Силлабус 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі


ТАҚЫРЫБЫ: Модернизм және постмодернизмнің әдеби процесс пен әдеби сындағы көріністері



бет25/36
Дата29.01.2023
өлшемі124,26 Kb.
#63581
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Байланысты:
Әдеби үдеріс және сын 2022-23

ТАҚЫРЫБЫ: Модернизм және постмодернизмнің әдеби процесс пен әдеби сындағы көріністері.
Әр әдеби шығарма – белгілі бір дәрежеде көркем дүние «Әдебиет - өмірді сөз арқылы көркем бейнелеейтін өнер. Өнер түрлерінің ішінде сөз өнері есте жоқ ескі заманнан келе жатқан ең көнесі де, ең бастысы да. Сөз өнерімен айналысқан ақын – жазушылардың қоғамдық беделі аса жоғары болған: Ғасырдан ғасырларға ұласқан сөз өнері әдебиеттің қасиетін оның көркемдік жақтары айқындайды. Қандай да бір жақсы идеялар өзіне сай көркем формада айтыла алмаса, ел әдебиет емес. Сол себепті де көркем әдебиеттің өнер туындысы ретінде көркемдік сипаттарын ашып көрсету әдеби сынның басты мақсаты. Жаңа туындының көркемдік дәрежесін, оның осы саладағы жаңашылдығын, қосқан үлесін анықтау – сыни талдауларға қойылатын негізгі талаптар.
Қазіргі қазақ әдеби сынының хал–күйі қандай? Бұл сұрақ ешқандай сын көтермейді. Ал проза, поэзия, тіпті драматургияда да ізденістер байқалып, ішкі қайнаулар жүріп, сапалық сілкіністер болып жатқаны рас қой. Әдеби сынның осындайда барға баға беріп, жоқты түгендеуі, өзінің де барлық жағынан (формалық, мағыналық, аудиториялық) дамуы өте қажет құбылыс емес пе? Қазіргі кезде сын қандый жағдайда жазылады?
Қазақ сыншыл ойының атасы – Абай. Абайдың қара сөздері пәлсафалық, діни пайымдаулар ретінде ғана қабылданбай, әдеби сынымыздың аттаныс нүктесі болуға керек еді. «Зинһар» сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар ...» - бұл қырқыншы сөздің бірінші сөйлемі, тізбектелген үкімді сауалдар алдындағы, ұюға шақыратын, ішкі поэтикасы түпсіз сыншыл бастау. Бүгінге дейін проза, поэзия, аударма салары алғашқы қуатын Абайдан алып, ал әдеби сынның «партиялық» қалыптан – шығуы әділетсіз бәсекелестік тудырғандай: цензура көрген тоқырау заманының жазушысы бүгінгі заманымызға «жазушы» деген атымен, әрі шығармасымен жүзі жарқын жетті де, сыншы әріптесі саясаттың өзгеруі мен емес, өзі де, шығармасы да көмескілене бергендей ...
«...Ал жазушы кімге қызмет етеді? Отанына ма, олжаға ма – ол арына сын. Ел ішіне іріткі салғанымен ешқандай кітап ешуақытта қоғамды төңкеріп тастаған емес. Бірлі – жарым болмаса, бізде ондай шығармалар көп қояр деп ойламаймын. Әзірше баспаға кенде емеспіз, бірақ шығып жатқан шығармалардың көпшілігін көркем деп бағалау қиын» - Филология ғылымының докторы Хасен Әбдібаевтың пікірі. Қазіргі әдеби сыннның ахуалы жайлы К.Сегізбаев, Т.Әбдіков, Т.Кәкішұлы, Д.Исабеков, Б.Нұржекеев т.б. сыни-пікірлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет