Сіби білім беру


Жалпы өндірістік қолдану шинасымдарының номенклатурасы



Pdf көрінісі
бет177/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   256
Жалпы өндірістік қолдану шинасымдарының номенклатурасы
Шинасымдарының 
түрі 
Шинасымы есептелген тоқ күші, А
Магистралды: 
ШМА59-Н 
4000 
ШМА68-Н 
2500; 4000 
ШМА73 
1600 
ШМА79 
400; 1000; 1250; 1600; 2000; 3200 
Ажыратқыш: 
ШРА-73 
250; 400; 630 
ШРА-73В 
250; 400; 630 
ШРМ-75 
100 
Жарықтандырушы: 
ШОС67 
25 
ШОС73 
63 
ШОС73А 
100 
Троллейлік: 
ШТМ70 
200 
ШТМ72 
400 
ШТМ73 
250 
ШТА75 
250 
ШТМ76 
100 
Е с к е р т у . Шинасымдарының мәндерінде: М — магистралды, Р — 
ажыратқыш, ОС — жарықтандырушы, Т — троллейлік, А — 
алюминий шиналарымен, М (Р немесе Т кейін) — мыс шиналары; 
сандар — шығарылған жылы. 


408 
А-А 
12.1 сурет. ШМА73 магистралды шинасымының тура секциясы: 
1 — фазалық шина; 2 — оқшаулау; 
3
— созылғыш төсем; 4 — жоғарғы қақпақ; 5 — құрсау; 6 
— бұранда; 7 — бүйірлік қақпақ; 
8
— шиналар арасындағы оқшаулау аралығы; 9 — тіреу 
құрастырылымына бекіту бұрыштығы
магистралді шинасымы) трансформаторлық шағын станцияларынан 
қуатталатын, цех магистралдерінің монтажына тағайындалған және 
1600...4000 А тоқ күшіне есептелген, яғни олар ажыратқыш 
шинасымдарын, күштік ажыратқыш пункттерін, қалқандары мен 
жеке қуатты электрқабылдағыштарын жалғау үшін қызмет атқарады.
Магистралді шинасымдарыныі секциялары 3, 4, 6 (үш қосылған)
алюминий тік бұрышты оқшауланған шиналарынан тұрады, олар 
арнайы ажыратқыштардың арасында ойылған қаптама ішінде 
қысылған және тігінен орналасқан (12.1 сурет). Магистралді 
шинасымына шиналардың бүйіріне және жазықтығына бұрылысы 
бар тура және бұрыштық секцияларын, сонымен қатар 
тармақталатын көлдеңен және тігінен (соның ішінде автомат және 
айырғымен бірге) секцияларын қоса алады. Шиналар секцияларды 
жинау кезінде бірбұрамалы қысқыштар үшін саңылаулар дәл 
келетіндей етіп, негізінен бір-біріне дәнекерленіп жалғанады. 
Дәнекерлеу түйістік бүйірлері бойынша іске асырылады. 
Шиналардың жалғану жерлерін эпоксидті құраммен немесе № 88 
желімінде ЛЭС-0,15 лак матасымен оқшауланады.


409 
12.2 сурет. ШМА79 шинасым 
пакетін көлдеңен қимасы: 
1 — астыңғы құрсау; 2 — бекіту 
бұрандасы; 
3
— бекіту қапсырмасы; 4 
— бүйірі; 5 — фазалық шина; 6 — 
нөлдік 
шина; 

— 
шиналар 
оқшаулағышы; 
8
— оқшаулаушы 
төлке; 9 — жоғарғы құрсау 
ШМА 73 шинасымында қаптама 
екітавралық қиманың екі бүйірлерінен 
және төменгі, астыңғы ойылған болат 
қақпақтарынан 
тұрады. 
Осындай 
қаптама қатты әрі салмақ түсетін 
болып келеді. Бүйірлері нөлдік сым 
ретінде қолданылады.
ШМА79 шинасымы (12.2 сурет) 
пакетті модулдік конструкциясына ие 
болып келеді, ондағы модуль ретінде 
секцияның ұзындығы бойымен қатты 
қаптамамен 
тығыз 
тығындалған 
оқшаулау 
шиналарымен 
қалыптастырылған 
пакет 
қарастырылады.
Екіпакетті 
шинасымын 
екі 
модулді өзара механикалық жалғау 
кезінде алады. Әрбір тоқтарға (1000, 
1250, 1600 және 2000 А) бірпакетті 
шинасымдары 
(модулдер) 
бірдей 
габаритті 
өлшемдерімен 
сәйкестендірілген қаптамасында орындалады, ол шинасым желісінде бір 
бастапқы тоқ мөлшерінен екіншісіне көшу үдерісін жеңілдетеді. 
Көрсетілген тоқтарға модулдерден 2500, 3200 және 4000 А тоқтарына 
екіпакетті шинасымдары топтастырылады.
ШМА 79 шинасымының секциялар шиналарының жалғануы 
дәнекерлеумен орындалады. Қажет болғанда арнайы жалғаушы 
секцияны қолданады, ол түйіскен жерде бірбұрамалы қысқышы бар екі 
жартылай секцияларынан тұрады. Жартылай секциялардың біреуі ашық 
науаға ие (саңылаудың орнына), ол секцияны жинауды жеңілдетеді (12.3 
сурет).
Шиналардың дәнекерлеу жалғануын арнайы оқшаулау – 
қаптаманың жоғарғы қақпағында бекітілетін гребенканың көмегімен 
іске асырады. 
ШМА79 шинасымын 660/380В дейінгі кернеуі кезінде төртсымды 
желілерінде қолдануға болады. Ондағы нөлдік сым фаза шинасының 
қимасынан 50 немесе 100 % тең болатын қимасы бар төртінші шина 
болып келеді.
Заманауи өндірісте кейбір жағдайларда (азық-түлік үшін, мысалы, 
илемдік орнақ, электрохимиялық қондырғылар және т.б. бас 
жетектерінің электр қозғалтқыштары) тұрақты тоқтың қуатты электрлік 
қондырғылары қажет етіледі. Осындай электрқабылдағыштарын қосу 
үшін, және 1200 В дейінгі кернеуі бар жалпыөндірістік 
қондырғыларының электрлік желілерін орындау үшін 1600...6300А 
есептелген, ШМАД-70 және ШМАДК-70 тұрақты тоқтың магистраль


410 
шинасымдары тағайындалады.
Осындай шинасымдарының полюстері алюминий тік бұрышты 
шиналарынан орындалған. Секция шиналары дәнекерлеумен, ал 
жанасатын секциялардың тіреу бұрыштары – құрсау түйреуіштерімен 
және қосымша дәнекерлеумен жалғанады.
ШРА түрлі алюминий сымдары бар ажырату шинасымдары 
электрқабылдағыштар арасындағы электрқуатын ажырату үшін 
тағайындалған. Олар 100, 250, 400 және 630 А шамасындағы бастапқы 
тоқты шығарады.
Ажыратқыш шинасымдарының секциялары оның тігінен осі 
бойымен жалпақ қорабының ішінде бір-бірінің үстінде көлдеңен 
орналасқан жалаңаш шиналарынан тұрады (12.4 сурет). Шиналар 
арнайы ажыратқыштардың науаларында бекітілген. Ажыратқыштар 
қораптың терезелеріне бекітілген. Солайша, температураның ауытқуы 
кезінде шиналар ажыратқыштарға қатысты жылжи алады. Қораптың 
ішіндегі нөлдік шина онымен электрлік тұрғысынан байланысқан. 
Ажыратқыш 
шинасымдары 
тура 
және 
әртүрлі 
фигуралық 
секцияларынан, қосу және тармақтау қораптарынан жинақталады. Тура 
секцияларында тармақталу қораптарын ашалы қосуға арналған әрбір 
жағынан төрт терезесі бар. Алюминий шиналарына тармақталу 
орындарында мыс қаптамаларын орнатады – ашалы жалғағыштың 
жылжымалы байланыстары. Терезелер қақпақтармен жабылған, оларды 
тармақталуды монтаждау кезінде шешіп алады. Тармақталу қораптары 
автоматтармен, айырғымен, сақтандырғышпен, дабыл құрылғыларымен 
жабдықталады.
б) 
12.3 сурет. Бұранда қысқышы бар ШМА79 секциясы:
а
— жиналған секция; б — жартылай секцияны жалғау алдындағы бұранда қысқышы; 1, 
4 — бекіту қапсырмалары; 2 — құрсау; 
3
— бекіту бұрандасы; 5 — қақпақ; 
6
— бүйірі; 7, 
12 — бұранда қысқыштары; 
8
— бұранда қысқышының оқшаулағышы; 9 — дәнекерлеу 
жалғануына арналған тжелілердің ұштары; 10 — ашық саңылауы бар шина; 11 — ашық 
саңылауы бар жартылай секция; 13 — бұранда қысқышы бар жартылай секция 


411 
Секциялардың шеттерінде шиналар бұрандамалар көмегімен 
жалғанады. Шинасымдарының қаптамасында секцияларды жалғау үшін 
алмалы-салмалы қақпақтары бар арнайы монтаждау терезелері 
қарастырылған.
ШРА-73 шинасымының негізінде ШРА-73В тігінен төсеуге арналған 
шинасымы шығарылды (12.4, б суреті), ол магистралді діңгек ретінде 
қолданылады, яғни биік ғимараттардың қабат сайынғы монтажы кезінде 
өте қолайлы. Онда бар өртке қарсы екі аралықпен жабдықталған 
әмбебап жиылмалы секциясы қаптаманың қимасын толық жабады. 
Аралықтарды 100 мм жылжытуға болады және оларды шинасым 
өткелінің аймағында қабатарасындағы төсеу арасында жайғастыруға 
12.4 сурет. Ажыратқыш шинасымдары: 
а
—ШРА73 тура секциясы; б — ШРА73В тігінен төсеуге арналған; 1 — шина; 2 — 
қорап; 
3
— ажыратқыш; 4 — әмбебап секция; 5 — тура секция; 
6
— кронштейн; 7 — 
тармақтау қорабы; 
8
— қақпақ 


412 
болады, осымен оның өрт қауіпсіздік деңгейі арттырылады.
Әмбебап секциясының жиылмалы құрастырылымы тармақтау 
қораптарын қажетті биіктікте орналастыруға мүмкіндік береді.
Тігінен төсеу кезінде шиналарды қыздыру талаптары бойынша 
олардың бастапқы тоғын 10...12 % кішірейту керек.
Мыс шиналары бар ШРМ 75 шинасымы ШОС73 шинасымының 
базасында құрастырылған және кернеуі 380 В болатын төртсымды 
желілерінде, сонымен қатар жарықтандырушы ретінде қолданысына 
тағайындалған.
Ажыратқыш шинасымдарын магистралді шиналарына ұқсас 
бекітеді: діңгектерді, кронштейнерлерде, аспаларда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет