Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


) АҚШ, Қытай, еропалық мемілекеттер және басқа мемлекеттер тәжірибесі



бет3/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Оакк 19-23

3) АҚШ, Қытай, еропалық мемілекеттер және басқа мемлекеттер тәжірибесі.

АҚШ пен Канададағы мемлекеттік билік жүйесінде сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу мен жолын кесу тиімді әдістерінің бірі:

1. Өз мүддесіне қарай мемлекеттік мүлікті және ресурстарды пайдалануға шектеу қою. 2. Сыйлықтарды алуға тыйым немесе шектеу салу. 3. Үкіметті ведомство немесе министрлік алдына өтініш берген бұрыңғы мемлекеттік қызметкерлердің істеріне шектеу қою.

Қорыта айтқанда, АҚШ мен Канада заң жүйелері мемлекеттік қызметте мүдде шиелінісін болдырмайтын әкімшілік кодекс және тәртіптің әдеп қалыптарын қосады, осының нәтижесінде қызметкерлер арасындағы адалдық пен кәсіптіктің ең жоғары деңгейіне жетуін талап ететін мемлекеттік ресурстарды пайдалану.1 Осындай көргендей, АҚШ пен Канаданың мемлекеттік қызмет туралы заң жүйесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің қалыптасуына пайдаланған бірқатар тәсілдер бар.

Шығыстағы көршіміз Қытайда кəсіпкердің жеке меншігіне кез келген қол сұғушылық ауыр мемлекеттік қылмыс болып табылады. Кез келген мұндай қол сұғушылық фактісіне полиция не- месе басқа да билік органдары тарапынан сылбыр қимыл бұл ауыр қылмысқа болысушылық болып саналады. Жеке меншік құқығы сондай-ақ жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы келісім- шарттардың нормалары мен мерзімдерінің қандай жағдай болмасын өзгерместігі арқылы қорғалады. Қытайда барлық келісімшартттар билік органдарымен қатаң сақталады.

Жеке меншіктің жəне кəсіпкерліктің нақты мұндай қорғалуы қоғамда жақсы сезіледі. Қытайлықтар кəсіпкерлікпен құлшына айналысып, елге жергілікті билікке

сенетін көптеген шетелдік инвесторлар тартылады. Осының барлығы, əрине, Қытайдың жылдам экономикалық өсіміне ықпал етеді.

Көптеген ғасырлар бойы қытай бюрократиясы елдегі ерекше каста болды жəне қоғамдық игіліктерді уысында ұстады. Өз əлеуметтік жағдайларын жақсартуды ойлаған надан бюрократияның кесірінен Қытай көптеген уақыт бойы дамуда тежеліп қалды. Кадрлық жұмысшының мəртебесі (ганьбу) қоғамда ерекше орын алып, басқаларға қарағанда, жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етті. Қытайдағы нарықтық қатынастардың дамуы бюрократтардың жауапты лауазымдарда бола оты- рып, мемлекеттік ресурстарды реттеу мен бизнесмендерге рұқсат беру құқығын берді. Бұл мүмкіндіктер көптеген қытай шенеуніктерін сыбайлас жемқорлық əрекеттерін жасауға, мемлекет пен жеке бизнес есебінен заңсыз байытуға итермеледі.

Қазіргі Қытайда билік органдарының жəне шенеуніктердің жеке бизнеске қысым жасауы төменгі деңгейде. Бұған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қытай заңнамасының қаталдығы себепші. Қытай билігі шенеуніктердің жемқорлық əрекеттерін елдің экономикалық дамуына қатер деп анықтауымен байла- нысты. Жəне де, олардың ойынша, жемқорлыққа, ең біріншіден, себепші болатын шенеуніктер. Бизнесті қолдаудың тағы бір маңызды факторы шенеуніктердің заңсыз əрекеттерінен олар зардап шегетін болса, мемлекет ол шенеунік үшін шығынның орнын жауып, содан кейін ол шенеуніктің от- басынан, туысқандарынан өндіріп алады.

Грузияда жүргізілген реформаның негізгі нәтижелері:

1) Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «бір терезе қағидатын» жасау. Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы ашу барлығын бір жерде – Әділет үйінде жүргізуге болады. Осындай мекемелерде 300-ге жуық әртүрлі қызмет бір жерге шоғырланады, азаматтар басқа мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздырмайды. Әділет үйінде 15 минут ішінде бaлaның туу турaлы куәлігінен бастап шетелдіктер үшін визаны, тұрғылықты тұруға рұқсат немесе жерді пайдалануға актіні алуға болады. Тек алдын ала Әділет министр-лігінің сайтында жазылса болғаны.

2) ІІМ реформалары. 2004 жылы реформалар басталғаннан бері полиция мен жол инcпекторларының штаты 85%-ға жаңартылды және бірнеше есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бар деген барлық қызметкерлер жұмыстан шығарылды, көпшілігі түрмеге отырғызылды. Полицияның беделін көтеру бaғдарлaмасы енгізілді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа имидж жасалды, енді олар адал құқық қорғаушылар, қажет болған жағдайда әрдайым көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы сөйлеседі.

Жүргізілген реформалар нәтижесінде Грузияда полиция қызметкерлері пара алмайды. Бүкіл деректер қоры электрондық түрде жасалды. Құжаттарды табу жеңілдеді. Қатаң түрде айыппұл салынды. Жолдардағы бұзушылықтар азайды.

3) Жүргізуші куәлігін алу рәсімдері де өзгеріске ұшырады. Грузияда медициналық тексеруді алып тастады, дәрігерге барған уақыты мен тексеру қорытындысы ортақ базаға енгізіледі. Техникалық тексеру де жоқ, бұл рәсім де автокөлік жүргізушілерге қарағанда парақорларға пайдалы деп шешілді. Жүргізуші куәлігін емтихандар тапсырып, бар болғаны 35 доллар баж салығын төлем (2011 жылғы мәліметтер) алуға болады.

Осы барлық рәсімдерді тәулігіне 24 сағат демалыссыз және мереке күндерінсіз жұмыс істейтін ІІМ сервистік агенттігі атқарады. Автокөлікті тіркеу 15 минут уақыт алады, оған нөмірді іріктеу мен кез келген банктің өкіліне сол жерде 40 доллар төлеу кіреді.

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісі деп грузин үкіметі шенеуніктің еңбекaқысын көтеру деп есептейді, себебі оған қызметкердің мотивациясы тікелей байланысты. Полициядағы еңбекақы, содан кейін барлық мемлекеттік аппaраттағы еңбекақы реформалау жылдары 15–40 есеге артты.

5) Реформалаудың бірінші кезеңінде министрліктердің саны 18-ден 13-ке, ведомстволардың сaны 52-ден 34-ке қысқартылды. Персоналдың саны 35-50%-ға азайды. Өрт инспекциясы, автоинспекция, санэпидемстанциясы бөлек-бөлек жұмыс істеуін тоқтатты.

6) Салық жүйесіндегі реформалар. 25 салықтың орнына 6 түрі қалдырылды. Кедендік баж салығы қысқартылды және 2008 жылы толығымен алып тасталды. Жерді, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді жекешелендіруге мүмкіндік беретін заң қабылданды.

7) Білім беру жүйесіндегі реформалар. Реформа жүргізгенге дейін әрбір университет оқуға қaбылдау емтихандарын жеке-дара жүргізді. Университетке «түсу» бірнеше мың тұрды. Қазіргі Білім беру министрлігі барлық абитуриенттер үшін бірыңғай емтихан, анонимді, электрондық база бойынша өткізеді. Содaн кейін бірыңғай емтихан нәтижелері бойынша абитуриенттер жоғары оқу орнына түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет