ғылым ретінде;
ақпараттық технология ретінде;
өндіріс ретінде (ақпараттық индустрия).
Геоинформатиканың ғылым ретіндегі анықтамалары:
«Компьютерлік модельдеу және талдау арқылы мәліметтер базасы және географиялық білім негізіндегі табиғи және қоғамдық- экономикалық геожүйелерді зерттейтін ғылыми пән»
Геоинформатиканың ақпараттық технология ретіндегі анықтамасы:
«Кеңістіктік-координатталған ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, өзгерту, талдау, бейнелеу технологиясы»
Геоинформатиканың ақпараттық өндіріс ретіндегі анықтамасы:
«Кеңістіктік- координатталған ақпаратты алу және өңдеуге және кеңістіктік шешімдерді дайындауға, сонымен қатар геоақпараттық жүйелермен технологияларды құру және пайдалануға арналған өндірістік іс- әрекет».
Геоинформатиканың маңызды ерекшеліктері:
кеңістік объектілерін координаталық байланыстыру арқылы идентификациялау;
барлық кеңістік объектілерін олардың мағынасына қарай абстрактілей отырып нүктелер, сызықтар, полигондар (аудандар) түрінде модельдеу;
абстрактілік объектілерді- нүктелерді, сызықтарды, аудандар мен беттерді матақырыптық өңдеу.
Геоинформатиканың аралық ғылым және өндіріс салаларымен байланысы сурет 1 көрсетілген.
Сурет 1. Геоинформатиканың ғылыммен өндірістің көршілес облысындағы байланысы
Геоинформатиканың құрамдас бөлімдері:
Геоақпараттық картографиялау – кеңістіктк ақпараттық ресурсты құру.
ГАЖ-өңдеу-кеңістіктік ақпараттық ресурсты кеңістіктік шешімдерге қайта өңдеу.
2 Геоақпараттық картографиялау ұғымы және оның құрылымы
Геоақпараттық картографиялау анықтамалары (ГАК):
Геоақпараттық картографиялау –геоақпараттық жүйелермен технологиялар негізінде модельдерді сандық және электронды карталарды, басқа да кеңістіктік-уақыттық модельдерді құрумен пайдалану әдістері сондай-ақ теориясын қарастыратын картографиямен геоинформатика бөлімі.
Геоақпараттық картографиялау–геоақпаратты (ГА) жинау және өңдеу, геоақпараттық үлгілерді (ГАҮ), мәліметтердің (БАБ) аумақтық банктерін, жергілікті жерлердің сандық (ЖЖСК) және электронды карталарын (ЭК) құру технологиялық процесі.
Геоақпараттық картографиялаудың (ГАК) негізгі анықтамалары:
Геоақпарат
Геоақпараттық үлгі
Мәліметтердің аумақтық банкісі
Сандық карта
Электронды карта
Картографиялаудың технологиялық процесі
Дәстүрлі және геоақпараттық картографиялаудың айырмашылықтары сурет 2 көрсетілген.
Сурет 2. Традициялық және геоинформатикалық картографиялаудың айырмашылықтары
Картографиялаудың арналу аспектісіндегі бағдары:
Дәстүрлі картографиялау ақпаратты тікелей пайдаланушы үшін (адамның қабылдауына) бағытталған.
Геоақпараттық картографиялау ақпаратты компьютер үшін бағытталған (мәліметтердің компьютерлің өңдеуіне негізделген).
Геоақпараттық картографиялаудың негізгі анықтамалары:
кеңістіктік объектілер – аумақтың көрінетін және виртуалды объектілері;
кеңістіктік қатынастар – кеңістіктегі объектілердің өзара байланысы;
кеңістіктіктік қасиеттер – объектінің қасиеттері, оның пішіні және кеңістіктегі орны;
кеңістіктік ақпарат (геоақпарат) – кеңістіктегі объектінің пішіні және орналасуы жайлы ақпарат;
геоақпараттық үлгі – кеңістіктік қатынастағы аумақтың үлгісі;
геоақпараттық процесс – объектілердің және аумақтың кеңістіктік ақпаратын, үлгісін алу процесі.
Жоғарыда келтірілген ГАЖ негізгі анықтамаларының ара байланысы сурет 3 көрсетілген.
Сурет 3. ГАК негізгі ұғымдарының сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: |