Сибирская государственная геодезическая академия


полигонды (аудандық) объектілер (полигондар және аудандар); беттер



бет6/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
¦Ы¦¬TБ¦¬TЖ¦¦¦¬¦¦ ¦¦¦-¦¬

полигонды (аудандық) объектілер (полигондар және аудандар);

  • беттер (жер бедерлері (рельефтер)) – үш өлшемді объектілер;

    Орналасу (локализация) типі объектінің пішіні мен өлшемдеріне және құрылып жатқан геоақпараттық үлгінің масштабына байланысты.

    Шектеу (локализация) талаптары


    Жергілікті жердегі кез келген кеңістіктік объект периметр (Pr) және аудан (Pl) өлшемдерімен сипатталады. Бұл параметрлердің берілген масштабтағы құрылып жатқан жергілікті жердің үлгісінің ұқсас нормативті параметрлеріне (Pr)n және (Pl)n жатқызылады және объектінің шектелу типін анықтайды:



    1. Егер (Pr) < (Pr)n және (Pl) < (Pl)n болса, онда объект нүктелік түрге жатады және объект симметриясының орталығында орналасқан бір нүктенің координатасы беріледі. Нүктелік объект тек қана өзінің орналасуымен сипатталады және оның ұзындығы, ауданы болмайды – нөлдік объект болып саналады.

    2. Егер (Pr) > (Pr)n және (Pl) < (Pl)n болса, онда объект сызықтық түрге жатады және объект симметриясының орталығында орналасқан бір немесе жиынтық векторлар түрінде беріледі. Сызықтық объектінің ауданы жоқ, ұзындығы бар және өзінің орналасу жағдайымен сипатталады- бір өлшемді объект.

    3. Егер (Pr) > (Pr)n және (Pl) > (Pl)n болса, онда объект полигонды (аудандық) түрге жатқызылады және оның тұйық контурында орналасқан векторлар жиыны түріне ауысады. Мұндай объект орналасу жағдайымен сипатталады, ұзындығы және ауданы бар- екі өлшемді объект.

    Құрылымсыз векторлы формат («спагетти» форматы)

    Берілген формат сызықтық және аудандық объектілерді векторлық ұсынудың объектілер арасындағы кеңістіктік қатыстарды есепке алмағандағы вектор жиыны түріндегі бір түрі болып табылады. Мысалы орман шетіндегі жол, орманға жанасатын шабындық, бірақ бұл ешбір ескерілмейді және кез келген объект жекелей векторизацияланады. Сол себепті контурларда және аудандарда айырмашылықтар байқалуы мүмкін (сурет 5).



    Сурет 5. Құрылымсыз векторлық формат мысалы


    Топологиялық векторлық формат («сызықтық-түйінді»)


    Сызықтық және аудандық объектілердің арасындағы кеңістіктік қатынастарды ескергендегі векторлар жиыны (яғни топологияны ескере отырып), түріндегі векторлық ұсынудың бір түрі


    Векторлы- топологиялық ұсынудың негізгі ұғымдары:





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет