15) Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайлар ретінде жетілдіру
Бүгінгі күні сарапшылар қауымдастығы сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етеді деген бірыңғай көзқарасты қолдайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дамыған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл экономикалық өсуді қамтамасыз етудің, инновациялық әлеуетті қалыптастырудың, инвестициялық тартымдылықты арттырудың, бәсекелестікті дамытудың және «көлеңкелі» экономиканы қысқартудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұл Оңтүстік Шығыс Азия және Скандинавия түбегі елдерінің тәжірибесімен дәлелденген. Онда сыбайлас жемқорлық минималды, ал өмір сапасы – әлемдегі ең жоғары деңгейде. Халықаралық валюта қорының деректері бойынша, сыбайлас жемқорлықтың салдарынан әлемдік ЖІӨ жыл сайын шамамен 2%-ды жоғалтады, бұл 1,5-2 триллион АҚШ долларына парапар. Егер Қазақстан мысалында осындай есептеулер жүргізсек, онда жыл сайынғы әлеуетті шығындар 3,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Есептеулер кезінде ЖІӨ көрсеткіштерін және 2015 жылға доллардың теңгеге шаққандағы орташа жылдық бағамын қолдана отырып, экстраполяция әдісі қолданылды.
Сондықтан, кез келген мемлекеттің негізгі мақсаты халықтың әлауқатын жақсарту мен сақтау үшін жағдай жасау болып табылады. Сарапшылардың бағалауынша, жемқорлықтың 1%-ға азаюы ЖІӨ-нің 11,5%-ға артуына ықпал етеді, ал ЖТИ-дің (жемқорлықты түйсіну индексі) 2,4 баллға жақсаруы ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімін 0,5%-ға арттыруға себеп болады. Осыған байланысты, қазақстандықтардың соңғы 5 жылдағы әлауқаты деңгейінің көрсеткіштер динамикасы зерттеліп, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімі 37%-ға, төменгі күнкөріс деңгейінің 22%-ға, жан басына шаққандағы орташа табыстың 46%-ға артқанын көрсетті. Сыбайлас жемқорлықты төмендету мен бәсекелестікті арттырудың тиімді құралы квазимемлекеттік секторды жекешелендіру болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бағалауынша, ЖІӨ-дегі мемлекеттің үлесі шамамен 40%-ды құрайды. Сонымен бірге, 2015 жылы мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуын шектейтін, «Сары парақтар ережесі» деп аталатын қағидасын бекіткен заң қабылданды. Бірақ оның рөлі экономикада анықтаушы болып қалады. Осыған байланысты, тарифті қалыптастыру рәсімінің жабықтығы айтарлықтай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады, сондықтан, табиғи монополиялар мен нарықты реттейтін салаларды реформалау қажет. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономика тұрақты байланысқа ие. Олардың деңгейін төмендету бойынша тиімді шаралардың бірі – қолма-қол айналымды заңды түрде шектеу. Бұған дәлел ретінде аталған институтты енгізген елдерде бақыланбайтын экономика үлесінің төмен деңгейі байқалады. Банктік қаржылық құралдардың, ақшасыз технологиялардың қарқынды өсуі мен электронды төлемдер жүйесінің дамуын ескере отырып, ЭЫДҰ елдерінде қолма-қол ақшалар өз маңызын жоғалтуда. Ұсынылып отырған бастама Мемлекет басшысының Жолдауының тұжырымдамалық бағытына жауап береді және экономиканы цифрлауға қатысты ережелермен түсіндіріледі. Сонымен қатар, алдағы уақыттағы жұмыстардың маңызды бағыты ұлттық экономиканы деофшорлау болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының катализаторы болатын жүйелік және кешенді іс-шаралар негізінде жүзеге асырылуы керек.
Тиімді мемлекеттік жұмысты көбінесе тәжірибелі машинистері бар локомотивпен, заңдарды – бағдаршамдармен, ал азаматтарды, фирмалық жолаушы поезының жолаушыларымен салыстырады. Көптеген азаматтар халықтың әл-ауқатын арттыру және елдің көркеюі үшін көп нәрсе мемлекеттік қызметтің сапасына байланысты, өйткені ол – толып жатқан маман шенеуніктері бар кәсіптік сатылы жүйе деп дұрыс ойлайды. Халықтың бұл ойы орынды, өйткені тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген елдердің өркендеуінде олардың жоғарғы білікті шенеуніктерінің еңбегі зор.
Достарыңызбен бөлісу: |