Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет19/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   256
Металл және құбырлар 
Қара металдардың бұрыштық, беттік немесе дөңгелек болат түріндегі 
прокаттары электрлік монтаждау ұйымдарының шеберханаларында әр түрлі 
монтаждау бұйымдарын, бөлшектер мен құрылымдарды дайындау үшін 
тиімді қолданылады. Электрлік монтаждау жұмыстарының өндірісі үшін көп 
жағдайда өлшемдері шағын және орташа, қимасы 20x20x30 - 70x70x6 мм 
бұрыштық болатты, ені 4-8 мм және ені 20-80 мм жолақты болатты, 
қалыңдығы 0,8 – 4 мм және ұзындығы 2000 мм дейін беттік болатты және 
диаметрлі 2,5 – 8 мм болат сымды пайдаланады. Сирек жағдайда швеллерлі 
және дөңгелек болат қолданылады.
Болат су-газ өткізгіш әдеттегі құбырлары электрлік сым ретінде тек 
қоршаған орта жағдайлары бойынша басқа сым түрі қарастырылмаған 
жағдайда, мысалы, жарылыс қауіпті немесе химиялық белсенді ортасы бар 
химия кәсіпорындарында қолданады. 
Иілгіш металл түтіктер
сымдарды электрлік құрылғыларға енгізу 


36 
кезінде қорғау үшін құбыр орамдарын қолданады. Түтіктер үш түрлі болады: 
болаттан жасалған мырышпен қапталған таспалы, мақта-мата тығыздамасы 
бар РЗ-Ц-Х маркалы, асбестті тығыздамасы бар мырышпен қапталған болат 
РЗ-Ц-А маркалы және мақта-мата тығыздамасы мен мыс шырмауы бар РЗ-
АД-Х-Л маркалы. Алғашқыларының диаметрі 15, 18, 20, 22, 25, 29, 32, 38, 50 
мм және 1 м салмағы 0,26 - 1,3 кг аралығында болады, екіншілерінің диаметрі 
12, 15, 18, 22 мм және 1 м салмағы 0,14 - 0,45 кг, үшінші түрі – диаметрі 25, 
27, 29, 34, 38, 42 мм және салмағы 0,47 - 0,91 кг. 
Электрлік сымдар үшін болат құбырлардың орнына көп жағдайда полимер 
құбырлар – винилпласт, полиэтилен, полипропилен т.б. 
Винипласт құбырлар 
төрт түрге жіктеледі: жеңіл (Л), орташа жеңіл (Сл), 
орташа (С) және ауыр (Т). Қорғаныштық қабықша ретінде диаметрі 16-63 мм, 
қабырғасының қалыңдығы 1,8-2,2 мм, ұзындығы 5-8 м алты түрлі құбыр 
пайдаланылады. Отандық өндіріс құбырларымен қатар румындық өндіріс 
құбырларын, диаметрі 16-63, қабырғасының қалыңдығы 1; 1,1; 1,3; 1,6 және 
1,8 мм жеңіл; қабырғасының қалыңдығы 1,1...3 мм орташа; қабырғасының 
қалыңдығы 1,2-4,7 мм ауыр құбырлар қолданылады. 
Қабырғасының қалыңдығына тәуелді 
полиэтилен құбырларды
жеңіл 
(қабырғасының қалыңдығы 2-3 мм), орташа жеңіл (2-4,7 мм), орташа (2-6,7 
мм) және ауыр (2-10,5 мм) болып бөлінеді, олардың тығыздығы төмен немесе 
жоғары болуы мүмкін.
Полипропилен құбырлар 
екі түрлі болады — жеңіл (қабырғасының 
қалыңдығы 2; 2,4 және 2,8 мм) және орташа (2; 2,3; 2,8 және 3,6 мм) сыртқы 
диаметрі 16 - 63 мм. 
Метиздер
бұл бұрандалар, шайбалар, шұрыптар, сомындар. Көп 
жағдайда ұзындығы 10-50 мм, бұрама диаметрі 3-10 мм бұрандалар 
қолданылады. Бұрандалар жарты шеңбер түрінде және диаметрі 3 мм, 
ұзындығы 12-30 мм, диаметрі 4 мм, ұзындығы 22-60 мм, диаметрі 5 мм және 
ұзындығы 25-70 мм болып шығарылады. 
Электр монтажы жұмыстарын жүргізу кезінде негізінен алюминий 
шиналар ретінде қолданылады, ал арнаулы жағдайларда Жобада негізделген 
тікбұрышты түрі беріледі. Ал жазық дөңгелек немесе түтік тәрізді болат 
ауыспалы ток кезінде 200-ге дейін болуы тиіс, тұрақты болуы тиіс. 
Алюминий шиналар тікбұрышты тоқ өткізгіштер үшін қолданады, бөлуші 
құрылғылардың және басқа да электротехникалық түрлері болжанады. 
Олардың 10 мен 120 аралығындағы мм және ені қалыңдығы 3 - 12 мм 
шығарады. Шиналар қалыңдығы 16 мм 4 - 120 мм дейін және мыс шиналар 
ені 30 мм
.
шығарылады. 
Дәнекер
— түсті металдардың балқымасы, ол металл бұйымдарды пісіру 
үшін 
қолданылады. 
Электрлік 
монтаждау 
жұмыстары 
барысында 
қолданылатын дәнекерлерді екі топқа жіктейді: балқу температурасы 400 °С 
дейін ПОС маркалы қалайы-қорғасында және А, Б және ЦА-15 маркалы 
талшықсыз. Сонымен қатар, дәнекерлердің жұмсақ және қатты түрлері де 
болады. Жұмсақ дәнекер – бұл қорғасын мен қалайының балқымасы, оның 
балқу температурасы 230-250 °С. Жұмсақ дәнекерлерге құрамындағы күміс 
мөлшері 3 % (МЕМСТ 8190—85) болатын күміс дәнекерлерді де жатқызуға 


37 
болады. Қатты дәнекерлерге құрамындағы күміс мөлшері 10.70% болатын, 
ПСр-25, ПСр-45, ПСр-70, ПСр-71 таңбалы дәнекерлерді жатқызады. Оларға 
қоспа ретінде мыс, мырыш, қалайы қосады. Осы дәнекерлердің балқу 
температурасы 700-800 °С болады.
Соңғы уақытта қатты күміс дәнекерлердің орнына мыс-фосфатты 
дәнекерлер қолданылады. Алюминийді пісіру үшін АВИА-1, ВПТ-4 маркалы 
арнайы дәнекерлерді пайдаланады. 
Пісіру барысында 
флюстер
– пісірілетін беттерді тазалауға арналған 
материалдар қолданылады. Жұмсақ қалайы дәнекерлері үшін флюс ретінде 
канифоль немесе құрамы келесі түрдегі паста қолданылады: канифоль — 2,5 
%, шошқа майы — 5 %, хлорлы мырыш — 20 %, хлорлы аммоний — 2 %, 
техникалық вазелин— 65,5 %, дистильденген су — 5 %. Мыс-фосфорлы және 
күміс дәнекерлер үшін флюс ретінде ұнтақ түріндегі бура (борлы қышқыл 
натрий) немесе ас тұзы қосылған қоспалар қолданылады. 
Алюминий және оның балқымалары ауамен жанасқан жағдайда жылдам 
тотығатын болғандықтан, оларды әдеттегі тәсілмен пісіру нәтижесі 
қанағаттанарлық болмайды. Сол себепті келесі тәсілді қолдану ұсынылады. 
Дәнекер жақсы қыздырылған дәнекерлегішпен жағылады. Жұқа алюминийді 
дәнекерлеу үшін дәнекерлегіштің қуаты 50 Вт болса жеткілікті, ал қалыңдығы 
1 мм және одан артық алюминийді дәнекерлеу үшін негізінен қуаты 90 Вт 
дәнекерлегішті пайдаланған дұрыс. Дәнекер құрамында 50 % кем емес қалайы 
болуы керек (мысалы, жеңіл балқитын ПОС-61 дәнекері). Қалыңдығы 2 мм 
артық алюминийді дәнекерлеу барысында майды жағу алдында оны 
дәнекерлегішпен қыздыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет