Силлабус 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі


Тәуелсіздік жылдарындағы проза



бет23/36
Дата29.01.2023
өлшемі124,26 Kb.
#63581
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
Әдеби үдеріс және сын 2022-23

Тәуелсіздік жылдарындағы проза
Әдебиет тарихына жаңа көзбен назар аударсаң көптеген реалист" туындыларымыздың~ модернизммен тамырласыл жатқанын байқаймыз. Ол М.Әуезов, Ж.Аймауытов. МЖұмабаев, тіпті С.Сейфуллин мен С.Ерубаев шығармаларынан да кеңінен орын алады. 1960 жылдардан бері «жылымық» дәуірде мұндай әдеби-танымдық дискуссия Р.Тоқтаров С.Мұратбеков, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев. Т.Әбдіков, Ә.Тарази, Қ.Ысқақов, А.Нурманов, Д.Досжанов, Р.Сейсенбаев. М.Қабанбай т.б. жазушыларды көркемдік тәжiрибесінен анық аңғарылады. Д.3отонскийдің ойынша постмодернизм таза «батыстық» қана емес бұрынғы кеңестік дәуір әдебиетіне де тән кұбылыс екен. «Модернистер дөрекi алабажақ тұрақсыз шындықтың жан жағынан жоғары шындық, жоғары өмip, сабақтас әлем, iргелi тұтастық өзгеше ой, тым ауқымды идея іздестiреді. Өмір олар үшін көріксіз де, тазалық пен әceмдік өнерде ғана сақталмақ. Постмодернизм мұндай кемшілiктерден ада. Олар біріншiден, осы сәттегі тысқары дүниедегі күнделікті тiршiлiктегi бар нәрсеге назар аударады. Олар үшін мұражайдағы сурет пен жыртпалы күнтізбедегі соны көшiрме бірдей», - дейді философ П.Гречко. Модернизм өзгемен еркін сөйлесе алмаса, постструктуралистік молекуляризмге тән плюрализм "өзгені' екіншi 'Менге' айналдырады. Екі ортада диалог орнайды. Қысқacы, модернизм көз алдында тұрған шындықты мice тұтпаса постмодернизм өмірдегі құндылықтарды үлкен, кіші деп бөлмейдi, кез келген зат, құбылысты дүние санауға бейім. Ол техногенді Постиндустриалды қоғам негізінде бей-берекет тiршшіліктің безер болудың орнына бәріне көнген, бекінген, қасіретін ішіне түйген қалыпта, еш нәрсеге қатты алаңсыз жүйкесін сауытпен қоршап күн кешуді жөн санайды. Тығырықтан шығар жол іздеудің қажеті жоқ. Егер адамзат өркениеттің жарқабағында тұрса оған амал іздеу мүмкін емес. Әркім өзінде бар әлем, үлесіңе тиген тағдыр мен сағат, сәттің тұтқынында сол күйіне жасымай, зар төкпей тынытауы қажет.
Ал, постмодернизм поэтикасына қатысты мына тұжырымды айналып өтпеген дұрыс, «Постмодернизмге тән негізгі сипаттар туралы пікірлер әр түрлі. С.Қасқабасов, Б.Майтанов, А.Ысмақова, Л.Сафронова, А.Жақсылықов, А.Жүсіпова т.б.
Сәл ертерек дәуірге көз салсақ модернизм мен постмодернизмге хат-мәтін құрамының байлығымен әркелкелігі М.Әуезовтың, «Қорғансыздың күні», «Жетім,», «Бүркіт аңшылығы» суреттері, Ж.Аймауытовтың «Елес», М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», С.Ерубаевтың «Менің құрдстарым», С.Сейфуллиннің «Біздің тұрмыс» шығармаларынан мол аңғарылады. Аталған туындылардағы интертекс, иллюзия көріністері өмір шындығын қалыптағы реалистік баяндаудан гөрі оны қабылдаушы субьектімен арақатынаста, жан-жақты танытуда зор нарративтік роль атқарды. Модернистік прозадан шарықтап дамыған сана ағымын суреттеу өнері М,Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов мәтіндерінде сілемін қалыптастырды. Қазақ әдебиетінде бұрын арнайы зерттеле қоймаған тақырыпқа барған Р.Мұқанованың «Тұтқын» әңгімесіне, Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» жинағына қатысты сыни пікірлер.
Тапсырмалары мен сұрақтары:
1. Қазіргі қазақ әдебиетіне тән көркемдік тәсілдер мен принциптер?
2.Қазақ постмодернист жазушыларының шығармаларында постмодернистік поэтикаға тән қандай көрініспен байқалады?
3.М.Мағауиннің шығармаларында постмодернизм поэтикасы.
14 ДӘРІС, 14 апта, 1 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет