4 Мазмұнының толықтылығы - мазмұнын шектеуші және ГАҮ-не жергілікті жер объектілерінің барлық класстары және барлық қасиеттері жайлы емес, ақпараттың қосылуы. Сондықтан, көрсеткішке түсірістің дәлдігі бойынша берілген немесе сандық түрге келтіріліп жатқан картаның дәлдігінен өзгешеленетін масштаб орнатылуы мүмкін. ГАҮ-нің параметрлерін сипаттайтын және беретін кезде, әлдебір картаға сәйкес келетіндігі сонымен қатар, соның негізінде оның мазмұны, дәлдігі, масштабы берілетіндігі жайлы жиі айтылады.
Сандық және электронды карталар
Геоақпаратты компьютерде ГАЖ көмегімен өңдеу үшін арналған ГАҮ- мен қатар, бізге адам қабылдауына арналған аналогты формадағы үлгі қажет. Бұл адамның өңдеу процесіне белсенді қатысып, копьютерге тапсырма беріп, компьютер жұмысының нәтижесін қабылдап және бағалауы үшін қажет.
Сол себепті геоинформатикада сандық карталар (СК) және электронды карталар (ЭК) құрылады.
«Карта» термині адамның қабылдауына бағытталған бейнелік- белгілік үлгі және құрамында шартты белгілер жүйесі- карта тілінің көмегі арқылы жазылған геоақпараттың бар екендігін көрсетеді.
Сандық, электронды және графикалық карталар, ақпаратты ұсынудың сандық, псевдо аналогты және аналогты формаларымен ғана ажыратылады. Бейнелілік және белгілілік- мазмұнды бөлімдері кез келген картада сақталады.
Сандық картаның анықтамалары
Сандық карта – картографиялық қайнар көздерді, қашықтықтан зондылаудың мәліметтерін фотограмметриялық өңдеу, далалық түсірістің немесе басқа тәсілмен (Кошкарев) мәліметтерді сандық тіркеу жолымен құрылған картаның сандық үлгісі.
Сандық карта – мазмұны сандық формада (Жалковский және т.б.) ұсынылған карта.
Сандық карта–объектілердің атрибуттарының шамаларын компьютермен сақтауға, бағдарлауға және шығаруға мүмкіндік беретін картаның объектілерін сандық түрде ұсыну (Жалковский және т.б).
Құрылымы бойынша сандық карта векторлық форматта сандық түрде ұсынылған жергілікті жер объектілерінің, картографиялық үлгілерінің жиынтығы болып табылады. Егер жергілікті жердің әрбір объектісін координатамен белгілеп, шартты белгілердің көмегімен, яғни геометриялық элементтермен жазбалардың жиынтығымен сипаттап және содан кейін әрбір шартты белгіні компьютерлік оқылатын формада ұсынса, онда осы жиынтықтың өзі сандық карта болып табылады.
Әрбір сандық картографиялық үлгінің құрамында келесілер кіреді:
|