14
Төмендетуші подстанцияда электр энергиясының кернеуі 220 кВ
трансформаторлар көмегімен 10 (немесе 6) кВ дейін төмендейді және осы
кернеу арқылы ол
тарату орнына беріледі, ал одан ПС1, ПС2, ПС3
подстанцияларына өз кезегінде кернеуді 380 (немесе 220) В дейін, яғни электр
энергиясы тұтынушыларға берілетін мәнге дейін төмендететін күш
трансформаторларымен тарату орнына беріледі.
Электр энергиясы электрлік қозғалтқыштарда, қыздыру шамдарында және
жарықтандыруға арналған люминесцентті шамдарда; электр пештерінде,
гальваникалық ванналар мен технологиялық үдерістерді қамтамасыз етуге
арналған басқа да аппараттарда; электрлік металл дәнекерлеуге және басқа да
мақсаттарға арналған агрегаттарда қолданылады.
Электр энергиясын тұтыну барысында оның кері түрленуі үдерісі жүзеге
асырылады: электрлік қозғалтқыштарда электр энергиясы механикалық
энергияға түрленеді; қыздыру шамдарында – алдымен жылулық, одан кейін
желілік
ағын энергиясына айналады; электрлік қыздыру пештерінде –
жылулық түрге т.б. айналады. Осы түрлену қоршаған ортаға жылу түрінде
1.5 сурет. Энергияны беру және таратудың ұстанымдық сызбасы:
Г1, Г2 — генераторлар; ПС, ПС1, ПС2, ПС3 — подстанциялар;
РП — тарату орны
Б электр станциясы
А электр станциясы
ЭБЖ 220
кА
ЭБЖ 220
кА
15
шығарылатын шығынмен қатар жүреді.
Электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну МЕМСТ негізделген белгілі
бір кернеу жағдайында жүзеге асырылады. Электрлік қозғалтқыштар мен әр
түрлі электрлік аппараттар үшін номиналды кернеу олардың оқшаулануы
есептелген және өндіруші-зауыт кепілдік берген кернеу болып табылады.
Электрлік құрылғылардың номиналды кернеуі міндетті түрде оның
паспортында (электрлік қозғалтқыштар мен аппараттар үшін) немесе
таңбасында (реле және құралдар үшін) көрсетіледі. Құралдар мен
аппараттарды кернеуі номиналды кернеуге сәйкес келетін қорек желісіне
жалғайды, бұл оқшаулау мен осы электрлік құрылғының қалыпты жұмыс
ұзақтығын сақтауға кепілдік беретін міндетті талап болып табылады.
Номиналды кернеу электр аппаратурасының қалыпты жұмысын
анықтайды. Қыздыру шамының баллоны немесе түбінде оның кернеуінің 220
В есептелгені көрсетіледі. Бұл егер оны кернеуі 220 А
желіге жалғаған
жағдайда ол қалыпты желілік ағын қалыптастырады. Егер желі кернеуі
шамның номиналды кернеуінен кем болған жағдайда оның қызмет мерзімі
біршама артады, дегенмен, жарық ағыны күрт қысқарады, желі кернеуін
арттырғанда шам көбірек жарық береді, алайды, бұл жағдайда оның қызмет
мерзімі қысқарады. Электрлік қозғалтқыштардың
жұмысына кернеу келесі
түрде әсер етеді. Егер электрлік қозғалтқыш төмен кернеумен жұмыс жасаса,
оның номиналды қуаты азаяды бұл нәтижесінде орамдардың қызып кетуіне
алып келеді.
Электрмен қамту тұрғысынан заманауи өнеркәсіптік мыңдаған тұрғыны
бар қала электрлік қабылдағыштардың орасан көп саны түрінде болады.
Мұнда өнеркәсіптік кәсіпорындардағы білдектер де, қалалық электр көлігі де,
көшелерді, үйлерді, оқу, сауда және мәдени мекемелерді жарықтандыру да
шоғырланған.Электр энергиясын берудегі үзіліс кез келген тұтынушы үшін
қажетсіз, дегенмен, егер бір тұтынушылар үшін электр энергиясын берудегі
үзілістерге аз уақытқа жол беруге болатын болса, басқалары үшін бұл жағдай
мүлдем орын алмауы тиісті. Автоматты желілері бар металлургия
кәсіпорындары, металлургия зауыттары, шахталар,
химия комбинаттары
секілді нысандарда қысқа уақытқа электр энергиясын беруді тоқтату зор
экономикалық шығынға алып келеді, өнімнің жаппай жарамсыздығы орын
алып, құрылғылар істен шығады, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп
төнеді. Ал тұрғын үйде электр энергиясын сөндіру оның тұрғындары үшін
белгілі бір жайсыздықтарға ғана алып келеді.
Электрлік қауіпсіздіктің талап етілетін дәрежесі бойынша электр
энергиясын тұтынушылар үш санатқа жіктеледі,
олар электр энергиясы
көздерінің қажетті санын және электрмен қамту сызбасын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: