2-жүргізуші Біздің Әлидің аналарға деп арнап өзінің шығарған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Алдарыңызға әнші ұлдарыңыздың Мақсатпен Айбынның орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
1-жүргізуші:
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
«Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздер
2-жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Бір оқушы микрофонды аналарға ұсынады).
Оқушылар кезек-кезек аналарға сұрақ қояды:
1. Балаңызды қалай еркелетесіз?
2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?
3. Балаңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?
4. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші болып құттықтайды?
5. Өлең айтып бере аласыз ба?
6. Әйел қауымын құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?
7. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?
8. Бүгінгі мерекелік концертіміз ұнады ма?
1-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, флешмоб ұсынамыз.
Алдарыңызда Асқар, Әділбек, Мейржан. Қарсы алыңыздар
2-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі өзбек биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Павлин биі», қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
2-жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Естелік фотоға түсуді ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |