Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


) Сыбайлас жемқорлыққа факторлары



бет7/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85
7) Сыбайлас жемқорлыққа факторлары.

Осындай жағымсыз үрдістерді жою үшін мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастыруға кірісті.Қазіргі көптеген әлеуметтік – экономикалық және саяси – құқықтық

проблемалар қатарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасының маңыздылығын көтеріп отырған бірнеше себептер бар.

Біріншіден, қолдағы билікті бас пaйда үшін пайдалану, ондай қылмыстың әшкерленуі билік беделін түсіреді, демократияға нұқсан келтіреді, тіптен диктатураға алып келуі мүмкін.

Екіншіден, сыбайлaс жемқорлық өзінің ресурстардың бөлінуіне тигізетін теріс әсерінің нәтижесінде жалпы экономиканың дамып нығаюына кедергі жасайды.

Үшіншіден, сыбaйлас жемқорлық, басқа да келеңсіз әлеуметтік құбылыстар сияқты, өзіне – өзі жағдай тудыра отырып, келешек әлеуметтік – экономикалық және саяси тәртіпті шайқалтады, ол неғұрлым тамырын жайған сайын онымен күресу қиындай береді.

Төртіншіден, елде етек aлған cыбайлас жемқорлық шеттен келетін жәрдемнің, инвестициялардың жолына тосқауыл болады.

Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде мынадай сауал туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні cыбайлac жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени – этикалық сипаттағы факторлар.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандар үшін ескі мерзім болмайды, шартты түрде cотталуға тыйым салынған, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынады. Жыл сайын мыңдаған адам (шенеуніктер де, азаматтар да) сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ең жоғары деңгейдегі шенеуніктер де, тіпті министрлер мен облыс әкімдері де сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қамауға алынып, сотталады.Біздің еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына соңғы уақыттарда маңызды өзгерістер енгізілу үстінде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа деңгейі болып, жаңа «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қабылдануы болып отыр.Осы заңның ерекшелігі болып сыбайлас жемқорлықтың алдын алу процесіне барлық қоғамның атсалысатындығы болып отыр. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолынан келгенінше әрекет етуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет