Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл туралы



Pdf көрінісі
бет6/39
Дата07.04.2022
өлшемі4,63 Mb.
#30174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Біріншіден,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  субъектілерінің 

барлығының  қатысуы.  Мысалы,  квазимемлекеттік  сектор  субъектілері  мен 

кейбір мемлекеттік органдар үшін іс-шаралардың көзделмеген. 

Екіншіден, іс-шараларды аяқтау нысандары тек ақпараттық бөлімді (ақпарат, 

ұсыныстар енгізу) ұсына отырып, практикалық бағытта болмайды.

Осындай  кемшіліктердің  себебі  жоспарды  қалыптастыру  және  іске  асыру 

кезінде мемлекеттік органдарының мүдделер қақтығысы болып табылады.

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  стратегияның  барлық  бағыттарын  сапалы 

жүзеге  асыру  үшін  оны  жүзеге  асырудың  іс-шаралар    жоспары  мен  жоспарды 

құру механизмі түзетуді қажет етеді. 

Мүдделер  қақтығысын  болдырмау  мақсатында  жоспарды  әзірлеу  мен 

бекіту  кезінде  мемлекеттік  органдармен  келісуді  алып  тастау  орынды 

деп пайымдаймыз.




04

II ТАРАУ


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

ІІ ТАРАУ. 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ СЫБАЙЛАС 

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТАРАЛУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

       2.1. ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТАРАЛУ ДЕҢГЕЙІ 

2018 жылдың қорытындысы негізінде Transparency Interna onal (TI) өткізген, 

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі (СЖҚИ)бойынша зерттеу нәтижелері 

әлемнің  көптеген  елдерінің  сыбайлас  жемқорлық  мәселелері  алаңдаушылық 

тудырады. 

Соңғы жеті жылда тек 20 ел ғана, оның ішінде Эстония, Сенегал, Гайана және 

Кот-д'Ивуар  өз  СЖҚИ  көрсеткіштерін  айтарлықтай  жақсартты.  Бұл  уақытта 

Австралия,  Чили,  Мальта,  Венгрия  және  Түркияны  қоса  алғанда,  16  ел 

өз бағаларын едәуір төмендетті.  

2018  жылдың  қорытындылары  бойынша  85-тен  88-ге  дейін  балл  жинаған 

Дания,  Жаңа  Зеландия,  Финляндия,  Сингапур,  Швеция  және  Швейцария 

сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен елдер деп танылды. 

Солтүстік Корея, Йемен, Оңтүстік Судан, Сирия, Сомали 10-нан 14-ке дейінгі 

балл нәтижелерімен «антирейтинг» көшбасшылары атанды. 

АҚШ,  өткен  жылмен  салыстырғанда  4  балын  жоғалтып,  соңғы  7  жылда 

СЖҚИ бойынша ең төменгі көрсеткішті көрсетті. Бұл ретте, ол СЖҚИ деңгейі 

бойынша әлемнің үздік жиырма елінің қатарына алғаш рет енбей қалды. 

Аргентина  (40  балл)  сыбайлас  жемқорлықпен  күресте  елеулі  табыстарды 

көрсетуде,  оның  көрсеткіштері  2015  жылдан  бастап  8  балға  өсті.    Көбіне,  бұл 

жоғары  деңгейлі  сыбайлас  жемқорлықпен  күрестегі  маңызды  жетістіктермен 

байланысты. 

Өңірлік қимада сыбайлас жемқорлық жағдайы төмендегідей сипатқа ие. 

TI  пікірі  бойынша  бұл  алдымен  демократиялық  институттар  мен  саяси 

құқықтардың жалпы әлсіреуімен байланысты.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет