Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет17/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   256






3.1 сурет. Төрт тарамды кабель: 


34 
Мысалы, егер маркасы О әрпінен басталатын болса, бұл кабельде жеке 
қорғасында тарамдардың болуын көрсетеді. Мыс (алюминий) тарамдары бар 
кабельдер: 
ВВГ (АВВГ) — поливинилхлоридті оқшаулауы және қабықшасы бар; 
ПВГ (АПВГ) — полиэтиленді оқшаулауы және поливинилхлоридті
қабықшасы бар; 
ВВБ (АВВБ) — поливинилхлоридті оқшаулауы және қабықшасы бар, 
сыртқы жабыны бар болат таспалармен брондалған; 
ПВБ (АПВБ) — поливинилхлоридті оқшаулауы және поливинилхлоридті 
қабықшасы бар, сыртқы жабыны бар болат таспалармен брондалған. 
Магистралдық желілер үшін ААШв (АШв) маркалы алюминий (мыс) 
тарамдары бар, сіңірілген қағазбен оқшауланған күш кабельдері жиі 
қолданылады, олар 1... 10 кВ кернеуге есептелген, поливинилхлоридті 
құбыршегі болады және орлар мен арналарға тартылады. Аталған 
кабельдердің алюминий қабықшасының сыртынан поливинилхлорид 
құбыршек астында битумды құрамның концентрлі қабаттары болады және 
поливинилхлоридті пластикаттың таспалары орналасады.
Поливинилхлоридті пластикат
— бұл иілгіш орама түріндегі материал, ол 
поливинилхлоридтің ұнтағын пластификаторлармен араластыру арқылы 
алынады. Бұл материалды монтаждау сымдарының негізгі оқшаулауы ретінде 
кеңінен қолданады, сонымен қатар, кабель құбыршектерінің қорғаныштық 
қабықшаларын 
дайындау 
үшін 
қолданылады. 
Поливинилхлоридті 
материалдарға тән қасиет олар жалыннан шыққан сәтінде жануын тоқтатуы 
болып табылады. 
Сым
 
бір оқшауланбаған тарам немесе бірнеше оқшауланған тарамдар 
түрінде болады, оның үстіне төсеу тәсіліне тәуелді бейметалл қабықша немесе 
металл және бейметалл қорғаныштың жабын салынуы мүмкін. 
Сымдарды оқшауланған және оқшауланбаған, қорғалған және қорғалмаған 
түрлерге жіктейді. Оқшауланбаған (жалаңаш) сымдар негізінен әуе желілерін 
тарту үшін қолданылады және олар алюминий, болат-алюминий, мыс, қола 
және болат болуы мүмкін. 
Механикалық әсерден, жарық пен ылғалдан қорғау үшін сымдарды резина 
қабықшамен, пластмасса немесе металл фальцті жапсары бар таспалармен 
жабады. Сыртқы қорғаныштық қабықшасы бар сымдарды қорғалған сымдар, 
қорғаныштық қабықшасы жоқ сымдарды – қорғалмаған сымдар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет