Сарапшы – білімдерді анықтауды, модификациялауды және толықтыруды қамтамасыз ететін жоғары дәрежелі пәндік облыс маманы;
Білім базасы – логикалық қорытындының ережелері түрінде ұсынылған пәндік облыс жайлы түрлендірілген білімдер жиыны;
Логикалық қорытынды машиналары – бар болған білімдер негізінде мәліметтерге логикалық «пайымдаулар» жасайтын бағдарламалық кешен.
Метабілімдерді қалыптастыру модулі – бар болған ережелерге қатысты жаңадан түскен білімді қайшылыққа тексеріп, бағалайтын бағдарламалық кешен;
Түсіндіру және пайдаланушылармен қатынас модулі – алынған логикалық қорытындыны, қадамдарды және әрбір қадамда қолданылған қорытынды ережелерін, санап шығу жолымен түсіндіретін бағдарламалық кешен;
Мәліметтер базасы – пәндік облысты сипаттайтын айғақтар жиынтығы.
Сараптамалық жүйенің құрылымы сурет 22 келтірілген.
Сурет 22. Сараптамалық жүйе құрылымы
Сараптамалық жүйенің мысалы
Канадалық картографиялық сараптамалық жүйе теңіз карталарында (сымсыз) әуе байланыс тораптарын бейнелу үшін қолданылады.
Тәжірибелік жұмыстар нәтижесінде бұл жүйе редакторлық шешімдердің картограф- сарапшылармен 95% сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ол келесі көлемдік көрсеткіштермен сипатталады:
шартты бергілер кестесінде – 5 бет;
шартты белгілер түсініктемелерінде – 56 бет;
қорытынды ережелері мәтіннің 900 бетінде баяндалған.
2.9 ГАЖ – жобаларын жүзеге асыру
ГАЖ-жобаларын жүзеге асыру 3 бағытта жүргізіледі:
сала бойынша;
шекара бойынша;
өндірістік кешен бойнша.
Салалық геоақпараттық жобалар
Геологиядағы ГАЖ - келесі кеңістіктегі міндеттерді шешуде қолданылады:
Геологиялық карталарды құру;
Геологиялық жобалау;
Пайдалы қазбаларды екі және үш қалыпты үлгі қоры бойынша есепке алу;
геологиялық ортаның мониторингі;
материалды-шикізат қорының дамуы.
2. Жер тіркемдеріндегі ГАЖ - - келесі кеңістіктегі міндеттерді шешуде қолданылады:
Тіркемдік жобаларды даярлау;
Тіркем есептерінің жаңа нысандарына шекара жобасын құру;
Тіркем нысандарының сараптамалық қалыптасуы;
Мемлекеттік жер реестірінің құжаттарын даярлау;
Нақты жер телімдерің құжаттары мен көшірмелерді даярлау.
Орман саласындағы ГАЖ - - келесі кеңістіктегі міндеттерді шешуде қолданылады:
Орман шаруашылығының мәліметтер қоры мен мөлшерлеу қорын қоса құру ;
Орман құрылысының карталарын құру;
Орман шаруашылығында шаруашылық түрін енгізу;
Ормандарда іс-шараларды жобалау.
4. Экологиядағы ГАЖ - - келесі кеңістіктегі міндеттерді шешуде қолданылады:
Аймақтың табиғи бірлестігінің мәліметтер қорын құру (геология, жер, өсімдіктер, климат және т.б.);
Ландшафтық және тақырыптық карталарды құру;
өмір сүру ортасын қалпына келтіру, құлдырау бағасы мен зерттеу;
ластанудың таралуы мен бағалау;
күзетіліетін аймақтарды басқару ( қорықтар, ұлттық саябақтар);
Жер ресурстарын орналастыру мен бақылау;
Тәртіп аралық зерттеулер (экология және медицина/ демография);
Экологиялық білім;
Экотуризмді басқару.
5. Қорғаныс құрылымындағы ГАЖ, МЧС және ГО - келесі кеңістіктегі міндеттерді шешуде қолданылады:
Жедел орналасуды қалымтастыру мен картографиялық сипаттау;
Оқиға орнын шолу және сараптау;
Жедел көліктердің, жедел жәрдем көліктері, тұрғындарды көшірудің тиімді бағыттарын.;
Техногендік және табиғи әсерлерді жобалау;
Оқыс оқиғалар әсерін тарату үрдістерін басқару .
Аймақтық геоақпараттық жобалар
1. Муниципиальді ГАЖ - келесі кеңістіктегі міндеттерді шешуде қолданылады:
муниципиальді мәліметтер қорын құру және енгізу;
муниципалитеттің сандық картасын құру мен кезекшілік ;
кезекті геокеңістіктік ақпаратының муниципальдық қызметін қамтамысыз ету ;
муниципалитеттің даму жобасының үрдісін бағыттау;
муниципалитеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үрдісін оңтайландыру.
2. Аймақтық. ГАЖ - келесі кеңістіктегі міндеттерді шешуде қолданылады:
жер қойнауының (геология) ресурстік ілеуетін бағалау ;
жер тіркемі;
аймақтың тіршілік әрекетінің қамтамасыз ету үрдісін оңтайландыру;
аймақтың даму үрдісінің бағытын жобалау;
аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жобалау;
темір жол көлігінің дамуы мен оны тасымалдау ;
өзен шаруашылығын функционалдау;
су және гидро құрылыс шаруашылығын функционалдау;
Жол торабының дамуы мен оны тасымалдау;
Тұрлылықты жердің әлеуметтік қиындықтарын шешу мен күйіне сараптама жасау;
Экология қиындықтарын бағалау, обеспечение УВД, ГИБДД, МЧС функционалдау қызметін қамтамасыз ету, апат кезіндегі медицина.
ГАЖ- өндірістік кешен бойынша жобалар
Бұл жобалар өндірістік кешендердегі функционалды кеңістікте, көлік ағыны,технологиялық құраушыларды оңтайландыру ,кеңістік сипатындағы түрлі шараларды жобалау ,мәліметтер қорын құру мен енгізу есептерін шешуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |