Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл туралы



Pdf көрінісі
бет15/39
Дата07.04.2022
өлшемі4,63 Mb.
#30174
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
2017

2018

2016

2016-2018 ЖЫЛДАРЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ 

ҚЫЛМЫСТАРЫ ҮШІН СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫҢ САНЫ


09

II ТАРАУ


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Белгіленген

Өтелген

Мүлікке тыйым 

салынған 

43,6

15,8

21

9,3

14

18,6

8,6

5

42,5

+356%

-64%

+33%

+90%

+50%

+33%

+17%

-42%

+740%

МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БЕЛГІЛЕНГЕН СОМАСЫ ТУРАЛЫ 

МӘЛІМЕТТЕР ЗАЛАЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨТЕЛУІ (МЛРД. ТЕҢГЕ)

Қазіргі уақытта Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 

қылмыстық-құқықтық  шараларды  халықаралық  стандарттарға  сәйкестендіру 

бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

Сот үкімімен аяқталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санының 

артуы  құқық  қорғау  және  басқа  да  мемлекеттік  органдардың  сыбайлас 

жемқорлық  құқық  бұзушылықтарының  жолын  кесу,  ашу,  тергеу  жөніндегі 

жұмысының сапасын арттыру нәтижесі болып табылады. 

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық қылмысын одан әрі төмендету және 

жазаның  бұлтартпастығы  қағидатын  қамтамасыз  ету  үшін  жалпыға  танылған 

халықаралық  құралдар  мен  үздік  әлемдік  практикаларды  қолдану  қажеттігі 

туындайды.

Қазақстан  БҰҰ-ның  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  конвенциясын 

ратификациялады, Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл 

жоспары субөңірлік бағдарламаға қатысады.

Осы өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

саясаты сараптамалық бағалауға ұшырайды.

Атап  айтқанда,  сыбайлас  жемқорлықты  криминализациялау  және  оған 

барабар  жауапкершілік  мәселелері  бойынша  заңнаманың  кемшіліктері 

байқалады.  Шешімді  талап  ететін  мәселелер  арасында:  заңсыз  байыту,  пара 

беруге уәде беру және ұсыну үшін жауапкершілік енгізу. 



10

IIІ ТАРАУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Қазіргі  таңда  Қазақстан  сыбайлас  жемқорлықтан  ада  заманауи  және 

құқықтық мемлекеттің өзіндік моделін құруда.

Халықтың  бюджет  туралы  ақпаратты  қабылдауын  жеңілдету  үшін  «Ашық 

бюджеттер» порталында азаматтық бюджеттер орналастырады. 

Халықаралық  бюджеттік  серіктестік  әр  екі  жыл  сайын  жариялап  отыратын 

Оны  жүзеге  асыру  мақсатында,  5  порталдан  тұратын  «Ашық  үкімет» 

электронды  платформасы  құрылды,  порталдар  арқылы  әрбір  азамат  бюджет 

шығындары  туралы  мәліметтерге  қол  жеткізеді,  мемлекеттік  органдардың 

шешім  қабылдауына  қатысу,  нормативтік  актілердің  жобаларын  талқылау, 

онлайн-кеңестерге  жүгіну,  сондай-ақ  мемлекеттік  органдардың  тиімділігін 

бағалау мүмкіндігіне ие. 

  «Ашық  ҮЕҰ»  порталында  регуляторлық  ықпал  талдауының  нәтижелеріне 

қоғамдық талқылау жүргізіледі. 

  «Ашық  үкімет»  порталдарының  жункционалын  жақсарту  аясында  төмен-

дегідей модификациялар жүзеге асырылды.

  «Ашық  диалог»  порталында  өтініш  иелерінің  мемлекеттік  органдарда 

өтініштердің қаралу сапасын бағалау қызметі іске қосылған.

Қазіргі  уақытта  мемлекеттік  органдардың  біртұтас  сайтын  құру  бойынша 

жұмыстар  атқарылуда.  Азаматтар  үшін  ыңғайлы  «бір  терезе»  форматы 

қолданушыға  мемлекеттік  органдардың  300-ден  асатын  сайтына  жүгінбестен, 

қажетті ақпаратты бір ресурстан табуға мүмкіндік береді.

Мұндағы  түйінді  механизмдер  төмендегі  бағдарлар  болды:  ашық  және 

есептілікті мемлекет, заң үстемдігін, клиентке бағыттылықты және мемлекеттік 

көрсетілетін  қызметтерді  автоматтардыруды  қамтамасыз  ететін  кәсіпқой 

мемлекеттік аппарат.

Ашық  және  есептілікті  мемлекет  қалыптастырудың  құқықтық  негізі 

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң болды.

Заң ақпарат иесі мен қолданушысының құқықтары мен міндеттерін, шектеуге 

жатпайтын  ақпарат  түрлерін,  ақпарат  ұсыну  тәсілдерін,  сондай-ақ  ақпаратқа 

қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне шағымдану тәртібін регламенттейді.  

Құқықтық  сана  мен  құқықтық  мәдениеттің  жоғарылауы,  мемлекеттік 

көрсетілетін  қызметтер  беру  сапасының  жақсаруы,  қолайлы  инвестициялық 

ахуал – мұның бәрінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясаттың жүйелі 

және рет-ретімен жүзеге асырылуы маңызды роль атқарды.

АШЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТ

 «Ашық үкімет» порталдарының мобильдік және нашар көретіндерге арналған 

нұсқалары әзірленді.

Мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған 

шараларды халықаралық қауымдастық оң бағалады.

ІІІ ТАРАУ. 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 

ІС-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ

       3.1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАМАНАУИ МОДЕЛІНІҢ ТҮЙІНДІ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ




11

III ТАРАУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Бюджет ашықтығы туралы шолудағы Қазақстанның көрсеткіші 100 балдан   53 

балды құрап отыр. Бұл 42 балл болатын орташа әлемдік көрсеткіштен біршама 

жоғары.


Ашықтық  мәселелерінде  қол  жеткізілген  оң  нәтижелерге  қарамастан, 

Қазақстанға әлі де бірқатар міндеттерді жүзеге асыру қажет.

Елдердің  азаматтық  бақылау  үшін  ашық  үкіметті  дамыту  бойынша 

міндеттемелерін  іске  асыруға  бағытталған  Орen  Government  Partnership 

халықаралық бастамасының  мәлімдеуінше,  Қазақстан  оның  өлшемдеріне  75% 

сәй-кестікті көрсетіп отыр.

Ақпарат  және  коммуникациялар  министрлігінің  жүргізген  «Ақпаратқа  қол 

жеткізу туралы» Заңның қолданылу тәжірибесіне жүргізген талдау заңнамалық 

тұрғыда құзіретіне Заңның орындалуына монитринг және бақылау жасау кіретін 

ақпаратқа  қол  жеткізу  саласындағы  уәкілетті  орган  айқындалмағандығын 

көрсетті. 

КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ

Мемлекеттік  қызметтің  аралас  «позициялық-мансаптық»  модельден 

«мансаптық»  модельге  өтуі  мемлекеттік  қызметшілердің  кадрлық  құрамының 

өз  лауазымдық  міндеттерін  жоғары  кәсіби  деңгейде  орындауына, 

бастамашылдыққа, үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге талпынысының артуы есебінен 

сапалық тұрғыда өсуіне шынайы мүмкіндік беріп отыр. 

Реформаны  жүзеге  асыру  сәтінен  бастап  мансабын  төменгі  баспалдақтан 

бастағандар саны үш есе артқаны байқалады. 

Бақылаушылар  мен  сарапшылар  институтын  енгізу  жолымен  іріктеу 

процедураларының ашықтығы қамтамасыз етілді. 

Жұмыстағы қызметкерлердің болашақ лауазымын қарастыратын ішкі және 

жалпы конкурс институты енгізілді. Осындай жүйені қолданумен ішкі конкурстар 

институты  арқылы  қызметте  жоғарылаған  мемлекеттік  қызметшілердің  саны 

біршама артты.  

Мемлекеттік қызметке іріктеудің құзіреттілік ыңғайы енгізіліп, негізгі көңілді 

теориялық  білімді  бағалаудан  үміткердің  тиімді  жұмысқа  қажетті  сапасына 

бөлу-ге жол ашты. 

Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

агенттігінде  (одан  әрі  –  Агенттік),  Әділет  министрлігінде,  Астана,  Алматы, 

Шымкент қалаларының және Маңғыстау облысының әкімдіктерінде пилоттық 

жобада  әкімшілік  мемлекеттік  қызметшілер  үшін  еңбекақы  төлеудің  жаңа 

жүйесі  енгізілді.  Ол  факторлық-балдық  шкалаға  негізделген.  Соған  сәйкес 

барлық  лауазымдар  үш  факторды  ескере  отырып  бағаланады:  білім,  құзірет 

деңгейі және лауазымдық міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін қажетті жұмыс 

тәжірибесі; лауазымға қойылған міндеттердің күрделілік деңгейі; нәтижеге қол 

жеткіз-бегендік үшін жауапкершілік.

Пилоттық  жоба  шеңберінде  Агенттік  орталық  аппараттың  штат  санының 

үштен  бір  бөлігін  оңтайландырды,  бұл  қызметкерлердің  жалақысын  қосымша 

60% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, ақпараттық саясатты жүзеге асыру тиімділігіне мониторинг 

жасау  механизмдерін  әзірлеу  және  қоғамның  мемлекеттік  аппарат  жұмысына 

қатысу мүмкіндігін одан әрі кеңейте түсу қажеттігі туындап отыр.

«Топтық ауысудың» алдын алу мақсатында заңнамалық деңгейде конкурстан 

тыс тағайындаулар барынша азайтылды. 



III ТАРАУ

12

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА



Осы оң тәжірибе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық 

бюроға  (одан  әрі  –  Ұлттық  бюро)  және  оның  аумақтық  департаменттеріне  де 

таратылған.  254  басшы  лауазым,  артық  құрылымдық  буындар  таратылып, 

жедел-тергеу  құрамы  күшейтілді.  Кадрлық,  қаржылық  және  заң  бөлімшелері 

орталықтандырылған.

Оңтайландыру  нәтижесінде  1  млрд.  теңгеден  астам  бюджет  қаражаты 

үнемделді. Нәтижесінде Ұлттық бюро қызметкерлерінің жалақысы шығысеуро-

палық елдер деңгейіне шығарылды.

Жалпы  алғанда,  мемлекеттік  қызметке  іріктеу  және  өткізу  мәселелерінде 

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (одан әрі – ЭЫДҰ) 

елдерінің  стандарттарына  барынша  жақындады.  Осы  ұйым  сарапшыларының 

пікірінше, мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі «стратегиялық дамудың» 

екінші сатысына өтті (1-саты – кәсіби, 3-саты – инновациялық).     

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ  ТҰТЫНУШЫҒА  БАҒЫТТАЛУЫ  ЖӘНЕ 

АВТОМАТТАНДЫРЫЛУЫ

Бұл шаралардың нәтижесі қызметкерлердің уәждемесінің, жұмыс беделінің 

және бос орынға үміткерлерді іріктеу кезінде бәсекелестіктің айтарлықтай өсуі 

болды.


Қазіргі  уақытта    мемлекеттік    аппараттың    азаматтармен    өзара    қарым-

қатынасы    «тұтынушыға    бағытталу»,    қызмет    алудың    ашықтығы    мен 

қолжетімділігі   қағидаттарында   құрылуда.

2018 ж.


2017 ж.

2016 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет