Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институты Қазақ әдебиеті кафедрасы АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАСЫ
Орындаған:Полат Нарқыз
Қабылдаған: Сикинбаев Бауыржан Бердиевич
Пәні: Инклюзивті білім беру
Тақырыбы: Психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған білім алушыларға арналған қазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспарын құрастыру
Мамандығы:6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ, 2 – курс, 203 – топ
2022 – 2023 оқу жылы Арыс жалпы орта мектебі «Бекітемін» «Келісемін» Әдістемелік бірлестік
Мектеп директоры: Директордың жетекшісі
___________Гулмира Н. ОІЖ орынбасары: . Хаттама №1
«20» 02. 2023 ж. ___________Ізбасаров Д.. ___________Шаймергенов А.
«19» 02. 2023 ж
КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР 2022-2023 оқу жылы Пәні: "Инклюзивті білім беру”
Сынып: 1
Логопед мұғалімі: Полат Нарқыз
Оқу жоспары бойынша сағат саны: 33
І жартыжылдықта: 16 сағат, аптасына 1 сағат
ІІ жартылдықта: 17 сағат, аптасына 1 сағат
Арыс қалалық орта мектеп
Психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған
"Тіл дамуының кемістіктерін түзеу" пәнінен күнтізбелік тақырыптық сабақ жоспары (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
"Тіл дамуының кемістіктерін түзеу" пәнінің мақсаты – тіл кемістігі бар балалардың толық қарым-қатынас жасауын жақсарту және бір жүйеге калыптастыру болып табылады.
Міндеті:
1. фонематикалық қабылдау, талдау, жинақтау дағдыларын дамыту;
2. сөйлеу тілі дыбыстарын дұрыс айтуын меңгеру және бұзылған дыбыстарын түзету;
3. сөйлеу тілінің лексикалық, грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту;
4. дыбыстық-буындық құрылымының күрделігі әртүрлі сөздерді меңгеру негізінде айқын бірқалыпты, ырғақты сөйлеу тілін қалыптастыру;
5. білім алушылардың қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту, танымдық әрекеттерін дамыту, заттық-тәжірибелік, көрнекілік-бейнелі және сөздік-логикалық ойлауын дамыту негізінде ауызша сөйлеу тілін дамыту;
6. оқу мен жазудың ерекшеленген қателерін алдын алу және түзету.
"Тіл дамуының кемістіктерін түзеу" пәні:
1. сөйлеу кезіндегі қарым-қатынасты мақсатты түрде меңгеруге;
2. негізгі білім беру мазмұнынын міндетті минимумымен шартталған білім, дағды, іскерлігін меңгеруіне;
3. қоршаған әлем туралы тұтас түсініктерінің қалыптасуына;
4. өз болашағына, денсаулығына деген жауапкершіліктің қалыптасуына;
5. басқа адамдарға ізгілік пен толеранттік көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді.
"Тіл дамуының кемістіктерін түзеу" пәні бойынша сөйлеу тілі күрделі бұзылған білім алушылардың оқу материалдарын меңгерудегі жетістіктерін бағалау нормалары деңгейлік мақсат қоюға негізделген және білім алушылардың жетістіктерін тексеру мен бағалауды ұйымдастыруында бірыңғай тәсілді іске асыруға бағытталған. Тіл дамуының кемшіліктерін түзеуге бір білім алушыға аптасына 1,5 оқу сағаты беріледі.
Пәннің мазмұны оқыту мақсаты жүйесінде күтілетін нәтиже түрінде қарастырылған. Оқыту мақсаты жүйесі бөлімдер бойынша кестемен берілген: "Логопедиялық жеке сабақ" - бірінші бөлім, "Дыбыс айту" - екінші бөлім
"Логопедиялық жеке сабақ бөлімі" сабақтардың негізгі міндеті – сөйлеу тіліндегі жетіспеушілікті еңсеру және табысты оқу процесіне және білім алушының әлеуметтік бейімделуіне арналған алғышарттарды жасау.
" Тіл дамыту бөлімі" төмендегідей міндеттерді шешеді:
1) сөйлеу әрекетінің тәжірибелік дайындығын қамтамасыз етеді, әртүрлі процестерін бақылау, талдау мен жинақтау дағдыларын қамтиды;
2) сөздік қорын анықтау мен толықтыру негізінде ауызекі сөйлеуі мен монологты байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысы атқарылады;
3) сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымының негізгі заңдылықтарын тәжірибеде меңгеру.
«Тіл дамуының кемістіктерін түзеу» 1- сынып,