Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет78/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   256
6.5.
 
Прожекторларды монтаждау 
Үлкен алаңдарды, спорттық құрылыстарды, сыртқы технологиялық 
қондырғыларды, ашық қоймаларды жарықтандыру үшін қыздыру 
шамдарымен ПЗС, ПСМ, ПЗМ типті құймалы жарық прожекторы, 
сынапты шамды доғалық ПЗР типті прожекторлар, қуаты 1000 және 1500 
Вт галонеді шамдармен ПКН типті прожекторлар, ДРИ-700 металл 
галогенді шамдармен ПЗИ типіндегі прожекторлар, ДНаТ сер ялы натрий 
шамдарымен ПЗН типті прожекторлар қолданылады. Өнеркәсіптік 
нысандарды үлкен ашық кеңістіктерді жарықтандыру үшін ДКсТ серияла 
күшті түтікшелі ксенон шамдарымен СКсН-10000 және ОУКсН-20000 
прожекторлары қолданылады, олардың қуаты сәйкесінше 10 және 20 кВт, 
олардың жарық беруі және қызмет ету мерзімі басқа газды зарядталатын
шамдарға қарағанда төмен. 
Әдетте прожекторлар прожекторлық діңгектерге, мұнараларға, 
ғимараттың шатырында немесе арнайы алаңдарға топтап орнатылып
бұрандалармен металл құрастырылымдарға бекітіліеді. ПЗС, ПСМ, ПЗМ 
типті прожекторлардың негізі бекіту үшін үш тесіктен, басқалары төрт 
тесіктен тұрады. топтық орнату кезінде прожекторлар тігінен бірнеше 
қатар бойын орналасады. Орнатылған қатарлардың арасындағы біліктің 
ара қашықтығы 700.....1000 мм болуы тиіс, ал прожекторлық алаң биіктігі 
1 м сүйеніштермен қоршалуы тиіс. Судан қорғайтын қаптамадағы топтық 
қалқаншаларды 
прожекторлық 
алаңдарда 
орнату 
ұсынылады. 
Прожекторлардың қалқаншадан қуат көзін алуы топтық желілермен (топта 
екі-үш прожектордан артық емес) КРПТ маркалы кабельмен алаңның 
сүйеніштері бойында орындалады.
Қорғаныс және басқару аппараттарымен енгізу жәшігі прожекторлық 
діңгектің негізіне орнатылады. Одан топтық қалқаншаға сымдар жүйесі 
болат түтікшедегі АПВ маркалы сыммен діңгек бойынша жүргізіледі. 
Найзағайлық тоқтың күшеюінен қорғану мақсатында жеткізуші желінің 
прожекторлық діңгекке келуі жерге тұйықталған метал қабықшалы 
кабельмен немесе кемінде 10 м ұзындықта жермен жүргізілген металл 
құбырдағы кабельмен орындалады. 
Қыздыру шамдарымен ПЗС, ПЗМ, ПСМ түрндегі прожекторларды 
орнату алдында 25.30 м ара қашықтықтан қандай да бір экранға түсіру 
арқылы шоғырландыру қажет, мысалы көлемі 2x2 м қабырғаның әктелген 
учаскесіне тегіс жарықтандыруды алғанға дейін. 
Діңгекке прожекторларды орнатқан соң, алдын ала дайындалған үлкен 


182 
көлемді лимб-тасымалдағыштың көмегімен олардың иілу жіне бұрылу 
бұрыштарын реттеу жүргізіледі. Көлденең жазықтықта прожектордың 
бұрылуының басталуын есептеудің базистік желісі жобада көрсетіледі. 
Егер база жарықтың бір жағына қарай бағытталса, онда оны компаспен 
анықтайды. Алдымен прожекторды көлденең жазықтықта ашып, содан 
кейін қажетті иілім бұрышына орнатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет