3.1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАМАНАУИ МОДЕЛІНІҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
4.1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛҒА
4.2. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ
.............04
01
КІРІСПЕ
КІРІСПЕ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
стратегиясы» елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша
негізгі ұстанымын көрсетеді және алдағы жылдарға сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясаттың негізгі векторларын белгіледі: мемлекет пен қоғамның
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшін біріктіріп, бұл құбылыстың түп тамырын
жою.
2018 жылы Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске
асырудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жаңашыл әдістер мен
тәсілдерді енгізумен сипатталатын екінші кезеңі басталды.
Осы Ұлттық баяндамада 2018 жыл қорытындысы бойынша Қазақстандағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын іске асырудың тиімділігі мен
нәтижелілігіне кешенді талдау және оны жетілдіру бойынша құқықтық және
ұйымдастырушылық ұсыныстар қамтылған.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін мақсаты мемлекеттің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың
кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік ажғдайын қалыптастыру және оның
деңгейін төмендету болып табылатын Қазақстан Республикасының
2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы
қабылданды.
02
I ТАРАУ
I ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1. ӨЗЕКТІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
2018 жылғы 10 қаңтарда Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында
сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту мақсатында мемлекеттік
органдарда, олардың тұрғындармен және бизнеспен қарым-қатынасында
үрдістерді цифровизациялау қажеттілігіне аса назар аударды.
Бұл мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
бойынша ақпараттық құралдар қатарын енгізуіне қуатты серпін берді.
2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен
тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауында қысқа мерзімге
арналған келесі нақты міндеттер қойылды:
заң шығарушылықтан – заңдарды мүлтіксіз сақтауға және тиісті құқықты
қолдану тәжірибесіне;
Достарыңызбен бөлісу: