Сибирская государственная геодезическая академия


Кеңістіктік объектілер, кеңістіктік қасиеттер, кеңістіктік қатынастар және кеңістіктік ақпарат (геоақпарат)



бет4/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
¦Ы¦¬TБ¦¬TЖ¦¦¦¬¦¦ ¦¦¦-¦¬

1.3 Кеңістіктік объектілер, кеңістіктік қасиеттер, кеңістіктік қатынастар және кеңістіктік ақпарат (геоақпарат)

Кеңістіктік объектілер түрлері


Кеңістіктік объектілер ретінде геоақпараттық картографиялауда жергілікті жердің 4 көрінетін және виртуалды объектілері ажыратылады:

  • географиялық, функционалды, тарихи, салалық және басқа объектілер - үйлер, ормандар, өзендер, жолдар, аумақтар, жол жүру маршруттары және т.б;

  • әр түрлі қоғамдық-экономикалық және табиғи құбылыстар- мәңгі тоң, қар жамылғысы, су тасқындары, эпидемиялар және т.б;

  • табиғи және техногенді процесстер – топырақ жамылғысының ластануы немесе эрозиясы, шөлейттену, батпақтану, урбанизация, миграция және т.б;

  • оқиғалар – цунами, автокөлік апаттары, метеориттың құлауы, әскери қақтығыс және т.б.

Кеңістіктік қатынастар түрлері:



  • қосылу (включение) –А объектісі В объектісін қосады;

  • қиылысу (пересечение)–В объектісі А объектісін қиып өтеді;

  • қабысу (примыкание)–А объектісі В объектісіне қабысады;

  • көршілестік (соседство) – А объектісі В объектсінің көршісі.

Кеңістіктік қатынастар мысалдары:


Қосылу (Включение): ормандағы өзен, көлдегі арал, аралдағы үй және т.б.
Қиылысу (Пересечение): орман арқылы өтетін жол, орман мен батпақты жер, қала аумағы және су басқан аудан, екі жол, жолмен өзен және т.б.
Қабысу (Примыкание): орман шеті арқылы өтетін жол, екі жер телімі, орман мен шабындық және т.б.
Көршілестік (Соседство): ауылды аймақтар, жолдар, өзендер, ормандар, көлдер, көпірлер және т.б.

Геоақпараттың сипаттамасы:



  • құрамы мен мазмұны;

  • бейнелеу формасы;

  • құрылымы және пішім (формат);

  • бейнелеудің тілдік құралдары.

Геоақпараттың құрамы мен мазмұны:



  • геометриялық объектінің пішіні, өлшемі және орналасу жағдайы жайлы ақпарат;

  • семантикалық ( атрибутты) - объектінің және оның қасиеттерінің мағынасы мен мазмұны жайлы мағлұмат;

  • топологиялық –объектілердің кеңістіктік қатынастары жайлы ақпарат.

Геоақпаратты бейнелеу формалары:



  • аналогты – ақпарат графикалық және фотографиялық бейнелер түрінде ұсынылған және адамның визуалды қабылдауына арналған;

  • алфавитті-сандық – ақпарат әріптер мен сандардың жиынтығы түрінде көрініс тапқан және адамның қабылдауына арналған;

  • псевдоаналогты – ақпарат компьютерлік құрылғыларда графикалық бейнелер түрінде көрініс тапқан адамның визуалды қабылдауына арналған;

  • сандық – ақпарат компьютерлі оқылатын (машиналы) түрде ұсынылған және компьютерлік өңдеу үшін арналған.

Геоақпараттың құрылымы және форматы:
Геоақпарат құрылымы – ақпарат бүтіндігін қамтамасыз ететін, яғни кез- келген сыртқы және ішкі өзгерістерге қарамастан негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін белгілі ережелер бойынша ақпарат элементтерінен тұратын құрылым.
Мәліметтер форматы – мәліметтердің компьютер жадында, мәліметтер базасында немесе сыртқы сақтау құралдарында орналасу әдісі (мәліметтерді ЭЕМ жадысында, мәліметтер базасында, экран мониторында немесе сыртқы сақтау құрылғысында мәліметтерді жазу және бейнелеу ережелерінің жиынтығы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет