Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


) Халықаралық құқықтық актілерде белгіленген сыб жем нышандары



бет10/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85
10) Халықаралық құқықтық актілерде белгіленген сыб жем нышандары

Халықаралық-құқықтық стандарттарға белгілі бір құжаттардың (келісімдердің, қағидалардың, пакттердің, конвенциялардың, декларациялардың, ережелердің т.б.) көрінісі болып нормалар, принциптер мен ұсыныстар ретінде кіреді. Стандарттар өздерінің заңдық мәртебесі бойынша біркелкі емес, бірақ әлемдік қоғамдастықтың қылмыстылықтың алдын алудағы саясатты, бүкіл мемлекеттердің әрекеттерін, олардың әдістері мен құралдарын максималды түрде үйлестіруге талпыныстарыда бірізді болып келеді. Қылмыстылықтың алдын алуға бағыттаған негізгі халықаралық келісімдердің басым көпшілігі Біріккен Ұлттар Ұйымының (әрі қарай – БҰҰ) жұмысы аясында қабылданған. Бұл халықаралық келісімдер қылмыстылықтың алдын алу мен онымен күресуде негізгі заңдық күші бар халықаралық құқықтық негізгі стандарттар болып табылады. БҰҰ – мемлекеттердің және халықаралық ұйымдар қызметінің қылмыстылықтың алдын алу мен күресуінде үйлестіруші орталық. БҰҰ жұмысы аталған аяда халықаралық деңгейде де, мемлекеттің ішінде де бірыңғай стандарттар мен нормалар, тиісті құжаттарды әзірлеу мен қабылдау арқылы жүргізіледі . Сонымен қатар қылмыстылықтың алдын алу мен онымен күресу әрине әр мемлекеттің өзінің жұмысы. Осы тұрғыда мемлекет қай келісімдерге, қандай көлемде, халықаралық ұйымдарға қосылуды өзі шешеді. Сондықтан да мемлекеттің ішкі саясатына қолсұқпаушылық қағидасы сақталынуы тиіс. Өз кезегінде бұл БҰҰ қылмыстылықтың алдын алу және онымен күрес шаралары бойынша барлық шешімдер мен қарарлардың ұсыныстар сипатына ие болуын түсіндіреді. Дегенмен, мемлекеттер қылмыстылықтың алдын алудағы халықаралық ұсыныстарды неғұрлым толық орындауға ұмтылады. Қылмыстылықтың алдын алуын тікелей немесе жанама қарастыратын құжаттар аз емес. Соның ішінде халықаралық қоғамдастық балалар мен жастарға назар аудара отырып, тұлғаның дамуына ықпал ететін және құқық бұзушылықтардың алдын алуда тиянақты түрде тәрбие жұмыстарының жүргізу керектігіне сүйенеді. Осылайша балаларға және олардың арасындағы қылмыстылықтың алдын алуға қатысты қыбылданған кейбір халықаралық құжаттардың тізімін ұсынамыз: 1924 жылы Женева қаласында Ұлттар Лигасы Ассамблеясымен қабылданған Бала құқықтары декларациясы, Женевалық бала құқықтары декларациясы деп те аталып кеткен . Дәл осы құжатта алғаш рет баланың қоғамдық қатынастардың белсенді субъектісі екені, оның физикалық және ой-өрісінің жетілмеу себебінен бірқатар ерекше құқықтары аталған. 1966 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакттің 24 бабына сәйкес «Әрбір бала нәсілiне, түр-түсiне, жынысына, тілiне, дiнiне, ұлттық, немесе әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк немесе туу жағдаяттарына қарамастан, ешқандай кемсiтусіз отбасы, қоғам және мемлекет тарапынан, өзiнiң жас шамасы талап ететiн тиiстi қорғау шараларын иеленуге құқылы». Сонымен қатар бұл халықаралық құжатта кәмелетке толмаған азаматтарға қатысты процесс жүргізілген кезде олардың жас шамасы мен қайта тәрбиеленуге жәрдемдесуі ескерілуі тиіс деп аталған. 1989 жылғы 20 қарашада БҰҰ Бас ассамблеясымен қабылданған Бала құқықтары туралы конвенция. Аталған Конвенция құқық бұзушылықтардың алдың алу бала құқықтарының қатаң сақталынуында және қорғалуында екендігі туралы ережені бекітеді. Кіріспеде балалар өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік отбасы иелеріне жүктелетіндігі расталады. Сондай-ақ онда баланы туылғанға дейін және туылғаннан кейін құқықтық және басқалай қорғау қажеттігі, оның туған халқының

мәдени құндылықтарын құрметтеу маңыздылығы және бала құқығын қорғау жолында халықаралық ынтымақтастықтың ролі мақұлданады. Бұл ой әрі қарай Конвенцияның 19 бабында жалғасын табады: «қатысушы мемлекеттер баланың тәніне жасалатын немесе психологиялық түрдегі зорлық-зомбылықтың, қорлау немесе теріс қылықтардың барлық нысандарынан, қамқорлықтың жоқ болуынан немесе немқұрайлы қараудан, дөрекі қараудан не болмаса пайдаланудан, ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе балаға қамқорлық жасаушы басқа адамның нәпсіқұмарлық қиянатынан қорғау мақсатында барлық заңды, әкімшілік, әлеуметтік және ағартушы шараларын қабылдайды». Бала құқықтары туралы конвенция мемлекеттердегі қылмыстық процедураларды азайтуға бағытталған, яғни «…қажет болған және қалаған жағдайда, мұндай балалар жөнінде істі соттың қарауына жібермей, адам құқықтары мен құқықтық кепілдіктерді шартты түрде толық сақтай отырып, осындай балалардың өтініштері бойынша шаралар қолданылу керек».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет