Сіби білім беру


Трансформаторлардың белгіленуі



Pdf көрінісі
бет196/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Трансформаторлардың белгіленуі 
Трансформаторлар белгіленуінде олардың құрылымы, сонымен 
қатар негізгі электрлік параметрлер әріптермен шартты түрде 
көрсетіледі. 
Әріптер келесілерді білдіреді: бірінші — фазалар саны (О — бір 
фазалы, Т — үш фазалы), екінші немесе екі — салқындату түрі (М — 
табиғи майлы, С — майсыз құрғақ, Д — үрлемелі, Ц — айналымдық, 
ДЦ — үрленетін мәжбүрлі айналымдық), үшінші — орамалар саны (Т 
— үш орамалы). 
Кейін орналасқан Н әрпі жүктеме астында реттеуге арналған 
құрылғының 
бар 
екендігін 
көрсетеді, 
ал екінші Н 
әрпі 
трансформатордың 
жанбайтын 
сұйық 
диэлектрикпен 
толтырылғандығын білдіреді. 
Сонымен қатар, кернеуі 110 кВ асатын трансформаторлар үшін 
кейбір қосымша белгіленулерді пайдаланады: Г — найзағайға берік 
орындалу, В — ЖК кірістердегі кіріктірме тоқ трансформаторларымен
және т.б. Трансформаторларға қарағанда бір орамасы болатын 


458 
автотрансформаторлар үшін алдымен А әрпін көрсетеді.
Трансформатордың әріптік белгіленуінен кейін тұратын бірінші сан
номиналды қуатты (кВ-A) көрсетеді, екінші — ЖК ораманың 
номиналды кернеуі (кВ); соңғы уақытта осы құрылымды 
трансформатордың әзірленген жылын білдіретін тағы екі сан қосады. 
Мысалы, ТМ-1000/10 — 63 трансформатор маркасы келесідей 
түсіндіріледі: үш фазалы, табиғи майлы салқындатумен, екі орамалы
қуаты 1000 кВ-A, орама кернеуі ВН 10 кВ, 1963 ж. құрылым 
Трансформаторлардың өлшемдер бойынша үйлестірілуі
Трансформаторлар шартты түрде орамалар оқшауламасының 
қуатына және санатына байланысты жеті өлшемдік топқа бөлінеді
(13.1 кест.). 
Трансформаторды сипаттайтын негізгі техникалық деректер 
номиналды қуат (кВ-A) және ЖК және ТК орамалар кернеуі (кВ), 
орамалардың жалғау сұлбасы, орамаларды номиналды тоқтары (A) 
және қысқа тұйықталу кернеуі Цқ.т. (%) болып табылады. 
Үш фазалы күштік трансформаторларды келесі қуаттармен 
жасайды: 10, 16, 25, 40, 63 кВ-A, сонымен қатар он есе арттырылған 
қуатпен, яғни 100, 160, 250, 400, 630 кВ-Aжәне т.б. 
Трансформаторлар сұлбалары және олардың орамаларын жалғау 
13.1 кестесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет