумен  шектеліп  келеді.  Алдағы 
уақытта  мұндай  тӛрешілдігі  мол  қызмет  кӛші-қон  ісінің  ілгерілеуіне 
кӛмектеспейді.  Сондықтан,  барлық  кӛші-қон  мекемелері  қызметкерлерін 
арнайы  оқытатын  семинар-тренинггер  ұйымдастыруды  жедел  түрде  қолға  алу 
қажеттігі  де  «Қазақ  елі»  басылымында  қозғалып,  жоғарыларға  ой  салды.  Бұл 
аса қиын шаруа да емес. Оқыту жоспарлары мен бағдарлама жобалары жасалса, 
кез-келген халықаралық ұйым оған грант бӛле алады. 
Шетелдегі  қазақ  диаспорасы,  оралмандар  туралы  ақпараттарда  бір  ізділік 
жоқ.  Соның  салдарынан  жергілікті  әкімдерден  бастап,  билік  басыңдағы 
лауазым  иелерінің  арасына  дейін  қандастарының  жайын  дұрыс  түсінбеушілік, 
ахуалды  шынайы  түрде  бағаламаушылық  кездесіп  жатады.  Мұндай 
дүмбілездіктің  алдын  алып  отыру  үшін  және  бұл  тұрғыдағы  мемлекеттік 
саясатты  жетілдіре  түсу  мақсатымен  Қазақстан  Республикасы  Президенті 
жанында  қазақ  диаспорасы  және  кӛші-қон  мәселелері  жӛніндегі  арнайы 
кеңесші  тағайындап,  тұрақты  жұмыс  істету  керек.  Елімізде  диаспоратану 
институтын құратын мезгіл жетті. Шетелдегі қазақ диаспорасының және тарихи 
Отанға  келіп  орныққан  қандас  бауырларымыздың  мәселелерін  зерттеп, 
анықтайтын,  осы  саладағы  атқарылатын  жұмыстардың  механизмдерін 
қарастыратын,  стратегиялық  жобалар  жасап,  жүзеге  асыратын  осындай 
құрылымның болуын заман талабы деп қараған жӛн. Сонымен қатар шетелдегі 
қазақ  диаспорасының  тарихын,  мәдениетін,  әлеуметтік  мәселелерін  ғылыми 
түрде  зерттеудің,  танудың  мәні  біртұтас  ұлтымыздың  жоғын  түгендеу,  кем-
кетігін толықтыру екендігін түсінуге міндеттіміз. 

 
 
113 
Қазақ  диаспорасы  мен  оралмандардың  мәселесі,  ұлттық  тұтастығымызға, 
мемлекеттігіміздің 
баянды 
болуына 
тікелей 
қатыстылығымен 
ерекшеленетіндіктен  бұл  бәріміздің  жұмыла  кӛтеретін  жүгіміз.  Осыны  аса 
жауапкершілікпен сезініуіміз керек.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет