496
дегенде 50 мм төмен орналасу керек;
газдық реледе орнатылған алмалы қалақшаның реленің іске
қосылуын қамтамасыз ететін
тағайындамаға сәйкестігі;
май өткізгіш жүйеде барлық қолданыста ықтимал вентильдерді
ауыстыру комбинациялары кезінде айналымдық сорғыларды қосу және
тоқтату кезінде газдық реленің іске қосылмауы;
500 В
есептелген мегаомметрмен газдық реле тізбектері
оқшауламасының кедергісі.
3.
Май деңгейі релесінің
жұмысын тексеріп, баптау керек, оның
түйіспелері кеңейткіштегі май деңгейі рұқсат етілетін деңгейден төмен
төмендеген кезде тұйықталу керек, ал кеңейткішті толтыру кезінде –
ажырау керек.
4.
Манометрлік термометрлердің жұмысын тексеріп, сілтемесінің
жұмыстық жағдайын орнату.
Тізбектердің тұйықталуын және дабылдамалық және сөндіргіш
аппаратураның іске қосылуын манометрлік термометрлер сілтемелерін
қолмен аудару арқылы тексереді. Сілтемелерді жұмыстық жағдайға
орнату өндіруші-кәсіпорын нұсқаулары негізінде жүргізіледі.
5.
Кіріктірілген тоқ трансформаторларының екіншілік тізбектерін
және тоқ қорғанысының жұмысын тексеру.
Тоқ трансформаторларының екіншілік тізбектері аспаптарға немесе
қорғаныстық релелерге жалғануы тиіс. Жұмыста қатыспайтын тоқ
трансформаторларының екіншілік орамалары тұйықталу керек.
Екіншілік тізбектер оқшауламасының кедергісі 1000 В-қа тексеріледі
(оқшаулама кедергісі нормаланбайды) Қорғаныстық
реле тоқтан іске
қосылу керек.
Кейін трансформаторды сынама қосуға ауысады.
Сынама қосуға дайындық.
Трансформаторды номиналды кернеуге
қосу алдында келесі әрекеттер жасау керек:
1.
Барлық
қорғаныстардың
(газдық,
максималды
тоқты,
дифференциалды және т.б.) жарамды екендігіне көз жеткізу. Алғаш
қосылған кезде газдық реле түйіспелерін май ажыратқышын сөндіруге
жалғау.
2.
Майлы (немесе ауа) ауыстырып қосқыштарын қосатын және
сөндіретін механизмдердің әрекетін және тосқауылын тексеру.
3.
Жетегі бар жүктеме астында кернеуді реттейтін (ЖКР)
ауыстырып қосқыш құрылғылар жұмысын және барлық көрсеткіштер
жайғасымының дұрыстығын тексеру.
4.
Трансформаторларды салқындату қондырғысының жұмысын,
497
барлық радиаторлық шүмектердің және ысырмалардың,
және майды
мәжбүрлі айналдыратын жүйелер ысырмаларының жайғасымдарының
дұрыстығын тексеру (барлық қажетті шүмектер және ысырмалар ашық
болуы тиіс).
5.
Кеңейткіштегі және маймен толтырылған кірістегі май деңгейін,
барлық тығыздамалар жағдайын, сонымен қатар кеңейткіштегі және
кірістердегі май көрсететін шынылардың және газ шығару құбырында
шыны диафрагманың болуын және жағдайын тексеру.
6.
Кірістердің
фарфорлық
оқшаулағыштар
жағдайын
(зақымданулардың, шаңның, сырлардың, дақтардың жоқтығы) және
шиналаудағы және сымдардағы түйіспелер сенімділігін тексеру.
7.
Трансформаторлардың жерге тұйықталуын тексеру.
8.
Ауа шығаруға арналған тығындарды ашу (кірістерде, өтпелі
ернемектерде және люктарда) және трансформаторға кірген ауаны
шығару.
9.
Трансформатор қақпағынан бөгде
заттарды алып тастау және
тұйықталулардың жоқ екендігіне көз жеткізу.
Егер құрастыруды аяқтау және трансформаторды қосу арасында 3
айдан астам уақыт өтсе (бұған тыйым салынады), қосымша келесі
әрекеттер жасау керек:
+ 5 °С төмен бомлайтын температураларда май сынамаларын алу
және оның сынағын жүргізу;
орамалар оқшауламасының кедергісін өлшеу және R
60
/R
15
қатынасын
тексеру;
ауыстырып қосқыштың жұмыс жағдайы кезіндегі ораманың
тұрақты тоққа қатысты кедергісін өлшеу.
Трансформаторды қосу.
Ақаулық жағдайында сөндіру мүмкіндігіне
ие болу үшін, трансформаторды тек тартылған қорғаныстары бар
кернеу астында қосады. Майды соңғы рет құйғаннан кейін кем дегенде
12 сағаттан соң қосуға рұқсат етіледі. Газдық реленің сигналдық
түйіспелерін трансформаторды сөндіруге орнатады, ал максималды тоқ
қорғанысын – нөлдік уақыт кідірісімен.
Трансформаторды оны тыңдау және жағдайын бақылау үшін
номиналды кернеумен бос жүріске кем дегенде 30 минутқа қосады.
Трансформатордың қалыпты жұмысы бірдей дыбыспен қатар жүреді
(кенет
гуілдеусіз,
жоғары
жергілікті
шусыз,
тарсылсыз).
Трансформаторды бос жүрісте тыңдау
кезінде сөндірілген негізгі
салқындату жүйесі кезінде ДЦ типті шығарылатын салқындату жүесі
қосуға рұқсат етіледі. Осы жағдайда жоғарғы май қабаттарының
498
температурасы 75 °С аспау керек.
Трансформаторды келесі жағдайларда сөндіру керек:
жоғары (немесе біркелкі емес) шу немесе оның ішіндегі тарсыл
кезінде;
қалыпсыз артатын май температурасы, кеңейткіштен майдың
шығарылуы немесе газ шығару құбыры диафрагмасының үзілуі
кезінде;
кеңейткіште май деңгейінің кенет төмендеуін тудыратын майдың
ағуы;
маймен толтырылған кірістер кеңейткіштерінде майдың жоқ болуы;
кірістер оқшаулағыштарында және
оларда доғалық аралық жабын
белгілерінің болуы кезінде, сонымен қатар оның қалыпты жұмысы
бұзушылығының басқа айқын белгілері байқалған кезде жарықтардың
және сызаттардың пайда болуы.
Кернеу алынғаннан кейін максималды тоқ қорғанысының жұмыс
тағайындамасын орнатады және магниттеуші тоқ лақтырыстарына
қарсы қорғанысты тексеру үшін трансформаторды толық номиналды
кернеуге 3-5 рет қосады.
Сынама
қосудың
қанағаттандырарлық
нәтижелері
кезінде
трансформаторды жүктемемен қосуға болады және қолданысқа
тапсыруға болады. Трансформаторды жүктемемен қосқаннан кейін 10
күннен соң, кейін бір айдан соң май сынамаларын алып, оларды сынау
керек.
Достарыңызбен бөлісу: