§ 9.2 Орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктері
Жасөспірімдерді (орта мектеп жасындағы) сыбайлас жемқорлыққа
қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі оларға қажетті білім беру
болып табылады, олар балалардың:
–
сыбайлас жемқорлықты танып-білуін үйренуіне (сондай-ақ оны
басқа қылмыс түрлерінен айыруға;
–
сыбайлас жемқорлық неліктен жамандықтың көзі екенін білдіретін
уәжді ұғынуға;
–
сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсетуге
көмектеседі.
Бұл жаста білім берудің этностық компоненті – рухани құндылықтың
мазмұны мен маңызын ашуға және жасөспірімдердің ізгілік рухани
бағдарын қалыптастыруға назар аудару қажет. Дәл осы ізгілік рухани
бағдарлар, егер олар рухани білім беру мен тәрбие жүйесінің бастапқы
кезеңінде жасақталса, ол орта сыныптарда құқықтық құбылыстарды,
ілгерінді құқықтық сезімдер мен ұстанымдарды әлеуметтік пайдалы
бағалау бойынша құқықтық білім беру процесінде қалыптастыру үшін
іргетас болуға тиіс.
Осының негізінде, нақ осы орта мектеп жасы білім алушылардың
құқықтық білімі жүйесін қалыптастыруда шешуші фактор ретінде
қаралады, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары,
бостандығы мен міндеттері олардың өзегі болып табылады.
Барлық тұтастай мектебі әлеуметтік білім беру және тәрбие
жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жөніндегі
ақпаратты алуы және ұсыну тәсілдері болуы мүмкін, олар сынып сағаттары,
әртүрлі адамдармен (құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен,
саясаткерлермен, мемлекеттік қызметшілермен) әңгімелесу; дәрістер;
күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандарына
қарсы тұру тақырыбына пікірсайыстар, пікірсайыстар; іскерлік ойындар;
сабақтарда және факультативтік сабақтарда азаматтықпен және
патриотизммен, мораль және руханилық ұғымдармен байланысты
проблемаларды талқылау; кино материалдар көру және т.б. Бұл ретте
негізгі екпін қалай көп білуге емес қалай мейлінше дұрыс бағалауға
жасалуының маңызы зор.
Білім алушыларға бұл саладағы білімді тереңдетуге және нақтылауға
мүмкіндік беретін үлгілік сұрақтар мен тапсырмалар, шығармашылық
жұмыстардың тақырыптар және т.б. ұсыну да маңызды. Олар сабақта
үй тапсырмасы ретінде талқылау үшін ұсынылуы мүмкін, өйткені олар
қосымша әдебиетпен, Интернет ресурстарымен және т.б. жұмыс
істеуді талап етеді. Тақырыптарды зерделеу кезінде мұғалім мағыналық
екпіндерді дұрыс қоя білуі, оқушылардың сыбайлас жемқорлық
проблемасына қатынасын айқындауы, олардың құқықтық сана-сезімі
мен жүріс-тұрысын қалыптастыруы қажет.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін құқықтық сана-
сезімді қалыптастыру бұл кезеңдегі негізгі міндеті болып табылады.
Алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру кезінде қоғамдық өмір
таптаурындарын ескеретін қызметтің топтық түріне (имитациялық
және іскерлік ойындар) назар аударған жөн. Мұндай тәрбие іс-
74
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
шараларында білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа қолайлы
жағдайларды көре-білуді, күнделікті өмірдегі этикалық ауытқушылықтар
мен құқық бұзушылықтарды айқындауды, сондай-ақ оларды жою үшін
мүмкіндіктерді іздеуді үйренуге тиіс.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет үшін қаупі туралы білімі
бар азаматтың тұлғасы, сыбайлас жемқорлық көріністерін өз азаматтық
құқықтарының бұзылуы ретінде қабылдайтын және бұл құқықтарды
қорғауға дайын тұлға жоғарыда аталған барлық әрекетердің нәтижесі
бола алады.
Тірек сөздер:
жасөспірім жас, жасөспірімнің құқықтық санасы,
жасөспірім кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие
ерекшелігі.
ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1. Сыбайлас жемқорлық проблемасын қалай шешуге болады?
2. Ақша бермей өмір сүруге бола ма?
3. Сыбайлас жемқорлықты жеңуге бола ма?
4. Қалау мен талап ету арасындағы қайшылықты қалау шешу керек?
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Біздің қолымыздан не келеді?
Рефараттардың үлгілік тақырыптары
1. Жасөспірім ортадағы сыбайлас жемқорлықтың келеңсіз салдары.
2. Мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын
қалыптастыру.
3. Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің мазмұны мен негізгі
бағыттары.
4. Мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін
қалыптастыру жөніндегі тәрбие жұмысының ерекшеліктері.
5. Оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сыбайлас
жемқорлыққа төзбеушілігін жоғарлату жолдары.
Әдебиет
1. Антикоррупционное воспитание: система воспитательной работы
по формированию у учащихся антикоррупционного мировоззрения
в общеоб-разовательном учреждении: методические рекомендации.
–
СПб,
2010.
2. Антикоррупционное воспитание в школе: методическое пособие для
общеобразовательных и высших учебных заведений. www.stt.lt/docu- ments.
3. Битюков К. Формирование антикоррупционного мировоззрения школь-
ников. Презентация. http://www.spbappo.ru/institut-obschego-obrazovaniya/
kafedra-sotsialnogo-obrazovaniya.
4. Keen Е. Fighting corruption through education. http://www.hrea.org.
5. Ethics and corruption in education. IIEP, UNESCO, 2002. http://www.unesco.org/
iiep.
6. Keen Е. Fighting corruption through education. http://www.hrea.org.
7. Ибраева А. С. Правовая культура: проблемы теории и практики.
–
Алматы:
Жеті жарғы, 2002.
–
352 с.
75
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
§ 9.3 Студенттік жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-
сезімін қалыптастыру ерекшеліктері
Студенттік жастар – қоғамымыздың ең дамушы, серпінді, тез
қимылдаушы бөлігі. Нақ осылар келешекте өндіріс саласында да,
басқару саласында да орындарды иеленуші болмақ және оның белсенді
қоғамдық ұстанымы мен сыбайлас жемқорлық төзбеушілігіне еліміздің
өсіп-өркендеуі мен прогресивті дамуы байланысты болады. Жастардың
сыбайлас жемқорлықты проблема ретінде сезінуі және мықты
қалыптасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тиісті стандарттар
мен қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға қабілетті, олар келешекте
мемлекеттік басқару сапасына оң әсер ете алады.
Құқықтық мемлекеттік құрудың міндеттеріне толық көлемде сай
келетін жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің
қалыптасуындағы негізгі рөл жоғары білім беру жүйесіне тиесілі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблема айқын әділетсіздік актілеріне
сергек ден қоятын студенттік жастар ортасында өте өзекті.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беретін
мемлекеттік білім беру мекемелерінде басқару қызметінің құқықтық
және моральдық-этикалық аспектілерін зерделеуді көздейтін оқу
пәндерін оқыту кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлікті
күшейту 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл бағдарламасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
шаралары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,
білім беру мен тәрбие» атты бөліміндегі бірінші кезектегі міндеттердің
бірі ретінде көрсетіледі.
Білім беру бағдарламаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы
құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлықтың саяси, қоғамдық залалын,
оған қатысудың ықтимал салдарын түсіндіретін және студент жастардың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, олардың
құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға
бағытталған арнайы оқыту жүйесін құруды болжайды.
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін
қалыптастыруда тәрбие процесіне үлкен орын беріледі. Сондықтан
студенттердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясаты саласындағы және сыбайлас жемқорлық қатынастарының
келеңсіз салдарлары мен қалыптасатын сыбайлас жемқорлыққа
қарсы ұстаным туралы студенттердің білімін молықтыратын сыбайлас
жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың әлеуметтік маңызды іс-шараларын
(акциялар, қозғалыстар, тренингтер, пікірталастар, конференциялар)
жоспарлау және өткізу аса маңызды. Бұл міндет тәрбие процесіне жауапты
жоғары оқу орындары қызметкерлеріне де, тікелей студенттердің
өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де жүктелуі тиіс.
Білім алушылардың ғылыми зерттемелеріне, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл бойынша шешімдерді дербес іздеуіне және сыбайлас
жемқорлық, оның себептері мен оған қарсы күрес әдістері бойынша
өз пайымдарын таныстыруға, сондай-ақ олардың жобалау қызметіне
тартуға үлкен рөл берілуге тиіс.
76
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
Барлық жоғарыда көрсетілген мәселелерді қағидатты жаңа
ұсыныстарға жатқызуға болмайды. Бірақ оқу-тәрбие процесі шеңберінде
тиісті іс-шараларды жандандыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ұғымдары мен
бағыттары туралы базалық білім беретін теориялық және құқықтық
мәселелерді зерделеу студент жастарды мемлекетіміздің заңын
құрметтеу, олардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сана-сезімін
қалыптастыру рухында тәрбиелеу үшін қосымша мүмкіндік береді,
бұл айналып келгенде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық практикасын
барынша азайтуға әкеледі.
Бүгінде азаматтық жастардың қоғамдық ұйымдарына үлкен маңыз
беріледі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жас
Отан» жастар қанатын құру бүкіл елдегі жастар қозғалысына қуатты
серпін берді. Олардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
науқандарды өткізуге ерекше назар аударылады, онда студенттік ортада
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес әдістеріне
негізгі сүйеніш жасалады. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде «Нұр Отан» партиясының
облыстық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестермен, Қазақстан Жастар конгресімен,
«Қарсы» жалпы республикалық жастар қозғалысымен, «Қазақстан
студенттер альянсы» республикалық жастар қозғалысымен тығыз өзара
іс-қимыл жасай отырып, өткізіледі [4; 5].
Бүгінде «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері бүкіл ел бойынша
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде. Патриоттық, мәдени бұқаралық
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру,
жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жобаларын
ойдағыдай іске асыру, қайрымдылық акцияларын өткізу, Ұлы Отан соғысы
ардагерлерімен кездесу, мемлекеттік тілді дәріптеуге және нығайтуға
бағытталған іс-шараларды өткізу Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестегі нақты қозғаушы күш болды.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары билік, бизнес
және азаматтық қоғам арасында дұрыс, өркениетті қарым-қатынастар
құру тұрғысынан маңызды. Сындарлы ұсыныстарға бастама білдіру,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жауапты және ілгерінді
тәсілдеріне бағдарлану сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар
мен көзқарастарға ие ауқымда жастар қоғамдастығын қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Бұл түптеп келгенде қоғамда сыбайлас жемқорлық
көріністеріне «мүлде төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға, біздің
азаматтарымыздың заңдылық, адалдық және «адал өмір сүру – бұл
тиімді және абыройлы» екеніне тұрлаулы сенім қағидаттарына бейілдік
деңгейін арттыруға жағдай жасайды.
Тірек сөздер:
жоғары оқу орындары, білім беру процесі, студент
жастар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен сенім,
студент жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу
жүйесі.
77
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1. Жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатынас. Не өзгерді?
2. Сіздің
көзқарасыңызша,
жастар
ортасындағы
сыбайлас
жемқорлықтың таралуына не байланысты болады?
3. Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу
үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?
4. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай мәселені азаматтық
патриотизм ретінде көресіз?
Рефараттардың үлгілік тақырыптары
1. Әлемдегі және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар
қозғалысы.
2. Жастар ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің объектісі немесе
субъектісі ретінде.
3. Қоғамның әртүрлі өмір тіршілігі салаларында (әлеуметтік, саяси,
экономикалық, сондай-ақ адамның күнделікті өмірінде) сыбайлас
жемқорлықтың теріс салдары.
4. Қазақстан Республикасының ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты:
ұғымы мен мазмұны (болмысы).
5. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы:
ұғымы, мазмұны, құрылымы.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық
ынтымақтастық: ұғымы, түрлері және нәтижелері.
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық ұйымдар:
құқықтық жағдайлар мен қызмет тиімділігі.
Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының 2015-2015 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы / Қазақстан Республикасы Президентінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген.
2. Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси
кеңесінің 2014 жылғы 11 қарашадағы №001 қаулысымен бекітілген.
3. Артыкбаев К. IT-технологии против «ржавчины» общества. http://www.
pravstat.kz/rus/bm/Publikacii/ pub3?cid=0&rid=148.
4. Пустовалова И. Н. Формирование правосознания как основное условие
деинституализации коррупционных отношений [Текст] / И. Н. Пустовалова
// Гуманитарные и социальные науки. - № 1. - 2011.
5. Сартаев С. А., Калшабаева М. Ж. Формирование негативного восприятия
коррупции как показатель роста правовой культуры современного
казахстанского общества. http:// group-global.org/sites/default/files/
6. http://antikorkz.kz/index.php/programma-2015-2025.
7. Молодёжные
организации
Казахстана.http://www.shuak.kz/index.php?
option=com_content&view=article&id=211:molodezhnye-organizatsii-kazakh
stana&catid=11&Itemid=134&lang=ru.
8. Материалы сайта Transparency International. http://www.transparency.org/.
9. Education Against Corruption/international projects. http://www.sdcentras.lt/
antikorupcija/en/tp1.htm.
10. Education Against Corruption/in-service training. http://www.sdcentras.lt/
antikorupcija/en/kt.htm.
11. Предупреждение коррупции в системе образования. Практическое
руководство. - Эшборн, 2004. (Preventing Corruption in the Education System.
A Practical Guide. Eschborn, 2004).
12. Fighting Corruption in the Education Sector: Methods, Tools and Good Practices.
An Advance Copy of UNDP Commissioned Study. John Wood &Laetitia
Antonowicz. October 2010.
78
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
§ 10. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігі
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиясы.
Сыбайлас
жемқорлық
әрекетінің
психологиясы.
Сыбайлас
жемқорлық
проблемасына арналған көптеген зерттеулер көлемі экономикалық,
әлеуметтік және заң тұрғысынан бағалауға ұшырайды. Алайда, сыбайлас
жемқорлық әрекеттің психологиялық көзқарасы бойынша қазіргі кездегі
түсінігі әртүрлі.
Сыбайлас жемқорлық проблемасын психологиялық тілде сипаттау
үшін бірқатар негізгі ұғымдар мен олардың анықтамаларын енгізу қажет:
сыбайлас жемқорлық әрекет – бұл лауазымды адамның қызметтік
жағдайын асыра пайдалану арқылы жеке пайда табуға бағытталған
әрекеті;
сыбайлас жемқорлық қысымы – лауазымды адамға бұл жеке пайда
табу үшін билік өкілеттіктерін асыра пайдалану немесе одан бас тарту
арасында таңдау жасауға әкелетін ықпал етудің әлеуметтік және
психологиялық факторлары жиынтығы;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық – бұл сыбайлас жемқор-
лық қысымына қарсы тұру және қылмыс пен заңға мойынсұнатын
әрекет арасында соңғысының пайдасына таңдау жасауды жүзеге асыру
қабілетімен көрінетін тұлғалық жүйелік қасиет;
сыбайлас жемқорлыққа бейімделу – сыбайлас жемқорлық қысым
жағдайында сыбайлас жемқорлық әрекетін таңдауға жеке бейімділік;
сыбайлас жемқорлығы дендеген адам – сыбайлас жемқорлыққа
жоғары бейімділік және төмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы
орнықтылықты игерген белгілі бір әлеуметтік тип [1].
Сыбайлас жемқорлық әрекет факторлары сыртқы (сыбайлас
жемқорлық қысым) және ішкі (сыбайлас жемқорлыққа бейімділік,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық) болып жіктеледі [1, 324-б.].
Әлеуметтік тұрғыдан сыбайлас – бұл жалпы қабылданған әлеуметтік
нормаларды бұзу, бұрмалау, зақымдану және кейіннен белгілі бір
қоғамдастықта оларды жасырын егу. Егер, бір жағынан, қоғамда және
мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы қабылданған
норма ретінде ресми түрде айтылған, ал екінші жағынан, күнделікті
қатынастарда тұрмстық сыбайлас жемқорлық кең таралған болса, ресми
айтылған және нақты қолданыстағы мінез-құлық нормалары арасындағы
қарама-қайшылық айқын. Салдарында, мемлекеттік қызметшілер мен
олардың қызметтердің тұтынушылары ретінде азаматтардың мүдделер
қақтығысы орын алады.
Осылайша, әрекеттердің «қосарлы стандарты» психологиясы сыбайлас
жемқорлыққа ықпал ететін фактор болып табылады. Бұл ретте қоғамық
қатынастарға қатысушылардың екі жағы да (мемлекеттік қызметшілер
мен азаматтар) сыбайлас жемқорлық қысымын сезінеді.
Сонымен қатар ешқандай сыртқы жағдайлар, егер олар сыбайлас
жемқорлық тұлғасының ішкі қасиеттерімен келіспесе құқыққа қарсы
әрекеттердің себептерін айқындай алмайды.
79
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің күрделі психологиялық тетігін және
оның әрбір элементі қажетті өзара байланыс пен өзара тәуелділікте
қаншалықты болғанын түсіну үшін қазіргі заманғы сыбайлас жемқордың
бейіні мен оның психологиялық портретін қарастыру керек.
Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдар арасында жүргізілген
психологиялық зерттеу психологиялық бейінді және олардың аз ғана
адамдар тобымен араласуға ұмтылысы, жақын қарым-қатынастар
орнату кезінде абай болу, сыбайлас жемқорлық құрбандарына қатысты
аяушылықтың жоқтығы сияқты бірқатар қасиеттерді айқындап берді [2].
Олар, әдетте өздерінің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ешқашан жаза
болмайды деп ойлайды.
Атап айтқанда, қазіргі сыбайлас жемқорлықтың ашықтық және
арсыздық сияқты сипаттамасы анықталып отыр. Жасырын, «қауіпсіз»
парақорлық үздіксіз дамитынын атап өту керек, өйткені жемқорлар
жасампаздығының жоғарылығы күмән тудырмайды. Шетелдік
зерттеулердің деректеріне сәйкес сыбайлас жемқорлық бойынша айла-
шарғыларда зияткерлігі жоғары және мәселелерді стандартты түрде емес
шешетін шығармашыл адамдардың мейлінше жолы болады. Нәтижесінде
кейбір сыбайлас жемқорлық схемалары мен сыбайлас жемқорлық
әрекетін ұйымдастыру тәсілдері әккілікпен және жетілгендігімен таң
қалдырады [2, 57-б.].
Сыбайлас жемқорлыққа дендеген тұлғаның психологиялық портреті:
өмірді материалдық игіліктер алу арқылы бағалау, молшылық өмірге
ұмтылуды бақыт көрсеткіші деп санау, рухани әрекет ұстанымдарын ой
елегінен өткізбей уәждеу және құрылымдау, өмірге қанағаттанушылықтың
төмен деңгейі, өзін-өзін барабар бағаламау, сыртқы бақылау фокусы
(адамның өз өміріндегі оқиғалар үшін жауапкершілікті сыртқы
факторларға: басқа адамдарға, тағдырға, кездейсоқтыққа, қоршаған
ортаға жабу бейімділігі), әрекет етудің серпінді типі (сыртқы әсерлерге
аяқ асты эмоциональдық әрекет жасайтын мінезі бар адам) [2, 328-б.].
Сыбайлас жемқорлық әрекеті құрылымындағы психологиялық
тетікті талдау. «Психологиялық тетік» деп кейбір функциональдық
тұтастықты сипаттау түсініледі және қандай себептерге орай қандай да
бір феноменнің пайда болатыны сипатталады. «Сыбайлас жемқорлық
әрекетінің психологиялық тетігін» сипаттау үшін бұл процес қалай,
қандай түрде жүзеге асырылатын, адамның бұл әлеуметтік әрекетін
қоғам мен өзі қалай реттейтінін, бұл әлеуметтік құбылыс негізінде қандай
психологиялық процестер, функциялар, феномендер жатқанын ұғыну
қажет [4].
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін талдау
ауытқитын әрекеттің психологиялық тұжырымдарына негізделген.
Оларға фрустрация теориясын (Дж. Доллард, 1939; Э. Фромм, 1994),
«үйретудің» бихевиористік теориясын (В. И. Полтавец, 1998) жатқызуға
болады.
Бірінші теорияның мәні ауытқымалы әрекеттің өмірлік маңызды
жеке қажеттіліктердің фрустрация (қол жеткізудің мүмкін еместігі)
нәтижесі ретінде сипатталатынын білдіреді. Осылайша ол пайда болған
80
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
кедергілерді еңсеруге және ұмтылған нәрсеге қол жеткізуге бағытталады.
Екінші теория әрекеттегі девиация дегеніміз адамның тәрбие процесінде
алған әрекеттік қорғану тәсіліне еліктеу нәтижесі екенін байыптайды.
Алайда, құндылық ұстанымдарды адам көбіне сезінбейді. Бұл адам
өмірінің стил тұтастығын айқындайтын және оның ұстанымдарын ұзақ
өмірлік бағдарламаларға қалыптастыратын базалық діни-философиялық,
рухани, эстетикалық критерийлер және мұның бәрі тұлғалық әрекеттің
нақты-ахуалдық нормаларын тікелей айқындайды.
Адамның сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін
сипаттау мақсатында адамның әлеуметтік әрекетінің қандай бар бір
нысанын қалыптастыратын құрылымдық элементтерді мен олардың
өзара байланыс және өзара әрекет схемаларын, психикалық процестердің
жүру себептерін, заңдылығын, серпінін айқындайтын модель әзірленді.
Бұл модель төменде схема түрінде ұсынылған.
Бұл модель адамның ілгерінді және теріс сипаттағы, атап айтқанда
тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа бейім де, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы да әрекеті сияқты психологиялық тетігін айқындайды.
Психологиялық тетіктің құрылымдық элементтерінің әрқайсысы
сыбайлас жемқорлық әрекетіне қатысты өз сипаттық ерекшелігі болады.
Мейлінше елеулі элементтерге талдау жүргіземіз.
Қалау
Қызығушылық
Дүниетаным
Сенім
Мақсаттар
Құндық бағдар-
лар
Қажеттілік
Бастапқы
нақты уәж
Міндеттер
Ұсынымдар
Психологиялық
доминант
Тұлғалық
ұмтылушылық
Қорғаныс уәжі
Психологиялық
қорғаныс
Қызмет
Бағыттылық
Дайындық
Қанағаттану
Келешекті түйсіну
Әрекет стилі
Адам әрекеті қалыптасуының психологиялық тетігі
81
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Қалаушылық адамның әлеуметтік әрекетінен көрінетін адам
табиғатының ажырамас өзіндік элементі болып табылады. А. Маслоу
теориясына сәйкес қажеттілік сатысы болады, онда мейлінше төмен
деңгейдегі негізгі қажеттіліктер төменгі сатыда, ал жоғары деңгейдегі
қажеттіліктер ең жоғарыда болады [5]. «Қалаушылық» элементі адам
әрекетін қалыптастыру тетігін құрай отырып, сыбайлас жемқорлық
әрекетінің міндетті құрылымдық элементі болып табылмайды.
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігінің құрылымына
кіретін бастапқы буындардың бірі мүдде. Мұнда сыбайлас жемқорлық
қатынастарының бастамашысы кім болатының айырмасы жоқ:
басшы тұлғаның бастамашысы бойынша пара сұрау (бопсалаушы) не
сұраушының бастамасы бойынша парамен сатып алу. Нақ осы тұста
мүдделер, қалаушылық перспективаларды (жеңіл баю, әлеуметтік
мәртебені арттыру және т.б. мүмкіндігі) және өз мүмкіндіктері мен
біліктігін (иеленген лауазым, мүмкіндік және т.б.) барабар бағалау
негізінде пайда болады. Қазіргі заманғы жемқор – жоғары білімді, жақсы
отбасы иесі, жақсы қызметкер (олардың көпшілігінің қызметтік тізімі
мінсіз болады әрі айрықша іскерлік қасиеттермен және жұмыс қабілетінің
жоғары деңгейімен, дүниетанымының, психикасының орнықтылығымен,
көбіне жоғары материалдық жағдайымен ерекшеленеді) екенін ескере
отырып, ол ең алдымен «өзін-өзі көрсетуге» ұмтылған тұлға. Бұл ретте,
өзін басқалардан ерекше етіп көрсету (барынша жоғары әлеуметтік
жағдайға ұмтылу, қамқоршы, «керек байланыстар» жүйесі, жеке оңай
олжаны көксеу, молшылық өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың
«қайтарушылығын» күту және т.б.) ол үшін аса маңызды.
Әрекеттің қозғаушы себебі ретінде көрінетін әрекет уәжі сыбайлас
жемқорлық әрекеті тетігіндегі негізгі компоненттердің бірі болып
табылады. Сыбайлас жемқорлық әрекеті уәжін әлеуметтік-психоло-
гиялық зерделеу қызықты нәтиже берді, ол екі жетекші уәжді
көрсетті: материалдық игілікке ұмтылудан тұратын жеткілікті түрде
анық уәж және сыбайлас жемқорлықты қауіпті және еліктіргіш ойын
ретінде көрсететін таптаурын уәжі. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің
мейлінше жиі кездесетін уәждері оңай олжаны көксеу, молшылық
өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың «қайтарушылығын» күту,
қамқоршылық жүйесі, қауіпті ойын. Ю. М. Антонянның пікірінше
«сыбайлас жемқорлық әрекетіндегі ойын уәждері пайдакүнемдік
уәжбен сипатталады және бір-біріне себеп бола бастайды. Уәждеменің
осы екі негіздерінің болуы, олардың бір бірін өзара күшейтуі сыбайлас
жемқорлықтың таралушылығын және бұл әрекет өмір салты бола
отырып, көп жылдар бойы іске асырылатын түсіндіреді» [6].
Америкалық психологтар, адамды сыбайлас жемқорлық әрекеттерін
жасауға формальды топтарда табиғи қажеттіліктерге қанағаттанбаушылық
итермелейді, олар осы орайда баюды көксеу, қоршаған адамдармен
бәсекелесу, туа бітті агрессивтік және өштес және т.б. мінездерді атайды.
С. Л. Рубинштейннің пайымдауынша қажеттілікте адамды мұқтаждықты
қанағаттандыру мақсатында жағдайды өзгертуге бағыттайтын белсенді
қатынасын (ұмтылысын) қамтиды. Демек, қажеттілік адам өз белсен-
ділігін көрсету үшін қайдан энергия алатынын түсіндіреді [9].
82
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
Серпінді білім және тіршілік иесінің танып-білу процесі: қиял мен
әрекетті ұйымдастыратын және бағыттайтын белсенділігінің бастапқы
нысаны қажеттілік болып табылады. Егер қажеттілік адамның дамуының
қозғаушы күшінің негізі болып табылады, осының арқасында өмір
мақсаттылыққа ие болады және не қажеттілікті қанағаттандыруға
қол жеткізіледі не қоршаған ортамен кезеңсіз кезігу орын алады.
Қажеттіліктер өзгеріссіз қалғанымен адамның жалпы мәдениетінің, оның
нақтылық және өзіне қатысты білімінің өсуіне қарай жетіліп отырады [6].
К. Левин берген анықтама қызығушылық тудырады: «Серпінді жағдай
ретіндегі қажеттілік – бұл белгілі бір ахуалда пайда болатын қандай да
бір шиеленісті жағдай (ниет), ол адам әрекетін қамтамасыз етеді және
қанағаттанушылыққа ұмтылдырады».
Әрекеттің кез келген нұсқасы ішкі қажеттілік пен оларға қол жеткізу
тәсілдерінің шиеленісі нәтижесі. Қалыптасқан мүдделер мен нұсқамалар
сыбайлас жемқордың қажеттілігі ретінде көрінеді және оның белсенді
сыбайлас жемқорлық мүдделерінің қайнар көзі болмақ. Таңдау сәті
мейлінше маңызды қажеттілік ретінде де және оған қол жеткізу тәсілі
ретінде де бұл процестің негізгі қозғаушы күші болады. «Табысты»
лауазым «жеңіл ақшаға» қол жеткізу тәсілі болып табылады.
Бұл жағдайда перспективалық жекелеген мақсат ретінде көрінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай жасайтын біздің мәдениетіміздің
маңызды әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі формальды емес
әлеуметтік қатынастардың формальды қатынастардан басым болады.
Т. А. Нестиктің байыптауынша, «патернализм, иерархиялық және
сыйлықтармен және қызметтермен бекемделе түсетін билікпен
формальды емес қатынастардағы тірек мәдениеттің іргелік сипаттамасы
бола бастады» [7].
Нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың нормативтік қызметтерді
ақшаға айырбастау сияқты нысаны қызметтерге қызметтерді айырбастату,
қызметтерді әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы мейлінше жоғары
мәртебені алуға айырбастау сияқты оның түрлерімен толыға түседі.
Мүдделердің, әуестіктердің, көзқарастардың, сенімдердің нұсқамаға
ауысуы саналы түрде де аңдаусыз да жүзеге асырылады. Алайда, екі
жағдайда да нәтиже біреу – көзқарастардың, сенімдердің нұсқамаға
айналуы оны сақтаудағы автоматты түрде жасалуына, оны орындауға
субъективті қажеттілікке әкеледі.
Ұстаным деп тұлғаның көңілі соққан және қандай да бір әрекеттерді
тиімді орындауға мүмкіндік беретін жай-күй түсініледі. Қате әрекеттерден,
қабылдаулардан немесе бағалаулардан көрінетін «ұстанымның қателігі»
оның айрықша көріністеріне жатады. Нақ осы «ұстаным» адамның
психикалық әрекетінде орталық сипатта болады және тұлғаның қоршаған
ортамен өзара іс-қимылы, «қажеттіліктің» оны қанағаттандыратын
жағдаймен кездесуі кезінде айқын көрінеді. Оған қоса жемқорлық
байланыстарының жүйелік дәрежесі сыбайлас жемқордың ұстанымына
(сыбайлас жемқорлық билік қатынастарының ажырамас бөлігі ретінде)
тікелей барабар болады.
Е. П. Ильин пікірінше, ұзақ уақыттық уәждемелі ұстаным рөлінде
көрінетін қажеттіліктің немесе қызығушылықтың орнықты түрде үстем
83
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
болуы өмірдің өзекті желісін қалыптастыруы мүмкін. Осыған байланысты,
ол адамның осы жағдайда дайындығы мен әрекеті мен іс-қимылының
нақты тәсілдерін айқындайтын уәждемелі ұстанымға тән қасиеттерді
тұлға бағыттылығының бірі ретінде санау жеткіліксіз. Ол іс-қимыл мен
әрекеттің және кез келген қызметтің бағыттаушы. Ұстаным орнықты
түрде үстем болуға тиіс, көбіне тұлғааралық және тұлғалық-қоғамдық
қатынастармен байланысты әлеуметтік ұстанымдар осындай болады [8].
Сыбайлас жемқорлыққа жатпайтын әрекет, ең алдымен «жеңіл баюдың»
психологиялық күтушілігін, өзекті қажеттіліктері мен уәждерінің
проекциясын сыбайлас жемқор өзіне иеленетін ішкі бейне құрылады.
Осыдан бастап өмірлік салдары бойынша аса қауіпті және генез үшін
түбегейлі процесс – шынайылықты бұрмалап байыптау басталады:
сыбайлас жемқор өз әрекеті үшін тартымды саналатын басты қайнар
көзді көре бастайды.
Ұстаным сыбайлас жемқорлық әрекетін жасауға жоғары дайындықты,
бірақ әлі айқын ниетсіз өзіндік психологиялық доминантқа айналады.
Саналы психологиялық әрекет ретінде жүзеге асырылатын
«керекті байланыс» деп аталатын сыбайлас жемқорлар арасында
өзара қатынастар аса маңызды рөл атқарады. Олардың өзара қарым-
қатынастары процесінде қалыптасатын сыбайлас жемқорлардың
нақты байланыстарының артында сыбайлас жемқордың күтуінің,
өзара мүдделерінің, жеке мүдделерінің күрделі жүйесін, тұлға аралық
ұстанымнан көрінетін әртүрлі рөлдік және мәртебелік жағдайларды
көруге болады. Сыбайлас жемқорлар өзара қатынастарға түсе отырып,
сыбайлас жемқорлық әрекетін жасайды және көбіне олардың әрекетінің
нақты мазмұны болады. Бұл құбылыстар бізге бәлкім теріс аударылған
түрде көрініс беріп, өзін басқа жағынан көрсетеді, нәтижесінде өзара
қатынастар мен өзара іс-қимылдардың сипаты өзгереді.
Ұстанымның дамуы білімді иелену және жүйелеу жолымен, сондай-
ақ орнықты, дәйекті және мақсатты сипатта болатын ішкі дайын
болушылықтың қалыптасуы арқылы қол жеткізіледі. Егер ұстанымдар
әрекет стратегиясын айқындаса,уәждер әрбір нақты жағдайда тактиканы
айқындайды. Бұл тұста уәж осы тұлғаға сыбайлас жемқорлық әрекетін
жасау мүмкіндігін беретін мақсаттар мен бағдарламалардың вербалдануы
ретінде көрінеді. Нақты уәждеме әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан
бастапқы барабар мақсаттың («жеңіл табыс») болуын болжайды.
Адамда қоғам белгілейтін жалпы қағидалар мен әрекет нормаларына
тәуелді болу жоғала бастайды. Әрекеттің сыртқы ынтадан босануы
іске асады. Сонымен бір мезетте өзі үшін қоғамға қарсы әрекет жасау
мәнін жоғалтудан көрінетін тұлғаның дербестік деңгейі өсе түседі. Адам,
оның қоршаған ортаға ұнайтыны-ұнамайтынына қарамастан сыбайлас
жемқорлық әрекетін жасауға барады. Ұстанымның бұзылуы, яғни
бағыттылықтың жойылуы байқалады.
Қалыптасқан әрекет стилінен бас тартуды қаламайтын сыбайлас
жемқор көбіне ақталуға мәжбүр болады. Мәселен, нақты уәждермен
қатар қорғаныс уәждемесі пайда болады, яғни бұрынғы тұлғаны шеттетіп,
бүлдірген басқа тұлға туады. Сонымен бір мезетте психологиялық
қолайлылық сезімін сақтайтын қорғаныс тетігі іске қосылады. Олар
үшін теріске шығару мен өтемақы, сыбайлас жемқорлық қылмысы
84
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
құрбандарының өздері де осындай қылмыстар жасағаны туралы сенім
сияқты психологиялық қорғаныс түрлері тән болады.
Қорғау тетіктерінің пайда болуы сыбайлас жемқордың әрекеті
уәждемесінің сапалы жағынан өзгергенін көрсетеді. Сандық қатынас
жағынан бұл К. Морган бойынша «орталық уәждеме жағдайының»
пайда болуынан көрінеді, ол мынадай қасиеттермен сипатталады: 1) ол
бір рет пайда болса сенсорлық қоздырғыштар тарапынан қолдаусыз әрі
қарай созыла береді; 2) салдар тобының ұлғаюынан көрінетін жалпы
белсенділікпен ілесе жүреді; 3) ұмтылыстардың кей түріне ден қоюға,
екінші түріне көңіл бөлмеуге бейімділік, бұл әрекетті бұзуға жоғары
дайындығынан көрінеді. Орталық уәждемелі жай-күй негіз болып
табылады, онда сыбайлас жемқорлық әрекетке дайын болушылық өркен
жаяды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық әрекеті жетекші уәж болып
қалыптасады. Оған қоса тұлғаның дербестігі қанат жаяды. Бұл сыбайлас
жемқордың «қолайлы» ортамен араласуына ықпал етіп, әлеуметтік
бақылау мүмкіндігін азайтады және сыбайлас жемқорлық әрекетінің
одан әрі күшеюіне және осы дертпен шалдыға түсуіне ықпал етеді. Егер
әрекет нормаларынан ауытқудың бастапқы көріністерінде тұлғаның
психологиялық негізін бұзбайтын және рухани-этностық құндылыққа
бастайтын қандай да бір деңгей туралы айтуға болатын болса, одан әрі
нормадан жүйелі түрде ауытқу кезінде сыбайлас жемқорлық тән әрекет
стилі қалыптасады, ол кезде осы ауытқушылық жетекші мағына құраушы
қажеттілік ретінде көрінеді. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық әрекеті
басты уәждемелі күшке, өмірдің негізгі мәніне айналады.
Осы кезеңде сыбайлас жемқорлық әрекетінің сипаты мен мазмұны
өзгереді. Сыбайлас жемқорлық әрекеті эмоционалдық салада
оқшауланатын құбылыс болып, зияткерлік функцияны да қамтитын
тұтастай қолайлы жай-күйге дейін кеңейеді. Нәтижесінде «жеңіл табыс
табу» мүмкіндігі әрекет стиліне айналады.
Әзірленген тетікті егжей-тегжейлі талдау өзінің күрделі ой-
пайымымен ерекшеленетін сыбайлас жемқор тұлғасы деструктивті тұлға
екенін ұғынуға мүмкіндік берді, оның әрекеті кез келген мемлекет үшін
бүлдіргіш сипатта болады. Әр замандағыдай сыбайлас жемқорлықтың
түпкі мақсаты бұрынғыдай қала береді, ол – адамның заңсыз жолмен
алатын жеке пайдасы немесе өзге сыйақы.
Мұндай тұлға сана-сезімге тиісті таптаурынды ой қалыптастыра
отырып, сыбайлас жемқорлықтың дұрыстығы мен перспективалығы
жөнінде келешек ұрпаққа нұсқама беруімен қауіпті.
Осылайша, сыбайлас жемқорлық әрекеті үрдісі әуелгіде көңіл-күй,
қызығушылық, пікір, жекелеген адамның нұсқамасы ретінде көрініп,
одан соң нақты әрекеттен көрінетін әрекеттер мен іс-қимылға айналады.
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің диагностикасы мен профилактикасы
әдісіне:
– әлеуметтік-коммуникативтік процестер мен нормсативтік
құжаттардың психологиялық мониторингі;
– әртүрлі жүріс-тұрыс моделдерінде субъект-субъекті қатынастары
(пара беруші – делдал – пара алушы) профилизациялау;
– алдын алу шараларының мазмұнын түзету және сараптау;
– әлеуметтік нормалар мен таптаурын мәселелерді өзгерту;
85
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
– психологиялық-диагностикалық әдістерді (полиграф, тестілеу,
вербальды және вербальды емес бақылау және т.б.) қолдану жатады.
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды осы құбылысқа (сыбайлас
жемқорлық әрекетінің сыртқы факторлары) әлеуметтің қатынасын
өзгертуге, сонымен қатар қалыпты мінез-құлықтық бейінге және
олардың әлеуметтік стереотиптерін қалыптастырушыларға түрлендіруге
де бағдарлау қажет (сыбайлас жемқорлықтың ішкі факторлары).
Тірек сөздер:
психологиялық тетік, қызығушылық, дүние-
тану, қағидат, ынталандыру, қажеттілік, құндылық бағдар,
бағыттылық, психологиялық доминант, жеке басының ұмтылы-
сы, қызмет, даярлық, перспективаларды ұғыну, психологиялық
күтудің проекциясы, қорғаушылық ынталандыру, психологиялық
жайлылық, мінез-құлық стилі.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1. Психологиялық фактордың сыбайлас жемқорлыққа әсер ету шарасы
қандай?
2. Сыбайлас жемқорлықтың негізгі психологиялық құрамдастарын
сипаттаңыз.
3. Қазіргі заманғы сыбайлас жемқор адамның психологиялық портретін
жасаңыз.
Рефераттардың үлігілік тақырыптары
1. Мемлекеттік
қызметшінің
сыбайлас
жемқорлық
мінез-құлқының
психологиясы.
2. Қазіргі заманғы қазақстандық білім берудегі сыбайлас жемқорлық
проблемалары.
3. Сыбайлас жемқорлық мінез-құлықты диагностикалау және алдын алу
әдістері.
Әдебиет
1. Ванновская О. В. Личностные детерминанты коррупционного поведения //
Известия Российского гос. пед. ун-та им. А. И. Герцена.
–
2009.
–
№ 102.
–
С.
323-328.
2. Журавлев А. Л., Юрьевич А. В. Коррупция в современной России:
психологический аспект // Знание, понимание, умение.
–
2012.
–
№ 2.
–
С.
57-65.
3. Бажин Е. Ф., Голынкина Е. А., Эткинд А. М. Опросник уровня субъективного
контроля (УСК).
–
М.: Смысл, 1993.-16 б.
4. Шаров А. С. Система ценностных ориентаций как психологический механизм
регуляции жизнедеятельности человека: дисс. ... докт. психол. наук.
–
Новосибирск, 2000.
5. Маслоу А. Мотивация и личность.
–
СПб.: Питер, 2008.
6. Антонян Ю. М. Личность преступника. - СПб.: Юридический центр Пресс,
2004.
–
366 с.
7. Нестик Т. А. Коррупция и культура // Экономическая теория преступлений и
наказаний.
–
2002.
–
№ 4.
8. Ильин Е. П. Мотивация и мотивы.
–
СПб.: Питер Ком (Серия «Мастера
психологии»), 1999.
–
720 с.
9. Рубинштейн С. Л. Основы общей психологии.
–
СПб.: Питер Ком (Серия
«Мастера психологии»), 1999. - 720 с.
86
3-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА
ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
ҮШІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Достарыңызбен бөлісу: |