§16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру
Демократиялық мемлекеттің құрылуы, осыған байланысты мемлекеттік
аппараттың, оның қызметінің қайта құрылуы және Қазақстанның
мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бастапқы елдің қоғамдық-саяси
өміріндегі өзге де өзгерістер мүлдем жаңа институт – мемлекеттік
қызметтер көрсету саласының туындауына алып келді.
Мемлекет әрқашанда мемлекеттік қызметтер көрсеткендігі анық.
Дегенмен, бұл қызметті мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша
процедура ретінде мойындау тек қана дамудың демократиялық тұғырына
өткеннен кейін ғана мүмкін болды.
1
Мұның барлығы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатта растауға
ие болып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2010–
2020 жылдар кезеңіне арналған Құқықтық саясат тұжырымдасында
қазіргі жағдайда әкімшілік құқық мемлекеттік-билік қатынастары
саласын реттеумен шектелмейтіне назар аударылады. Онда: «Іс
жүзінде азаматтарға және ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету
саласындағы қатынасты реттейтін әкімшілік құқықтың жаңа институты
туындайды» делінген
2
.
Бұл жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігі мен
сапасын қамтамасыз ету маңызды болады, себебі осы көрсеткіш қоғам
мен оның әрбір азаматының қажеттіліктеріне мән беру дәрежесін
айқындайды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын
жетілдіру бойынша жүзеге асырылып жатқан саясат мемлекеттік
қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерімен
шектеліп қалған жоқ. Бұл саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
әрекеттер мәселесі де өзінің маңыздылығын жоғалтпай отыр және бұл
кездейсоқтық емес.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы өз табиғатында, мемлекеттік
аппарат қызметінің сыбайлас жемқорлыққа бейім бағыттарының бірі
болып табылады. Себебі осы салада мемлекеттік қызметшілер мен
мемлекеттік қызметтер көрсетуді қолданушылардың, яғни қарапайым
азаматтар, кәсіпкерлер және және т.б. арасында тікелей қарым-қатынас
жүзеге асады. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметтер көрсетуді мемлекеттік
органдардың монополиялық тәуелділігіндегі игіліктер ретінде қарастыру
қалыптасқан. Сондықтан, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында
сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің болу қаупі қатар жүреді.
Мемлекет өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларында
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі осылай түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламада
мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін «электрондық» форматқа
өткізу бойынша міндеттер қойылған болатын.
3
1
Майдырова А. Б., Муксимов С. С. Совершенствование процесса оказания государственных услуг в Республике
Казахстан: научная монография. - Астана: Акад. гос. упр. при Президенте РК, 2015. - 211 с.
2
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдама-
сы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығы // Казахстанская
правда. - 2009. - 27 тамыз. - № 205
3
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011–2015 жылдарға арналған
салалық бағдарлама // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 24, 211-құжат
151
Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясында мемлекеттік қызметтер көрсетуді
автоматтандырумен қатар, «бір терезе» қағидасы бойынша көрсетілетін
қызметтер тізімін кеңейту міндеті де көрсетілген.
4
Сондықтан, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас
жемқорлық мәселелерін шешу, оған алып келетін себептер мен
жағдайларды болдырмау, жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқару
реформаларының мәні болды.
Міне, сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсету мен оны қамтамасыз
ету жүйесін қайта қарау бойынша іс-шаралар қабылданған болатын.
Нәтижесінде, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау ведомстволық
процедурасының қатаң және бірегей емес құрылымы жойылды.
Мұндай тәсілдің бастапқы кезеңдерінің бірі ретінде мемлекеттік
билік органдарының барлық қызметтерінің ішінен мемлекеттік қызмет
көрсетулермен байланысты үрдістерді ерекшелеуді атауға болады.
Ең алғаш рет мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін қалыптастыру
бойынша тапсырма Елбасының 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» атты Жолдауында белгіленген болатын.
5
Сол жылы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің №561 Қаулысымен, құрамында 132 мемлекеттік
қызмет көрсету түрі енгізілген тізілім бекітілді.
6
Үкімет тарапынан қабылданған 47 қаулы есебінен аталған тізілім
бірқатар толықтырулар мен өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны 500-ден асады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларының
7-тармағына сәйкес, «Уәкілетті орган қажет жағдайда жыл сайын,
1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей тізілімге өзгерістер және
(немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін, Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының
Үкіметіне енгізеді». Сонымен бірге тізілімді әзірлеу жыл сайынғы түгендеу,
сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан
көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет көрсетулердің бар-жоқтығына
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қарастыру
жолымен жасалған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы
органдарының қызметіне талдау жүргізу нәтижелері бойынша жүзеге
асырылады
.7
Жыл сайынғы түгендеу және мемлекеттік органдардың қызметіне
талдау жүргізудің мәнін өз ведомстволарының жеке мүдделерін
мемлекеттік қызмет көрсету түрі ретінде айқындағысы келмейтін
жекелеген мемлекеттік органдардың қарсылықтарына жауап ретінде
қарастыруға болады. Себебі бұл басқа да өзгерістермен қоса, олардың
4Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011–2015 жылдарға арналған
салалық бағдарлама // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 24, 211-құжат
5 Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2007
жылғы 28 ақпан // Казахстанская правда. - 2007. – 1 наурыз.
6 Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы: Қазақстан Респу-
бликасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж.,
№ 23, 266-құжат
7 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту: Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулысы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 8-құжат.
152
қызметтерін автоматтандыру, стандарттау, регламенттеу, жыл сайынғы
қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-шаралар қолдануға алып келеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын автоматтандыру
бойынша кең көлемді реформаларды жүзеге асыруға негіз болған
бастапқы құжат 2014 жылғы 19 наурыздағы Елбасының «Бәсекеге
қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт»
атты Жолдауы болды.
8
Онда Елбасы «электрондық үкімет» құру бойынша міндетті белгілей
отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысынан оның аса
маңызды артықшылыққа ие екендігін ерекше атап көрсетті. Жолдауда:
«Ол халық пен шенеунiктер арасындағы тоқайласуды азайтуға мүмкiндiк
бередi, қызмет көрсету сапасын арттырып, мерзiмiн қысқартады»
делінген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысынан мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесінің артықшылығы
жөніндегі ойлар ғылыми әдебиеттерде де жиі кездеседі. Мысалы,
В. В. Солодовтың пікірі бойынша «электрондық үкіметті енгізу
мемлекеттік қызмет көрсетулерді тұтынушылар мен шенеуніктердің
арасындағы қарым- қатынастарды өзгертуге ықпал етеді: мемлекеттік
қызмет көрсетулер стандартталған, белгілі бір тұлғаларға қатысты емес
сипатқа ие болады, ал бұл сыбайлас жемқорлық тетіктерін қолдануды
төмендетеді».
9
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру «ашықтық»
қағидатын жүзеге асыруға көмектеседі, себебі мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер рәсімінде көрсетілетін қызметтерді қанағаттандыру немесе
бас тарту себептерін бақылау мүмкіндігі бар. Бұл туралы М.О. Изотов
мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы және олардың
қоғамдық құрылымдар үшін «айқындығы» бойынша іс-шаралар қабылдау
шенеуніктердің жөнсіз әрекеттерін азайтуға және қоғамдық бақылауды
күшейту мүмкіндіктері арқылы қоғамдағы биліктік қатынастардың
өзгеруіне әкелуі тиіс деген пікірді білдіреді.
10
Қазақстанда қабылданған оңтайландыру және автоматтандыру
бойынша іс-шараларды шартты түрде 2 кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңде, ұйымдастырушылық, құқықтық және технологиялық
мәселелер шешілді. Бұл бағыттағы қабылданған іс-шаралар «электрондық
үкімет» құруға барынша бағытталған еді.
Электрондық үкіметтің құрылуында негізгі рөлді Қазақстан
Республикасында «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010
жылдарға арналған бағдарламасы атқарды. Бағдарлама, ең алдымен,
азаматтардың өмір тіршілігі мен мемлекет қызметінің барлық салаларын
қамтып, алуан түрлі қызметтерді дамытуға, сонымен қатар әкімшілік
8 Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!: Қа-
зақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2004 жылғы 19 наурыз // Казахстанская
правда. -2004. - 20 наурыз.
9
Солодов В. В. E-government и борьба с коррупцией // Вестник Московского университета. Серия 21. Управле-
ние (государство и общество). 2006. - № 1. - С. 1-16.
10 Изотов М. О. Коррупция в современной России: дисс. на соискание уч. степени к. ф. н. - Орел, 2012.
–
192 с.
153
процестерді толығымен қайта қарауға бағытталған болатын. Аталған
кезеңде, «е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы, «е-үкімет»
төлемдік шлюзі, «е-нотариат» бірыңғай нотариалдық жүйесі сияқты
жүйелер енгізіліп, халыққа электрондық сандық қолтаңбалар беріле
бастады.
11
Ұйымдастырушылық және технологиялық мәселелермен бірге, бірінші
кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетулер процестерін оңтайландыру мен
автоматтандыру бойынша мемлекеттік саясатты құқықтық қамтамасыз
ету міндеті де шешілді. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсетулер
процесін оңтайландыру мен автоматтандыруға негіз болған заңдар
қабылданды.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудағы Қазақстанның жетіс-
тіктері жыл сайынғы БҰҰ-да «электрондық үкімет» бойынша жасалатын
есепте көрініс табады. «е-қатысу» көрсеткіші бойынша, яғни мемлекеттік
биліктің орталық органдарының кез келгеніне электронды нысанда жүгіне
алу мүмкіндігі бойынша Қазақстан бірнеше жылдар бойы Сингапурмен
бірге екінші орынды бөлісіп келеді
.
12
Өз кезегінде, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стратегияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
салыстырмалы жағымды тенденцияларға талдау жүргізу аясында
«жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қызмет көрсетулер үлесі
жоғарылады (екі еседен аса)» деп көрсетілген.
13
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар қатарында мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді стандарттау және регламенттеу қадамдарын жатқызуға
болады, себебі мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарында ең
алғаш рет қызмет көрсетулер процестеріне қойылатын талаптар көрініс
тапты. Регламенттеу мемлекеттік қызметтер көрсету процестеріндегі
өзара қарым-қатынастарды реттеудегі маңызды тетікті құрай отырып,
стандарттау процесінің жалғасы болды. Бүгінгі таңда, стандарттар
мен регламенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әсер етуші
құрал екендігіне күмән туғызбайды. «Регламенттелмеген сандық және
сапалық көрсеткіштер жүзеге асыру барысын бақылауды қиындатады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзылушылықтарға жағымды
орта туындайды», – деп есептейді Е.Мамытбеков.
14
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін стандарттаудың бірінші
тәсілдері 2005 жылдың екінші жартысына жатады, осы кезеңде Қазақстан
Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология комитеті төрағасының №502 бұйрығымен
мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қызмет көрсету
процестеріне қойылатын негізгі талаптар бекітілді.
15
11 Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008–2010 жылдарға арналған бағдарлама-
сы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 38, 234-құжат
12 Майдырова А. Б., Муксимов С. С. Совершенствование процесса оказания государственных услуг в Респу-
блике Казахстан: научная монография. - Астана: Акад. гос. упр. при Президенте РК, 2015. - 211 с.
13 Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы
туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы // Казахстанская
правда. - 2014. - 30 желтоқсан.
14 Мамытбеков Е. Услуга государственного стандарта // Портал «Zakon. kz». http://www.zakon.kz/93345-usluga-
gosudarstvennogo-standarta.html (21 апреля 2015 г.)
15Майдырова А. Б., Муксимов С. С. Совершенствование процесса оказания государственных услуг
154
Бірнеше себептермен бұл іс-шаралар нәтижесіз болды. Екі жыл
өткеннен кейін ғана Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан» Жолдауында: «Үкімет мемлекеттік қызмет көрсетудің
сапалы стандарттарының әзірленуі мен енгізілуін қамтамасыз етуге
міндетті. ... барлық мемлекеттік қызмет түрлерінің тізбесін бекітуі керек»
деген болатын.
16
Сонымен бірге стандарттар мен регламенттердің өзін қалыптастыру
анағұрлым қиын мәселе екендігі анық. Қазақстандағы мемлекеттік
қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерін қалыптастыру
үш кезеңмен сипатталады.
Әрбір кезең стандарттар мен регламенттерді қалыптастыру ретінің
өзіндік үлгілерімен айқындалып отырды. Стандарттарды бекіту бастапқы
кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілеттік берілген
мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан
дербес негізде жүзеге асырылды. Мұндай дербестік қажеттіліктен
туындады, себебі мемлекеттік қызмет көрсетулерді ұсыну мен қабылдау
жолдары жөнінде толық ақпаратқа мемлекеттік қызмет көрсету
субьектілері ғана ие еді. Осылай бола тұрса да, аталған органдар өздері
орындаушы болғандықтан, олардың анағұрлым жеңіл стандарттардың
бекітілуіне мүдделі емес екендіктері назардан тыс қалды. Сондықтан
мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын қалыптастырудың
құрылымы сынға ұшырай бастағаны да таң қаларлық емес еді.
17
Атап айтқанда, біздің пікірімізше және кең таралған аргументтер
бойынша да «мемлекеттік басқару органдарының мүдделері
(бюджеттің қаржылық мүмкіндіктері, нақты мемлекеттік органдардың
ұйымдастырушылық мүмкіндіктері және және т.б.) халықтың
қажеттіліктерінен жоғары тұрғанда, «стандарттар үшін стандарттар
құру», яғни сапасын арттыруды мақсатқа алмай тек қана ресми талаптар
тіркеу» орын алады.
18
Осыған байланысты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
2013 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы аясында
мемлекеттік көрсететін қызметтерді стандарттау мен регламенттеудің
жаңа тәртібі ұсынылды.
19
Бұл кезеңде стандарттарды әзірлеу барысында көрсетілетін
қызметтерді тұтынушылардың пікірін ескеру тетігінің негізі қаланды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын ашық
түрде қоғамда талқылау талабы енгізілді.
Мұндай қадамдар 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегияның қоғамдық институт құру жөніндегі
міндетімен толық сәйкес келеді.
в Республике Казахстан: научная монография. - Астана: Акад. гос. упр. при Президенте РК, 2015. - 211 с.
16 Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы,
2007 жылңы 28 ақпан // Казахстанская правда. - 2007. – 1 наурыз
17 Мамытбеков Е. Услуга государственного стандарта // Портал «Zakon. kz». http://www.zakon.kz/93345-
usluga-gosudarstvennogo-standarta.html (21 апреля 2015 г.)
18 Курманбаева А. М. Совершенствование стандартов государственных услуг в Республике Казахстан: дисс. на
соискание академической степени магистра. - Астана, 2010. - 108 с.
19 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы: Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V
Заңы // Казахстанская правда. - 2013. - 20 сәуір. - № 139-140.
155
Тірек сөздер:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық жасау қаупі, мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерді стандартау және автоматтандыру,
«электрондық үкімет»..
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықты
барынша азайту бойынша Қазақстан Республикасында бірінші
кезектегі іс-шараларды атаңыз.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықты
жоюға ықпал ететін жағдайды құруда стандарттау, автоматтандыру
және регламенттеудің ерекшеліктерін атаңыз.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретіндегі
«электрондық үкімет» ұғымының мәнін қалай түсінесіз?
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтар жасау жағдайлары мен себептерін барынша
азайту процесі нені білдіреді?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1. Реинжиниринг және оңтайландыру мемлекеттік қызметтер көрсету
саласындағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың маңызды шарты
ретінде
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау: шет елдердің және
Қазақстан Республикасының тәжірибесі.
3. «Электрондық үкіметті» қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл мен оның алдын алудың негізгі алғышарттары.
Әдебиет
1. Қазақстан Республикасында «электрондық үкiмет» қалыптастырудың 2005–
2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы // Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 561-құжат.
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы: Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы // Егемен Қазақстан. - 2013. - 20 сәуір.
- № 139-140.
1. Изотов М. О. Коррупция в современной России: дисс. на соискание уч.
степени к. ф. н. - Орел, 2012. - 192 с.
1. Курманбаева А. М. Совершенствование стандартов государственных услуг в
Республике Казахстан: дисс. на соискание академической степени магистра.
- Астана, 2010. - 108 с.
1. Мамытбеков Е. Услуга государственного стандарта // Портал «Zakon.
kz».
http://www.zakon.kz/93345-usluga-gosudarstvennogo-standarta.html
(21 апреля 2015 г.).
1. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2011–2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама // Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 24, 211-құжат.
1. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін,
бәсекеге қабілетті халық үшін!: Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы, 2004 жылғы 19 наурыз // Егемен Қазақстан.
-2004. - 20 наурыз.
1. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 жылғы 28 ақпан // Егемен Қазақстан. -
2007. - 1 наурыз.
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулысы
// Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 8-құжат.
156
1. Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің
тізілімін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30
маусымдағы № 561 қаулысы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007
ж., № 23, 266-құжат.
1. Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008–2010
жылдарға арналған бағдарламасы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2008 ж., № 38, 234-құжат.
1. Солодов В. В. E-government и борьба с коррупцией // Вестник Московского
университета. Серия 21. Управление (государство и общество). 2006.
–
№ 1.
1-16-б.
1. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге
арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығы // Казахстанская
правда.
–
2009.
–
27 тамыз.
1. Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы // Егемен
Қазақстан.
–
2014.
–
30 желтоқсан.
157
§ 17. Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы
қалыптастыру
Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлықтық мінез-құлықтың
себептері.
КСыбайлас жемқорлық – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне
қатысты ең басты қауіптердің бірі: экономикалық қарым-қатынастар
аясында тіршілік ете отырып, ол уақыт өте келе оларды параға сатып
алу мен тазалықтың болмауына негізделген қатынастарға алмастырады
[1]. Нәтижесінде, қалыпты іскерлік әрекеттер өзгеріске ұшырап,
инвестициялар мәнін жойып, іскерлік беделдің деңгейі төмендейді.
Сыбайлас жемқорлық белең алған және атқарушы органдар мен сот
билігі тармақтарының қызметінде қиыншылықтар бар ортада бизнес
табысты дами алмайтындығы дәлелденген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мемлекеттік саясатты реттілікпен жүзеге асыру сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл үшін қажетті заңнамалық алғышарттарды жасауға алып
келді. Бизнестегі парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын
барынша болдырмау мақсатында Үкімет Қылмыстық кодекске сыбайлас
жемқорлықтық әрекеттері үшін заңды тұлғаларды жауапкершілікке
тарту қарастырылған өзгерістер енгізді. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық
жойылған жоқ. Оның өміршеңдігі адамдардың санасында, адамгершілік
кемшіліктері мен нұсқандарында нығыз орныққандығымен айқындалады.
Әлемдік экономикалық форумында жарияланған 2013 –
2014 жыл-
дары Жаһандық бәсекеге қабілеттік туралы есеп нәтижелері көрсеткен-
дей, Қазақстанда бизнес жүргізуде ең қиындық туғызушы мәселе
сыбайлас жемқорлық болып табылады. Компаниялар қазіргі уақытта да
бизнес жүргізудегі пара берушілік пен төлемдерді кешіктіруді әдеттегі іс
көреді.
Достарыңызбен бөлісу: |