50. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігі.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қазіргі таңда халыққа кеңінен түсіндіріліп, оны орындау бағытында ауданда елеулі жұмыстар жүргізілуде. Нақтылап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды сақтау жөнінде құқықтық түсіндіру жұмыстары халық арасында ұдайы талқыланып, өткен уақытта жіберілген кемшіліктерді саралап, жұмысты жүйелендіруге ықпалын тигізеді. Осынау өзекті мәселе жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды қарайтын жиналыстар өткізіліп, оның жолын кесу және болдырмау мақсатында жыл сайын жоспарлар жасалынады.Мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға мемлекеттік билік органдарында лауазымдар атқаруына тыйым салынған. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бос қызмет орнына орналасуға арналған конкурстар ашық өткізілуде.
Елімізде мемлекеттік органдарда лауазымды адамдардың жоғары жауапкершілігі мен дер кезінде ден қою қағидаттарына негізделген азаматтардың арыздарын, заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың нәтижелерін есепке алу мен бақылаудың бірыңғай жүйесі құрылған. Осы «EUOL» бағдарламасы бойынша барлық мемлекеттік органдар есеп беріп отырады. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының орындалуының бірыңғай механизмін қалыптастыру мақсатында Заңның орындалу бағдарламасы әзірленген. Қазақстан Республикасы Президентінің 14 сәуір 2005 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдаған іс-шаралардың жариялығы қамтамасыз етілсін делінген. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының талаптарын іс жүзіне асыру мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 01 сәуірдегі №1180 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексінің жаңа басылымы бекітілген. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан не/е сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеттерімен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеулері тиіс. Мұндай фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік қызметшілер оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға тиісті.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және оған жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңында айқын көрсетілгеніндігіне тоқталып өтсек, осы Заңның 12-бабы б/ша мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттілік берілген адамдардың немесе соған теңестірілген адамдар сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаса, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттің белгілері болмаған жағдайда қызметінен төмендетіліп, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда заңда белгiленген тәртiппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту үшін жаза қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |