175
орындалуы және орналасу санаты бар, кернеуі 220 В
болатын айнымалы
тоқ желісіне қосу үшін арналған, қуаты 22 Вт болатын сақиналы
люминисцентті шамның бір шамдық индуктивті ҚРА белгіленуінің
мысалын келтірейік.
Люминисцентті шамдары бар жарықтандырғыш
құрылғының сенімді
жұмысы құрастыру барысында оның барлық элементтерінің дұрыс
таңдалуымен және мұқият тексерілуімен, пайдалану ережелерінің
сақталуымен және ақаулықтардың жойылуымен анықталады.
Шамшырақта ақаулықтардың жоқтығы туралы көптеген жағдайларда
шамдардың жану режимі бойынша қорытынды жасауға болады, мысалы:
егер шамшырақтарды қосқан кезде шам жанбаса және оның
ұштарында жарқырау болмаса, бұған шамшырақ сұлбасындағы ақаулық,
қоректендіргіш желінің төмен кернеуі, шам істіктері мен стартер істіктері
арасында патрон немесе ұстағыш-стартер түйіспелерімен
нашар жанасу,
шам электродтарының үзілуі немесе жанып кетуі, стартер ақаулығы
себепші болуы мүмкін;
егер шам катодтары қызса, бірақ шам жанбаса және жыпылықтамаса,
бұған сұлбадағы қателіктер, стартер ақаулығы, радиокедергілерді басуға
арналған тесілген конденсатор,
корпусқа тұйықталу, ал стартерсіз қосу
сұлбаларында – желінің төмен кернеуі, резонанстық конденсаторлардың
тесілуі немесе трансформатордың екіншілік орамасының орамдар
бөлігінің қысқа тұйықталуы, қоршаған ортаның төмен температурасы
себепші болуы мүмкін;
егер шамшырақты қосқан кезде шамның жыпылықтауы бақыланса,
бірақ шам жанбаса, немесе тек бір электродтың
жарқырауы орын алса,
бұған сұлбадағы қателіктер, жанбайтын электрод тарапынан тізбектегі
немесе патрондағы шунттау, шам электродтары шығыстарының
тұйықталуы себепші болуы мүмкін;
егер шам жыпылықтаса және жанбаса, ал оны осындай қосу сұлбасы
бар басқа шамшыраққа орнатқан кезде қалыпты жанса, бұған сұлбадағы
қателіктер, стартер ақаулығы (оның параметрлерінің
шамға сәйкес
келмеуі), желінің төмен кернеуі, қоршаған ортаның төмен температурасы
себепші болуы мүмкін;
егер шамның жануы қалыпты орын алса, ал бірнеше сағат жұмыс
жасағаннан кейін оның ұштары кезекпен қарайса, және ол енді жанбаса,
шамшырақ корпусына тұйықталу, ҚРА ақаулығы, шам ақаулығы орын
алуы мүмкін;
егер шамды қосқан кезде оның катодтарының жылдам жанып кетуі
бақыланса, бұған ҚРА ақаулығы және сұлбадағы
шамшырақ корпусына
тұйықталу себепші болуы мүмкін;
егер шамшырақты қосқан кезде шам қалыпты жанса және сөнсе, кейін
қайта жанса және сөнсе, шам ақаулықтары немесе стартер ақаулықтары
орын алуы мүмкін.
Жарықтандырғыш қондырғыларды құрастыру және қолданысқа
тапсыру кезінде сонымен қатар бірқатар басқа ақаулықтар пайда болуы
176
мүмкін, бірақ люминисцентті шамдары бар шамшырақтардың кез келген
ақаулығы орын алған жағдайда олардың элементтерін мұқият тексеріп,
анықталған кемшіліктерді жою керек.
Достарыңызбен бөлісу: