Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата09.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#8670
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
СЫБАЙЛАС 
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 
МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
Астана 
2016

УДК 323/324(075)
ББК 66.3(5Каз)3я7 
О-75
Баспаға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 
Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми кеңесі ұсынған 
Рецензенттер:
Ғ. Т. Телебаев –  филос.ғ.д., профессор;
А. А. Смағұлов – з.ғ.д., профессор;
Қ.Қ. Мусин – з.ғ.к., доцент;
Г. И. Досмағамбетова – сасяи.ғ.к., доцент.
О-75     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері: оқу құралы /
Жалпы  редакциясын  басқарған  б.ғ.д.,  профессор  Б.  С.  Абдрасилов.  – 
Астана: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік 
басқару академиясы, 2016. – 176 б.
Редакциялық  алқа:  Ә.  Ғ.  Мұхамеджанова,  э.ғ.д.,  профессор;  
Г. Ә. Жүнісбекова, э.ғ.к., профессордың міндетін атқарушы; Т. К. Бурбаев,  
филос. ғ.д., профессор; М. И. Жұмағұлов, з.ғ.д., профессор.
ISBN 978-601-287-158-6
Авторлар ұжымы:
Б.  С.  Абдрасилов  –  кіріспе;  М.  М.  Нарбинова  –  §  1;  Р.  С.-А.  Жүсіпова, 
 Е. А. Шаханов – § 2; Ж. Х. Қосанов, М. А. Әленов – § 3; Ж. Ж. Дәулетбаева, 
А. Н. Нұрлан, Е. К. Жаров – § 4; Т. Қ. Бөрібаев - § 5; А. К. Сәдуақасова,  
Т.  Ж.  Жақиянов  -  §  6;  Л.  М.  Иватова  -  §  7;  А.  П.  Әбуов,  Ғ.  А.  Ысқақова  – 
§  8;  З.  Ә.  Исаева  –  §  9;  Т.  Қ.  Бөлеев  –  §  10;  М.  Ш.  Қоғамов  –  §  11;  
М.  И.  Жұмагұлов  –  §  12;  Ж.  Е.  Садықанова,  Н.  Ж.  Мұхаметқалиев 
–  §  13;  З.  Л.  Федотова,  Н.  М.  Примашев  –  §  14;  Г.  Ә.  Жүнісбекова,  
Р.  А.  Түрчекенова  –  §  15;  С.  С.  Мүксімов  –  §  16;  Л.  О.  Дёмушкина,  
Б. А. Мұқашева - § 17.
Оқу  құралында  алғаш  рет  тарихи  және  қазіргі  тұрғыдан  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру  мәселелері 
байыпталады.    Авторлық  ұжым  бұл  феноменді  оның  әмбебап 
мәнін,  шығу  табиғатын,  сыбайлас  жемқорлықтың  орнықтылығы 
себептерін  ашып  көрсете  отырып,  жүйелі  түрде  зерттейді, 
сондай-ақ  Қазақстан  Республикасында  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  іс-қимылдың  әлеуметтік-экономикалық,  құқықтық,  мәдени, 
адамгершілік-этикалық аспектілерін талдайды. 
Оқу  құралы  білім  алушылар,  оқытушылар,  ғылыми  қызметкерлер, 
сондай-ақ осы мәселелеге қызығушылық танытатын  барша қауымға 
арналады.
УДК 323/324(075)
ББК 66.3(5Каз)3я7
ISBN 978-601-287-158-6
© Қазақстан Республикасы Президентінің 
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2016

МАЗМҰНЫ
Кіріспе  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . 5
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ . . . . . . 7
§ 1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 7
§ 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас  
жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары . . . 11
§ 3. Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде . . . . . 17
§ 4. Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті 
қалыптастыру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  21 
2-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ТЕТІКТЕРІ МЕН ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .34
§ 5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін 
қалыптастырудағы отбасы рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .34
§ 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері . . . 38
§ 7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетігі ретінде  
қоғамдық бақылау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 44
§ 8. Саяси партиялар мен БАҚ сыбайлас жемқорлыққа  қарсы 
мәдениетті қалыптастыру құралдары ретінде . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 57
§ 9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие . . . . . . . . . . . . . .  67
§ 10. Сыбайлас жемқорлық тәртіптің  психологиялық тетіктері . . . . . . 71
3-ТАРАУ.  СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ  ЗАҢНАМА 
ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
ҮШІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 87
§ 11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың  
конституциялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 87
§ 12. Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы заңнаманың эволюциясы . . . . .93
§ 13. Сыбайлас жемқорлық құқық  бұзушылықтар үшін  
құқықтық жауапкершілік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 115
4-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖӘНЕ БИЗНЕС ОРТАДА 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ  МӘДЕНИЕТТІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 131
§ 14. Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас  
жемқорлыққа қарсы аспектісі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 131
§ 15. Мемлекеттік жоспарлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимылдың тетігі ретінде . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 140
§ 16. Мемлекеттік қызметтер екөрсету процесін жетілдіру . . . . . . . . .  150
§ 17. Бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы  
қалыптастыру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 157
Негізгі әдебиет . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 163

5
КІРІСПЕ
Қоғамдық  өмірде  болып  жатқан  өзгерістер  жағдайында  елде 
қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы  
іс-қимыл  мәселелеріне  айрықша  назар  аударылады.  2014  жылы 
қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  стратегиясының  басты  ерекшеліктеріне 
қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру  жатады.  Сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  саясатты  іске  асыруда  барынша  табысқа  жеткен 
елдердің  тәжірибесін  талдау  қоғамда  сыбайлас  жемқорлықты  рухани-
этикалық деңгейде  қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді 
тәсіл екенін көрсетті.
Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті 
қалыптастыру  бойынша  мақсатты  жұмыс  келешек  түлектердің  қызмет 
бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуға тиіс. Өткен жылдан 
бастап  барлық  жоғары  оқу  орындарындағы  оқу  процесіне  «Сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  негіздері»  атты  жаңа  пән  енгізіле 
бастады.  Дегенмен,  бізде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің 
дүниетанымдық,  этикалық,  рухани  аспектілерін  жан-жақты  көрсететін 
тиісті әдебиет әлі аз, ал бұл проблема бойынша қолда бар әдебиет көбіне 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  құқықтық  аспектілерін  ашуға 
бағытталған. 
Қалыптасқан мән-жайды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы 
Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының  
ғалымдар  тобы  бұл  проблема  бойынша  оқу  процесін  әдістемелік 
қамтамасыз  ету  үшін  оқу  құралын  жасау  туралы  бастама  білдірді. 
Ұсынылатын  оқу  құралы  Академияның  профессор-оқытушылар 
құрамының жұмыс нәтижесі болып табылады, оқу орнының құрылымдық 
бөлімшелерінде құқық қорғау, экономикалық және тәрбиелік моделдерін 
қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктері 
жүйелі түрде әзірленуде. 
Авторлар  ұжымына  әртүрлі  бейіндегі  мамандар  кірді,  олардың  
ішінде – практикалық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер, педагогика, 
философия, экономика, юриспруденция саласында зерттеулер жүргізетін 
ғалымдар  бар.  Авторлық  ұжымның  мұндай  іріктелуі  белгіленген 
міндеттерді шешуге және тарихи әрі қазіргі заман тұрғысынан алғанда 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастырудың  өзекті 
проблемаларын байыптауға кешенді көзқарасты қамтамасыз етті. Жүйелі 
тәсілдің  міндетін  белгілеген  авторлар  сыбайлас  жемқорлықтың  мәнін, 
табиғатын,  шығу  тегін,  оның  орнықтылығының  себебін  ашу,  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  әлеуметтік-экономикалық,  құқықтық,  мәдени, 
рухани-этикалық  аспектілерге  сапалы  талдау  ұсыну  әрекетін  жасады.       
Оқу  құралында  қамтылған  мәселелер  кешеніне  орай  оларды 
төрт  тарауға  топтау  орынды  деп  табылып,  олардың  әрқайсысы  тиісті 
тақырыптық блокты қамтыды.  
 

6
Оқу  құралы  аясында  оқырмандар  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сияқты ұғымдармен 
танысып, қазіргі күннің құбылысы ретіндегі сыбайлас жемқорлық және 
оның  тарихи  тамырлары  туралы  мәлімет  алады.  Тұлғаны  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  тұрғысынан  тәрбиелеуде  отбасының 
рөліне,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің  ұлттық  негіздеріне, 
шетелдерде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыруға 
айрықша назар аударылған.    
«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  негіздері»  оқу  құралында 
авторлар  оқытудың  тәрбиелік  сипатына  сүйенді,  сондықтан  ол 
жоғары  оқу  орындарының  барлық  мамандықтары  мен  дайындық 
бағыттары  бойынша  оқу  процесінде  пайдаланылуы  мүмкін.  Бұл  ретте 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік 
басқару  академиясының  соңғы  жылдары  жинақтаған  тәжірибесін 
пайдаланғанымызды,  Академияда  еліміздің  мемлекеттік  қызметшілерін 
оқытудың  барлық  бағдарламаларына  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
бағыттылық пәндері енгізгенін атап көрсету қажет.  
Бұл  тақырып  бойынша  бірінші  оқу  құралының  жарыққа  шығуы 
және  оның  отандық  жоғары  оқу  орындарының  білім  беру  процесінде 
пайдаланылуы бұл пәнді оқытудың жаңа модельдері мен әдістемелерін 
өмірге әкелуі мүмкін. Оқу құралының мән-мазмұны бойынша берілетін  
кез  келген  ескертулер,  ұсыныстар  бұл  ұжымдық  еңбектің  мазмұнын 
жақсарту  тұрғысынан  алғанда  мұқият  қаралады  және  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару 
академиясы  білім  беру  саясатының  бұл  маңызды  бағыты  бойынша 
ынтымақтастыққа дайын.

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: 
ҚҰРЫЛЫМЫ,  МІНДЕТТЕРІ МЕН  ФУНКЦИЯЛАРЫ
§ 1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің  мәнін  «сыбайлас 
жемқорлық» ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың 
тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес.
Сыбайлас  жемқорлық  ұғымы  қазіргі  ғылыми  және  қоғамдық-саяси 
әдебиетте кеңінен қолданылады. 
«Сыбайлас  жемқорлық»  сөзі  (латын  тілінен  «corumper»)  көптеген 
мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан 
тайдыру,  притон,  құбылмалылық,  істі  бұзу,  күйреуге  әкелу,  бұрмалау, 
алдау,  қорлау,  ар-намысын  таптау,  «rumpere»  көп  мағыналы  (бұзу, 
қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын 
«со»  қосымшасы  сыбайлас  жемқорлық  –  бұл  бірнеше  субъектілердің 
қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді. 
Бұдан  өзге,  латынша  «corruptio»  «параға  сатып  алу»,  «іріп-шіру» 
дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де 
материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді.  
Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, 
алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық, 
нашар  жағдай,  (пікір  немесе  көзқарастың)  құбылмалылығы»  деген 
мағынаны білдіреді[1].
Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен 
қатар,  латын  термині  «corruptio»  екі  түбірлі  сөзден  «cor»  (жүрек,  жан, 
рух,  ақыл-ес)  және  «ruptum»  (бүлдіру,  бұзу)  шығады  деген  пікір  бар. 
Сондықтан  сыбайлас  жемқорлықтың  мәні  лауазымды  тұлғаны  параға 
сатып  алуда  немесе  оларды  байытуда  емес,  ал  әлеуметтік  жүйені, 
оның  ішінде  мемлекеттік  билік  жүйесінің  бірлігін  бұзуда  (ыдырату,  
іріп-шіру),  мемлекеттің,  азаматтардың  заңды  мүдделерін  қоғамдағы 
өзінің  жағдайын  жеке  мақсатына  пайдакүнемдік  арқылы  сатып  кетуде.
Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы. Ежелгі 
дереккөздерді  талдау  сыбайлас  жемқорлық  мемлекеттік  аппараттың 
туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде 
барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды.
Сыбайлас  жемқорлықтың  пайда  болуы  алғашқы  деректерінің  
бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші 
жартысы),  кейіннен  вавилон  патшасы  Хаммурапидің  атақты  заңдары 
(біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр).
Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны 
үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі: «§ 5. Егер судья істі талқылап,  
шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе, 
онда  бұл  судьяны  шешімін  өзгерткенін  әшкерелеген  жөн  және  осы  
істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек  жиналыста 
оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп, 
сотта  судьялармен  бірлесіп  отырмауы  тиіс.  §  6.  Егер  адам  құдайдың  
затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан 
ұрланған затты қабылдаған  адам да өлтірілуі тиіс» [2].

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
8
Ежелгі  Үндістанда  біздің  эрамызға  дейінгі  ІІ  ғасыр  мен  біздің 
эрамыздағы ІІ ғасыр арасында брахман мектептерінің бірі құрастырған 
Ману  Заңдары  ежелгі  үнді  құқығының  ескерткішін,  брахманизмнің  
діни  және  этикалық  догматтарына  сәйкес  үндістердің  жеке  және 
қоғамдық өміріндегі мінез-құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің 
жинағы білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі 
бойынша өсиеттерді қамтиды.
Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа 
алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді 
білдіретін  мәңгілік  рахаттан  айырылуға  болатынын»  есте  сақтауды 
ескертеді [2].
Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антик дәуірінің 
мұрасында кездеседі. Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өз 
жұмыстарында бірнеше рет билікті асыра пайдалану мен парақорлық-
тың  қоғамның  экономикалық,  саяси  және  рухани  өміріне  күйретуші 
және  бұзушы  ықпалы  туралы  ескерткен,  пайдакүнемдік  –  мемлекеттік 
басқаруда  жол  берілмейтін,  сыбайлас  жемқорлықтың  себептері  деп 
атаған.
Аристотель  «Саясат»  деген  еңбегінде  сыбайлас  жемқорлықты 
мемлекетті  күйретуге  әкелмесе  де,  азғындауына  әкелетін  маңызды  
фактор  деп  атап  көрсеткен.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресті 
Аристотель  мемлекеттік  тұрақтылықты  қамтамасыз  етудің  негізі  деп 
санаған:  «Кез  келген  мемлекеттік  құрылыста  ең  бастысы  –  бұл  заңдар  
және  қалған  тәртіп  арқылы  істі  лауазымды  адамның  пайда  таба 
алмайтындай етіп құру керек» [3].
Кейіннен Гегель былай деп атап көрсетті: «Афинада әрбір азаматтың 
қандай  қаражатқа  өмір  сүретіні  жөнінде  есеп  беруге  міндеттейтін  заң 
болған, ал қазіргі кезде бұнда ешкімнің шаруасы болмауы тиіс дейді» [4].
Рим  құқығында  «сыбайлас  жемқорлық»  заң  нысанын  иеленді. 
Бұған мысал ретінде рим құқығының жиынтығын – XII кестелер Заңын  
(біздің  эрамызға  дейінгі  V  ғасыр,  латынша  leges  duodecim  tabularum) 
келтіреміз,  онда  «corrumpere»  термині    соттағы  жауап  беруді  ақшаға 
алмастыру  немесе  судьяны  параға  сатып  алу  деген  мағынада 
пайдаланылады: «Сот ісін жүргізу кезінде  (істі талқылау үшін) тағайындал-
ған және осы іс бойынша ақша сомасын алған деп айыпталған судья немесе 
делдалды өлім жазасына кесетін заң қаулысын қатал деп есептейсің бе?» [2].
Орта  ғасыр  кезеңінде  «сыбайлас  жемқорлық»  ұғымы  шіркеулік, 
канондық  мәнді  иеленіп,  «азғыру»,  «шайтанның  азғыруы»  және 
«күнә» ретінде теологиялық бағытта болды. Латын сөзі «corruptibilitas» 
адамның баянсыздығын, бұзылуға бейімделуін білдіреді. Католицизм дін 
оқуындағы  сыбайлас  жемқорлық  күнәһарлықтың  көрінісіне  айналды. 
Италия  ойшылы  мен  саясаткері  Н.  Макиавелли  (1469-1527  жж.) 
еңбектерінде  сыбайлас  жемқорлықты  пайымдауға  маңызды  серпін 
берілген.  Өзінің  «Билеуші»  атты  еңбегінде  (1513  ж.)  ол  сыбайлас 
жемқорлықты  «жария  мүмкіндіктерді  жеке  басының  мүддесіне  қарай 
пайдалану» ретінде анықтады, сыбайлас жемқорлықты алдын ала қиын 
анықталатын, бірақ жеңіл емделетін, ал  ол асқынып кеткенде,  анықталуы 
оңай, бірақ емделуі қиын  аурумен салыстырған [5].

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
9
Ағылшын  мемлекеттік  қайраткері  және  философы  Т.  Гоббс  (1588– 
1679  жж.)  «Левиафан»  атты  еңбегінде  (1651  ж.)  былай  деп  жазады: 
«Өз  байлығына  былыққан  адамдар  қылмыстарды  батыл  жасай  береді, 
себебі  олар  мемлекеттік  әділетпен  сыбайласу  арқылы  жазадан  қашып 
құтыламын немесе ақшаға не басқа да сыйақы түрімен кешірім аламын 
деп үміттенеді». Гоббс бойынша сыбайлас жемқорлық «барлық уақытта 
да  және  кез  келген  қызықтырып  азғындау  кезінде  барлық  заңдарға  
деген  жек  көрушілік  туындайтын  тамыр»  [6].  XVII  ғасырдың  ортасында 
жасалған осы тұжырым ХХІ ғасырда да өзекті болмақ. 
Неміс  философы  М.  Вебер  (1864-1920  жж.)  сыбайлас  жемқорлық 
туралы  ұғымның  дамуына  өз  үлесін  қосты.  «Саясат  міндет  және  кәсіп 
ретінде»  (1919  ж.)  еңбегінде  ғалым  саясаттан  өзінің  кәсібін  және 
міндетін  жасаудың  екі  тәсілін  бөліп  көрсетті:  «не  саясат  «үшін»  өмір 
сүру,  не  саясат  «есебінен»  өмір  сүру...  Саясат  «есебінен»  кәсіп  ретінде 
оны  тұрақты  табыс  көзіне  айналдыру  тырысатындар,  ал  саясат  «үшін» 
өзге  мақсатты  көздейтіндер  өмір  сүреді»  [7].  Вебер  парақорлық  пен  
сыбайлас  жемқорлық  орта  ғасыр  қоғамына  тән  әкімшілік  аппараттың 
ажырамас қасиеті деп санады. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы  алғашқы  ескертулерді 
тарихшылар  біздің  эрамызға  дейінгі  XXIV  ғасырға  –  шенеуніктердің 
тарапынан  асыра  сілтеушіліктің  жолын  кесу  мен  сыбайлас  жемқорлық 
іс-әрекеттер  үшін  жауапкершілік  белгілейтін  мемлекеттік  аппарат 
реформасын  ұйымдастырған  шумер  билеушісі  Урукагиннің  уақытына 
жатқызылады. 
Осылайша,  шамамен  төрт  мыңжылдық  бұрын  Ежелгі  Вавилонда 
парақорлық  үшін  жауапкершіліктің  болғанын  Хаммурапи  патшаның 
заңдары,  сондай-ақ  египет  фараондарының  заңдары  көрсетеді.  
Сыбайлас  жемқорлық  Рим  империясы  тұсында  да  нақты  айқындалған, 
ол  XII  кесте  Заңдарында  көрініс  тапты.  Рим  империясының  құлдырау 
себептерінің бірі – сыбайлас жемқорлық болған. Сол кезеңде мемлекеттік 
орындарда, мемлекеттік лауазымдарға тағайындау кезінде парақорлық 
жайлаған. [8].
Мемлекеттік  басқару  өнері  бойынша  ежелгі  үнді  «Артхашастра» 
трактатында    (біздің  эрамызға  дейінгі  IV  ғасыр)  патша  алдында  тұрған 
маңызды міндет қазынаны тонауға қарсы күрес болып табылады деп атап 
көрсетілген.  Трактатта  қазынаны  тонаудың  40  тәсілі  санап  көрсетілген 
және айлакер шенеуніктердің айласынан  гөрі  аспандағы ұшатын құстың 
жолын  болжау  оңай,  ал  бұл  қазіргі  заман  үшін  де.  Қазынаны  тонауға 
қарсы күрестің негізгі құралы – аңду болды [2].
Сыбайлас  жемқорлық  туралы  шығыс  өркениетінде  де  айтылған.  
әль-Фараби  шенеуніктер    өз  лауазымдарына    қабілеттеріне  қарай 
орналасуы қажет деп санаған.
ХІІ  ғасырдағы  Қытайдың  саяси  қайраткері  Ванг  Анши  сыбайлас 
жемқорлықтың  негізгі  себептерінің  бірі  ретінде  нашар  заңнама  мен 
нашар шенеуніктер деп көрсеткен [9].
Бұл  –  ежелгі  дәуірдің  өзінде  көрнекті  ойшылдардың  өзі  саламатты 
дамушы қоғам құруға мүмкіндік беретін ашық және адал қатынастарға 
шақырған, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің әлеуметтік феномені 
ретінде  нақты  және  сыйымды  анықтамасын  табуға  тырысқан  және 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
10
ғылымда  танымал  үлгілерден  сыбайлас  жемқорлық  дендеген  қоғам  
үлмемлекеттік  және  халықаралық  институттарының  беделін  түсіреді. 
Ол  заң  үстемдігіне,  демократия  мен  адам  құқықтарына  қатер  төндіріп,  
билікке, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік әділдік қағидаттарына 
нұқсан  келтіреді,  бәсекелестікке  кедергі  келтіреді,  экономикалық  
дамуды қиындатып және  демократиялық институттардың тұрақтылығы 
мен қоғамдық моральдық ұстанымға қауіп  төндіреді.    
Осындай  жағымсыз  үрдістерді  жою  үшін  мемлекет  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы 
заңнаманы қалыптастыруға кірісті.
 
Тірек  сөздер: 
сыбайлас  жемқорлықтың  тарихи  аспектілері,  
сыбайлас жемқорлық,  әлеуметке қарсы құбылыс.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1.  Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? 
2.  Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасын беріңіз.
3.  Ұғымның  этимологиялық анықтамасы қандай?
4. 
Сыбайлас жемқорлықты зерттеудің негізгі тәсілдерін талдаңыз.
5. 
Сыбайлас жемқорлық біздің өмірімізде. Сіз онымен ұшырастыңыз ба?
6. 
Сыбайлас жемқорлыққа  қалай қарсы тұра аламыз?
7. 
Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы.
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1.  Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен негізгі белгілері.
2.  Сыбайлас жемқорлықтың дамуының тарихи аспектілері.
3.  Сыбайлас  жемқорлық  ұғымы  мен  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  саясатты 
қалыптастырудың тарихи кезеңдері.
4.  Қазіргі әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен шарттары.
Әдебиет
1.  Большой юридический словарь. http://slovar.cc/pravo.
2.  Хрестоматия  по  всеобщей  истории  государства  и  права:  учеб.  
пособие /М. Черниловский. 

 М., 1994.
3.  Аристотель. 

 М.: Мысль, 1983. 

 830 с.
4.  Гегель Г. В. Ф. Философия права. 

 М.: Мысль, 1990. 

 524 с.
5.  Макиавелли Н. Государь. 

 М.: ЭКСМО-Пресс, 2001. 

 С. 656.
6.  Гоббс Т. Левиафан. http://www.lib.ru.
7.  Вебер М. Политика как призвание и профессия. – М.: Прогресс, 1990.
8.  Жетписбаева  Б.  А.  Антикоррупционное  законодательство  Республики  
Казах стан. – Астана, 2011. 
9.  Есембаева  Ж.  Е.  Правовые  средства  борьбы  с  коррупцией:  маг.  дисс.  –  
Астана, 2013. – 103 с.
10. Синюкова  Т.  Н.  Понятие  и  подходы  к  содержанию  корруп  ции  //  
Юридическая  наука  и  практика:  Вестник  Нижегородской  академии  МВД 
России. Выпуск № 1 (29) / 2015. 
11. Материалы сайта Transparency International. https://www. transparency.org.
12. О  противодействии  коррупции:  Закон  Республики  Казахстан  от  18  ноября 
2015 года № 410-V. http://adilet.zan.kz.

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
11


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет