1.3 Кеңістіктік объектілер, кеңістіктік қасиеттер, кеңістіктік қатынастар және кеңістіктік ақпарат (геоақпарат)
Кеңістіктік объектілер түрлері
Кеңістіктік объектілер ретінде геоақпараттық картографиялауда жергілікті жердің 4 көрінетін және виртуалды объектілері ажыратылады:
географиялық, функционалды, тарихи, салалық және басқа объектілер - үйлер, ормандар, өзендер, жолдар, аумақтар, жол жүру маршруттары және т.б;
әр түрлі қоғамдық-экономикалық және табиғи құбылыстар- мәңгі тоң, қар жамылғысы, су тасқындары, эпидемиялар және т.б;
табиғи және техногенді процесстер – топырақ жамылғысының ластануы немесе эрозиясы, шөлейттену, батпақтану, урбанизация, миграция және т.б;
оқиғалар – цунами, автокөлік апаттары, метеориттың құлауы, әскери қақтығыс және т.б.
Кеңістіктік қатынастар түрлері:
қосылу (включение) –А объектісі В объектісін қосады;
қиылысу (пересечение)–В объектісі А объектісін қиып өтеді;
қабысу (примыкание)–А объектісі В объектісіне қабысады;
көршілестік (соседство) – А объектісі В объектсінің көршісі.
Кеңістіктік қатынастар мысалдары:
Қосылу (Включение): ормандағы өзен, көлдегі арал, аралдағы үй және т.б.
Қиылысу (Пересечение): орман арқылы өтетін жол, орман мен батпақты жер, қала аумағы және су басқан аудан, екі жол, жолмен өзен және т.б.
Қабысу (Примыкание): орман шеті арқылы өтетін жол, екі жер телімі, орман мен шабындық және т.б.
Көршілестік (Соседство): ауылды аймақтар, жолдар, өзендер, ормандар, көлдер, көпірлер және т.б.
Геоақпараттың сипаттамасы:
құрамы мен мазмұны;
бейнелеу формасы;
құрылымы және пішім (формат);
бейнелеудің тілдік құралдары.
Геоақпараттың құрамы мен мазмұны:
геометриялық – объектінің пішіні, өлшемі және орналасу жағдайы жайлы ақпарат;
семантикалық ( атрибутты) - объектінің және оның қасиеттерінің мағынасы мен мазмұны жайлы мағлұмат;
топологиялық –объектілердің кеңістіктік қатынастары жайлы ақпарат.
Геоақпаратты бейнелеу формалары:
аналогты – ақпарат графикалық және фотографиялық бейнелер түрінде ұсынылған және адамның визуалды қабылдауына арналған;
алфавитті-сандық – ақпарат әріптер мен сандардың жиынтығы түрінде көрініс тапқан және адамның қабылдауына арналған;
псевдоаналогты – ақпарат компьютерлік құрылғыларда графикалық бейнелер түрінде көрініс тапқан адамның визуалды қабылдауына арналған;
сандық – ақпарат компьютерлі оқылатын (машиналы) түрде ұсынылған және компьютерлік өңдеу үшін арналған.
Геоақпараттың құрылымы және форматы:
Геоақпарат құрылымы – ақпарат бүтіндігін қамтамасыз ететін, яғни кез- келген сыртқы және ішкі өзгерістерге қарамастан негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін белгілі ережелер бойынша ақпарат элементтерінен тұратын құрылым.
Мәліметтер форматы – мәліметтердің компьютер жадында, мәліметтер базасында немесе сыртқы сақтау құралдарында орналасу әдісі (мәліметтерді ЭЕМ жадысында, мәліметтер базасында, экран мониторында немесе сыртқы сақтау құрылғысында мәліметтерді жазу және бейнелеу ережелерінің жиынтығы).
Достарыңызбен бөлісу: |